Дубайдағы Қазақстан: қазіргі және бұрынғы депутаттар

C4ADS ұйы­мы Азатты­ққа бер­ген Дубай қала­сы­ның жыл­жы­май­тын мүлік­тер реест­рін­де бір кез­дері Қаза­қстан пар­ла­мен­тінің төрін­де оты­рған депу­тат­тар­дың аты-жөні көз­ге түседі. Тізім­де бұл қыз­мет­ті қазір де атқа­рып оты­рған аза­мат­тар­дың туы­ста­ры да бар.

Азаттық жүр­гіз­ген “Дубай­дағы Қаза­қстан” зерт­те­уінің үшін­ші бөлі­мін­де заң шыға­ру­шы орган­ның қазір­гі және бұры­нғы мүше­лері жай­лы айтамыз.

C4ADS ұйымының реестрі

Аме­ри­ка­лық C4ADS ұйы­мы Азатты­ққа Дубай­дағы жыл­жы­май­тын мүлік реест­рін ұсын­ды. 2020 және 2022 жыл­дар­ды қам­ти­тын бұл реестр­ге қараған­да, Қаза­қстан­ның 1550 аза­ма­ты жал­пы құны 1 млрд дол­лар­дан аса­тын 2700-ге жуық жыл­жы­май­тын мүлік­ке иелік еткен. Бұл тізім­нен Қаза­қстан­ның қазір­гі және бұры­нғы шене­унік­тері мен олар­дың туы­ста­ры көп кез­де­седі. Азаттық тіл­шісі осы үйлер­ді көр­сетіп, олар­дың иелеріне қоңы­рау шал­ды, мүлік­тің қан­дай ақшаға алы­нға­нын, Қаза­қстан үкі­метіне өткізілетін декла­ра­ци­яда қалай көр­сетіл­генін сұра­ды. Дерек ауқым­ды болған соң, зерт­теу бір­не­ше бөлім­нен тұрады. 

Қаза­қстан мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті жал­пы­ға бір­дей декла­ра­ци­я­ның бірін­ші кезеңін­де бар болға­ны 40 адам ғана Бірік­кен Араб Әмір­лік­терін­де жыл­жы­май­тын мүл­кі (бар­лы­ғы 60 үй) барын көр­сет­кен. Коми­тет Азатты­қтың C4ADS тізі­мін­де­гі аза­мат­тар­дың мүл­кі жай­лы сұрағы­на жау­ап бер­меді. Ол ақпа­рат шек­те­улі мәлі­мет­ке жата­ды деді.

Штаб-пәтері Вашинг­тон­да орна­ласқан C4ADS ұйы­мы халы­қа­ра­лық қыл­мыс пен кикіл­жің­дер­ді зерттейді.

Ескер­ту: зерт­те­уде жыл­жы­май­тын мүлік­тер­дің Қаза­қстан валю­та­сы­на шаққан­дағы құны орта­ша бағам­мен “1 АҚШ дол­ла­ры – 450 тең­ге” есебі­мен (2023 жыл мен 2024 жыл­дың І жар­ты жыл­ды­ғын­дағы көр­сет­кі­ш­тер­ге сәй­кес) көрсетілді.

НЫҒМАТУЛИНДЕР ӘУЛЕТІ

Венера Баймырзаева

Мәжіліс­ке кел­ген үкі­мет мүше­лерін жиі-жиі сынап, бір­де дауы­сын зорай­тып, бұй­ы­ра сөй­леп, бір­де әзіл­мен қағы­та­тын спи­кер Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин төмен­гі пала­та­да төраға болып 8 жыл отыр­ды. Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың сері­гі саналған ол Қаңтар­дан соң пар­ла­мент­пен қошта­сты.

Экс-депу­тат­тың қазір қай­да екені бел­гісіз. Бірақ C4ADS ұйы­мы Азатты­ққа бер­ген дерекке қараған­да, Дубай­да Нығ­ма­ту­лин­нің әйелі Вене­ра Бай­мыр­за­е­ва­ның аты­на 50 шақты жыл­жы­май­тын мүлік тіркелген.

Соның алға­шқы­сы – 860 шар­шы метр­лік вил­ла. Living Legends деп ата­ла­тын кот­тедж қала­шы­ғын­дағы бұл жыл­жы­май­тын мүлік­тің құны 670 млн тең­генің (1,5 млн дол­лар) айналасында.

Сон­дай-ақ, FAIROOZ деген ғима­рат­та Вене­ра Бай­мыр­за­е­ва­ның аты­на аумағы 500 шар­шы метр­лік апар­та­мент тір­кел­ген. C4ADS ұйы­мы оның нары­қтағы құны шама­мен 850 млн тең­ге­ден (1,9 млн дол­лар) аса­ты­нын есептеген.

C4ADS дерек база­сын­да Бай­мыр­за­е­ва – Дубай­дың орта­лы­ғын­да бұдан өзге пре­ми­ум санат­тағы бір­не­ше пәтер­дің иесі деп көр­сетіл­ген. DM MESK кешенін­де жал­пы құны жар­ты млрд тең­ге­дей (1 млн дол­лар) екі пәтер, ROYAL OCEANIC ғима­ра­тын­да 270 млн тең­ге (600 мың дол­лар) шама­сын­да тұра­тын апар­та­мент, REGAL TOWER кешенін­де 250 млн тең­генің (550 мың дол­лар) пәтері, BAHAR кешенін­де 150 млн тең­ге­ден (380 мың дол­лар) қым­бат тұра­тын пәтер Бай­мыр­за­е­ва­ның аты­на жазылған.

Қаза­қстан­да Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­нің әйел, бала-шаға­сы­ның иелі­гін­де түр­лі ком­па­ни­я­лар бар. Әйелі Вене­ра Бай­мыр­за­е­ва негізі­нен елде­гі жыл­жы­май­тын мүлік­тері арқы­лы кәсіп жасай­ды. Қар­жы есебі депо­зи­та­рий­і­нен ірі ком­па­ни­я­лар­дың құры­л­тай­шы­ла­ры қата­рын­да Бай­мыр­за­е­ва­ның есі­мі құда-құдағиы­мен қатар тұрға­нын көре­міз.

Мағда Ыдырысова

Нығ­ма­ту­лин­нің Қаза­қстан­ның ең бақу­ат­ты адам­да­ры­ның қата­ры­на жата­тын Дін­мұ­ха­мед Ыды­ры­сов­пен құдан­да­лы­ғы бар. Оның әйелі Мағ­да Ыды­ры­со­ва құдағиы Вене­ра Бай­мыр­за­е­ва­мен бір­ге Дубай­дағы Dunes Village ықша­мауда­нын­да орна­ласқан 42 пәтер­ге иелік ете­ді. Қос құдағиға тиесілі бұл пәтер­лер­дің бәрі бір ғима­рат­тан алы­нған. Әр пәтер­дің салы­стыр­ма­лы құны 35–110 млн тең­генің (80−240 мың дол­лар) ара­лы­ғын­да. Орта­ша баға­мен жал­пы құнын есеп­те­сек, 3 млрд тең­ге­ден асады.

Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин оли­гарх Дін­мұ­хам­мед Ыды­ры­сов­пен Нұр­хан деген ұлы арқы­лы құда. Мұнай, никель, энер­ге­ти­ка бой­ын­ша актив­тер­ге ие кәсіп­кер Дін­мұ­хам­мед Ыды­ры­сов Forbes Kazakhstan жур­на­лы­ның рей­тин­гін­де елде­гі ең ауқат­ты жиыр­ма адам­ның қата­ры­на кіреді.

Азаттық алды­мен Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­ге қоңы­рау шалып көр­ді. Бай­ла­ны­су мүм­кін бол­ма­ды. Ал әйелі Вене­ра Бай­мыр­за­е­ва теле­фон тұтқа­сын көтер­ді. Бірақ жур­на­лист өзін таны­сты­рған бой­да бай­ла­ны­сты үзе салды.

Арғын Нығматулин және Найле Белбаева

Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­нің Арғын Нығ­ма­ту­лин деген аға­сы бар. Оның әйелі Най­ле Бел­ба­е­ва да Дубай­дан үй алған. BAHAR кешенін­де­гі бір пәтер осы Бел­ба­е­ва­ның аты­на жазы­лған. Пәтер аумағы – 70 шар­шы метр. Баға­сы 170 млн тең­ге (380 мың дол­лар) шамасында.

Арғын Нығ­ма­ту­лин де көп жыл мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­де бас­шы қыз­мет­теболған. Азаттық оған хабар­ла­сып, жұбай­ы­ның атын­дағы мүлік декла­ра­ци­я­ланған ба деп сұра­ды. Ол “декла­ра­ци­я­ны сұрай­тын адам­дар бар, маған қоңы­рау шал­маңыз” деп жау­ап берді.

Ерлан Нығматулин

Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин­нің сыңа­ры Ерлан Нығ­ма­ту­лин мәжілі­сте 12, сенат­та 4 жыл депу­тат болған. Депу­тат­ты­ққа дей­ін және кей­ін биз­не­сте. 2020–2021 жыл­да­ры оны Forbes Қаза­қстан жур­на­лы елде­гі ең ықпал­ды кәсіп­кер­лер қата­ры­на қосқан.

C4ADS дере­кқо­ры­нан Ерлан Нығ­ма­ту­лин­нің күй­еу бала­сы Бір­жан Жол­жақ­сы­но­втың есі­мі кезік­ті. Ол – Джу­мей­ра ара­лын­дағы (Palm Jumeirah) SADAF кешенін­де орна­ласқан 170 шар­шы метр­лік апар­та­мент­тің иесі. Жыл­жы­май­тын мүлік­тің нары­қтағы құны – 300 млн тең­ге (690 мың дол­лар) шама­сын­да. Айта кетей­ік, Бір­жан Жол­жақ­сы­нов – актер Дос­хан Жол­жақ­сы­но­втың ұлы. Бір­жан Жол­жақ­сы­нов түр­лі бағыт­та жұмыс істей­тін, ірі салық төлей­тін ком­па­ни­я­ларға жетек­шілік ете­ді және құры­л­тай­шы­лар қатарында.

“БҰЛ ДА ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ БІР ТҮРІ”

Берік Бейсенғалиевтің отбасы

“Ама­нат” пар­ти­я­сы­нан мәжілі­сте оты­рған тағы бір депу­тат Берік Бей­сенға­ли­ев­тің отба­сы – әйелі, ұлы, қызы Дубай қала­сын­да бір емес, бір­не­ше мүлік­тің иесі. Депу­тат­тың жұбайы Зәки­ра Бей­сенға­ли­е­ва SKY CENTRAL қонақ үйін­де­гі бір апар­та­мент­ке иелік ете­ді. Бұдан бөлек ол TFG MARINA деген қонақ үйден тағы үш жеке бөл­мені меншіктеген.

Ал депу­тат­тың ұлы Ержан Бей­сенға­ли­ев­тің аты­на 5 бөл­ме, қызы Әсел Тұр­сын­бе­ко­ва­ның аты­на 3 бөл­ме тір­кел­ген. Олар да TFG MARINA және SKY CENTRAL қонақ үйлері­нен сатып алы­нған бөл­ме­лер. Осы 12 мүлік­тің жал­пы құны 450 млн тең­ге­ден (1 млн дол­лар) асады.

Берік Бей­сенға­ли­ев 2009 жылға дей­ін банк сала­сын­да, үш жыл­дай жеке биз­не­сте жұмыс істе­ген. Кей­ін тағы он жыл­дай ква­зи­мем­ле­кет­тік құры­лым­дар­да бас­шы қыз­мет атқарған. 2018–2019 жыл­да­ры ауыл шару­а­шы­лы­ғы вице-мини­стрі болды.

Депу­тат отба­сы­ның шетел­де­гі жыл­жы­май­тын мүл­кі тура­лы сұраққа жау­ап берді.

– Менің мүл­кім жоқ. Бірақ жұбай­ым, бала­ла­рым бәрі биз­не­спен айна­лы­са­ды. Олар­дың мүл­кі бар. Оның бәрі декла­ра­ци­яда көр­сетіл­ген, – деді ол.

– Бұлар ешқан­дай вил­ла емес, ешқан­дай пәтер емес. Кіш­кен­тай-кіш­кен­тай қонақ үйдің нөмір­лері. Бір адам депо­зит­те қара­жат ұстай­ды, сосын депо­зит­тен пай­ыз ала­ды. Екін­ші адам­дар осын­дай­ды ала­ды да, қонақ үйдің нөмір­лері­нен пай­да түс­се, соны бөлі­седі. Бұл да инве­сти­ци­я­ның бір түрі.

Биз­не­сті тір­кеу реест­ріне сәй­кес, қазір депу­тат­тың әйелі ешбір ком­па­ни­я­ның құры­л­тай­шы­сы я жетек­шісі емес. Ал ұлы мен қызы­ның иелі­гіне жиы­ны 6 ком­па­ния тіркелген.

Самат Мұсабаев

Қазір пар­ла­мент мәжілісін­де депу­тат болып оты­рған Самат Мұса­ба­ев та Дубай­дағы SKY CENTRAL қонақ үйінің 4‑қабатынан екі бөлек бөл­ме мен­шік­те­ген. Еке­уінің құнын қосқан­да шама­мен 100 млн тең­ге­ге (200 мың дол­лар) жуы­қтай­ды. Ресми өмір­ба­я­ны­на қараған­да, Мұса­ба­ев депу­тат­ты­ққа дей­ін құры­лыс сала­сын­дағы ком­па­ни­я­ларға иелік етіп, кәсіп жасаған. Дубай­дағы үйі тура­лы хаты­мы­зға депу­тат жау­ап бермеді.

Долорес Пшембаева

Дубай­дың Джу­мей­ра ара­лын­дағы қым­бат мүлік­тер­дің бірі DREAM PALM RESIDENCE кешені. Мұн­дағы апар­та­мент­тің бірі Қаза­қстан аза­ма­ты 40 жастағы Доло­рес Пшем­ба­е­ва­ның аты­на жазы­лған. Ол – пар­ла­мент­те 14 жыл депу­тат болған Мей­рам Пшем­ба­ев­тың қызы. Мей­рам Пшем­ба­ев ерте­ректе жеке кәсіп­те, ква­зи­сек­тор­да да қыз­мет істеген.

C4ADS ұйы­мы­ның есебін­ше, DREAM PALM RESIDENCE-тегі үйдің құны шама­мен 400 млн тең­ге­ге (800 мың дол­лар) жуық болған.

2021 жылы Пшем­ба­ев Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың штат­тан тыс кеңес­шісі болып тағай­ын­дал­ды деген хабар тараған-ды. Бірақ Ақор­да Азатты­ққа қазір пре­зи­дент­те штат­тан тыс кеңес­ші жоқ деп жау­ап берді.

Доло­рес Пшем­ба­е­ва­ның өзі Пав­ло­дар­дағы өзен пор­ты­ның және тағы оннан астам ком­па­ни­я­ның құры­л­тай­шы­сы. Экс-депу­тат Мей­рам Пшем­ба­ев бұл үйді қызы сатып жібер­генін айтты.

– Ол мүлік жөнін­де біле­мін. Күй­еу бала Арман еке­уінің отба­сы, үш бала­сы бар. Жаста­ры қыры­қтан асты. Мен ол ақпа­рат­ты жуыр­да ғана көр­дім. Содан кей­ін сұрап едім, олар 7 жыл бұрын несие алып алған, шама­ла­ры кел­ме­ген соң 7 жыл бұрын сатып жібер­ген. Маған балам сон­дай ақпа­рат айт­ты. Олар бөлек отба­сы, қай­да не бітіріп жатқа­ны­ның бәрін біл­мей­мін, – деді ол.

Гүлжан Қарағұсованың келіні

2007–2021 жыл­дар ара­лы­ғын­да мәжіліс депу­та­ты болып қар­жы және бюд­жет коми­тетін басқарған, одан бұрын бір­та­лай жыл еңбек және халы­қты әле­умет­тік қорғау мини­стрі қыз­метін атқарған Гүл­жан Қарағұ­со­ва­ның келіні Але­на Шене­са­ры­ның атын­да аумағы 500 шар­шы метр­лік апар­та­мент бар. Мүлік Джу­мей­ра ара­лын­дағы Сол­түстік рези­ден­ция деген ғима­рат­та орна­ласқан. Оның нары­қтағы баға­сы 1 млрд тең­ге­ге (2,17 млн дол­лар) жуық.

Але­на­ның күй­е­уі, Қарағұ­со­ва­ның ұлы Роман Рома­нов “Қаза­қстан аллю­ми­нийі” акци­о­нер­лік қоға­мы­ның пре­зи­ден­ті қыз­метін атқарған. Шене­са­ры­ның өз аты­на екі ком­па­ния тіркелген.

Мәди Елубаевтың әкесі

2022 жылы мәжілістің экс-депу­та­ты Мәди Елу­ба­ев­тың био­гра­фи­я­сы жұрт­тың талқы­сы­на түс­кен еді. Жұрт оның әкесі құрған уни­вер­си­тет­ке 32 жасын­да рек­тор болға­нын сөз еткен.

Экс-депу­тат­тың әкесі, агро­хи­мия сала­сы­ның ғалы­мы Сағын­тай Елу­ба­ев Дубай­да үш жыл­жы­май­тын мүлік­ке иелік ете­ді. Олар­дың құны шама­мен 300 млн тең­ге­ге (650 мың дол­лар) жуық. Мүлік­тің бірі VERA TOWER ғима­ра­тын­да орна­ласқан. Тағы еке­уі құры­лы­сы енді аяқта­лып жатқан AYKON CITY-TOWER B кешені­нен алынған.

Серік Қонақбаев

Бірік­кен Араб Әмір­лік­тері­нен пәтер алған экс-депу­тат­тың бірі – Серік Қонақ­ба­ев. Ол мәжілі­сте 12 жыл отыр­ды: 2, 3, 4‑шақырылымдарда депу­тат бол­ды. Елге бокс­шы ретін­де таны­лған Қонақ­ба­ев әр жыл­да­ры мем­ле­кет­тік қыз­мет­те, спорт­та және биз­нес құры­лым­дар­да да жұмыс істеді.

Пар­ла­мент­те 12 жыл оты­рған экс-депу­тат Серік Қонақ­ба­ев Дубай­да GRANDEUR RESIDENCES MUGHAL кешені­нен апар­та­мент мен­шік­те­ген. Азаттық коллажы

Қонақ­ба­ев Palm Jumeirah ара­лын­да мына GRANDEUR RESIDENCES MUGHAL кешені­нен люкс-апар­та­мент алған. Мұн­дай мүлік нары­қта 430 млн тең­ге­ден (952 мың дол­лар) баста­ла­ды. Аумағы 170 шар­шы метр.

