Қазақ театрлары өткен ғасырда қалып қойды

Бел­гілі режис­сер Болат Ата­ба­ев біздің театр­лар тура­лы ой қозғай­ды. Ата­ба­ев­тың сөзіне қараған­да, бүгін­гі қазақ театр­ла­ры эсте­ти­ка, таным, ком­му­ни­ка­ция, шын­ды­қты табу деген нәр­се­лер­ден бей­ха­бар. Пікірін режис­сер Фейс­бук­тағы парақ­ша­сын­да жариялапты.

Автор: Болат АТАБАЕВ

“Қазір есім­де жоқ, әйте­уір бір басы­лым­ның сұрақта­ры­на бер­ген жауабым

1. Қаза­қстан театр­ла­ры­ның ХХI-ші ғасыр­дағы қыз­меті /функциясы/ қандай?

Өкініш­ке қарай, қазақ театр­ла­ры әлі күн­ге дей­ін өнер­дің бір-ақ функ­ци­я­сын орын­дап келеді ‑тәр­би­елік функ­ци­я­сын. Оның өзін ашы­қтан ашық, сау­сағы­мы­з­бен көз­ге шұқып тұрып мораль оқи­мыз, ақыл айта­мыз. Қалған функцияларынан/эстетикалық, таным­дық, ком­му­ни­ка­тив­тік, эвристикалық(шындықты табу)/ біз бей­ха­бар­мыз. Көр­ген-біл­гені­міздің аясы­нан тыс бір дүние көр­сек, оды­райп «мына­уы несі тағы да?» дей­міз. Бүгін­гі театр­дың ең басты қыз­меті — қоғам­ның иммун­дық жүй­есін бекіту, әле­умет­тік орта­ны өз қатесін өзі көретін, өзін-өзі емдей­тін , түзе­тетін жағ­дай­ға жет­кі­зу. Үкі­мет­тен не үміт, не қай­ыр? «Өз күн­деріңді өздерің көрің­дер!» деді ғой пре­зи­дент кезін­де. Қысқа­ша айтқан­да, театр­дың мақ­са­ты: Ішкен-жеген­ге, киген­ге, күй­дім-сүй­дім­ге мәз болып жүру­ден де басқа биік мұрат­тар бар екенін еске салу.

2. Қазақ театр­ла­ры­на тән ең басты кем­шілік қандай?

Қазақ театр­ла­ры әде­би­ет­ке тәу­ел­ді. Ең басты кем­шілік осы.Мысалы, қымыз тостағанға тәу­ел­ді емес қой. Тостаған­сыз да ол қымыз. Сол сияқты театр да өнер­дің дер­бес түрі. Ал әде­би­ет бол­са мәде­ни­ет­тің жеке дара бір көрінісі. Дра­ма, мыса­лы, театр­сыз да өмір сүреді. Театр о баста әде­би­ет­ке тәу­ел­ді бол­маған. 1914 жылы Ресей­дің атақты театр сын­шы­сы Юлий Айхен­вальд­тың «Отри­ца­ние теат­ра» деген мақа­ла­сы шығып, әде­би­ет театр­ды өз табиға­ты­нан айыр­ды, бұлай кете бер­се «театр ста­нет лож­ным и неза­кон­ным видом искус­ства» деп үлкен дис­кус­сия туды­рған. Сол кез­де­гі В.И. Неми­ро­вич-Дан­чен­ко, Ф. Комис­сар­жев­ский, Вас. Сахнов­ский, А. Южин-Сум­ба­то­втар бұл кем­шілік­тен құты­лу­дың жол­да­рын ізде­стір­ген бола­тын. Біз әлі сол әсі­ре пафосқа салы­нып, жаз­ба тіл­дің аясы­нан шық­пай, жан­сыз спек­такль­дер­дің санын көбей­тіп жүрміз.

3. Сіз үшін өнер деген не?

Өнер деген мен үшін… қаза­қ­ша қалай айт­сам екен…імм… 
Орыс­ша айта беріңіз.

Орыс­ша айт­сам: искус­ство — это мое эсте­ти­че­ское отно­ше­ние к дей­стви­тель­но­сти. Мен өз шын­ды­ғым­ды уақыт­тың шын­ды­ғы­мен сәй­кест­і­ре оты­рып, қой­ы­лым­ның шын­ды­ғын табуға тыры­са­мын. Өмір­ді сол қал­пын­да қай­та­лау мен үшін өнер емес. Мыса­лы, көп сери­ал­дар­дан біре­удің есі­гінің тесі­гі­нен сыға­лаған­дай әсер­де қала­сың. Басын­да мен де, «тура өмір­де­гі­дей екен» деген­ге мәз бола­ты­н­мын. Пье­са­дағы оқиға режис­сер­дың «рацио мен эмо­цио» еле­гі­нен өтіп, артист арқы­лы шығар­ма­шы­лық пошы­мға түседі. Орыс­ша айтқан­да, твор­че­ство — это «изоб­ре­та­тель­ность + изощ­рен­ность + извра­щен­ность»! «Извра­щен­ность» деген­ді түсін­ді­ре кетей­ін, сахнаға лай­ы­қты деген ойдың ішек ‑қар­нын айнал­ды­рып, көз­ден тыс жатқан без­дер­дің тарихын көрсету.

4. Қазақ театр­ла­ры Ста­ни­слав­ский­дің шек­пе­ні­нен шыға алмай жүр, бір-біріне ұқсас дегеніңізді оқып қалдық…

Ста­ни­слав­ский ата­мыз айта­рын айтып, жаза­рын жазып кет­ті. Мәсе­ле ол кісі­де емес, мәсе­ле біз­де, біздің түсіні­гі­міз­де. Ста­ни­слав­ский сахна­да шынай­ы­лы­қты­қты /органиканы/ ізде­ген адам, артист­ке «сөз айту қажет­тілі­гі тумай аузы­ң­ды ашпа» деп кәсі­би­лік­тің шар­тын бел­гілеп бер­ген ұстаз. Сол талап­ты орын­дап жүр­ген арти­стер­дің саны неге аз? Жалған пафос пен пате­ти­ка­дан қашан құты­ла­мыз? Сон­ды­қтан ғой Ста­ни­слав­ский­дің «верю!», «не верю!» дегені қанат­ты сөз­дер­ге айнал­ды. Ста­ни­слав­ский­дің әдісте­месі совет зама­ны­ның ресми театр өнерін­де­гі док­три­на­сы­на айнал­ды. Өз бетін­ше өнер­дің жаңа жол­мен жүр­ген Вс. Мей­ер­хольд, Е.Вахтангов, А.Таиров және тағы басқа­ла­ры «бур­жу­а­зи­я­лық фор­ма­лизм» мен «кос­мо­по­ли­тиз­мнің құл­да­ры» ретін­де жаза­лан­ды және театр­ла­ры­нан шет­тетіл­ді. « Күн көріс үшін, бала-шаға­ның қамы үшін» деп бір ізбен жүру, бір жақты ойлау, ойдағы­ны бүгіп қалу, той­дағы көл- көсір лепір­ме сөз­дер­ді күн­делік­ті тір­лік­ке айнал­ды­ру әдет бол­ды. Өмір­де­гі ұқса­сты­ғы­мыз солай сахнаға көшті. Сон­ды­қтан ойым­ды ашық айта­мын! Не көрем соны жырлаймын!

5. Сіз­ге ештеңе ұна­май­ды, үне­мі сын айта­сыз да жүресіз деп айта­ды осы жұрт.

Рас шығар. Сон­да маған «Хабар», «Қаза­қстан» теле­ар­на­ла­ры сиқты бол дей­сің бе? Әде­мі сәт­тер де кез­де­седі, көре білем. Мағжаншалап:

Жүре­гім, мен зар­лы­мын жара­лы­ға,
Сұм өмір абақты ғой сана­лы­ға,
Қызыл тіл, қолым емес, кісен­де­улі,
Сон­ды­қтан жаным күй­іп жана­ды да… деймін!

Ішкен-жеген­ге, киген­ге тоқ­мей­іл­сіп жүре бер­сек не бола­ды мына өмір?! Марқұм Асқар Тоқ­па­нов айта­тын: «Бұл өмір­дің жағым­ды кей­іп­кер­лерін адам­дар өз-ара тала­сып бөліп алған, біз­ге тек жағым­сыз кей­іп­кер­лер­дің рөл­дері қал­ды». Біліп айт­ты! Кей­ін, абай­ша­лап «Көр­дік қой өмір деген иттің көтін» деп сан­ды соқ­пай­мын десең, басқа­ның басын­дағы сүр ойды сәл ерте­рек жария етіп жібер. Қалай ойлай­сың, билік­тің былы­ғын көру бар да, сол былы­қтың көкесінің атын атап, жүй­елі түр­де сынау бар. Сол сын­шы­лар­дың саны неге аз? Жау­ап берші.

Өзіңіз айты­ңыз­шы жау­а­бын. 
Ол үшін де көт керек!
Ой, ағай… Рахмет!”.

ОТ РЕДАКЦИИ: Извест­ный теат­раль­ный режис­сер Болат Ата­ба­ев кри­ти­че­ски отно­сит­ся к тра­ди­ци­он­ным казах­ским драм­те­ат­рам. По его мне­нию, наши теат­ры застря­ли в про­шлом веке и не выпол­ня­ют сво­их основ­ных функ­ций: позна­ва­тель­ную, эсте­ти­че­скую, коммуникативную.

Ори­ги­нал статьи: 

Қазақ театр­ла­ры өткен ғасыр­да қалып қойды

Статьи по теме

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще

Ба! Знакомые все лица