«Халық биліктен күдерін үзген…»

 Аймақтағы халық көбін­де «үлкен сая­сат­тан» тыс қалып, өзі­мен өзі болып жата­ды. Алай­да оппо­зи­ция өткіз­гелі оты­рған рефе­рен­дум­ды қол­дап өнір­лер­ден Алма­ты­ға кел­ген жұрт аз болған жоқ. Солар­дың бірі Ақто­бе қала­сы­ның тұрғы­ны, қоғам бел­сен­дісі Нығ­мет­бай Ерма­ханды аймақтағы мәсе­ле­лер­ге және қара­пай­ым халы­қтың өміріне қаты­сты әнгі­ме­ге тар­тқан едік.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

 

- Нығ­мет­бай аға, сіз бір пар­тия неме­се қоғам­дық ұйым мүше­сісіз бе, бел­сен­ділі­гінз­ге қараған­да сон­дай ой келеді?

- Мен ешбір сая­си пар­ти­яға мүше емес­пін, ешқан­дай қоғам­дық ұйым­дар­дың өкілі де емес­пін, болғым да кел­мей­ді. Өзі­міздің Ақто­бе­де құқы­ғы тап­та­лып, әділет­тілік ізде­ген «Пана» деген ынта­лы топ­тың жетек­шісі­мін. Осы­дан бір­не­ше жыл бұрын қала­дағы авто­парк­тің бірін­де жұмыс жасағам, басқа да жұмыс­шы­лар­мен бір­ге біз жыл­дап толық жалақы­мы­здың ала алма­дық. Айлы­ғын сұраған­дар жұмыстан қуы­ла баста­ды. Содан сотқа шағым­дан­дық, ол әре­кеті­міз­ден ештене шық­па­ды, сот ары­зы­мы­зды қай­та­рап бер­ді. Біз зей­не­тақы қоры­на түс­кен қар­жы­ны тек­сер­сек, осы уақы­тқа дей­ін алмаған жалақы­мы­здың он пай­ы­зы ауда­ры­лға­нын біл­дік. Қар­жы поли­ци­я­сы­на жалақы алма­сақ та, зей­не­тақы қоры­на ақша ауда­ры­лға­ны жөнін­де шағым­дан­дық. Олар меке­менің есеп-қисап құжат­та­рын тек­се­реді. Құжат­тар­дың бәрін өткіздік, алай­да сот деген біз­де әділ­сіз екені бел­гілі ғой, істі тіп­ті қараған да жоқ. Біз бірақ ары қарай да бұл істі құда­лап жатыр­мыз, басқа да тиісті орын­дарға шағым­да­на­мыз, сотқа қай­та ары­здар түсіреміз.

- Сіздің пікіріңіз­ше, Ақтө­бе халқы оппо­зи­ция бастаған рефе­рен­дум­ды қол­дап отыр ма?

Мен тани­тын халы­қтың көбі қол­дай­ды деп ойла­мын, мін­дет­ті түр­де. Өйт­кені әкім­ді сай­лау керек, бар­лық билік әкім­дер­дің қолын­да болып тұр ғой қазір. Аудан әкі­мі­нен бастап бар­лы­ғын сай­лау керек, оларға қоса сот­ты да сай­лау керек деп ойлай­мын. Біз­де­гі сот­тар мұғалім қыз­метін атқа­рып жүр, судья арыз-шағым­ды қалай жазу керекті­гін үйре­ту­мен шек­те­леді. Про­ку­рор­лар қыл­мысты ашу­шы емес, жабу­шы деу­ге бола­ды. Халық сай­ла­маған сот тек билік­тің айтқа­ны­мен жұмыс жасап отыр, ешқан­дай да әділ­дік жоқ, кім­де ақша бар соның пай­да­сы­на шешіледі істер. Халық барар жер, басар тау тап­пай қал­ды қазір, кім­ге сенерін біл­мей қал­ды. Пре­зи­дент сай­лаған халық, депу­тат сай­лаған халық, неге әкім­ді сай­лай­ма­ды, бұл өзек­ті мәсе­ле. Жалғыз ауыл­дың әкі­мі емес, бар­лық ден­гей­де­гі әкім­дер­ді тіке­лей сай­лау керек. Сай­лау бірақ әділ, ашық өтуі тиіс, жаңа түр­де, соған әре­кет етуі­міз керек. Ойлап караңыз қай депу­тат, қай әкім­ге сенеді халық, бір ғана өзі­міздің Ақтө­бе­де облы­стық мас­ли­хат депу­та­ты жем­кор­лы­қ­пен сот­тал­ды. Ал пар­ла­мент депу­та­та­ры ақша­сын алып қашып кетіп жатыр. Сон­ды­қтан біз рефе­рен­дум алдын­дағы жина­лы­сқа әдейі кел­дік, қой­ы­лып оты­рған төрт сұрақтар­дың төр­те­уіне де біз қосыламыз.

- Өзіңіз кел­ген Ақтө­бе өнірін­де қан­дай про­бле­ма­лар бар, халы­қтың жағ­дайы қалай? 

Қазір біздің, яғни қара­пай­ым халы­қтың жағ­дайы өте нашар, халық ештене айта алмай­тын жағ­дай­ға жет­ті. Про­бле­ма­лар­дың бар­лы­ғын тізіп айтып оты­ру мүм­кін емес, олар өте көп. Мәсе­лен, жұмыс­сыздық. Қазір қаза­ққа үш жұмыс бар: так­сист, күзет­ші және құры­лы­ста бұл жұмыстың өзіне пара беріп кіресің. Сон­дағы, мыса­лы охран­ник­тің ала­ты­ны 30 мың тен­ге, егер айлы­ғын­ды көбейт­кің кел­се, тағы пара бересің. Ал пара бер­ме­сең, үнде­мей жүре беру керек әйт­пе­се жұмыстан шыға­рып жібе­реді, ұна­ма­са, кете бер дей­ді, бол­ды! Кезек­те жұмыс­сыз жүр­ген адам­дар толып жатыр.

- Сіз­дер­де мұнай ком­па­ни­я­ла­ры бар емес пе, онда жұмысқа туруға мүм­кін­дік жоқ па?

- Иә, мұнай және құры­лыс ком­па­ни­я­ла­ры аз емес, ең ірісі СNPС ком­па­ни­я­сы. Бірақ, олар­дың бар­лы­ғы қытай­ларға тиесілі екенін білесіз. Олар жұмыс­шы­ла­рын өздері­мен бір­ге алып келеді, маңы­на да жолат­пай­ды қазақты.

Бұл көп­тен бері бел­гілі мәсе­ле, неше түр­лі фор­маль­ды себеп­тер­мен жұмысқа алмай­ды тұрғы­лы­қты халы­қты. Кей­де білі­мің, тәже­ри­бең сәй­кес кел­мей­ді деп қай­та­рып жата­ды халы­қты. Есік­тің алдын сыпы­ру неме­се құры­лы­ста қоқыс шыға­ру үшін де «білі­мі жоға­ры» қытай­лы­қтар­ды әкеліп жатыр. Қап­таған сол қытай­дың істе­ген жұмысын қазақ істей алмай ма, сон­да? Мыса­лы менің өзім­нің жасым 40 тан асты, жұмыс­сыз жүр­гені­ме біраз бол­ды. Қытай­лар­даң аяқ алып жүре алмай­ты­ны­мыз рас, жыл­дан жылға олар­дың ком­па­ни­я­ла­ры, саны

көбе­ю­де. Біз­де осы сата­тын нәр­се қал­ды ма дей­мін ау осы? Келе­шек ұрпаққа не деп жау­ап бере­міз кім, қай­да, не үшін сат­ты елі­міздің бай­лы­ғын деп сұраса?

Ата баба­мыз ақ най­за­ның ұшы­мен, көк білек­тің күші­мен мына алып бер­ген жері­мізді біз­ге тап­сы­рып қал­ды­рып кет­кен, ал біз ұрпақта­ры­мы­зға не қал­ды­ра­мыз? Ертен Алла­ның алды­на барған­да біз бәрін сатып кет­тік деп тұра­мыз ба?

- Жер­ле­стеріңіздің билік­ке деген көзқа­ра­сы қандай?

- Халы­қтың билік­ке деген сені­мі қал­маған. Оппо­зи­ци­яға да сену­ден қал­ды, ешбір көме­гі мен пай­да­сы жоқ, оппо­зи­ци­я­ның сөзі де бос сөз. Бар­лық жиын­дар Алма­ты мен Аста­на­да өте­ді. Оппо­зи­ция өз жиын­да­рын, дөң­ге­лек үстел­дер әр аймақтар­да өткі­зу керек. Мәсе­лен, рефе­рен­дум­ге бай­ла­ны­сты жиын алдынд Ақтө­бе­де ешқан­дай жина­лыс болған жоқ. Был­ты­рғы жылы қыр­күй­ек­те облы­стық ЖСДП-ның фили­ал бас­шы­сы Мей­рам­бек Кама­ло­вқа арнайы жолы­қтым. Оған Аста­на­да болып, рефе­рен­дум жиы­ны­на қаты­сқа­ным­ды айт­тым. Соған адам­дар жина­уды айтып едім. М.Камалов «ол пар­ти­я­ның жұмысы емес» деп жау­ап бер­ген. Соған қара­ма­стан, өзім­ше біраз әре­кет еттім. Егер оппо­зи­ция халы­қ­пен бір­ге жұмыс істе­се, билік бұлай халы­қты қана­мас еді.

- Деген­мен, оппо­зи­ция ұйым­да­сты­рған рефе­рен­ду­мға кел­діңіз­дер ғой?

- Енді оппо­зи­ци­я­ның ішін­де­гі аза­мат­тар да бір­дей емес қой. Бір жағы­нан рефе­рен­дум өткі­зу тек оппо­зи­ци­я­ның ісі емес, бүкіл халы­қтың ісі деп санай­мын. Әр ауыл­да жиын өткізіп, әкім­дер­ді сай­лау жөнін­де ақпа­рат­тық-таным­дық жұмыстар үздіксіз жүр­гізілуі керек. Сон­да ғана халы­қтың бел­сен­ділі­гі арта­ды. Ал халы­қтың бел­сен­ділі­гі арт­са, бір­ге жұмы­лып жұмыс жаса­сақ көп нәр­се келеді қолы­мы­здан, бұған менің күмәнім жоқ.

Сұх­бат­тасқан Жан­на БИСАРОВА

ОТ РЕДАКЦИИ: Реги­о­наль­ный акти­вист Ныг­мет­бай Ерма­хан из Акто­бе не состо­ит ни в одной поли­ти­че­ской пар­тии или обще­ствен­ной орга­ни­за­ции, но актив­но участ­ву­ет в меро­при­я­ти­ях оппо­зи­ции. По его сло­вам, народ в реги­о­нах не верит ни вла­сти, ни оппозиции.

Ори­ги­нал статьи: 

«Халық билік­тен күдерін үзген…»

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще