Әкежан Қажыгелдин: НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Газеті­міздің өткен санын­да Қаза­қстан­ның экс-пре­мьер-мини­стрі Әке­жан Қажы­гел­дин­нің «В стране ожи­да­ет­ся досроч­ные выбо­ры пре­зи­ден­та» деген тези­стік мақа­ла­сы жари­я­ланға­ны оқыр­ман қауы­мға мәлім бол­са керек. «Өткен пар­ла­мент­тік сай­лау Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың ешқа­шан Қаза­қстан пре­зи­ден­ті бола алмай­тын­ды­ғын көр­сет­ті. Алда – қазір­гі пре­зи­дент­тің кезек­тен тыс сай­ла­уы. Алды­мен не істеу керек және бола­шақта не дай­ын­дау керек?» – деп, автор елде­гі оппо­зи­ция өкіл­деріне бағ­дар­ла­ма­лық сұрақ қояды. Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­дік бюро­сы (жетек­шісі – сая­си эми­грант Серік Медет­бе­ков) қуғын­дағы таны­мал сая­сат­кер­дің осы мақа­ла­сын қазақ тіліне ауда­рып, Қаза­қстан аза­мат­тық қоға­мы­на сырт­тай «Дөң­ге­лек үстел» тақы­ры­бы ретін­де талқы­ла­у­ға ұсын­ды. Әке­жан Қажы­гел­дин көтер­ген мәсе­ле­ге қаты­сты қоғам өкіл­дерінің ой-пікір­лері бол­са, редак­ци­яға жол­да­уды сұраймыз.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев пен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың ара­сын­дағы пре­зи­дент­тік билік бірі­нен екін­шісіне ауы­сқанға дей­ін жасалған келісім­дер өз күшін жоғалт­ты. Пар­ла­мент­тік сай­ла­удың ұйым­да­сты­ры­луы мен нәти­же­сі мұны соңы­на дей­ін рас­та­ды. Жари­я­ланған «билік тран­зи­ты» исі­мен жоқ, Тоқа­ев­тың өзі «Ақор­да» бекетін­де не «барар бағы­ты», не «билеті», не серік­те­стері, не «бага­жы» жоқ тран­зит­тік жола­у­шы ретін­де тұрып қалған­ды­ғы­на көзі­міз жеттті…

Алды­мен Тоқа­ев елді басқа­ру­ды өз қолы­на алуға қорқып, «көкесінің» бір­жо­ла­та кетуін күту­ге шешім қабыл­да­ды, ал Назар­ба­ев кету тура­лы шеші­мін өзгерт­ті. Нәти­же­сін­де өзін­дік «бір жарым билік­тік» жүйе құрыл­ды: ескі пре­зи­дент жаңа пре­зи­дент жари­я­лаған жос­пар­лар мен уәде­лер­ге назар аудар­май, елді басқа­ру­дан бас тарт­па­ды. Соны­мен қатар «нашар ести­тін» және «нашар көретін» мем­ле­кет тепе-теңдік­ті жоғалтты.

Бұл Назар­ба­ев­тың жеке билік жүй­есінің және өзі құрған сая­си емес, сыбай­лас жемқор­лық инсти­тут­та­ры­ның күй­ре­уі. Назар­ба­ев Кон­сти­ту­ци­я­ны бір­не­ше рет өзгер­тіп, қай­та өңде­гені сон­ша­лық, нәти­же­сін­де, өкініш­ке орай, оны енді «костюм» ретін­де ғана емес, «қап­шық» ретін­де де пай­да­ла­нуға жара­май­ды. Ол билік­ті осы «қап­шы­қтың» ішіне салып ауы­стыр­мақ бол­ды, бірақ жүйе тығы­ры­ққа тірел­ді де, ойлаға­нын­дай бол­ма­ды. Таңқа­лар­лық жәйт емес: қазақ мем­ле­кетіне және оның ең маңы­зды инсти­тут­та­ры­на «жетіл­ді­ру» неме­се «модер­ни­за­ция» емес, тек толық қай­та құру про­цесс қажет. Айты­лған әре­кет керек екені айдай анық.

Назар­ба­ев жүй­есі өзек­ті күн талап­та­ры­на ұзақ уақыт бойы жау­ап таба алмаға­ны әсіре­се Қазақ Жерін сатуға неме­се жалға беру­ге қар­сы жап­пай митин­гілер басталған­нан бері бәрі­міз­ге анық бол­ды. Пре­зи­дент­тің өзі де, оның кеңес­шілері де Қазақ елі тарихы­нан біздің халқы­мыз, бар­лық қазақ жұр­ты қан­дай жүй­е­де тұрып жат­са да, Ата­ме­кен – Жер-Ана деген әр қаза­ққа ерекше ыстық ұғым­дар болып қанға сің­генін, ұрпақтар руха­ни бай­ла­ны­ста екенін рас­тай­тын ақиқат­ты түсінбеді.

Алға­шқы қазақ үкі­метінің мини­стр­лері, ұлт­тық демо­кра­ти­я­лық күш­тері – Алаш Орда аза­мат­та­ры, Ресей аумағын­да нақты бел­гі­лен­ген шека­ра­сы бар Қазақ авто­но­ми­я­сы­на қол жет­кіз­гені үшін кей­ін оны қорғай­мыз деп құр­бан бол­ды. Авто­но­мия ішіне кір­ген жер мәсе­лесі сол кез­де Мәс­ке­уде айтар­лы­қтай жеңіл­дік­тер­мен шешіл­гені­мен, боль­ше­вик­тер Алаш Орда өкіл­деріне «бур­жу­а­зи­я­лық ұлт­шыл­дық» деп атаған пат­ри­от­тық сезім­дерін кешірмеді.

Көр­ші елдер­дің ешқай­сысы қаза­ққа ешқан­дай «сый­лық» бер­ген жоқ. Керісін­ше, қазақ өздерінің ата-баба­ла­ры ама­нат етіп қал­ды­рған жерінің бір бөлі­гін беру­ге мәж­бүр бол­ды, өйт­кені ол кез­де қара халық ұлт­тық-сая­си көш­бас­шы­ла­рын қорғай алма­ды. Бұл өкіні­шті жағ­дай да біз­ге ерекше тари­хи сабақ болуы керек. Демек, елдің тағ­ды­ры – бір­лік­те, халы­қтың күші – ынты­мақты­қта. Сон­ды­қтан жер­ді шетел­дік­тер­ге сатуға қар­сы халық нара­зы­лы­ғы сон­ша­лы­қты жап­пай бол­ды. Халық жемқор шене­унік­тер­ге асы­ғыс қадам жаса­уға жол бермеді.

Елді жап­пай шеру­ге көтер­ген ресми пар­ла­мент­тік пар­ти­я­лар­дың жетек­шілері емес, қалың халық ара­сы­нан шыққан жаңа көш­бас­шы­лар екеніне ерекше назар ауда­ру керек. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев халы­қтың жол­да­уын есті­меді, оны бар­ша халық түсін­ді, ол да енді бұл ұлт­ты басқа­ра алмай­ты­нын сезді деп анық айтуға бола­ды. Осы­лай­ша Ұлы Дала­да жаңа көш­бас­шы­лар пай­да бол­ды. Олар­дың ара­сын­да, әрине, кеше ғана бостан­ды­ққа шыққан Макс Боқай баты­ры­мыз да бар. Біз оны шын жүрек­тен құт­ты­қтай­мыз және оған зор ден­са­улық, қажы­мас қай­рат пен тал­мас қанат тілейміз!

Билік оны қоғам­нан оқша­у­ла­у­ға тыры­сқа­ны әбден бекер. Макс мұны сенім­ді түр­де көр­сет­ті. Ол елде­гі жағ­дай­ды жақ­сы біледі де, әрқа­шан қан­дай қадам жасау керек екенін түсі­неді. «Жаңа Кон­сти­ту­ция» және «Жаңа сая­си жүйе» – бұл оның қоға­мға арналған өте маңы­зды да орын­ды ұрандары.

Мен Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың екін­ші мерзім­ге пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға түсетін­ді­гін біл­мей­мін. Түсе­мін десе, ол Макс Боқай­дың ұсы­нған ұран­да­ры­на қар­сы не айта ала­ды? Егер Тоқа­ев әлі де өз халқы үшін бір­деңе істей алса, онда ұлт­тық Құры­л­тай жари­я­лап, Кон­сти­ту­ци­я­лық кеңес про­цесін баста­уы­на тура келеді. Қазір­гі билік­тің «әлсіз есту қабілеті» мен «нашар ойлау қаси­етін» түзе­ту­ге қым­бат уақыт жоғал­ту­дың қажеті жоқ. Біз­ге жаңа КОНСТИТУЦИЯ мен ЖАҢА САЯСИ ҚҰРЫЛЫМ қажет!

Ал бұған дей­ін Қ.-Ж. Тоқа­ев, егер ол шынайы Қаза­қстан пре­зи­ден­ті бол­са, өз жар­лы­ғы­мен Арон Ата­бек­ке бостан­дық беру­ге мін­дет­ті. Кеңес дәурін­де де, Назар­ба­ев билі­гі уақы­тын­да да бұл ар-ождан тұтқы­ны екі жылға жуық уақыт бойы Тоқа­ев­тың ар-ожда­нын­да қара дақ болып қалды.

Бүгін­гі күн­ге дей­ін Ақор­да кіші­гірім құқық бұзу­шы­лық жасаға­ны үшін сот­талған адам­дарға нелік­тен «Амни­стия тура­лы заң­ды» әлі баста­маға­ны­на нара­зы­лық біл­діре­мін. Рахат Әли­ев пен оның әйелі Дариға Назар­ба­е­ва­ның қатыг­езді­гі жыл­да­рын­да көп­те­ген адам­дар аза­мат­тық ұста­ным­да­ры үшін заң­сыз сот­тал­ды. Рахат­тың қабір­де жатқа­ны­на алты жыл бол­ды, ал адам­дар жаза­сын әлі күн­ге дей­ін қыл­мыс­сыз өтеп жатыр. Сovid-19 виру­сын жұқтыр­мас үшін, бар­лық кінәлі де, жазы­қ­сыз да тұтқын­дарға рақым­шы­лық жаса­луы керек екені – індет мерзі­мінің тала­бы деп санай­мын. Осы індет апа­тын­да тағы қан­ша қазақ өмірін қиюы керек?

Бір әйгілі рево­лю­ци­о­нер жүз жыл­дан астам уақыт бұрын «сая­сат мил­ли­он­даған адам­дар­дың тағ­ды­ры, сон­ды­қтан ондағы қателік­тер­ге жол беріл­мей­ді» деп айтқа­ны бар. Тоқа­ев – жас пре­зи­дент бол­са да, тарих оның қателік­терін кешір­мей­ді. Әсіре­се тарих Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың ешқа­шан ештеңесін кешір­мей­ді. 2005 жылы ол еркін және бәсе­келі сай­лау өткізіп, билік­ті бей­біт жол­мен ауы­сты­рып, бүкіл отба­сы­мен бір­ге сая­сат­тан кетуі керек еді. 2000-жыл­дар­дың басын­да бүкіл әлем­де аяқталған және тек біз­де ғана тұрақты болып қалған әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық дағ­да­ры­сты Қазақ елі әлдеқай­да тез жеңе алар еді.

Егер Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев 2005 жылы Кон­сти­ту­ция мен әлем­дік тәжіри­бе­ге сәй­кес пре­зи­дент­тік қыз­мет­тен кет­се, Заман­бек Нұрқа­ді­лов аяу­сыз өлтіріл­мес еді. Халық мой­ын­даған абы­рой­лы аза­мат­та­ры­ның бірін де жоғалт­пас еді. Алтын­бек Сәр­сен­ба­ев пен оның күзет­шілері қатыг­ездік­пен өлтіріл­ме­ген болар еді. Жаңаө­зен­де­гі қан­дастар­дың қаны төгіл­мес еді. Осы адам өлтірудің бәрі әлі де тиісті дәре­же­де тер­гел­ме­ген. Олар­ды өлім­ге кес­кен тап­сыр­ма­шы­лар да жаза­сыз қалды.

Ал Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың шексіз дик­та­ту­ра­сы өз отба­сы үшін тра­ге­ди­яға айнал­ды. Күй­еу бала­сы мен қызы жау­ап­сыздық пен билік­ке деген құштар­лы­қтан есең­гіреп, әкесіне қар­сы шықты. Нәти­же­сін­де Рахат алты жыл бұрын дүни­е­ден өтті, Дариға­ның кез кел­ген сая­си бола­шағы сыбай­лас жемқор­лық айы­бы­мен шорт сызыл­ды, ал әншілік ман­са­бын құр­бан ету­ге мәж­бүр бол­ды. Келесі ұрпағы да дәл сон­дай бақыт­сыз болып шықты: бір неме­ресі ана­сы мен ата­сы­на қар­сы шығып, олар­ды әшке­ре­леп, шетел­де жұм­бақ жағ­дай­да қай­тыс бол­ды. Тағы бір неме­ресі шетел­де әкесі мен ана­сы­ның қыл­мыста­ры­на сыбай­лас ретін­де жау­ап беру­ден, соны­мен бір­ге сыбай­лас жемқор­лық кірістеріне, Лон­дон­дағы вил­ла­лар мен тұрғын үйлер­ге қаты­сты тер­ге­уден жасырынуда.

Өткен­ге деген жау­ап­кер­шілік­тен қорқу – бұл билік­ті бер­ме­удің басты себебі. Мем­ле­кет 15 жыл­дық толық даму­дан айы­рыл­ды, себебі Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев қан­дай «кету моделіне» келі­седі деп, жұрт күтіп қал­ды. Жағы­ну мен ойдан шығу мақ­са­тын­да оның маңай­ын­дағы адал көмек­шілері көп­те­ген нұсқа­лар­ды пре­зи­дент­ке ұсын­ды. Ақы­ры сонау Афри­ка­да да күл­кі туды­ра­тын «елба­сы» деген абсурд­тық атаққа жет­тік. Алай­да ешқан­дай атақ шексіз пре­зи­дент пен оның мұра­гер­лерінің жеке қауіп­сізді­гіне, бай­лы­ғы­на және айып­та­у­лар­дан құты­луға имму­ни­тет неме­се кепіл­дік бер­мей­ді. Міне, осы­лай­ша билік 2019 жыл­дың 19 науры­зы­на дей­ін созыл­са да, біз ешқай­да апар­май­тын жол үстін­де әлі келеміз.

Кей­бір аста­на­лық сен­гіш аза­мат­тар жаңа дәуір бастал­ды деген­ге алда­нып қал­ды. Басын­да Қ.-Ж. Тоқа­ев қат­ты толқып, бір­не­ше қалып­ты жаңа өзгерістер енгізу­ге уәде бер­ді. Ол пар­ла­мент­тік сай­ла­уды зама­на­уи әдіспен өткіз­бек­ші бол­ды – пар­ти­я­лық тізім­мен депу­тат­тар­дың 50 пай­ы­зы, ал бір ман­дат­ты округ­тар­дағы депу­тат­тар­дың 50%-ы өте­ді деп айтқан. Сай­ла­у­ға оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар­ды кір­гізу­ге, тәу­ел­сіз бақы­ла­у­шы­лар­дың қаты­суын қам­та­ма­сыз ету­ге жол беріледі деп уәде еткен… Бар­лы­ғы бос сөз болып шықты. Қолы­нан кел­гені – тек келесі сай­ла­уды күтуді ұсынды.

Біз тағы да қай­та­лай­мыз: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ және ЖАҢА САЯСИ ҚҰРЫЛЫМ! Ұлтқа бостан­ды­қтар мен құқы­қтар­ды бекі­тетін жаңа Кон­сти­ту­ция қажет. Бұл тіке­лей әре­кет­тің нор­ма­ла­ры бола­ды. Қажет болған жағ­дай­да жаңа Кон­сти­ту­ци­яға түзе­ту­лер жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­да талқы­ланған­нан кей­ін ғана енгізілуі керек. Бұл өзек­ті талап тура­лы Макс Боқай баты­ры­мыз да айтып кет­ті. Халық билік­тен жеңіл­дік күтіп оты­рғы­сы кел­мей­ді. Ол өзі елді басқа­ру ныса­нын, аумақтық құры­лым­ды таң­да­уға, өзінің судья­ла­рын, облы­стық және қала­лық әкім­дерін, аудан бас­шы­ла­ры мен муни­ци­пал­дық орган­дар­ды сай­ла­у­ға даяр. Тек сон­дай сай­лау ғана аза­мат­тарға билік­тің бар­лық дең­гей­лерін­де өкіл­дік етуіне кепіл­дік бере алады.

