Байлардың Батыстағы миллиардтары ҚАЗАҚҚА ҚЫЗМЕТ ҚЫЛСЫН!

Қаза­қстан­ның бас­шы­лы­ғы пан­де­ми­я­ның әлі тола­ста­маға­нын, ал эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­стың сал­да­ры пан­де­ми­ядан да қиын бола­ты­нын жақ­сы түсініп отыр. Өйт­кені мем­ле­кет бюд­жетін­де­гі қара­жат даму тұр­мақ, күн­делік­ті өмір­ге де жет­пей­ді. Осы жағ­дай­да шетел банк­терін­де­гі жүз­де­ген мил­ли­ард дол­лар­ды елге қай­та­ру­дың орны­на пре­зи­дент Тоқа­ев Аста­на­да Халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғын құру жөнін­де­гі өлі иде­яға (Н.Назарбаевтың иде­я­сы – Ред.) қай­та ора­лып, оған қаза­қстан­ды­қтарға тиесілі шетел­дік ком­па­ни­я­лар­ды түсініксіз әре­кет­тер­мен тір­ке­уді ұсы­нып отыр.

Тео­ри­я­лық тұрғы­дан алған­да, Ақор­да тек мем­ле­кет­тің қаты­суы бар ком­па­ни­я­лар­ды мәж­бүр­лей ала­ты­ны түсінік­ті. Ал іс жүзіне кел­ген­де, бұл ойды тіп­ті соңғы жыл­да­ры қан­ша тыры­сқа­ны­мен, Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың өзі іске асы­ра алма­ды. Ол кәсіп­кер­лер­ді Батыс елдерін­де тығы­лған мүл­кі тәр­кі­ле­неді деп, талай рет қорқыт­ты. Алай­да кәсіп­кер­лер Баты­стағы тәр­кілеу қалай бол­са да, тек сот пен заң аясын­да жаса­ла­ты­нын жақ­сы біледі. Ал Аста­на­дағы Халы­қа­ра­лық қар­жы орта­лы­ғы­на қай­та­ры­лған қар­жы еш сот­сыз, Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры­ның үлесіне кетіп қала­ты­ны айдан анық.

Тоқа­ев тіп­ті фор­маль­ды түр­де бірқа­тар фир­ма­лар­ды Аста­на­да тір­кей алған­ның өзін­де, бұл ісі бюд­жет­ке қалай қар­жы әке­леді? Жау­а­бы: ешқа­шан бол­май­тын іс. Елге түгі жоқ хол­динг­тар­ды емес, заң­сыз шыға­ры­лған нақты қара­жат пен актив­тер­ді қай­та­ру қажет.
Ол үшін ақыл айтып, сөз шығын­да­удың қажеті шама­лы. Кере­гі қам­шы мен пірән­дік. Қам­шы дегені­міз – Батыс үкі­мет­тері мен құқық қорғау орган­да­ры­ның қол­да­уы­мен іске асы­ры­ла­тын қыл­мыстық істер мен шыға­ры­лған капи­тал­ды тәр­кілеу қау­пі. Пірән­дік – өз актив­терін бұл­тар­май жари­я­лаған­дар үшін жаса­ла­тын рахым­шы­лық (амни­стия).

Осы мәсе­ле­де әділет­тілік пен мақ­сат сәй­кест­і­гі ара­сын­дағы тепе-теңдік­ті сақтау маңы­зды. Әділет­тілік тұрғы­сы­нан алған­да, заң­сыз, жемқор­лық пен қыз­метін асы­ра пай­да­ла­ну, кон­тра­бан­да мен салық төле­уден жал­та­ру жолы­мен жиналған бар­лық дүние тәр­кі­ле­нуі тиіс. Ал әділет­тілік пен мақ­сатқа сәй­кест­ік тұрғы­сы­нан қара­сақ, эко­но­ми­ка­лық даму бағ­дар­ла­ма­ла­рын іске асы­ру үшін, біз­ге ол ақша бүгін қажет болып тұр. Ұза­ққа созы­ла­тын про­це­стер­ге уақыт жоқ.
Мыса­лы, Малай­зия елі АҚШ пен өзге елдер үкі­мет­тері­нен баста­пқы жүз­де­ген мил­ли­он дол­лар­ла­рын ала баста­ды. Бұл бұры­нғы пре­мьер Раза­кқа пара ретін­де беріл­ген, ал кей­ін Батыс эко­но­ми­ка­сы­на құй­ы­лған инве­сти­ция ретін­де шыға­ры­лған ақша.
Егер қаза­қстан­дық мил­ли­ар­дер­лер мен муль­ти­мил­ли­о­нер­лер қар­жы­ла­рын ашып, Қаза­қстан­ның инду­стри­ал­ды жаңғы­руы­на атса­лы­су­ла­ры керекті­гін түсін­бей жат­са, онда біз­ге Батыс банк­терін­де жатқан 150–200 мил­ли­ард дол­лар үшін күре­су­ге тура келеді.

Бүгін­гі Ақор­да әкім­шілі­гінің қолын­да Баты­ста тығы­лған ең қомақты қазы­на – мүлік­тер­дің қан­дай жол­мен жиналға­ны жөнін­де мәлі­мет­тер жет­кілік­ті. Бірін­ші кезек­те осы қар­жы­ны елге қай­та­рып, эко­но­ми­ка­мы­зға салуы­мыз керек. Халы­қтың осын­дай талап­та­ры алдағы сай­лау науқан­да­рын­да өзек­ті бола­ты­ны сөзсіз.

Халық әділет­тілік­пен қатар, ұлт­тық бай­лы­қтағы заң­ды үлесін талап ете­ді. Әрине, ол үлес Дубай­дағы сауда орта­лы­қта­ры түрін­де емес, отан­дық эко­но­ми­каға құй­ы­лған қар­жы ретін­де болуы керек. Бұл бола­шақта халы­ққа жаңа жұмыс орын­да­ры мен лай­ы­қты жалақы­ны қам­та­ма­сыз етеді.

Біз аза­мат­тық қоғам аты­нан Ақор­даға өзі­міздің бағ­дар­ла­ма­мы­зды ұсы­на ала­мыз. Ол бағ­дар­ла­ма­мыз бей­біт жол­мен, қуда­лау­сыз, тап­тық қақты­ғыс­сыз қаза­қстан­дық мил­ли­ард­тар­дың елге қай­тып, ортақ бола­шағы­мы­зға жұмыс жаса­уы­на мүм­кін­дік береді. Сөз мил­ли­ард­таған дол­лар көле­мін­де­гі пай­ыз­сыз мем­ле­кет­тік обли­га­ци­я­лар­ды ауқат­ты қаза­қстан­ды­қтар ара­сын­да үле­стіру­ге қаты­сты болып отыр. Бұл мил­ли­ард­тар шетел­дік ком­па­ни­я­лар­дың есеп­шот­та­рын­да жатыр. Шын­ды­ғын­да, олар­дың түп­кі иелері – қаза­қстан­дық оли­гарх­тар, жоғарғы шен­ді шене­унік­тер және әртүр­лі әкім мен мини­стр­лер­дің күй­еу бала­ла­ры. Олар 15 жыл өткен­нен кей­ін қай­та қай­та­ры­ла­тын пай­ыз­сыз обли­га­ци­я­лар­ды сатып ала­ды, ал үкі­мет пен пар­ла­мент түс­кен ақша­ның қалай жұм­са­лып жатқа­нын қатаң бақы­ла­у­ға ала­ды. Бұл ақша эко­но­ми­ка­мы­зды жаңар­тып, XXI ғасы­рға сәй­кес жаңа өндірістер мен қыз­мет көр­се­ту сала­ла­ры­на жұм­са­луы тиіс. Ал мем­ле­кет бол­са, ол ақша­ның пай­да болу тарихын аны­қта­мауға міндеттенеді.

Бұл әре­кет Қаза­қстан­ның кре­дит­тік рей­тін­гісін көтеріп, шетел­дік капи­тал­дың келуіне сеп­ті­гін тигі­зеді. Бұдан бөлек, оли­гарх­тар мен шене­унік­тер­дің бала­ла­ры әке­міз дүни­е­ден өткен соң, оның ақша­сын ешкім тар­тып алмай­ды, бай­лы­ғы­мыз отба­сы­мы­зда қала­ды деп, бола­шақта­ры­на уай­ым­да­май­тын болады.

Біз қоға­мға қыру­ар қар­жы­сы­мен бел­гілі тұлға­лар­дың алға­шқы тізі­мін жасай ала­мыз. Бірін­ші 50 адам­ның есім­дерін талқы­лап алай­ық. Сосын Тоқа­ев­тан тізім­де атта­ры аталған адам­дарға қоғам аты­нан обли­га­ци­я­ларға жар­ты мил­ли­ард дол­лар­дан құю тура­лы ұсы­ныс жаса­уын сұрай­ық. Бұл Қаза­қстан­ның эко­но­ми­ка­лық жаңғы­ру қоры­на бір­ден 25 млрд дол­лар әкеледі.

Осын­дай жағ­дай­ды пай­да­ла­на оты­рып, біздің үкі­мет халы­қа­ра­лық қар­жы нары­ғы­нан бұдан екі есе көп ақша­ны қары­зға алып, оны жоғарғы тех­но­ло­ги­я­лық өндірістер­ге жұм­сай ала­ды. Қаза­қстан мұнай құй­ма­сы­нан – ұста­ха­на мем­ле­кетіне айна­луы тиіс. Син­га­пур мен Тай­вань секіл­ді. Бірақ қытай­лы­қтар­сыз, өзі­міздің ада­ми ресурсымызбен.

Осы дис­кус­си­я­мыз аза­мат­тық қоғам мен жаңа, әрі пай­да­лы дүни­е­лер­ді іске асы­руға ниет­теніп жүр­ген пре­зи­дент Тоқа­ев үшін пай­да­лы бола­ды деп үміт­те­не­мін. Оған әзір­ше батыл­дық пен ой кеңді­гі жетіс­пей тұр. Біз осы жоба­ны іске асы­руға қажет­ті заң­на­ма мен нақты жос­пар­ды жасап бере ала­мыз. Пре­зи­дент Тоқа­ев көтер­ген деоф­шо­ри­за­ция мәсе­лесіне орал­сақ, біз нақты деоф­шо­ри­за­ци­я­ны жүзе­ге асы­ру амал­да­рын ұсы­на ала­мыз. Деоф­шо­ри­за­ция – қара­пай­ым дүние.

Әке­жан ҚАЖЫГЕЛДИН.
«DАТ». 28.05.2020.

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще