Алдаркөсе бейнесі қандай болуы керек?

Алма­ты­да қара­до­ма­лақтарға арналған қазақ мульт­фильм­дер жинағы­ның тұса­у­ке­сері өтті. Жинақтың пай­да­сы мен зия­ны қан­дай? Бала­лар­дың пси­хо­ло­ги­я­сы­на кері әсер ететін келеңсіз жайт­тар­ды не істе­мек керек? Негізі қазақ ерте­гілерінің мульт­филь­мін жасаған­дарға көре­рмен тара­пы­нан сын айтылды.

Автор: Айдар Қуатұлы

Алма­ты қала­сы әкім­ді­гінің Тіл­дер­ді дамы­ту, мұрағат­тар және құжат­та­ма басқар­ма­сы Тіл­дер­ді дамы­ту мен қол­да­ну­дың 2011—2012 жыл­дарға арналған мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сын жүзе­ге асы­ру мақ­са­тын­да қазақ ерте­гілерінің желісі бой­ын­ша түсіріл­ген мульт­фильм­дер жинағы­ның тұса­у­ке­сер рәсі­мін жаса­ды. Алма­ты қала­сы Тіл­дер­ді дамы­ту, мұрағат­тар және құжат­та­ма басқар­ма­сы­ның басты­ғы Мамай Ахе­то­втің айтуын­ша, жинақ елі­міз­де­гі өзге ұлт өкіл­дерінің бала­ла­ры­на мем­ле­кет­тік тіл­ді дамы­туға сеп бол­мақ, әрі қаза­қтың қара­до­ма­лақта­рын руха­ни тұрғы­да өсіру­ге көп көмек.

«Ел болам десең, экра­ны­ң­ды түзе»

Жинақтағы 14 дис­кі­ден тұра­тын 40 сери­я­лы мульт­фильм­ді қаза­қтың халық ерте­гілерінің желісі бой­ын­ша «Azia animation» ком­па­ни­я­сы түсір­ген көрі­неді. Әр ерте­гі­ден кей­ін берілетін тұрақты сөз тір­кестері мен сөй­лем­дер­ді қаза­қ­ша және орыс­ша беру арқы­лы тіл үйре­туді көз­дей­тін бұл жинақ «Бала­ларға арналған қазақ тілі» атты ани­ма­ци­я­лық білім беру жоба­сы­ның негізін­де түзіліп­ті. Ауыз әде­би­етін ерте­гі арқы­лы бүл­дір­шін­дер­ге оңай әрі жеңіл үйре­туді көз­дей­тін жинақта балақай­лар есту, көру, қай­та­лау арқы­лы сөз­дер­ді дұрыс айтуға жат­ты­ға­ды. Зама­на­уи тех­но­ло­ги­я­ның соңғы жетістік­теріне сүй­ене оты­рып, 3D-үлгісін­де жасалған мульт­фильм­дер бала­лар­дың тіл үйре­ну­ге деген құл­шы­ны­сын да арт­ты­ра­ды екен. Жинаққа «Алдар көсенің көңіл­ді оқиға­ла­ры» атты 85 сери­я­лы мульт­филь­мі, әлем халы­қта­ры ерте­гілерінің желісі бой­ын­ша түсіріл­ген 50 слайд-шоу ерте­гі, «Бізді қор­шаған әлем» атты 1000 сөзді қам­ти­тын орыс­ша-қаза­қ­ша сурет­ті аудио-сөздік енгізіліпті.

Жоба­ны жүзе­ге асы­рған­дар — ағай­ын­ды Игорь Кра­ус пен Артур Кра­ус. Балақай­ларға арналған мем­ле­кет­тік тіл­де­гі дүни­е­лер көбей­ген сай­ын отан­дық өнер қай­рат­кер­лерінің қосар үлесі де молая бер­мек. Бүгін­де сон­дай аза­мат­тар­дың алды­ңғы қата­рын­да М.Әуезов атын­дағы Қазақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық дра­ма теат­ры­ның актері Бек­жан Тұрыс бар. Бұл орай­да Мамай Ахе­тов: «Әлем­дік дең­гей­де­гі өнер жұл­ды­зда­ры ани­ма­ци­я­лық фильм­дер­ге түсуді өздеріне үлкен мәр­те­бе санай­ды. Біздің Қаза­қстан­да да солай. Осы орай­да қазақ мульт­фильм­деріне үлес қосып жүр­ген Бек­жан Тұры­стың орны бөлек»,— деді. «Алдар­кө­сенің көңіл­ді оқиға­ла­ры» ерте­гісін­де Алдар­дың рөлін сомдай­тын Бек­жан Тұры­сты кей балақай Алдар аға атап кетіп­ті: «Кей­де үйге хабар­ла­сып, «Алдар аға, сіз­ге көп рах­мет» деп алғы­ста­рын біл­діріп жата­ды. Оған мен рен­жі­мей­мін. Қазір Алдар­лар мен Шығай­бай­лар­дың зама­ны бол­ды ғой», — деп ағы­нан жары­лған актер мульт­фильм автор­ла­ры­ның бірі болуға не себеп­ті келіс­кенін түсін­дір­ді: «Смағұл Елу­бай аға­мы­здың «Ел болам десең, экра­ны­ң­ды түзе» деген сөзі ұнай­ды. Экран арқы­лы бала­лар Швар­цен­не­гер де бол­ды, Ван Дамм да бол­ды, шет елдер­дің мульт­фильм­де­гі кей­іп­кер­лер­ге елік­те­ді. Өнер — тұтас бір мем­ле­кет­тің бет­пер­десі. Кеше қаси­ет­ті қара шаңы­рақта біз­ге сара жол­ды салып бер­ген аға буын­ның ама­на­ты­на қия­нат жаса­мауды өмір­лік қағи­да­ма айнал­ды­рғам. Жаным — қазақ, рухым — қазақ. Қаза­қы дүни­е­лер­ді жаса­уға үлес қосу­мен келе­мін. «Алдар­кө­сенің» аудар­ма­сын қолы­ма алғаш алған­да келіс­пей­тін тұста­рым бол­ды. Сон­ды­қтан қаза­қтың қара­до­ма­лақта­ры­ның табиға­ты­на жақын етіп жасадым».

Тұса­у­ке­сер рәсі­мін­де ұйым­да­сты­ру­шы­лар басқар­ма тап­сы­ры­сы­мен жасалған «Сиқыр­лы қалам» интер­ак­тив­ті оқу-әдісте­мелік кешенін таны­стыр­ды. Мек­теп жасы­на дей­ін­гі бала­ларға Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік рәміз­дері, әнұран, қаза­қтың ою-өрнек­тері, әндер мен тақ­пақтар­дан тұра­тын кешен­нің пай­да­сы сол, бала­ның жан-дүни­есін қаза­қы дәстүр­мен бай­ы­та­ды, мем­ле­кет­тік маңы­зы бар нәр­се­лер­ді көкей­ге тоқып өседі әрі тілек айту, өз ойын еркін жет­кізу­ге жат­ты­ға­ды. Тіл үйре­ту құра­лы­ның әдіс-тәсіл­дері бала­лар­дың жас ерекшелік­теріне сай жасақталған. Инно­ва­ци­я­лық кешен­нің тиім­ділі­гі сол, кез кел­ген теле­ди­дарға неме­се ком­пью­тер­ге оңай қосы­ла­ды. Бұдан кез кел­ген нәр­сені білу­ге құмар, күніне мың-сан сұрақ қоюға жалы­қ­пай­тын неге­ш­тер қызы­қты бағ­дар­ла­ма тама­ша­лап оты­рған­дай әсер­де бола­ды. Мамай Ахе­то­втің айтуын­ша, құны 100 мың тең­ге көле­мін­де­гі «Сиқыр­лы қалам» Алма­ты қала­сын­дағы бала­бақ­ша­ларға тегін тара­ты­лу­да. Келе­шек­те «Сиқыр­лы қалам­ды» сатып алуға кез кел­ген қазақ отба­сы­ның қал­та­сы көте­ретін­дей дең­гей­ге жет­кі­зу көз­де­лу­де. Ол үшін мем­ле­кет­тің көме­гі мен қол­да­уы керек, әрине. Өйт­кені қазір­гі қазақ отба­сы­ла­ры «қара база­рдағы» қытай­лар түз­ген «Әліп­пе» инте­ре­ак­тив­ті тақ­та­сын қанағат тұтуға мәжбүр.

«Ерте, ерте, ертеде»

Негізі қазақ ерте­гілерінің мульт­филь­мін жасаған­дарға көре­рмен тара­пы­нан да сын айтыл­ды. Бала­ларға ұсы­ны­лған мульт­фильм­дер жинағын­дағы көлең­келі тұсқа кел­сек, ондағы жағым­ды неме­се жағым­сыз кей­іп­кер­лер­дің кес­кін-кел­бет­тері, дене бітім­дері асы­рас­іл­те­ушілік­ке ұры­нған­дай. Мыса­лы, кесіп алса, қан шық­пай­тын аса сараң бай­лар­дың түр-тұр­па­ты тіп­ті кес­кін­сіз: қарын­да­ры қабақтай, қимыл­да­ры ебе­дей­сіз, сөз­дері түй­е­ден түс­кен­дей. Ең басты­сы, бір бай емес, бар­лық бай­дың да, тіп­ті, әке рөлін­де­гілер­дің де қол­да­ны­ла­ты­ны — бір бейне. Үш бала­сы­на бақұл­да­сар алдын­да өси­ет айта­тын әке де, шық бер­мес Шығай­бай­дың рөлін­де­гі сараң бай да, басқа жағым­ды не бей­та­рап бей­не­лер де тек Алдар­кө­се­де кез­де­сетін кей­іп­кер­мен шек­те­леді. Соны­мен қатар батыр рөлін­де­гілер­дің де кес­кін­дері келісіп тұрға­ны шама­лы. Кей­бір батыр­лар­дың қар­ны қам­пиған, өз дене­лерін әрең көте­ретін жаты­пі­шер­лер­ге ұқсай­ды. Бұл орай­да жинақты құра­с­ты­ру­шы­лар «жағым­сыз кей­іп­кер­лер­ді әдейі солай сомда­дық» деген уәж айты­лған­мен, келе­шек­те айты­лған сын­ды еске­ру­ге келісті.

Тағы бір «әтте­ген-ай», Алдар­кө­сенің қызы­қты оқиға­ла­ры тура­лы айты­лған ерте­гілер­де қара­до­ма­лақтар­дың пси­хо­ло­ги­я­сы­на кері әсер ететін әрі қаза­қы тәр­би­е­ге жат дүни­е­лер де кез­де­седі. Мыса­лы, шық бер­мес Шығай­бай­дың бәй­бі­ше­сінің аузы­нан шыға­тын «кәрі қақ­пас», «еса­лаң», «оңбаған» деген сияқты бей­піл сөз­дер көп.

Мұн­дай­да жал­пы қаза­қстан­дық теле­ар­на­лар­дан берілетін көр­кем дүни­е­лер­мен бір­ге басы­лым­дар­дағы қазақ ерте­гілерінің де сын көтер­мей­тін­дері бар. Мәсе­лен деген «Ерте, ерте, ерте­де» деген жур­нал­да «Баяғы­да бір бай екін­ші әйелі алып­ты» деп баста­ла­тын­да­ры бар. Сон­да бесік­тен белі шық­пай жатып, біздің қара­до­ма­лақтар бәй­бі­ше мен тоқал­дың, яғни күн­дестер­дің тар­ты­сын оқуы керек пе? Бұл қан­ша­лы­қты қажет? Мұн­дай келеңсіз жайт­тар­дың отба­сы­лық құн­ды­лы­қтар­ды жоға­ры қоя­тын қаза­қы тәр­би­е­ге кері әсер ететіні белгілі.

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще