Шетелден ұят болды!

Қаза­қстан­да заң жоба­сы­ның бар­лы­ғы ресми тіл­де жазы­ла­ды да, соңын­да мем­ле­кет­тік тіл­ге ауда­ры­ла­ды. Өз алды­мы­зға еге­мен ел атанға­ны­мы­зға 22 жыл тол­са да жағ­дай осы. Қаза­қтар­дың мұн­дай дәр­мен­сізді­гіне бер­тін­ге дей­ін күліп кел­ген өзге мем­ле­кет­тер енді күй­і­нетін жағ­дай­ға жетті.

Автор: Бей­сен­бай ДӘУЛЕТҰЛЫ

Өйт­кені өзі­міз­де­гісін айт­паған­ның өзін­де Пар­ла­мент­тің қабыл­да­уы­мен Пре­зи­дент қол қоя­тын неме­се үкі­ме­та­ра­лық дең­гей­де келісіл­ген халы­қа­ра­лық шар­ттар мен кон­вен­ци­я­лар­дың қазақ тілін­де­гі аудар­ма­сы­нан кей­ін­нен масқа­ра қате­лер табы­ла­ды екен. Содан соң амал­сыздан Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі мәмі­ле жасасқан мем­ле­кет­ке нота­лар жөнел­тіп, әлгін­дей құжат­тар­дың түп­нұсқа­сын қай­та­ру­ды сұрап, ұятқа қалып жүр.

Әйт­се де, Әсет Исе­ке­шев басқа­ра­тын Инду­стрия және жаңа тех­но­ло­ги­я­лар мини­стр­лі­гі ешкім­ді әуре­ге сал­май­ын деді ме, өткен жылы Испа­ни­я­мен жасасқан кон­вен­ци­я­ны орыс және испан тілін­де дай­ын­дап қол қой­ды­рған да, қаза­қ­ша­сы­ның заң­ды күші жоқты­ғын ескер­тіп жай аудар­ма­сы ретін­де жаны­на қоса салған. Ал ең ірі ведом­ство Ауыл шару­а­шы­лы­ғы мини­стр­лі­гін­де­гі заң жоба­ла­рын, Елба­сы қол қоюы­на ұсы­ны­ла­тын қаулы­лар мен жар­лы­қтар­ды жалғыз аудар­ма­шы ауда­рып отыр. 

Әділет вице-мини­стрі З.Баймол­дина жүр­гіз­ген «Құқы­қтық нормалар­дың орыс және қазақ тілін­де­гі мә­тінде­рінің тең түп­нұсқа­лы­ғын қам­та­ма­сыз етудің мәсе­ле­леріне» арналған дөң­гелек үстел­де күй­ін­ген­дер көп бол­ды. Енде­ше, 2012 жылы Пар­ла­мент қазақ тілін­де­гі аудар­ма­сын­да орыс­ша­сы­мен салы­сты­рған­да, бір­кел­кі түп­нұсқа­ның сақтал­мауы­на бай­ла­ны­сты 46 заң жоба­сын қай­та ғылы­ми лингвис­тикалық сарап­та­ма үшін кері қай­тар­са, ағым­дағы жыл­дың үш айы­ның өзін­де мұн­дай жайт 8 рет қай­та­ланған. Мә­селенің тым күр­де­леніп бара жат­қан­дығы алаң­дат­са керек, өткен жыл­дың аяғын­да Пре­зи­дент әкім­шілі­гінің кең­се бас­шы­сы М.Қасымбеков ми­нистр­лік пен Үкі­мет­те­гі құжат­тар­ды дай­ын­дай­тын құры­лым­дар­дың же­тек­шілерін жинап, арнайы кеңес өткізіп, мем­ле­кет­тік тіл­ге маңыз берілуін ескерт­кен. Сапа­сы сын көтер­мей­тін жоба­ларды оқу­дан мезі болған депу­таттардың дем­біл-дем­біл даб­ыл кө­теруінің сеп­ті­гі ме, әйте­уір ақпан айын­да Әділет мини­стр­лі­гінің алқа мәжілісін­де Пре­мьер-министр С. Ахме­тов те кем­шілік­ті түзе­ту жөнін­де тағы да тап­сыр­ма беріп­ті. Енді құзы­ретті кең­се­лер мен құдірет­ті бас­шы­лардың тап­сыр­ма­сы қан­ша­лы­қты жүзе­ге аса­ды? Өкіні­штісі, қазір­гі бей­ғамдығымызға қараған­да әлі де біраз шетел­ді «күл­діретін» сияқтымыз.

Пар­ла­мент депу­та­ты Ораз­күл Асан­ғазықызына рақ­мет, өзі құра­мы­на ен­ген ко­митетінің қара­уы­на бұл сала жатпа­са да басқо­суға арнайы келіп, салған жер­ден кедер­гі мен келеңсіздік­тер­ді тіліп айт­ты. Мұның бірін­ші кем­шілі­гі әрбір ми­нистрлік заң­ды халы­қтың емес, өздері­нің ыңғай­ы­на қарай пай­да­лы етіп жазып ала­ды. Екін­ші­ден, құжат тұта­стай ресми тіл­де дай­ын­да­ла­ды да, асы­ғыс-үсі­гіс қазақ тіліне ауда­ра сала­ды. — Айты­ңыз­даршы, аудар­ма­шы­ның дең­гей­ін­де­гі заң жоба­сын қабыл­дап, оны­мен мем­лекет­тік істі жүр­гі­зу мүм­кін бе?! Елба­сы Н.На­зар­баевтың мини­стр­лік­тер­ді мем­лекеттік тіл­ге көші­ру жөнін­де­гі Жар­лы­ғын мини­стр­лер аудар­ма­шы­лар арқы­лы шешіп таста­ды. Шын­ды­ғын­да, бұл қа­зақ тілін­де іс жүр­гі­зе ала­тын мамандар­ды жұмысқа алу­мен шешілуі керек емес пе? Арнайы зерт­те­дім, ең аз мини­стр­лік­те 92 пай­ыз, ең көбін­де 98 пай­ыз қазақ­тар қыз­мет атқа­ра­ды. Заң жоба­сын аудару­мен алы­сқа бар­май­мыз, күл­кі­ге қалға­ны­мыз қалған.

Заң қазақ тілін­де жа­зылғанда ғана оқы­лым­ды­лы­ғы мен орын­да­луы­на сын кел­мей­ді. Ол үшін мини­стр­лік­те­гі маман­дар­дың жет­піс пай­ы­зы ана тілін­де сөй­леп, тиісті құжат­ты жазуы керек. Мұн­дай талап­пен өз­гелер кетіп қала­ды деп қина­лу­дың қажеті жоқ. Зерт­теу бары­сын­да бай­қа­ғаным, бо­саған бір оры­нға отыз үміт­кер қа­ты­сады, оның 15‑і тестен құлаған­ның өзін­де қалған 13‑і қазақ тілін­де еркін сөй­леп, жаза ала­ды, еке­уі орыс­ша. Біздің ми­нистр­лер тура әлгі екі оры­стіл­діні ала­тынын қай­тер­сіз — деп, ашын­ды Ораз­күл Асанға­зы­қы­зы. Халық қалау­лысының ойын­ша, әрбір министрлік­тің өздеріне қажет­ті заң жазып алуын тоқ­та­ту керек.

Ол үшін Пре­зи­дент­ке неме­се тіке­лей Үкі­мет­ке бағы­на­тын заң жоба­сын да­йын­дайтын меке­ме құры­лып, негізі­нен, үш талап­пен маман­дар ірік­тегені жөн. Қабыл­да­на­тын­дар­дың 70 пай­ы­зы мем­лекеттік тіл­ді толық мең­ге­руі керек, 30 пай­ы­зы өмір­дің әр сала­сын­да жұмыс істеп тәжіри­бе жинақ­та­са, 30 пай­ы­зын үш неме­се төрт тіл­ді мең­гер­ген жастар­дан жинақтаға­ны дұрыс. Қазір Үкі­мет­те мем­ле­кет­тік тіл­де заң жазу­дың стан­дар­ты жоқ осы­ны рет­ке кел­тіріп, онда қолда­нылған сөз­дер­дің ортақ болуын реттей­тін линг­ви­сти­ка­лық орта­лық құрып, құ­зыретін күшей­ту керек. Бұл шетел­де қол­да­ны­ла­тын жүйе.

Сыр­тқы істер мини­стрінің орын­басары Қай­рат Сары­бай халықара­лық кон­вен­ци­я­лар­дың қазақ тілін­де­гі нұс­қасынан жиі-жиі қателік­тер­дің шығуы­­на бай­ла­ны­сты мем­ле­ке­та­ра­лық дең­гей­де қол қой­ы­лған заң­дар­ды нота жол­дап, қай­та алдыр­ту­дан әбден ұятқа қалатын­дықтарын ашы­на жет­кізді. Бір құжат тіп­тен бес рет өзгеріп, ұлт­тың намысын көте­ре­міз деп жүр­ген­де абыройсыздық­қа ұры­ну­да­мыз. Қараңыз­шы, Гер­ма­ни­яға, Түр­ки­яға неме­се АҚШ-қа Қазақстан­ның аты­нан «заң­ның мем­ле­кет­тік тіл­де­гі нұсқа­сын­да қателік­тің шығуы­на байла­нысты қай­та­руы­ңы­зды сұрай­мыз» де­гендей маз­мұн­дағы хат­ты үне­мі жібе­ру қазақ мем­ле­кетінің аты­на орас­ан сын кел­тір­мей ме? Заңы да, зама­ны да әбден ресми­лен­ген билік­те оны ойлап отыр­ғандар некен-саяқ секілді. 

- Өзі­мізді өтірік жұба­ту­ды қоя­тын мез­гіл жет­ті, қалып­тасқан мем­ле­кет­ке ай­налдық. Менің­ше, заң жоба­сы­ның маз­­мұнын тек­се­ретін мем­ле­кет­тік ко­мис­сия құры­лып, оның төраға­сын Пре­зидент бекіт­кені абзал. Кезін­де Ататү­рік арнайы агент­тік құрған, оның шешімде­рі Үкі­мет шешім­деріне қараған­да жоға­­-ры санал­ды. Мем­ле­кет­тік амбуд­смен қыз­метін ат­қаратындай етуі­міз керек. Ма­лайзияда да тіл­ге бай­ла­ны­сты осын­дай құры­лым жұмыс істей­ді. Ол меке­ме линг­вистикалық сарап­та­ма­дан өткі­зіп, бекіт­пей ешбір орган қол қой­май­ды, — дей­ді Қай­рат Сары­бай. Осы тұста әң­гімеге ара­ласқан Ораз­күл Асанға­зы­қызына «Сол Малай­зи­яңа біздің әр­бір Тіл коми­тетінің төраға­сы бюд­жет­тің есебі­нен он рет­тен барған шығар, бірақ қан­дай пай­да­лы тәжіри­бе әкел­генін ешкім біл­мей­ді және ешкім сұра­май­ды» деген ойын ешкім теріс­ке шыға­руға тыры­сқан жоқ.

Үкі­мет­тен жет­кен өкіл­дер­дің де сө­зінде жан бар. Алды­мен, заң жоба­сын әзір­леуге қаты­сты мерзім сақтал­май­ды. Мини­стр­лік наурыз айын­да жоба­ны Үкі­мет­ке, мамыр­да Пар­ла­мент­ке енгі­зу қажет бол­са, С.Ахметовтың кең­сесіне сол мамыр­дың өзін­де әрең жетіп, жа­уаптылар бір­не­ше күн­нен соң Мә­жіліс­ке жібе­руі­міз керек деп жан­та­ла­са­ды. Қалып­тасқан про­цес­ке сәй­кес заң­ның алды­мен ресми нұсқа­сы жазы­ла­ды да, сарап­шы­лар ары-бері ауда­ры­сты­рып, тиісті талап­тарға сәйкестендіреді.

Үкі­метке жол­да­уға бір күн қалған­да, ау­дармашыларға қазақ тіліне ауда­руға береді. Тағы да жар­ты­кеш басты­қтар «таң­ертеңге дей­ін дай­ын бол­сын» деген­ді қосып, маман­дар­ды түні бойы жұмыс істе­ту­ге мәж­бүр­лей­ді. Орыс­ша­сы екі ай, қаза­қ­ша­сы екі күн­де дай­ын­далған жоба­дан қан­дай маз­мұн күтесіз? Сірә, осын­дай жүй­есіздік­тен әбден шар­шаған аудар­ма­шы­лар бол­са керек, артқы орын­дыққа жай­ғасқан бір топ адам қол соғып, дуыл­даға­ны­на қараған­да көтеріл­ген мәсе­ле шындық.

Заң шыға­ру инсти­ту­ты­ның дирек­торы, про­фес­сор Асыл­бек Смағұлов­тың мәлім­де­уін­ше, елі­міз­де­гі қабылдан­ған заң­дар мен Пре­зи­дент­тің Жарлықтарын­да орыс тілін­де­гі бір сөз қазақ тілін­де төрт түр­лі етіп ауда­ры­лған. Оның бір себебі Тер­мин­ком оты­ры­сы­ның жылы­на бір-ақ рет оты­рыс өткі­зетін мардым­сыз шала-жан­сар тір­лі­гі мен қабыл­даған сөз­дер­дің Үкі­мет қаулы­сы­мен бекі­тіл­мегендіктен заң­ды күші жоқты­ғы­мен бай­ла­ны­сты. Сон­дай-ақ Пар­ла­мент­тен сапа­сыз аудар­ма­сы­на орай кері қайта­рылған құжат­ты әзір­ле­ген министр­ліктердің ғылы­ми линг­ви­сти­ка­лық са­раптама жасат­пай-ақ Мәжілістің пар­тасына тастай сала­тын­ды­ғы анық­талған. Қозғалған өзек­ті мәсе­ленің әбден шыңы­на жет­кен­ді­гі көрініп тұр, оның шешу жол­да­ры да жан-жақты айтылды.

ОТ РЕДАКЦИИ: За 3 меся­ца теку­ще­го года, пар­ла­мент вер­нул на линг­ви­сти­че­скую экс­пер­ти­зу 8 зако­но­про­ек­тов, из-за несо­от­вет­ствия вари­ан­тов на рус­ском и казах­ском язы­ках, в про­шлом году 46 доку­мен­тов было отправ­ле­но на про­вер­ку. До сих пор в Казах­стане зако­ны пишут­ся на рус­ском язы­ке, затем толь­ко пере­во­дят­ся на госу­дар­ствен­ный. Часто из-за труд­но­стей пере­во­да воз­ни­ка­ют нештат­ные ситу­а­ции, к при­ме­ру, МИДу при­хо­дит­ся писать ноту и воз­вра­щать зако­ны на казах­ском язы­ке, по при­чине оши­бок в текстах.

Источ­ник: Ұлт пор­та­лы

Ори­ги­нал статьи: 

Шетел­ден ұят болды!

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще