Qazakh tili me әлде қазақ тілі ме?

Латын қар­піне көшу дұрыс жолға қой­ыл­ма­са, халы­қтың көбі сау­ат­сыз болып, ал жас ұрпақ тари­хи еңбек­тер­ден қол үзіп қала­ды, деген пікір­де зия­лы қауым өкіл­дері. Пре­зи­дент Нұр­сул­тан Назар­ба­ев кезек­ті жол­да­уын­да 2025 жылы латын қар­піне көшу­ге дай­ын­дық жұмыста­рын жүр­гі­зу тура­лы айтқан бола­тын. Алай­да бұл мәсе­ле­ге қаты­сты қоғам­да дау бітер емес.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

 

Жазу­шы-дра­ма­тург Софы Сма­та­ев­тың пікірін­ше, латын алфа­ви­тіне көш­кені­міз дұрыс, бірақ қазір­гі билік кезенін­де емес.

Түбін­де көш­кені­міз дұрыс, бұл заман тала­бы, бірақ біз қан­ша­ма уақыт кири­ли­ца­мен кел­дік, шығар­ма­ла­ры­мыз соны­мен жазы­лып кел­ді. Лати­ни­ца­ға көшетін бол­сақ, көп­те­ген еңбек­тер, әсіре­се біз сияқты, оппо­зи­ци­яда жүр­ген   жазу­шы­лар­дың туын­ды­ла­ры оқыл­май қала­ды. Назар­ба­ев­тың қолын сүй­етін  жағым­паз­дар­дың кітап­та­ры әрине ауда­ры­ла­ды, ал басқа­ның шығар­ма­ла­ры шет­те қала­ды. Сон­ды­қтан, қазір­гі сая­си жүйе кезін­де лати­ни­ца­ға көшу жақ­сы­лы­ққа жет­кіз­бей­ді, алды­мен бұл билік ауы­су керек, — деген сенім­де жазушы.

Оның сөзіне қараған­да, пре­зи­дент­тің соңғы жол­дау халы­қ­пен қоштасқан­дай болды.

Жал­пы жол­да­уға келетін бол­сақ, ол неге табан астын­да, жан­та­ла­сып мере­ке алдын­да жасал­ды? Мүм­кін, Назар­ба­ев­тың ден­са­улы­ғы­на бай­ла­ны­сты, жоқ басқа себеп бол­ды ма? Оны түсін­бедім, бірақ жол­дау жоқта­уға ұқсап кет­кен­дей көрін­ді маған, — деп әсері­мен бөлі­седі Софы Сматаев.

Ақын Темір­хан Медет­бек бұл баста­ма­дан қорқу­дың қажеті жоқ деп есептейді.

Бүкіл дүние латын қар­піне көшу­де, біз үшін бұл түрік әле­міне жақын­да­су,  бүкіл әлем­мен жақын­да­су, мен мұны қол­дай­мын. 2025 жыл­ды күт­пей-ақ, бүгін­нен бастап осы бағыт­та жұмыс жаса­лу керек. Ол да отар­лық сана­дан құты­лу­дың бір жолы емес пе? Кири­ли­ца қар­пі таза сла­вян­дар­дың өзіне жасаған алфа­ви­ті, оны енгіз­ген­де оры­стар мыса­лы, Еуро­па елдерінің, әсіре­се немістер­дің ықпа­лы­нан ажы­рау үшін жаса­ды. Сау­ат­сыз болып қала­мыз, тағы бір­дене бола­ды деп қорқу­дың қажеті жоқ. Күн­делік­ті көше­де кез­де­стіріп жүр­міз ғой латын жазуын. Оны іске асы­ра­тын ғалым­дар да жет­кілік­ті біз­де, әрине қиын­ды­қтар бола­ды, қиын­ды­қ­сыз ештене бол­май­ды ғой, —  дей­ді ол.

Алай­да ақын латын қар­піне тез ара­да көшіп кететіні­міз­ге күмәнді.

Бүгін­де, қорқа­тын ештене жоқ, Назар­ба­ев­тың кезін­де бұл баста­ма іске аспай­ды деп ойлай­мын. Бұл кеше­гі жол­да­уда ол кісінің әншей­ін, халы­қты алдарқа­ту үшін айта салған сөзі. Мәсе­лең, ол кісі қазақ тілінің мерей­ін өсір­гісі кел­се, оның қажет­тілі­гін туды­ра­тын еді ғой, алай­да олай бол­май тұр. Қазақ тілі шын мәнін­де мем­ле­кет­тік тіл ден­гей­іне жет­сін десе, қазақ қаза­қ­пен қаза­қ­ша сөй­лес­сін дей­ді да, өзі шене­унік­тері­мен орыс­ша сөй­ле­седі, мұн­дай жағ­дай­да тіл дәре­же­сі қалай өседі? Сон­ды­қтан, бұл да бір аяқ­сыз қала­тын баста­ма­ның бірі деген ойда­мын, — деп тұжы­рым­дай­ды Темір­хан Медетбек.

Жазу­шы Ғаб­бас Қабы­шев бұл істе асы­ғы­стық бол­мауы тиіс деген ойда.

Латын қар­піне, өзбек­тер көшті, анау көшті, мынау көшті екен деп асы­ғыс  жасап көш­сек, біздің жазған­да­ры­мы­здың бәрі архив­те қалып қояды. Латын қар­піне көшіп кет­кен буын кири­ли­ца­ны оқи алмай қала­ды.  Бұл істі кем деген­де 15—20 жыл­дың ішін­де жасай ала­мыз, мек­теп­тер­де оқы­ту­ды бастау керек. Кири­ли­ца­дан бір­ден бас тарт­пай, екі алфа­вит­ті де қатар алып жүру керек,  сон­да біздің мұра­мы­здың құны жоғал­май­ды,— деп ұсы­ныс айта­ды жазу­шы.- Ертең жас ұрпақ өткен тарих­тан қол үзбей­ді. Кезін­де араб­ша­дан қол үзіп, талай нәр­се­ден айы­ры­лып қал­дық, сон­дай күй­ге қалуы­мыз мүм­кін, сон­ды­қтан бір­те- бір­те көшуі­міз керек. Оқу бағ­дар­ла­ма­сын білік­ті маман­дар­ды қаты­сты­рып жасау қажет, сон­да ғана коға­мға пай­да­сы тиеді. Астан кестенің шығар­май, асы­қ­пай жасаған дұрыс,  біз­де әдет­те уақыт тақап қалған­да кірі­седі. Ал 2025 жылы енгі­зе­міз дегені, Қожа­на­сыр­дың  айтқа­ны секіл­ді, не хан өледі, не есек өледі демек­ші. Өзі бол­май­ты­нын біл­ген­нен кей­ін айтап береді.

Ақсақал­дың сөзіне сен­сек, ол пре­зи­дент­тің жол­да­уын бақы­лап отыр­май­ды, тіп­ті оқы­май­ды екен.

Мен Назар­ба­ев­тың жол­да­уы­на бір­не­ше жыл­дан бері назар аудар­май­мын, тың­да­май­мын да, оқы­май­мын да, өйт­кені онда айты­лған сөз­дер­ге сенбеймін.

Өзін елба­сы­мын деп жүр­ген адам­ның айтқан сөзінің көбісі бос сөз. 2030 стра­те­ги­я­сын қой­ып, енді 2050-ге көшіп­ті ғой. Алды­ңғы­сы орын­дал­ды дей­ді, бұл барып тұрған қып қызыл өтірік қой? Оны несі орын­дал­ды, егер басты мақ­са­ты халы­қтың әл-ауқа­тын жақ­сар­ту іске аспа­са? Аш халы­ққа мәде­ни­ет­тің кереғі не, білім­нен не пай­да?, — деп ашы­на­ды Ғаб­бас Қабышев.

Нұр­сул­тан Назар­ба­ев­тың өткен жұма­да Қаза­қстан халқы­на жол­даған жол­да­уы үсті­міз­де­гі жылы жасаған екін­ші жол­дау, бұл бұрын-соң­ды бол­маған жағдай.

Кей­бір сарап­шы­лар пре­зи­дент бола­шақ ізба­са­ры­ның бағ­дар­ла­ма­сын жария етті деген пікір айту­да, ал көп­шілік­ке бұл жол­да­удың мақ­са­ты жұм­бақ болып қалды.

От редак­ции: Пред­ста­ви­те­ли казах­ской интел­ли­ген­ции не про­тив пере­хо­да казах­ско­го шриф­та на лати­ни­цу, одна­ко они счи­та­ют, что это долж­но быть сде­ла­но с умом. Поэт Темир­хан Медет­бек дав­но меч­та­ет об этом, но счи­та­ет, что Назар­ба­ев лишь гово­рит, но ниче­го реаль­но­го не дела­ет в этом плане. Писа­тель Габ­бас Кабы­шев гово­рит, что спеш­ка в этом деле лишь вре­дит, а дра­ма­тург Софы Сма­та­ев назвал послед­нее посла­ние Назар­ба­е­ва лебе­ди­ной пес­нью. Напом­ним, пере­ход на лати­ни­цу в 2025 году стал одним из пунк­тов посла­ния пре­зи­ден­та Казах­ста­на, сде­лан­но­го в минув­шую пятницу.

Статьи по теме

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще

Ба! Знакомые все лица