Рұшылдыққа кім жол беріп отыр?

Бүгін Интер­нет­те бел­гілі ақын және қоғам қай­рат­кері Мұх­тар Шаха­но­втың қазақ қоға­мын­да кеңі­нен етек жай­ған рушыл­ды­ққа қар­сы ашық хаты жари­я­лан­ды. Хат­та бұл дерт­ке кім нақты жол беріп оты­рға­ны және одан құты­лу жол­да­ры айтыл­маға­ны­мен, үкі­мет­тің назар ауда­ра­ты­ны­на зор үміт арты­лып отыр.

 

Автор: Мұх­тар ШАХАНОВ

 

Біз хат­тың мәтінің толы­қтай кел­тіріп отырмыз:

Рұға бөлі­нудің қасіреті неме­се ұлт­тық тұта­сты­ққа сына

1986 жылы Мәс­ке­уде, 300 мил­ли­онға жуық халы­қты бірік­тір­ген бүкіл Кеңе­стер Одағы­на, Орта­лық теле­ар­на арқы­лы беріл­ген шығар­ма­шы­лық кешім өткен соң, мені Е.Евтушенконың өтіні­ші­мен КОКП Орта­лық Коми­теті Мәде­ни­ет бөлі­мінің мең­ге­ру­шісі Ю.Воронов қабыл­да­ды. Оның қабыл­дау бөл­месін­де оты­рға­ным­да, осы бөлім­нің бір бел­ді қыз­мет­кері қасы­ма жетіп келіп: “Вы из како­го жуза?” деп сұра­ды. Әлгінің қолы­на ұстаған дәп­теріне көз салып ем, Қаза­қстан­да, билік басын­да жүр­ген адам­дар­дың қай жүз­ден, қай рудан екен­ді­гі кезек-кезе­гі­мен орны­қты тізіліп­ті. Бұл сонау пат­ша­лық Ресей­дің қол астын­да тұрған кезең­нен бастап, Кеңе­стік дәуір­де жалға­сын тапқан, “бөл­шек­те де, билей бер” деген жасы­рын идея қаруы, яғни, “бір руды келесі бір руға қар­сы қой­ып басқа­ру” сая­са­ты екенін бір­ден ұға қойдым…

Еге­мен­ді ел атанған­нан кей­ін туған өлкем Оты­рарға бар­сам, аудан­ның жас-кәрісі түгел­ге жуық ру-руға бөлініп, әр ру өзінің Пре­зи­дент­терін сай­лап жатыр екен. Сол тұста осын­дай шара­лар Қаза­қстан­ның бар­лық жерін­де дер­лік бой көтер­ген-ді. Бұл қозға­лы­стың елдік, ұлт­тық мүд­де жолын­дағы бір­лік­ке, руха­ни тұта­сты­ққа жасар кедер­гісі зор екенін ескер­тіп, бір­не­ше газет-жур­нал бет­терін­де, бүкіл елге ашық хат жари­я­ла­дым. Ел Пре­зи­ден­ті­мен де жолы­қтым. Ол кісі­ден арнайы тап­сыр­ма да бол­ды. Бірақ “Кеңес дәуірін­де қыспаққа түс­кен ата-дәстүрі­міз­ге жаңа­ша көз­бен қарай­ық” деген сыл­та­у­мен, ру-руға ыды­рау үрдісі жыл сай­ын қанат жая түсті.

Әрине, әр адам­ның өз ата тегіне, баба­ла­ры­ның тарихы­на, олар­дың өне­гелі істеріне тамыр жібе­руі қажет. Онсыз біз өз ана тілі мен рухын, басқа ұлт­тың тілі мен рухы­на айыр­ба­стаған, өзінің түп­кі тамы­рын, баба тарихын мой­ын­да­май, бір­ден “әлем аза­ма­ты” биі­гіне көтері­ле салғы­сы келіп жүр­ген қазір­гі кос­мо­по­лит­тері­міздің қата­ры­на жақын­дай­мыз. Бірақ, бір мәсе­ле айқын. Сіздің өз ата-бабаңы­здың, өз руы­ңы­здың тарихы­на деген құл­шы­ны­сы­ңыз бен құштар­лы­ғы­ңыз бүкіл халы­қтық, бүкіл ұлт­тық ортақ мүд­де­міз­ге кедер­гі жаса­мауы және оған көлең­ке түсір­ме­уі шарт. Соры­мы­зға қарай осы ұлт­тық ұста­ны­мға мүл­де назар аудар­май­тын адам­дар көбейді.

Қазір­гі кезең­де рулық мүд­де­лер­дің жазыл­маған заңға айналға­ны сон­ша­лық, кей жер­лер­де­гі бас­шы­лық қыз­мет­те­гілер және елі­міз­де­гі кәсіп­кер­лер­дің едәуір бөлі­гі қара­мағын­дағы орын­дарға негізі­нен өз рула­ста­рын ғана тар­та­тын мінез қалып­та­стыр­ды. Ұлт­тық бір­лік­ке сына қағар осы қауіп­ті бағыт­ты тоқта­та алма­сақ — аза­мат­ты­ғы­мы­зға, елді­гі­міз­ге сын.

Елі­міз­де ру-руға, ата-атаға бөліну -

Бар қаза­қты бірік­тірер тұта­сты­қтан жеріну.

Ортақ ұлт­тық мүд­де­лер­ден таса­ла­ну, шегіну,

Бір жағы­нан ата дәстүр қамқо­ры боп көріну,

Шын мәнін­де тек туы­стық маз­мұ­ны­на теліну,

Ел бір­лі­гін жояр жеке топ күшіне берілу;

Қай кез­де де ұлт мүд­десі тұта­сты­қ­пен алға асқан,

Ата жаудан бүкіл қазақ тек бір­лесіп қорғасқан.

Халқы­мы­зға даңқ сый­ла­ды ортақ ұлы тұлғалар,

Тұлға кет­се ұлтқа шын­шыл сенім­ме­нен кім қарар?

Қазір жұр­тқа ұлы тұлға — руы­ның басшысы,

Тіп­ті Абай, Махам­бет те секіл­ді оның қосшысы.

Міне, қан­дай бағыт түз­ген рушыл­дық сезімдер?

Елдің мұңын бір­ге ойла­удан олар айқын безінген.

Өлім­де де өзге­лер­ден дер­бес­ті­гін сезіне,

Әрбір ру жеке бей­іт салып алған өзіне.

Қай­да бар­саң рула­стар бір-бірі­мен жарысқан,

Рулық өр ескерт­кі­ш­тер қол созып тұр алыстан.

Қан­даста­ры қосы­ла айтып қану үшін құмардан,

Кей­бір ру өзіне арнап әнұран да шығарған.

Рушыл­дық неге қазір көп қаза­ққа ұнайды,

Жолы­ққан жан неге алды­мен руы­ң­ды сұрайды?

Әр ада­мға ата-тегін білу парыз десек те,

Одан өрбір пен­делік­ті қос­пап­пыз біз есепке…

Енді қайт­тік, рушыл­дық таңға­жай­ып күш алды.

Жал­пы­ға ортақ ұлт­тық істер тізесі­нен тұсалды.

Рушыл­дық бұл кезең­де қамқо­рың ба, қасың ба?

Бәрі­міз­ге есеп берер кезең кел­ді ғасырға.

Құны­мыз не, елі­міздің ертеңіне сенбесек?

Ұлт­ты сақтау мүм­кін емес, рушыл­ды­қты жеңбесек!“7.

Мұх­тар Шаханов,

Қаза­қстан­ның халық жазушысы,

“Түр­кі тіл­дес халы­қтар арасындағы 

ең үздік әлем ақы­ны” сый­лы­ғы­ның иегері

Рулық қозға­лы­стар­дың елдік, ұлт­тық тұта­сты­ғы­мы­зға, ортақ бір­лі­гі­міз­ге қауіп төн­ді­ре бастаға­нын, әрі оған бүкіл ел болып тосқа­уыл қояр шақ әлдеқа­шан жет­кенін ешкім жоққа шығар­май­ды. Біз рушыл­ды­қтың көлең­ке тұста­ры туды­рған жоға­ры­дағы жанай­қай­ды толы­ғы­мен қол­дай­мыз және сол рушыл­ды­қты қоз­ды­ра­тын, оған жол аша­тын себеп­тер­ді қоғам­да бүкіл халы­қтық түр­де талқы­ла­уды, әрі бұл маңы­зды игі шару­а­ны жұрт сана­сы­на орны­қты­ру­да Мем­ле­кет, Үкі­мет тара­пы­нан өрелі шара­лар іске қосы­ла­ды деп сенеміз.

“Ұлы Дала” Рес­пуб­ли­ка­лық қозғалысы,Амангелді Айта­лы, Қоғам және Мем­ле­кет қай­рат­кері, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; Мұза­фар Әлім­ба­ев, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы; Мекем­тас Мыр­за­хме­тов, “Бауы­р­жан­та­ну” ғылы­ми-зерт­теу орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Ора­за­лы Сәб­ден, Қаза­қстан Ғалым­дар Одағы­ның пре­зи­ден­ті, Мем­ле­кет­тік сый­лы­қтың лау­ре­а­ты; Мәм­бет Қой­гел­ді, Қаза­қстан тарих­шы­ла­ры қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы, Тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры; Қаб­деш Жұма­ді­лов, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның халық жазу­шы­сы; Дулат Иса­бе­ков, “Мәде­ни­ет” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Темір­хан Медет­бек, ақын, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Рыс­бек Сәр­сен­бай, қоғам қай­рат­кері, “Жас Алаш” газетінің бас редак­то­ры; Смағұл Елу­бай, жазу­шы, ПЕН-клу­бы­ның вице-пре­зи­ден­ті; Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, жазу­шы, Халы­қа­ра­лық “Алаш” әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты, Қаза­қстан­ның құр­мет­ті журналисі;Софы Сма­та­ев, жазу­шы, Халы­қа­ра­лық “Алаш” әде­би сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Еркін Рақы­шев, “Жас Ұлан” кино­сту­ди­я­сы­ның дирек­то­ры; Мәди Манат­бек, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­лық Теле-Радио кор­по­ра­ци­я­сы Акци­о­нер­лік Қоға­мы төрай­ы­мы­ның орын­ба­са­ры; Арман Шора­ев, “КТК” теле­ар­на­сы­ның дирек­то­ры; Нұрға­ли Нүсі­п­жа­нов, ҚР халық әртісі, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Асы­лы Осман, Қаза­қстан халқы Ассам­бле­я­сы­ның мүше­сі, Әзір­бай­жан мәде­ни-орта­лы­ғы­ның төрай­ы­мы; Хай­рол­ла Ғаб­жа­ли­лов, “Алаш” тари­хи-зерт­теу орта­лы­ғы­ның пре­зи­ден­ті; Бей­біт Қой­шы­ба­ев, “Әділет” тари­хи-ағар­ту қоға­мы төраға­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры; Совет-Хан Ғаб­ба­сов, жазу­шы, Меди­ци­на және педа­го­ги­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, ҚР еңбек сіңір­ген қай­рат­кері; Назар­бек Қана­фия, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты; Тал­жан Рай­ым­бер­ди­ев, Қ.А.Яссауи атын­дағы Қазақ-Түрік уни­вер­си­тетінің ғылым және халы­қа­ра­лық істер жөнін­де­гі вице-пре­зи­ден­ті, Тех­ни­ка ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­со­ры; Құди­яр Біләл, жазу­шы, ҚР Мәде­ни­ет қай­рат­кері; Мұх­тар Тай­жан, Болатхан Тай­жан атын­дағы қор­дың пре­зи­ден­ті; Жұма­бек Кен­жа­лин, “Қазақ газет­тері” ЖШС-ның бас дирек­то­ры; Төлен Әбдік, “Өрке­ни­ет” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры, “Түрік әде­би­еті әле­мінің 2013 жылғы жыл ада­мы”, ҚР Мем­ле­кет­тік сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Жары­лқап Қалы­бай, “Жұл­ды­здар отба­сы” және “Аңыз адам” жур­нал­да­ры­ның бас редак­то­ры; Шам­шид­дин Пат­те­ев, “Түр­кістан” газетінің бас редак­то­ры; Әшір­бек Көбі­шев, “Өнер” бас­па­сы­ның дирек­то­ры; Қазы­бек Иса, “Ақ жол” сая­си пар­ти­я­сы төраға­сы­ның орын­ба­са­ры, “Қазақ үні” газетінің бас редак­то­ры, ҚР Мәде­ни­ет қай­рат­кері; Ермұрат Бапи, “Дат, тақ­сыр!” — “Обще­ствен­ная пози­ция” газетінің бас оқыр­ма­ны; Айдос Сарым, сая­сат­та­ну­шы; Дәу­рен Қуат, “abai.kz” ақпа­рат­тық пор­та­лы­ның жетек­шісі; иса Омар, “Зама­на” бас­па үйінің бас дирек­то­ры, “Жалын” жур­на­лы тағай­ын­даған Ғ.Мүсірепов атын­дағы сый­лы­қтың иегері; Мере­ке Құл­кен, жазу­шы, “Өлке” бас­па­сы­ның пре­зи­ден­ті; Ертай Айға­лиұ­лы, “Қаза­қстан-Заман” газетінің бас редак­то­ры; Сей­дах­мет Құт­ты­қа­дам, сая­сат­та­ну­шы, “Мысль” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры; Қоға­бай Сәр­се­ке­ев, “Қазақ” газетінің және “Айқап” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры; Самат Ибраим,“Ана тілі” газетінің бас редак­то­ры Дәу­рен Баба­мұра­тов, “Бола­шақ жасАР” газетінің және “Жастар үні” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры; Қажы­мұқан Ғаб­дол­ла, “Май­дан” газетінің бас редак­то­ры; Ардаб­ек Сол­дат­бай, “shyn.kz” интер­нет газетінің бас редак­то­ры; Ақбе­рен Елге­зек, “ult.kz” пор­та­лы­ның бас редак­то­ры; Төле­мыр­за Темір­бекұ­лы, ақын, “Төр­тін­ші билік” газетінің бас редак­то­ры; Шаки­за­да Әбдікәрі­мов, ақын, Қызы­лор­да қоғам­дық теле-радио­ком­па­ни­я­сы­ның төраға­сы, Жан­бо­лат Мамай, “Рух пен Тіл” клу­бы­ның төраға­сы, “Ашық Алаң — Три­бу­на” газетінің иде­я­лық жетек­шісі; Сәу­ле Әбе­ди­но­ва, “Ақжүніс Аста­на” жур­на­лы­ның бас редак­то­ры; Эрнест Төре­ха­нов, Алма­ты қала­лық “Қазақ тілі” қоға­мы­ның төраға­сы; Сай­лау Батыр­шаұ­лы, Аста­на қала­лық “Мем­ле­кет­тiк тiл” рес­пуб­ли­ка­лық қоғам­дық қозға­лы­сы­ның төраға­сы, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты; Көбей­сін Алтын­бе­ков, меди­ци­на ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­сор; Жұба­ныш Жек­сенұ­лы, әнші, ҚР Мәде­ни­ет қай­рат­кері; Ибра­гим Қошқа­ри, жазу­шы, “Достық көпірі” бас­па­сы­ның дирек­то­ры, “Қаза­қта­ну” қоғам­дық қоры­ның төраға­сы; Құсай­ын Рысал­ды, Абы­лай­хан атын­дағы Қазақ халы­қа­ра­лық қаты­на­ста­ры және әлем тіл­дері уни­вер­си­тетінің кафед­ра мең­ге­ру­шісі, фило­ло­гия ғылым­да­ры­ның док­то­ры, про­фес­со­ры; Қар­лы­ғаш Қожа­мұра­то­ва, “Алаш ама­на­ты” қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төрай­ы­мы; Әмір­жан Қоса­нов, “Азат” ЖСДП бас хат­шы­сы, Қаза­қстан Жастар Одағы сый­лы­ғы­ның лау­ре­а­ты; Досмұ­хам­мед Нұрах­мет, “Ұлт пат­ри­от­та­ры” қозға­лы­сы­ның төраға­сы; Әлі­бек Қалам­ба­ев, КСРО халық ағар­ту ісінің үзді­гі, Сары­ағаш ауда­ны­ның құр­мет­ті аза­ма­ты; Қал­ды­бек Құр­манәлі, ком­по­зи­тор, Шәм­шіта­ну­шы; Бей­сенға­зы Сәдуұ­лы, “Жел­тоқ­сан ақиқа­ты” қоғам­дық бір­ле­сті­гінің төраға­сы; Секен Тұры­с­бе­ков, күй­ші-ком­по­зи­тор, “Ақжа­уын” Мем­ле­кет­тік каме­ра­лық оркест­рінің көр­кем­дік жетек­шісі, ҚР еңбек сіңір­ген әртісі; Рақым Айы­пұ­лы, “Жебеу” РҚБ орта­лық атқа­ру кеңесінің дирек­то­ры; Жан­гел­ді Шым­шы­қов, Аста­на қала­лық тір­кел­ме­ген “Халық рухы” пар­ти­я­сы ұйым­да­сты­ру коми­тетінің төраға­сы; Мұхит Дер­бісәлі, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты; Доқтыр­хан Тұр­лы­бек, Халы­қа­ра­лық Түр­кі әле­мі теле­сту­ди­я­сы­ның бас дирек­то­ры, халы­қа­ра­лық “Жам­был” атын­дағы сый­лы­қтың лау­ре­а­ты; Марат Бөте­ев, “Алла­жар-қол­дау” қоғам­дық қоры­ның төраға­сы; Зәу­реш Бат­та­ло­ва, “Қаза­қстан­дағы пар­ла­мен­та­ризмді дамы­ту” қоғам­дық қоры­ның төрай­ы­мы; Еркін­бек Серік­бай, жазу­шы, Рес­пуб­ли­ка­лық “Тәу­ел­сіздік толға­уы” бай­қа­уы­ның лау­ре­а­ты, Дүни­е­жүзі жас түрік жазу­шы­лар одағы­ның мүше­сі; Баре­та Ерға­ли­е­ва, Қаза­қстан­ның “Демо­кра­тия және құқық” орта­лы­ғы­ның төрай­ы­мы; Кене­са­ры Қап­тағай, “Халық даб­ы­лы” қозға­лы­сы­ның төраға­сы; Нұр­жан Ошан­бе­ков, “Мем­ле­кет­тік тіл” қоғам­дық қозға­лы­сы­ның жау­ап­ты хат­шы­сы; Кәм­нұр Тәлі­мұ­лы, Талғар аудан­дық мем­ле­кет­тік тіл­ді оқы­ту орта­лы­ғы­ның дирек­то­ры; Жұмаш Кене­бай, “Таным” пікір­сай­ыс клу­бы­ның жетек­шісі; Жұма­бек Ашуұ­лы, Қаза­қстан сая­си қуғын-сүр­гін­ге ұшы­раған­дар қауым­да­сты­ғы­ның төраға­сы; Қасым­хан Жұма­на­за­ров, эко­но­ми­ка ғылым­да­ры­ның кан­ди­да­ты, доцент; Мақсұт Қалы­бай, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­на еңбе­гі сіңір­ген зей­нет­кер; Әзім­бай Ғали, сая­сат­та­ну­шы, тарих ғылым­да­ры­ның док­то­ры; Аманға­зы Кәрі­п­жан, ақын, Қаза­қстан Жазу­шы­лар Одағы­ның мүше­сі; Сапа­бек Әсіп, жазу­шы. Бар­лы­ғы 143 адам.

От редак­ции: В казах­ском сег­мен­те Интер­не­та появи­лось откры­тое пись­мо извест­но­го поэта и обще­ствен­но­го дея­те­ля Мух­та­ра Шаха­но­ва, в кото­ром он осуж­да­ет трай­ба­лизм, про­цве­та­ю­щий в совре­мен­ном казах­ском обще­стве. “Есть люди, кото­рые поощ­ря­ют это. Наде­ем­ся, что наши госу­дар­ствен­ные мужи при­мут соот­вет­ству­ю­щие меры, что­бы деле­ние на жузы не при­ня­ло раз­ру­ши­тель­ные мас­шта­бы”,— гово­рит­ся в пись­ме, кото­рое под­пи­са­ли око­ло 150 чело­век, в том чис­ле пред­ста­ви­те­ли казах­ской интел­ли­ген­ции, поли­ти­ки, вид­ные обще­ствен­ные деятели.

Статьи по теме

Дубайдағы Қазақстан — 1 бөлім. Мұнай-газ саласындағы бұрынғы топ-менеджерлердің қымбат мүлкі

Дарига, или Тайны Мадридского двора

Казахстан в Дубае: Дома и квартиры акимов, их детей и прочих родственников