Серік Қонақ­ба­ев­тың атын­дағы тағы екі мүлік The World, яғни “Әлем” деп ата­ла­тын жоба­ның ішін­де. Жасан­ды архи­пе­лаг пен жос­пар­ланған нысан­дар саты­лып кет­се де, мегажо­ба 15 жыл­дан бері тоқтап тұр деу­ге бола­ды. Реестр­ге сәй­кес, Қонақ­ба­ев сол дағ­да­ры­сқа дей­ін ақша құй­ғанға ұқсай­ды. Серік Қонақ­ба­ев Азаттық тіл­шісі­мен әңгі­ме­ле­скісі кел­меді. Сұрағы­мы­зды ести сала теле­фон­ды қоя салды.

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ

Мәжілістің 4‑шақырылым депу­та­ты, қазір Аста­на қала­лық мәс­ли­ха­ты­ның депу­та­ты Бауы­р­жан Смай­ы­лов та Marsa Dubai ауда­ны­нан пәтер алған. (EliteResidence, құны шама­мен 150 млн тең­ге неме­се 350 мың дол­лар). Смай­ы­лов депу­тат­тық қыз­меті­нен бөлек уақыт­та мем­ле­кет­тік қыз­мет­те істе­ме­ген. Био­гра­фи­я­сы­на сәй­кес, құры­лыс сала­сын кәсіп еткен.

Жер­гілік­ті мәс­ли­хат депу­та­ты болған аза­мат­тар мен олар­дың туы­ста­ры Дубай­дан үй алған. Олар негізі­нен кәсіп­кер­лік­пен айна­лы­са­ды. Сурет­те сол­дан оңға қарай: Мұрат Әділ­ха­нов, Әмір­жан Ахмеджа­нов, Бауы­р­жан Смай­ы­лов, Әсе­мқан Досқо­жа­нов, Темірға­ли Ескендіров.

C4ADS ұйы­мы жинақтаған дере­кқор­да басқа өңір­де­гі мәс­ли­хат депу­тат­та­ры да кезік­ті. Мәсе­лен, семей­лік кәсіп­кер әрі Шығыс Қаза­қстан облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның экс-депу­та­ты Әсе­мқан Досқо­жа­но­втың ұлы Дәу­лет Досқо­жа­нов AZIZI FEIROUZ (құны шама­мен 100 млн тең­ге неме­се 200 мың дол­лар), Алма­ты мәс­ли­ха­ты­ның экс-депу­та­ты Мұрат Әділ­ха­нов SADAF ғима­ра­ты­нан (құны шама­мен 630 млн тең­ге неме­се 1 млн 400 мың дол­лар) апар­та­мент алған. Ал “Ауыл” пар­ти­я­сы­нан Батыс Қаза­қстан облы­стық мәс­ли­ха­ты­ның депу­та­ты болған әкелі-бала­лы кәсіп­кер­лер Темірға­ли, Сай­ран Ескен­діро­втер THE MATRIX кешені­нен (құны шама­мен 115 млн тең­ге неме­се 245 мың дол­лар), Семей қала­лық мәс­ли­ха­ты­ның экс-депу­та­ты Әмір­жан Ахмеджа­нов MARINA PINNACLE ғима­ра­ты­нан бір-бір апар­та­мент (150 млн тең­ге неме­се 340 мың дол­лар) иемденген.

Шыға­ры­лым­да есі­мі аталған және теле­фонға жау­ап бер­ме­ген адам­дарға жеке хат жол­да­дық. Біз олар­дың бәрі бір­дей шығу тегі күмән­ді ақшаға үй сатып алды деуден аулақ­пыз. Деген­мен ол үйлер­ді қан­дай ақшаға сатып алды деген заң­ды сұрақ және бар.

“Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­де­гі бюро­сы­ның” жетек­шісі Серік Медет­бе­ков Дубай­дағы зерт­теу тура­лы сұраққа жау­ап бер­ген­де, ағы­л­шын сая­сат­кері Мар­га­рет Ходж­дың тізі­мін еске алды. Бри­тан пар­ла­мен­тінің депу­та­ты Ходж 2022 жылғы ақпан­да Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мен­тін­де Қаза­қстан­дағы жемқор­лық тура­лы пікір­та­лас бастап, елде­гі халық бай­лы­ғын тона­ды деген 28 адам­ның атын ата­ды, оларға санк­ция салу­ды ұсын­ды. Медет­бе­ков сол тізім­де Нұр­лан Нығ­ма­ту­лин де болға­нын атап өтті.

Медет­бе­ко­втің сөзін­ше, Қаза­қстан­да ықпал­ды қыз­мет атқарған­дар­дың Дубай­дан үй алуға құштар­лы­ғы Бірік­кен Араб Әмір­лік­терінің заң­сыз бай­лы­ққа көз жұма қарай­ты­ны­нан туған.

– Ішіне Дубай кіретін Бірік­кен Араб Әмір­лік­тері қар­жы құпи­я­сы­мен бір­ге кор­по­ро­тив­ті табыс салы­ғы тәр­тібі жиі бұзы­ла­тын 10 елдің қата­ры­на кіреді. Яғни, бір шаба­дан ақша­мен көше­ден келіп, оны шотқа салып қой­саңыз, сіз­ден ештеңе сұра­май­ды. Иә, қазір бұл ақы­рын­дап өзгеріп келеді. Себебі Дубай бұл бағыт­та халы­қа­ра­лық заң­на­ма­лар­ды енгізу­ге тыры­сып жатыр, – деді ол.

Оның сөзін­ше, Қаза­қстан билі­гі шетел­ге кет­кен заң­сыз бай­лы­қты қай­та­руға дұрыс көңіл бөліп оты­рған жоқ, ірі актив­тер­ді қай­та­руға құлықсыз.

– Біз шетел­де орна­ласқан актив­тер дере­гін аны­қтап, бір­не­ше рет көмек қолын ұсын­дық. Қаза­қстан­нан сыр­тқа шыға­ры­лған актив­тер­ді елге қай­та­руға атса­лы­сай­ық дедік. Қаза­қстан­да қазір де осы “Елге қай­та­ру” деген тама­ша қор бар. Көп жұмыс істеп жатыр. Жүр­гізіл­ген зерт­те­улер аясын­да Әділет мини­стр­лі­гі­нен, Бас про­ку­ра­ту­ра­дан әре­кет жаса­уда талап етіп келеді. Жур­на­ли­стік зерт­те­улер арқы­лы аны­қталған фак­тілер бой­ын­ша оли­гарх­тар­ды тер­ге­уді талап етті. Өкініш­ке қарай, Бас про­ку­ра­ту­ра­ның мұны­мен бел­сен­ді түр­де жұмыс істеп жатқа­нын көріп оты­рған жоқ­пыз, – деді ол.

Медет­бе­ков заң­сыз актив­тер­ді қай­та­ру ісі тежеліп оты­рға­ны­на осы салаға жау­ап­ты адам­дар кінәлі деп есептейді.

– [Билік] вер­ти­калі әлсіз, өте әлсіз деп ойлай­мын. Әлдекім Тоқа­ев­ты мұны істей­тін адам жоқ деген­ге сен­дір­ген­дей. Сол себеп­ті ескі кадр­ларға жүгі­неді. Ал ескі кадр­лар дегеніңіз Назар­ба­ев­тың адам­да­ры. Кез кел­ген тер­ге­удің соңын­да олар өздеріне барып тіре­леді, – деді “Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­де­гі бюро­сы­ның” жетек­шісі Серік Медетбеков.

Источ­ник: Азаттық

Статьи по теме

Росатом заменил оборудование Siemens для АЭС «Аккую» в Турции на продукцию «китайских друзей»

Россия продает Китаю доли в урановых СП в Казахстане

Алия Назарбаева: Было ваше – стало наше!