Елге ЭКСПО керек пе, тарифтердің арзандауы керек пе?

Тәу­ел­сіз сая­сат­та­ну­шы­лар мен эко­но­ми­стер­дің ЭКС­ПО-2017-ге қаты­сты есеп-қисап, түр­лі сарап­та­ма­ла­ры­нан соң, халық та тиы­нын санай баста­ды. Өйт­кені мил­ли­ард­таған қар­жы­ны (дол­лар есебін­де­гі) шаша­тын әлем­дік көр­менің болар-бол­мас қызы­ғын айт­паған­да, елде­гі ком­му­нал­дық төлем­дер­дің ай сай­ын қым­бат­та­уы халы­қтың қал­та­сын қағып, қабы­рға­сы­на батып барады.

 

Автор: Артур САДУАҚАСОВ, Гүл­ми­ра ТОЙБОЛДИНА

 

Иә, бүт­кіл елдің тұрғын-үй ком­му­нал­дық қыз­меті іріп-шіріп, екі күн­нің бірін­де әр жер­ден тесіп-жарып су да, бу да атқақтап жатқан­да, Аста­на ТМД елдерінің ішін­де «бірін­ші болып», ЕХРО-2017 көр­месін өткіз­бек­ші. Үш айға созы­ла­тын көр­ме­ге 100-ге жуық мем­ле­кет­тен 5 мил­ли­он­нан астам қонақ келеді деп, Ақор­да­ның жұл­дызна­ма­шы­ла­ры кеуде қағуда.

Ал ішкі-сырт­тағы бірқа­тар сарап­шы­лар «ЭКСПО-17» — Аста­на үшін кезек­ті жар­на­ма деп баға­лап отыр. Ал мил­ли­ард­тар жұм­са­ла­тын мұн­дай жар­на­ма дүр­кіреп жүріп жатқан­да, халы­қтың әле­умет­тік-тұр­мыстық жағ­дайы мүш­кіл­дене түсетін­ге ұқсай­ды. Мұны ақпа­рат агент­тік­тері мен тәу­ел­сіз басы­лым­дар жари­я­лап жатқан күн­делік­ті хабар­лар­дан-ақ көру­ге болады…

Екін­ші жағы­нан, жал­пақ елдің есесі­нен Аста­на бай­ы­ған сай­ын, аймақтар­да түр­лі нара­зы­лық шара­ла­ры да көбей­іп бара жатқа­ны рас. Себебі бір кез­де Ақмо­ла­ның Аста­на ата­нып, бүгін­гі­дей дәре­же­ге жетуіне елде­гі үлкен­ді-кішілі қала­лар аз үлесін қосқан жоқ. Аста­на үшін 90-жыл­да­ры Алма­ты қала­сы­ның бюд­жеті есе­леп қысқар­ты­лға­нын да әлі ешкім ұмы­та қой­маған болар?

Енді бүгін Алма­ты да, өзге аймақтар­дағы қала­лар да Аста­на­ның қамын күйт­те­уден шар­шай­тын уақыт кел­ген сияқты. Қазір­гі аса күр­делі әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай әр қала­ның өз қал­та­сын­да не барын қай­та­ра санап, түген­де­у­ге мәж­бүр етіп отыр. Сөз Аста­на тура­лы бола қал­са, бүгін­гі күні әркім­нің көкей­ін­де: «Бұл жебір қала кім­нің арқа­сын­да күн көріп жатыр?» деген заң­ды сұрақ туын­дай­тын болған.

Мәсе­лен, өткен жылы Аты­рау облы­сы қаңтар мен қыр­күй­ек­тің ара­сын­да 20,3 мил­ли­ард тең­ге­ге мұнай өндір­ген. Тоғыз айда өндіріл­ген бұл өнім Қаза­қстан­нан экс­порт­та­ла­тын мұнай­дың 64,4 пай­ы­зын құраған.

Аты­ра­уда мұнай өнді­ру неге артып отыр? Әлде халы­қтың саны өсті ме? Жоқ. Облыс халқы­ның саны 552,1 мың адам ғана… Егер жоға­ры­дағы өнім көр­сет­кі­шін облыс халқы­ның саны­на шағар бол­сақ, облы­стың әр тұрғы­ны­на 36,7 мың дол­лар­дан айна­луға тиіс. Ал елі­міз бой­ын­ша, мұнай экс­пор­ты­на қаты­сты орта­ша көр­сет­кіш 3,8 мың дол­лар ғана! Сон­да Аты­рау облы­сы экс­порт­тық көр­сет­кіш бой­ын­ша ең алды­ңғы қатар­да тұр деген сөз! Мұн­дай кез­де, жер­гілік­ті халы­қтың мұнай­дан түсетін пай­да­ның едәуір бөлі­гі облы­стың әле­умет­тік жағ­дай­ын жақ­сар­ту үшін жер­гілік­ті бюд­жет­ке түсуі керек дей­тін тала­бын түсі­ну­ге бола­ды. Өздері ен бай­лы­қтың үстін­де оты­рып, мұнай өндірудің зей­неті­нен гөрі бей­нетін көре бер­се, Жаңаө­зен оқиға­сы­ның қай­та­лан­ба­сы­на ешкім кепіл­дік бере алмайды.

Аста­на­ны асы­рап оты­рған Аты­рау облы­сы ғана ма? Әрине, жоқ. Аты­ра­удан өзге қала­лар­дағы түр­лі ірі кәсі­по­рын­дар да бюд­жет­те­гі салы­қтар мен алым­дар­дың басым бөлі­гін Аста­наға әлі күн­ге дей­ін бөліп беріп отыр. Мәсе­лен, Қоста­най, Ақмо­ла, Сол­түстік Қаза­қстан елді асты­қ­пен қам­та­ма­сыз етіп қана қой­май, сол асты­қтан түс­кен табыст­ың бір бөлі­гін Аста­наға бөліп беру­де. Бұл облы­стар өкіл­дері де түс­кен пай­да­ның бел­гілі бір бөлі­гі жер­гілік­ті бюд­жет­ке бөлі­нуі тиіс деген­ді есеп­тей­ді. Бірақ Аста­на­ның айбы­ны­нан сес­кеніп, ол ойла­рын ашық айта алмай­ды: еріксіз күл­ше­сінің жар­ты­сын бас қалаға үн-түн­сіз үзіп береді.

О баста қалың жұрт болып Аста­наға ақша салған­да, бұл 300 мың ғана халқы бар шағын ғана шене­унік­тер қала­сы, яғни әкім­дік-басқа­ру орта­лы­ғы ретін­де жасалған жоба бола­ды деп ойлаған-ды. Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев та жаңа аста­на халы­қтың қар­жы­сы есебі­нен емес, инве­сти­ци­я­ның көме­гі­мен салы­на­ды деді. Бірақ қар­жы­ны қылғы­ту жағы­нан алған­да Аста­на бүгін «300 мың­дық» жоба шең­бері­нен әлдеқа­шан шығып кетті…

Оның үстіне әр мем­ле­кет­те­гі аста­на — сая­си қыз­мет­тер­ге бас­шы­лық жасап, елді тиім­ді басқа­ру­дың жол­да­рын қарас­ты­ра­тын әкім­шілік орта­лық сана­ла­ды. Елдің дамуы­на күш сала­ды, елге қажет заң­дар шыға­ра­ды. Ал біздің елор­да бол­са, әкім­шілік мін­дет­тер­ден бұрын өзінің өндірістік қуа­тын көр­се­тетін түр­лі өндіріс орын­да­рын салуға бет бұр­ды. Айта­лық, Қаза­қстан­да тікұ­шақ неме­се теп­ло­воз жасау қажет бол­са, бұл үшін Қараған­ды, Өске­мен, Қара­тау, Жаңа­тас сияқты өзге де өндірісті қала­лар аз емес қой? Жоқ, Аста­на­ның инду­стри­ал­ды-инно­ва­ци­я­лық қуа­тын көр­се­тудің даңға­за даб­ы­рас­ы­мен соңғы кез­дері мұн­да өндіріс ошақта­ры салы­на бастады.

Егер өндіріс пен өнер­кәсіп ата­у­лы алыс аймақтар­дағы шағын қала­лар­да орнай бас­та­са, ел жұмыс іздеп, ақта­бан шұбы­рын­ды бол­мас еді ғой. Аста­на­да түр­лі өндіріс орын­да­рын бірі­нен соң бірін ашуға басты себеп — қала халқы саны­ның өсуі болып оты­рған шығар? Қалың шене­унік­ті қам­ти­тын қара халы­ққа да жұмыс орны керек болған шығар, бірақ Аста­наға өндіріс оры­ны емес, жылу-ком­му­нал­дық өндіріс орын­да­рын салу әлдеқай­да ұтым­ды болар еді.

Мәсе­лен, кезін­де­гі «300 мың» ада­мға арналған тұрғын үй-ком­му­нал­дық қыз­мет жүй­есі бүгін­дері иіні­нен дем алып, 800 мыңға тақап қалған тұрғы­ны бар қала­ны әупірім­мен қам­тып тұр. Соның сал­да­ры­нан тек биы­лғы қыстың өзін­де Аста­на­ның жылу трас­са­сын­да бір­не­ше апат болып, тұтас тұрғын аудан­дар жылу­сыз қалған күн­дер бол­ды. Жер­дің астын­дағы ком­му­нал­дық қыз­мет жүй­есін қала халқы­ның саны­на сай дамы­ту­дың орны­на мұн­да жер­дің бетіне әше­кей­лі-әйнек­ті зәулім үйлер тұрғы­зу дер­ті ден­деп бара­ды. Қара­пай­ым инже­нер­лік есеп­пен бағ­дар­лаған­ның өзін­де кезін­де­гі тоғыз қабат­ты үйден ары­ға қысы­мы жос­пар­лан­баған ком­му­нал­дық жүй­енің 35—40 қабат­ты зәулім ғима­рат­тарға су беру қиын­шы­лы­ғын аңға­ру аса қиын бол­ма­са керек.

Маман­дар­дың есеп­те­уіне қараған­да, ком­му­нал­дық тариф­тер бұдан былай да өсе бер­мек екен. Оның себебі неде деп, тиісті инже­нер-маман­дарға сұрау сал­сақ, елдің ком­му­нал­дық жүй­есі мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма негізін­де тұта­стай қай­та жаб­ды­қта­удан өтпей­тін бол­са, оны рекон­струк­ци­я­ла­у­ға бір­не­ше жыл қата­ры­нан ірі көлем­де күр­делі қар­жы бөлін­бе­се, іріп-шіріп тұрған құбыр-ком­му­нал­дық жүй­ені арзан шығы­н­мен ұстап тұру мүм­кін емес көрі­неді. Ал Аста­на­да ЭКСПО өткізу­ге бөлін­бек 5 мил­ли­ард дол­ларға жуық қар­жы елдің ком­му­нал­дық жүй­есін тұта­стай қай­та құруға толы­ғы­мен жете­ді екен. Ал енді осы­дан кей­ін ойла­нып көрей­ік­ші: халы­ққа күн сай­ын қым­бат­тап жатқан ком­му­нал­дық шығын­дар­ды азай­ту тиім­ді ме, жоқ әлде қазы­на есебі­нен өтетін ЭКСПО көр­месі тиім­ді ме?

Тағы да сол инже­нер-маман­дар­дың пікірі бой­ын­ша, бүгін­гі күні елде­гі ком­му­нал­дық шару­а­шы­лық эко­но­ми­ка­сы тек қана халы­қтың қал­та­сы есебі­нен жүзе­ге асу­да. Бұл сала­ны дамы­туға, оған күр­делі қар­жы бөлу­ге мем­ле­кет тара­пы­нан тал­пы­ныс жасал­май отыр. Есесіне, өз халқы­на тариф­тер­дің қым­бат­шы­лық қамы­тын кигізіп, әлем­дік әңгүдік көр­ме өткі­зу бүгін­гі билік­ке әлдеқай­да қызғы­лы­қты болу­да. Егер ЭКС­ПО-ға бөлі­нетін мил­ли­ард­тар­дың 20 пай­ы­зы тұрғын үй-ком­му­нал­дық жүй­ені рефор­ма­ла­у­ға жұм­сал­са, елдің бар­лық облыс орта­лы­қта­рын­дағы жылу-кана­ли­за­ция және су құбыр­ла­рын толы­ғы­мен ауы­сты­руға жете­ді екен.

Қазір қаза­қстан­дық тәу­ел­сіз басы­лым­дар бетін­де Ресей пре­зи­ден­ті Вла­ди­мир Пут­ин­ді импе­ри­я­лық көзқа­ра­сы үшін сынау науқа­ны өршіп тұр. Әрине, бұл басқа бір сая­си сала­ның тақы­ры­бы. Дей­тұрған­мен, сол Путин өз халқы­ның ком­му­нал­дық төле­мін түсі­ру мақ­са­тын­да соңғы жар­ты жыл­да алты мем­ле­кет­тік жиын өткізді. «С ума сошли, что ли!?» деп тариф­тер­ді өсір­ген аймақтар­дың губер­на­тор­ла­ры мен тиісті меке­ме бас­шы­ла­рын орын­да­ры­нан алып тастады.

Ал біз­де ше?!

Біздің пре­зи­дент­тің айтар уәжі біреу ғана: «Пәлен жер­де су қым­бат, пәлен елде жер қым­бат, біз де сол дең­гей­ге дей­ін өсіруі­міз керек» деп, қара халы­қтың қал­та­сын қаққан моно­по­ли­стер­дің қол­ты­ғы­на су бүр­ку­де. Бұл рет­те елде­гі ең ірі мега­по­лис — Алма­ты­ның жағ­дайы, тіп­ті адам­ның көңіліне үрей туғы­за­ды. Қала­дағы инфрақұры­лым тура­лы ойла­саңыз, ком­му­нал­дық төлем­дер­ді төле­гіңіз кел­мей­ді. Мұн­да дәл Аста­на­дағы сияқты аспан­мен тала­сты­рып үй салғы­зға­ны­мен, ком­му­нал­дық инфрақұры­лым­ды кеңей­ту­ге көк тиын да жұм­саған жоқ. «Шаңы­рақ шай­қа­сы» кезін­де тәу­ел­сіз сарап­шы­лар­дың бірі моно­по­ли­стер­дің Алма­ты­да бұрын­нан бар құбыр­лар желісінің үстіне ғана құры­лыс салғы­сы келетін­дерін, ал қала­ның сыр­ты­на қарай үй тұрғы­зу үшін инфрақұры­лым салуға қар­жы­ла­рын аяй­тын­да­рын айтқан бола­тын. Ал Алма­ты­ның инфрақұры­лы­мы сонау кеңес дәуірі­нен бер­гі тозы­ғы жет­кен, ескі құры­лым және ол екі мил­ли­он тұрғы­ны бар қалаға, аса биік үйлер­ге арнал­маған. Сол себеп­ті биы­лғы қыста мұн­дағы ком­му­нал­дық құбыр­лар жүй­есін­де бір­не­ше жары­лыс бол­ды. Сол сияқты электр­мен жаб­ды­қтау жүй­есі де кезін­де­гі бір мил­ли­он халы­ққа арналған­ды­қтан, екі күн­нің бірін­де электр желісін­де апат болып тұра­ты­ны үйрен­шік­ті жағ­дай­ға айналды.

Ал Аста­на­дағы жағ­дай­ға ора­лар болсақ,мұнда қазір­дің өзін­де ЭКСПО күл­ше­сін «турау» науқа­ны бастал­ды. Мәсе­лен, «Аста­на LRT» ЖШС басқар­ма төраға­сы Талғат Ардан хабар­лаған­дай, трам­вай жолын салу жоба­сы­ның алдын ала есеп­теу құны 2,4 мил­ли­ард дол­лар. Ұзын­ды­ғы — 42,1 км. ЕХРО-2017 көр­месін өткізу­ге қаты­сты трам­вай жолы­ның ұзын­ды­ғы тағы 10—12 км-ге ұза­ра­тын көрі­неді. Демек, жоба құны әлі де арта­ды! Аста­наға дәл қазір трам­вай­дан бұрын, ком­му­нал­дық жүй­ені жаңар­ту жоба­сы қажет. Егер бұлай бол­маған жағ­дай­да, бұл сала тағы да тариф­тер­дің қым­бат­та­уы есебі­нен өлмес күнін көре бер­мек. Ал ол «өлмес күн­ді» елде­гі эко­но­ми­ка­лық келеңсіздік­тер­ге еті үйреніп кет­кен қара­пай­ым халық қам­та­ма­сыз етпек.

Соны­мен, қал­таң­ды қаға түс, халық, ЭКСПО өткен­ше көрер күнің осы!

ОТ РЕДАКЦИИ: “Пон­ты” Аста­ны про­ве­сти пер­вы­ми в СНГ выстав­ку “ЭКСПО-2017”, похо­же, доро­го обой­дут­ся про­стым казах­стан­цам, гово­рят экс­пер­ты. По их мне­нию, повы­ше­ние тари­фов, цен на про­дук­ты все это свя­за­но имен­но с про­ве­де­ни­ем пре­стиж­ной выстав­ки,  а наро­ду про­сто при­дет­ся поту­же затя­нуть пояса.

Источ­ник: «Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 09 (185 от 14 мар­та 2013 г.

Ори­ги­нал статьи:

Елге ЭКСПО керек пе, тариф­тер­дің арзан­да­уы керек пе?

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще