Тіркелмеген «Атажұрт еріктілері» қоғамдық ұйымының жетекшісі, азаматтық белсенді құқыққорғаушы Серікжан БІЛӘШТІҢ ісі бойынша айыптау актісі шықты. Енді белсендінің ісі 29 шілде күні, сотта Нұр-сұлтан қаласында қаралуы басталады.
Бұл туралы шілденің 24‑і күні Алматыдағы «Атажұрт еріктілері» кеңсесінде өткен баспасөз мәслихатында Серікжан Біләштің адвокаты Айман ОМАРОВА мәлімдеді.
«Атажұрт еріктілері» ұйымы 2017 жылдың көктемінен бастап белсенді жұмыс істей бастады. Қытай билігінің аз ұлттарға көрсетіп жатқан қысымына қарсы шығып, Алматыда түрлі жиындар мен баспасөз мәслихатын өткізді. Қазақ, тағы басқа мұсылман бауырларымыздың ътуған-туыстары мен жақындары Шыңжаңда қамауда отырғандардан сұхбат алып, видеоларды Youtube және Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшаларында ғана емес, дүниежүзіне танымал «Washington posrt»,«Daily Telegraf»,«New york times», «The Guardian» ақпарат құралдарға үздіксіз жариялап келген.
Серікжанды бүкіл әлемге аты белгілі халықаралық құқыққорғау «Human right’s watch», «Amnesty international» ұжымдары қолдап Бейбітшілік НОБЕЛЬ Сыйлығына ұсынуға керек құжаттар даярлап жатса, әзінің және қорғап жатқан этникалық қазақтардың атажұртында, яғни ҚАЗАҚСТАНДА, Ұлттық қауіпсіздік комитеті оған себепсіз жала жауып соттайын деп жатыр. Мынадай сұмдық, ақылға сыймайтын жағдай тек қазақ халқын ғана емес, бүкіл әлемді шулатты. Бір ай бұрын Сайрагүл Саутбайдың оқмғасынан кейін Қазақстан билігі дүниежүзі алдында тағыда өзінің Қытайға тәуелді екенін білдірді.
Ал, Жамбыл Жабаевты Сталинның туфлиын жалады немесе 37-жылы бір-бірінің үстінен арыз-шағым (донос) жазған атағы жер жарған жазушылар тарих бетінен жоғалуы тиіс деген Мұхтар Шахановтың өзі миллиондаған қандастарымыз бен түркі бауырларымызды саяси үйрену түрмелерінде (Освенцим, Дахау сияқты фашистік концлагерьлерде) азаптап, қинап жатқан Қытай қызыл коммунистік билігінің репрессивтік саясатын әлем жұртшылығына әшкере қылған, ұлт батыры, құқыққорғаушы Серікжан Біләштің қамалуына мұрындық болғанына, оған қоймай адвокат Айман Омарованың айтуы бойынша, КУӘЛІК ЕТКЕН дегенді естігенде, жалғыз менің ғана емес бүкіл қазақ халқының төбе шашы тік тұрды деп айтсам, қателеспеймін.
Ел ағасы, ұлтшыл ақын деп сыйлайтын ақсақалды бұл опасыз тірлігіне қарап, жүрегім қан жылады.
Назарбаевтың қуыршақ шенеунігі болған Тоқаевты сайлауалды кезеңде қолдауға белсене шақырып атсалысқан Мұхтар Шахановтың Серікжан Біләшті соттату үшін жасалған сатқындық ісіне көзі қарақты азаматтар өз бағасын беріп үлгерді.
Ең өкініштісі, авторитарлық билік қазақ ұлтының бірлігі мен ынтымағына балта шапты, Шахановты Серікжанға қарсы қою мен айдап салу арқылы (НКВД мен КГБ-ның әдіс-тәсілі) қазақ ұлтын жікке бөлу операциясы сәтті аяқталды. Ар намысты, адал азаматқа күйе жағуға, шіріген биліктің сөзіне еріп тастаған сүйек саяғына қызығып, елден бет бұраған адам жұрт қарғысы астына қалатыны белгілі жағдай. Шыңғыс хан Отырарды жаулап алғанда, ең бірінші елін сатқындардың басын алатын, деп сау кезінде өзі жазған емес пе? Үзеңгілес досым деп санаған, 20 ғасырдың ұлы гуманисті Шыңғыс Айтматов Шахановтың бұл опасыздығы үшін қабірде бір аунап түскен шығар!
Осы сәттен бастап мен үшін Мұхтар Шаханов ұлт сатқыны, ал Серікжан Біләш ұлт батыры болып адамзат тарихында мәңгі қалатынына сенімдімін.
Ботагөз Иса