Жанболат МАМАЙ: Бәйбек ұрлап алған миллиардты қайтарса, мен көше сыпырудан арланбаймын!

Елге әкім­дік қыз­метін­де­гі ерен еңбе­гі­мен емес, жемқор әрі ала­яқты­ғы­мен таны­лған, Назар­ба­ев­тың Нұро­тан пар­ти­я­сын­дағы бірін­ші орын­ба­са­ры Бауы­р­жан Бәй­бек­тің адво­ка­ты мәлім­де­ме жасап­ты. Ол мәлім­де­месін­де жемқор­ды қорға­у­шы бүй дей­ді: «Демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­ның бел­сен­ділері Абзал Дости­я­ров, Ару­жан Дүй­се­ба­е­ва­лар­ды жаза­ға «Бауы­р­жан Бәй­бек­ке садақа» акци­я­сы үшін тар­тқан жоқ. Оған Бауы­р­жан Бәй­бек­тің еш қаты­сы жоқ». Мұны­сы, әрине, өтірік. 

 Өйт­кені, Алма­ты қала­сы боын­ша маман­дан­ды­ры­лған әкмі­шілік сот­тың, Абзал Дости­я­ро­вқа қаты­сты, шыққан  шеші­мі бүй дей­ді: «25 тамыз күні, сағат 12 шама­сын­да Абзал Дости­я­ров Жеті­су ауда­ны, Рай­ым­бек даңғы­лы мен Сүй­ін­бай даңғы­лы­ның қиы­лы­сын­да орна­ласқан «Мерей» сауда орта­лы­ғы­ның алдын­да санк­ци­я­лан­баған нара­зы­лық акци­я­сын­да, бел­сен­ді түр­де, «Бауы­р­жан Бәй­бек­ке садақа» атты акци­я­сы­на 7 адам бірі­гіп кет­кен». Демек, Абзал Дости­я­ро­вты «Бәй­бек­ке садақа» акци­я­сы­на қаты­сқа­ны үшін, сол акци­я­ның орта­сын­да бел­сен­ді түр­де болға­ны үшін 15 тәулік­ке қамап отыр. Ал, Ару­жан Дүй­се­ба­е­ваға, тура сол акци­яға қаты­са­ны үшін, 30 АЕК мөл­шерін­де айып-пұл сал­ды. Осы­ған қара­ма­стан, Бәй­бек­тің заң­гері оның бұған еш қаты­сы жоқ дей­ді. Қызық! Бәй­бек­ке садақа жый­наға­ны үшін бірін он бес тәулік­ке қамап, екін­шісіне айып-пұл салып отыр­са, қалай Бәй­бек­тің қаты­сы бол­май­ды?! Сон­да, садақа­дан жый­наған ақша­ны кере­гіне жара­тып, жый­нап бер­ген­дер­ді сот­татқа­нын мой­ын­да­уға ары жет­пей отыр ма?

Сол мәлім­де­месін­де, жаңағы заң­гер, 27 қазан күні мені әкім­шілік жау­ап­кер­шілік­ке тар­та­тын­да­рын айтып­ты. Тарт­сын. Бұлар­дың әділ­дік­тен мақұ­рым сотын көр­мей жүр­міз бе? Кеше ғана Ratel сай­тын­да кезін­де ҚР Жоғарғы сотын­да лау­а­зым­ды қыз­мет атқарған Мей­рам Жан­гут­ти­нов деген заң­гер­дің сұх­ба­ты жарық көр­ді. Ол Жоғарғы сот­тағы­лар қалай пара ала­ты­нын, Қаза­қстан сот­та­ры­ның жемқор­лық былы­ққа бел­ше­сі­нен батқа­нын ашық айтып бер­ді. Ол сот­тар­дың «ішек-қар­нын» ақта­рып таста­ды десек те бола­ды. Оқып отыр­саң, олар­дың әр қимы­лы пара. Бір­деңе алма­са, сау­сақта­рын да қимыл­дат­пай­ды екен. Әр бір шешім­нің өз баға­сы бар. Өңкей бір сауда­гер­лер дер­сің. Ал, мұн­дай сот­тар­дан біз неге қорқуы­мыз керек?! Олар шығарған шешім­дер­ді біз қалай­ша әділ деп мой­ын­да­уы­мыз керек?! Өткен­де­гі, Бәій­бек­тің ары­зы бой­ын­ша, үсті­міз­ден қозғалған сот­та екі мың парақтан астам дәлел­дері­мізді көр­сет­тік. Талай­ын жари­я­ла­дық. Сот­тың қолы­на ұстат­тық. Бірақ, сот соның бірін еледі ме? Жоқ. Жемқор Бәй­бек­ке жығып бер­ді. Солай-ақ бол­сын. Ал, біздің қолы­мы­зда Бәй­бек­тің ұры­лы­ғын әшке­ре­лей­тін жаңа құжат­тар бар. Жақын­да жарық көреді. Ел оның Дін­мұ­хам­бет Ыды­ры­сов­пен сыбай­ла­са оты­рып, «Алма­ты­элек­тро­тран­сты»  қалай тонап алға­нын білетін бола­ды. Сол қыл­мысқа қаты­сты нақты құжат­тар бар, оны ел алдын­да жари­я­лай­мыз. Бұған дей­ін, Бәй­бек­тің Алма­ты жерін қалай сатқа­ны, авто­бу­стар­ды, басқа муни­ци­пал­дық мүлік­ті қалай талан-тара­жға түсір­гені тура­лы айтқан­быз. Авто­бу­старға қаты­сты бір ғана істе 11 млн дол­лар қар­жы­ны қалай қымқы­рға­нын айтқан­быз. Мұның бәрін дәлел­мен көр­сет­тік. Алай­да,  сот бір де бірін көз­ге де ілген жоқ. Ал, Бәй­бек­тің заң­гері мені сотқа беріп, бірақ та қамат­пай­мыз, біз гум­ма­нист­піз, Жан­бо­латқа көше сыпыр­та­мыз дей­ді. Шын­дық шым­бай­ы­на әбден батқан-ау, шамасы.

Бауы­р­жан, сенің,  Алма­ты­да әкім болған кезің­де, мил­ли­ард дол­ларға бай­ып ағла­ны­ң­ды дәлел­дей­тін құжат­тар бар. Егер сен осы ұрлап алған мид­ли­ард­ты ел қазы­на­сы­на қай­та­рып жат­саң, маған көше сыпы­ру арла­на­тын жұмыс емес. Назар­ба­ев­тың билі­гі маған бұрын­да­ры да қара жағып, Назар­ба­ев­тың сот­та­ры сот­таған да. 120 сағат­тық қоғам­дық жұмысты да атқа­рып шыққам. Онда тұрған ештеңе жоқ! Егер Бауы­р­жан, жаңағы, ұрлық мил­ли­ард­ты қазы­наға қай­та­ра­тын бол­са, әкесінің аты­на жазып қой­ған биз­нес орта­лы­қта­рын халы­ққа қай­та­ра­тын бол­са, тонап алған бүкіл дүние-мүл­кін ел игілі­гіне қай­та­ра­тын бол­са, сол ұрлы­ғы үшін елдің алдын­да тізер­леп оты­рып, кешірім сұрай­тын бол­са,  мен де сот­тың шеші­мін орын­дап шығуға қар­сы емес­пін. Ал, Бәй­бек ондай қада­мға бара алмай­тын бол­са, мен де Бәй­бек­тің сот­та­ры шығарған жалған шешім­дер­ді орын­да­удан бас тартамын!

 Қаза­қстан­да ешқан­дай да әділ сот бол­май­тын­ды­қтан, біз мін­дет­ті түр­де БҰҰ адам құқы­ла­ры жөнін­де­гі Коми­тетіне шағым түсіретін бола­мыз. Уақы­ты келіп, Назар­ба­ев­тың дәу­рені аяқталған тұста (ол уақыт келеді!), Бауы­р­жан Бәй­бек сын­ды қыл­мыс­кер­дің тұрағы түр­ме бола­ды.  Мұн­дай ұры­лар тығы­ла­тын­дай бүкіл әлем­де бір де бір қуыс қал­дыр­май­мыз! Қай­да бар­са да, халы­қтың соты алды­нан шыға­тын бола­ды! Бәй­бек­тің бұл өмір­де­гі бар жетісті­гі – Назар­ба­ев­тың кла­с­та­сы­ның ұлы боп туға­ны. Басқа еш жетісті­гі жоқ, бос кеуде ғана. Біз мұн­дай ұры-қары­дан жасқа­нып қал­май­мыз. Бұлар­дың кім екенін әшке­ре­лей бере­міз. Сөй­тіп, «бәй­бек­тер» ұрлаған, «бәй­бек­тер» тонаған дүние-мүлік, қар­жы-қара­жат­ты елге қай­та­руға мүм­кін­дік жасаймыз.

Источ­ник: https://dpkkz.com/

Статьи по теме

Тёмные сделки QazaqGaz: как один из конфискованных активов оказался связан с Кайратом Шарипбаевым

Акимат Алматы тратит тысячи долларов на поиски критиков власти: зачем нужны такие исследования?

Росатом заменил оборудование Siemens для АЭС «Аккую» в Турции на продукцию «китайских друзей»