Біз әсіре­се аз ұлт­тар­дың құқы­қта­ры­на мұқи­ят болуы­мыз керек. Ассам­бле­я­ның оқы­ты­лған мүше­лері тура­лы ұмы­ту­дың уақы­ты кел­ді. Қаза­қстан­дағы басқа ұлт­тар­дың аза­мат­та­ры пар­ла­мент­те, облы­стар мен қала­лар­дың мәс­ли­хат­та­рын­да тіке­лей өкіл­дік ету­ге, өздерінің бас­шы­ла­рын аумақ бас­шы­ла­ры, судья­лар және т.б. ретін­де тағай­ын­да­уға және сай­ла­у­ға құқы­лы. Сон­да біз аз ұлт­тар болып табы­ла­тын елдер­де­гі бауыр­ла­ста­ры­мы­зға бір­дей қарым-қаты­нас жасай ала­мыз. Ақор­да мен Кіта­п­ха­на­ның осы мәсе­ле­лер­ге деген қорқақты­ғы мен немқұрай­лы­ғы таң қалдырады.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өзінің тарихы мен мұра­гер­лерін уақы­ты кел­ген­де Қ.-Ж. Тоқа­ев қорғай ала­ды деген­ге сен­бей­ді. Сон­ды­қтан ол Ақор­да­ның күші есебі­нен Кіта­п­ха­на­дағы өзіне адал деп санай­тын адам­да­ры­на қосым­ша өкілет­тік­тер тара­та баста­ды. Тағай­ын­далған адам­да­ры­на «лай­ы­қты қарт­тық», тіп­ті «жарқын мәң­гілік­ті» қам­та­ма­сыз ету­ге уәде беруі де мүм­кін, алай­да солар­дың өздері де Назар­ба­ев үшін үлкен мәсе­ле болып табы­ла­ды. Олар­дың билік басын­да қала­ты­ны­на кім кепіл? Мұн­дай қара­ма-қай­шы­лы­қты жай ғана шешу­ге бола­ды: біз Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа өмір бой­ы­на бостан­дық пен қауіп­сіздік кепіл­дік­терін беру тура­лы халы­ққа үндеу жаса­уға дай­ын­быз. Ол – тек билік­ті өз еркі­мен қал­дыр­сын және бар­лық туы­ста­рын өзі­мен бір­ге алып кетсін.

Бұл кепіл­дік­тер рефе­рен­дум­да жаңа Кон­сти­ту­ци­я­ның жоба­сы­мен бір­ге қабыл­да­нуы мүм­кін. Бұры­нғы пре­зи­дент Қ.-Ж. Тоқа­ев­тың бер­ген сөзіне сүй­ен­бе­се де бола­ды. Енде­ше қазір­гі пре­зи­дент «Кіта­п­ха­на­дан» жететін бас көтерт­кіз­бей­тін бұй­рық пен орын­сыз «қамқор­лы­қтан» құты­ла ала­ды. «Кіта­п­ха­на» сөзінің өзі Қаза­қстан­да күмән­ді және келеңсіз мағы­наға ие бол­ды. Шын­ды­ғын­да, біз­ге кіта­п­ха­на­лар керек, бірақ сөре­лер­де тек бір автор­дың кітап­та­ры бар кіта­п­ха­на­лар қажет емес. Тіп­ті Алек­сандр Дюма да ондай том­дар жаз­баған! Енді қалған жыл­да­ры Н.Назарбаев ең маңы­зды кіта­бын жазуға бел бууы керек – яғни билік­те болған соңғы жиыр­ма жылын­дағы шынайы естелік­терін жазуы керек. Мұн­дай кітап бір­не­ше мил­ли­ард құны бар келісім­дер­дің, сая­си қастан­ды­қтар­дың, банк­те­гі апат­тар­дың және қор­лар­дың ұрла­нуы тура­лы, жемқор батыс сая­сат­кер­лерінің құпи­я­ла­рын ашса, нағыз бест­сел­лер­ге айналады …

Егер пре­зи­дент Тоқа­ев осы сай­ла­уды мерзі­мі­нен бұрын жари­я­лап, елді алаң­датқан күй­ре­у­ге жет­кіз­бей, жаңа билік­ті халы­ққа қай­та­ра­тын Кон­сти­ту­ци­я­ны талқы­ла­у­ға және қабыл­да­уға шақы­рып, сол іске баста­ма­шы бол­са ғана, қай­та сай­ла­ну мүм­кін­ді­гіне ие бола ала­ды. Бұл оның әлі де бол­са әлсіз сая­си ман­са­бы­ның тама­ша нәти­же­сі болар еді! Қаза­қстан сон­да бір ада­мға арналған мем­ле­кет бола алмай­ды. Бола­шақта билік­ті кез кел­ген пре­зи­дент басып ала алмай­тын­ды­ғы­на бір­ден-бір кепіл – бұл ПАРЛАМЕНТТІК РЕСПУБЛИКА!

Біз Аста­на мен Қас­ке­леңнің пар­ла­мен­тін емес, кең бай­тақ Қазақ елінің сол­түсті­гі мен оңтүсті­гі, шығы­сы мен баты­сы аты­нан бар­лық аймақ өкіл­дері қаты­са­тын пар­ла­мент құра­мыз. Елі­міздің түк­пір-түк­пірі­нен кел­ген адам­дар­дың мәсе­ле­лері тіке­лей ұсы­ны­лып, ескерілуі үшін, кей­бір тари­хи аймақтар­ды қал­пы­на кел­ті­ру мәсе­лесі бекітіледі. Сая­си қай­та құру­лар көп­жыл­дық эко­но­ми­ка­лық мәсе­ле­лер­дің шеші­мін табуға көмек­те­седі. Ең алды­мен – кедей­лік. Бұл бар­лық жер­де сезіледі.

Тіп­ті тұр­мысы жақ­сы, бай-қуат­ты адам­дар­дың өмір сүру сапа­сы да төмен­деді. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың жоға­ры лау­а­зым­ды шене­уник­тері мен серік­те­стері жыл­дан-жылға бай­ып, өмір сүре береді. Осы бай­лы­қты қай­та бөлу жаңа пар­ла­мент­тің, пре­зи­дент­тің және үкі­мет­тің басты мақ­сат­та­ры болып табылады.

Мұн­да үлкен пер­спек­ти­ва­лар ашы­лу­да. «Forbes» жур­на­лы Б.Өтемұратовтың капи­та­лын 2,5 мил­ли­ард дол­лар деп сана­ды, бірақ кенет­тен Ұлы­бри­та­ния соты оның 5 мил­ли­ард дол­лар актив­терін қамауға алды! Бұл бар­лық қаза­қстан­ды­қтар үшін жағым­ды және тосын­сый бол­ды деп айтуға болады.

Б.Өтемұратовтың ұсы­ны­сы мен дел­дал­ды­ғы­ның арқа­сын­да «Қаз­цинк» Швей­ца­ри­я­ның «Глен­кор» кон­цер­нінің қолы­на өтті. Швей­ца­ри­ядағы сот құжат­та­ры­нан «Глен­кор» Б.Өтемұратовқа жасы­рын түр­де 300 мил­ли­он дол­лар төле­гені бел­гілі болып қал­ды. Өте­мұра­тов жалғыз ғана «жолы болғыш» аза­мат емес. Тимур Құлы­ба­ев­тың бай­лы­ғы сол «Форб­стың» есеп­теріне сәй­кес 2,8 мил­ли­ард дол­лар емес, керісін­ше, ондаған мил­ли­ард­ты құрай­ды. Осы мил­ли­ард­тар­ды шетел­де «мұз­дат­пау» үшін, әле­умет­тік жағ­дайы төмен, көп­ба­ла­лы отба­сы­ларға, ден­са­улы­ғы бол­май, қина­лып жүр­ген жер­ле­стері­міздің қолы­на жет­кі­зу үшін, елге қай­та­руы­мыз керек.

Кедей­лік­пен күре­су әрбір Қаза­қстан аза­ма­ты үшін «Тұрақты кепіл­ден­діріл­ген табыс тура­лы заң» қабыл­да­удан баста­ла­ды. Әрбір қаза­қстан­ды­ққа ай сай­ын 200–300 дол­лар төле­неді. Н.Назарбаевтың бала­ла­ры, күй­еу бала­ла­ры, неме­ре­лері мен жиен­дері, оның көмек­шілері мен жақын серік­те­стері ұрла­уды тоқта­тып, ақша­ны елге қай­та­рып бер­се, біздің халық ондай табысқа қол жет­кі­зе ала­ды. Егер Қ.-Ж. Тоқа­ев ұрланған капи­тал­ды қай­та­ру­ды ұйым­да­сты­руға батыл­дық біл­дір­ме­се, бұл мін­дет халық ара­сы­нан шыққан пар­ла­мент үміт­кер­лерінің бағ­дар­ла­ма­сы­нан табылады.

Абай­лаңы­здар! Сіз­дер «халы­қтық IPO» деп ата­ла­тын шара­лар­ды ұйым­да­сты­руға және оған қаты­суға бол­май­ты­нын білу­леріңіз қажет. Бұл кезек­ті алдау және мем­ле­кет­тік мен­шік­ті талан-тара­жға салу­дың өткен шақта қалған әре­кеті. Біз әр қаза­қстан­ды­қты ұлт­тық бай­лы­қтағы өз үлесі­мен қам­та­ма­сыз етуі­міз керек. Бұл үшін басқа әділ және дәлел­ден­ген әдіс бар – оны бар­лық зей­не­тақы қор­ла­ры арқы­лы Қазақ елінің әрбір аза­ма­ты­на жет­кі­зу. Нор­ве­ги­я­ның әлем­де­гі ең үлкен ұлт­тық әл-ауқат қоры (1 трлн дол­лар­дан астам) біз үшін үлгі бола ала­ды. Ол 1990 жылы мұнай­ды сату кірістері­нен құрыл­ды және бар­лық жыл­дар­дағы орта­ша кіріс 6,1%-ды құрай­ды. 2020 жыл­дың басы­на қарай қор­дың қара­жа­ты есебі­нен әрбір нор­ве­ги­я­лы­қтың жеке есеп­шо­ты­на 190 мың АҚШ дол­ла­ры түсті. Қаза­қстан­ның Ұлт­тық қоры­на да сон­дай әдісті қол­да­ну керек еді. Бірақ ол қара­жат қайда?

Қазір­гі Қаза­қстан­ның және оның мем­ле­кет­тік инсти­тут­та­ры­ның тарихын­да көз­ге түсер екі қара дақ бар: «Самұрық-Қазы­на» ұлт­тық әл-ауқат қоры­ның пай­да болуы мен басқа­ру тарихы және өзі «сиқыр­лы», тарихы жұм­бақ «Қаза­қстан­ның бірін­ші пре­зи­ден­тінің қоры». Біздің құпия қор­ла­ры­мы­здың есеп-шот­та­рын­да қан­ша ақша бар, олар қай­да жұм­са­ла­ды және оның халы­ққа қан­дай пай­да әке­летіні тура­лы біз­де ең бол­маған­да ақпа­рат бар ма? Мұн­дай ақпа­рат жоқ.

Бірақ біз Син­га­пур­дағы, Гон­конг­тағы, Бірік­кен Араб Әмір­лік­терін­де­гі және басқа елдер­де­гі банк­тік шот­тар­да қан­дай қара­жат бар екенін біле­міз. Олар­ды басқа­ру тек бір адам­ның қолын­да, ол – Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев. Жақын ара­да біз бұл қара­жат­ты толы­ғы­мен мем­ле­кет мен­ші­гіне алуға және оны жаңа пар­ла­мент депу­тат­та­ры комис­си­я­сы мен өкіл­дер жина­лы­сын­да сай­ланған аза­мат­тық қоғам сарап­шы­ла­ры­ның бақы­ла­у­ы­мен елге ауда­руға қол жет­кі­зе­міз. Бүкіл ел осы комис­си­я­ның әрбір мүше­сінің атын білуі керек, сол арқы­лы ұлт­тың мен­ші­гі қалай басқа­ры­ла­ты­ны тура­лы білу­ге де, сұра­уға да болады.

Бірақ бұл нағыз пар­ла­мент­ті таң­даған­да ғана бола­ды. Біз коа­ли­ци­яға бірі­гуі­міз керек және кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­уда жеңіс­ке жету­ге күш салуы­мыз керек. Сай­ла­уда жеңіс­ке жету арқы­лы біз қажет­ті қай­та өзгерістер­ді жасаған­да ғана кедей­лік­ті жеңе ала­мыз. Кезек­тен тыс пре­зи­дент­тік сай­ла­у­ға бүгін­гі күн­нен бастап дай­ын­да­лу керек. Ал халы­қты сай­ла­у­ға бой­кот жари­я­ла­у­ға шақы­рған кез кел­ген адам­ды «халқы­мы­здың бола­шағы­ның жауы» деп ата­уға тура келеді. БОЙКОТҚА ЖОЛ ЖОҚ!

Біз тарихы­мы­здың сабақта­рын есте сақта­уы­мыз керек. Елдің өсіп келе жатқан тағы бір көш­бас­шы­сы Ринат Зай­ы­тов бір жыл бұрын бұл тура­лы: «Біздің ұлы ханы­мыз Кене­са­ры нелік­тен жеңіліс­ке ұшы­ра­ды? Сырым Датұ­лы пен Махам­бет Өте­місұ­лы оның жанын­да бол­маған­ды­қтан! Біздің ата-баба­ла­ры­мыз Әли­хан Бөкей­хан мен Мұста­фа Шоқай­дың бірі­ге алмай, қалай кет­кенін еске түсіріңіз: бірі – айда­уда, ал екін­шісі боль­ше­вик­тер­дің зын­да­нын­да болған.

Так­ти­ка­лық тұрғы­дан біз­ге дауыс беру мен дауы­стар­ды сана­уды қалай бақы­лау керекті­гін келісіп, халы­қтан шыққан екі үміт­кер тура­лы шешім қабыл­дап, билік тара­пы­нан ұсы­ны­ла­тын кан­ди­датқа қар­сы еке­уін де дай­ын­дау керек. Қажет бол­са, сіз өз таң­да­уы­ңы­зды қорға­уға мәж­бүр болуға неге дай­ын бол­масқа? Ол үшін әр облыс орта­лы­ғын­да сай­ла­у­ға дей­ін бес мың шақты бел­сен­ділер мен үгіт­шілер болуы керек, ал Аста­на мен Алма­ты­да – кем деген­де 20 және 50 мың. Сай­ла­уды бұзуға неме­се біздің таң­дау құқы­ғы­мы­зды шек­те­у­ге бағыт­талған кез кел­ген әре­кет­ке жау­ап ретін­де біз адам­дар­ды алаңға бей­біт түр­де шыға­ра алуы­мыз керек, біздің келіс­пе­ушілі­гі­мізді қай­сар­лы­қ­пен көр­се­туі­міз керек. Біз көр­шілері­міз сияқты жап­пай, әрі батыл әре­кет ету­ге дай­ын болуы­мыз керек!

Мен қаси­ет­ті Қазақ елінің бар­лық мүд­делі аза­мат­та­рын осы мәсе­ле шең­берін­де ой-пікір­леріңізді ортаға салуға және олар­ды шешу талқы­сы­на қосы­луға шақы­ра­мын. Бізді кере­мет өзгерістер күтіп тұр, ол өзгерістер үлкен күшті қажет ете­ді. Біз бірі­гіп қана мәсе­ле­лер­ді шеше аламыз!

  •  

Бұл екі арада

Қарағанды облысында ЖЕР ДАУЫ ШЫҚТЫ

  • Қараған­ды облы­сын­дағы Жезқазған ауы­лы мен тағы бір­не­ше кент­тің тұрғын­да­ры өздері тұрып жатқан елді мекен­нің жерін «Қаза­қ­мыс» кор­по­ра­ци­я­сы­ның мыс өндіруіне бер­гісі кел­мей, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­евқа жазған хаты­на жау­ап алды. Бірақ хатқа жау­ап­ты Ақор­да емес, жер­гілік­ті әкім­дік жіберген.

Қараған­ды облы­сын­дағы бір­не­ше ауыл­дың жерін «мем­ле­кет қажетіне» алу тура­лы сот шеші­мі шыққан. Бұған кей­бір тұрғын­дар келіс­пей, Тоқа­ев­тан ара­ша сұраған. Жазған хат­та­ры­на алған жау­а­пқа тұрғын­дар­дың көңілі тол­май­ды. Олар пре­зи­дент­тен реак­ция күт­кенін, бірақ жер­гілік­ті шене­унік­тер­ден әдет­те­гі­дей жау­ап алға­нын айтады.

Тұрғын­дар пре­зи­дент­ке жазған хат­та­рын­да «жеке ком­па­ни­я­ның мүд­десі үшін тұрып жатқан жер­лері­нен өздерін көшіріп жатқа­нын», «мыс өнді­ру жос­па­рын құрған­да, Жезқазған ауы­лын­дағы авто­жол, ком­му­ни­ка­ция, мола­лар­дың бары ескеріл­ме­генін» жазған. Ал Сәт­ба­ев қала­сы әкім­ді­гінің жау­а­бын­да «Тоқа­ев пен Қараған­ды облы­сы әкі­міне жазы­лған хат­ты жер­гілік­ті атқа­ру­шы орган қарас­ты­рға­ны» жазылған.

Ескер­те кет­сек, Жезқазған, Кре­стов­ский, Весо­вая, Пере­вал­ка және Гео­ло­го­раз­ве­доч­ный (ГРП) ауыл­да­ры­ның жер­лері «мем­ле­кет қажет­тілі­гіне» алы­на­ды деген шешім шыққан. Қазір бұл ауыл­дар­да жүз­ге тар­та отба­сы қал­ды. Әкім­дік­тің есебін­ше, үш мың­дай отба­сы жер­лерін «мем­ле­кет мүд­десіне» беруі тиіс.

Источ­ник: datnews.info

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще