Тәжин тізімі блогшылар…

Интер­нет орта­да өткен апта­ның басты тақы­ры­бы «Тәжин тізі­мі» бол­ды. 22 ақпан күні мем­ле­кет­тiк ақпа­рат­тық сая­сат­тың өзек­тi мәсе­ле­лерi бой­ын­ша өткен жиын­да Қаза­қстан­дағы ең таны­мал әрі ықпал­ды ана­ли­тиктер­дің, блог­шы­лар­дың, әле­умет­тік желілер моде­ра­тор­ла­ры­ның мәлі­мет­тер база­сы жаса­ла­ты­ны тура­лы айтқан еді ҚР Мем­ле­кет­тiк хат­шы­сы Марат Тәжин.

 

Автор: Аршат ОРАЗОВ

 

«Елі­міз­де­гі қоғам­дық-сая­си өнім­дер­ді шыға­ру­мен айна­лы­са­тын бар­лық мем­ле­кет­тік ұйым­дар­дың, ең таны­мал әрі ықпал­ды ана­ли­тиктер­дің, блог­шы­лар­дың, әле­умет­тік желілер моде­ра­тор­ла­ры­ның бір­тұ­тас мәлі­мет­тер база­сын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішін­де аяқта­лу керек. Біз­де мәлі­мет­тер база­сы болуы керек, шама­мен сәуір айы­нан бастап осы бағыт­тағы жұмысты жан­дан­ды­руға тиіс­піз. Мен осы­ны талап ете­мін, алай­да бір­де-бір мем­ле­кет­тік орган­дар­да ондай мәлі­мет­тер база­сы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айна­лы­са­тын адам керек»

Бұл сөз­дер­ді блог­шы­лар әр түр­лі фор­ма­да қабыл­дап, түр­лі-түр­лі пікір­лер айты­ла баста­ды. «Тәжин тізі­мі» деген атау да қой­ы­лып үлгер­ді. Мем­ле­кет­тік хат­шы сол жиын­да не айт­ты, қысқа­ша қарап көрейік.

«Бiз­де мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс аясын­да кей­бiр арна­лар­да нөл­дiк рей­тин­гі­ге ие бағ­дар­ла­ма­лар көр­сетiлiп жата­ды. БАҚ-тың рей­тин­гi ашық түр­де жүр­гiзiлетiн­дiк­тен, аталған мәсе­ле бар­лы­ғы­на бел­гiлi. Мұн­да, пiкiр­та­лас туын­да­уы мүм­кiн, деген­мен бұл ақпа­рат­тық орта­да қалып­тасқан жағ­дай­ды көр­се­тетiн құрал екенi бел­гiлi. Мем­ле­кет­тік арна­лар­да нөл­дiк рей­тинг­ке ие бағ­дар­ла­ма­лар­дың болуы салық төле­ушiлер­дiң қар­жы­сын бей-бере­кет жұм­сау деп есептеймiн»

«Бiздiң БАҚ-тың бәсе­ке­ге қабiлет­тiлi­гін арт­ты­ру және бұл бағыт­та нақты қадам­дар жасау мiн­детiн алды­мы­зға қой­ып отыр­мыз. Құр наси­хат­тап, ұран­даған­нан ештеңе шешiл­мей­дi. Мем­ле­кет­тiк меди­а­ны нары­қтық инду­стри­я­ның бiр бөлi­гі ретiн­де қабыл­дап, эко­но­ми­ка­лық тиiм­дiлiк түсiнi­гiн бас­шы­лы­ққа алу қажет. Бұл бәсе­ке­ге қабiлет­тiлік­ті арт­ты­ру­дағы негiз­гi мәсе­ле болып табылады»

Әлем­де­гi кез кел­ген мем­ле­кет­тiк меди­а­ның сая­си көзқа­ра­сы тұрғы­сы­нан наси­хат­тау жұмысы­ның қыз­метi мен тиiм­дiлi­гі бой­ын­ша мiн­дет­терi мен қажет­тiлi­гi бар. Бүгiн­гi күнi медиа-нарық шар­тта­рын­да ескi әдiспен жұмыс iсте­у­ге жол берiл­ме­уi керек»

«Біздің алды­мы­зда интер­нет­ті зама­на­уи ұлт­тық кон­тент­пен толы­қты­ру және соның есебі­нен digital жүй­есін­де мықты пози­ци­я­ны қам­та­ма­сыз ету мін­деті тұр. «Бірін­ші кезек­те шешілуі қажет басты мәсе­ле — қаза­қстан­дық «kz» домен­дік аймағын­дағы кон­тент сапа­сы мен санын күрт арт­ты­ру. Интер­нет­те­гі жоба­лар­ды, сайт­тар, пор­тал­дар­ды дамы­ту қажет. Әле­умет­тік желілер мен блог сала­сы­на ерекше назар ауда­ру қажет»

«Газет, радио мен теле­ви­зия алдын­да интер­нет­те­гі өз кон­тен­тін сапа­лы түр­де арт­ты­ру, қызы­қты сайт­тар­ды, әсіре­се, қазақ тілін­де­гі сайт­тар­ды құру мін­дет­тері тұр. Соңғы айты­лған мін­дет өте маңы­зды болып табы­ла­ды. Қазақ тіл­ді сег­мент­ті қол­дау бой­ын­ша мақ­сат­ты түр­де­гі жұмысты жолға қою және интер­нет­те­гі сайт­тар­дың иелерін бірік­тіретін бар­лық қоғам­дық ұйым­дар­мен тығыз жұмыс жасау қажет»

«Ком­мен­та­рий­лер, тал­да­у­лар­дың, жур­на­ли­стік зерт­те­улер­дің орны­на ура­лап наси­хат­тық мате­ри­ал жазу оңай, бірақ оны ешкім де оқы­май­ды. Жете­ді, бұн­дай прак­ти­ка­ны тоқта­ту керек. Мен өткен апта­да біздің бір­не­ше мем­ле­кет­тік мерзім­ді бас­пасөз­ге сарап­та­ма жасап шықтым. Ондағы жүз жеті мате­ри­ал­дың жүз төр­ті наси­хат­тық мате­ри­ал. Бұны толық жау­ап­кер­шілік­пен, тоқта­ту керек деп айта­мын. Мем­ле­кет­тік БАҚ наси­хат­тық функ­ци­я­ны орын­дау керек, бұл сөз­сіз орын­да­луы тиіс талап, алай­да нақты жұмысты ура­лап наси­хат­та­у­мен алма­сты­ру­ды қою керек. Әйт­пе­се жұрт­шы­лық тара­пы­нан ешқан­дай да сенім индексі бол­май­ды, бұн­дай БАҚ-ты ешкім де оқымайды»

Бұл Тәжин­нің сөз­дері. Ал енді 2012 жылы қабыл­данған «Ақпа­рат­тық Қаза­қстан — 2020» Мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­сы­ның интер­нет­ке қаты­сты бөлік­теріне қысқа­ша шолу жасайық:

4. Отан­дық ақпа­рат­тық-мәде­ни кеңістік­ті дамыту

4.1 Отан­дық бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­рын жаңғырту

Ныса­на­лы индикаторлар:

2017 жылға рес­пуб­ли­ка­ның аумағын сан­дық теле­ра­ди­о­та­ра­ту­мен 100%-ға қам­та­ма­сыз ету;

ұлт­тық жер­серік­тік желінің або­нент­тер санын 2017 жыл — 700 мың або­нент, 2020 жыл — 1 мил­ли­он або­нент­ке жеткізу;

2017 жылға бүкіл ел аумағын­да қол­жетім­ді отан­дық теле­ар­на­лар — 45-ке жеткізу.

қаза­қстан­дық теле­ви­зи­я­лық арна­лар­дың тара­ту гео­гра­фи­я­сын 2017 жылға — 100 шет елге, 2020 жылға — 110 шет елге дей­ін кеңейту.

бас­па және элек­трон­дық БАҚ-тың Интер­нет­те­гі нұсқа­сы­ның ұсы­ны­луын 2017 жылға 70% ‑ға, 2020 жылға — 95%- ға жеткізу.

мобиль­дік қосым­ша­лар арқы­лы қол­жетім­ді бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры 2017 жылға — 50% ‑ға, 2020 жылға 80%- ға жеткізу;

негіз­гі ақпа­рат­тық мұқтаж­ды­қта­рын отан­дық БАҚ арқы­лы қанағат­тан­ды­ра­тын тұрғын­дар­дың бөлі­гі (әле­умет­тік сау­ал­на­ма қоры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша) 2017 жылға — 64% ‑ға, 2020 жылға — 70%- ға жеткізу;

мем­ле­кет­тік БАҚ-тар­мен тар­ты­ла­тын жар­на­ма нары­ғы­ның көле­мін 2017 жылға — 35% ‑ға, 2020 жылға — 50%- ға арт­ты­ру (2012 жылға қатысты).

Қол жет­кі­зу жол­да­ры (интер­нет­ке қаты­сты тұстары)

- мем­ле­кет­тік теле­ар­на­лар мен бас­па БАҚ-тың Интер­нет желісіне енуін қам­та­ма­сыз ету, Интер­нет нұсқа­ла­рын таны­мал ету бой­ын­ша ақпа­рат­тық науқан жүргізу.

- халық ара­сын­да неғұр­лым кең таралған ақпа­рат құрал­да­рын­да жұмыс істе­у­ге бей­ім­дел­ген мем­ле­кет­тік БАҚ-тың мобиль­дік нұсқа­ла­рын әзір­леу мәсе­лесін қарастыру.

- дәстүр­лі мем­ле­кет­тік емес бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның Интер­нет жүй­есіне шығуы­на жағ­дай жасау.

- Қаза­қстан үшін сая­си, эко­но­ми­ка­лық және ақпа­рат­тық жағы­нан маңы­зды болып табы­ла­тын елдер мен өңір­лер­де рес­пуб­ли­ка­лық бас­пасөз БАҚ-тың шетел­дік тіл­шілер қосы­ны­ның гео­гра­фи­я­сын кеңейту,

- маман­дан­ды­ры­лған интер­нет-редак­ци­я­лар­ды бөлу мақ­са­тын­да мем­ле­кет­тік бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­ның штат­тық кестесі мен құры­лы­мын қай­та қарау.

- мем­ле­кет­тік БАҚ сайт­та­ры­ның тар­тым­ды­лы­ғы мен қол жетім­ділі­гін, ноут­бук­тар мен смарт­фон­дар­дың, план­шет­тік ком­пью­тер­лер мен теле­ви­зор­лар­дың (Интер­нет­ке шығуы), авто­көлік­тер­де­гі муль­ти­ме­ди­а­лық құры­лғы­лар­дың экран­да­рын­да тар­тым­ды жаб­ды­қта­луы­ның тұжы­рым­да­ма­сын қай­та қарау.

Дай­ын медиа-өнім­дер­ді ілгер­ле­ту мәсе­лесіне ерекше назар ауда­ры­ла­тын болады:

- біре­гей және қызы­қты кон­тент­пен алдын ала құлақтан­ды­ру жетек­ші бас­пасөз және элек­трон­ды бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры үшін мін­дет­ті прак­ти­ка болмақ.

- жаңа мате­ри­ал­дар тура­лы хабар­лан­ды­ру­лар әле­умет­тік желілер, тақы­рып­тық қызы­ғу­шы­лы­қта­ры бой­ын­ша элек­трон­ды пошта­лар, мобиль­дік теле­фон­дар арқы­лы жедел жаңа­лы­қтар мен маңы­зды жари­я­ла­ным­дар тура­лы хабар­лан­ды­ру­лар жол­дау сияқты әдістер қол­да­на­тын болады.

- қаза­қстан­дық БАҚ-тың маңы­зды гра­фи­ка­лық, фото- және бей­не­ма­те­ри­ал­да­ры Интер­нет жүй­есін­де бел­сен­ді түр­де алға жылжымақ.

- Жари­я­ла­ным­дарға маңы­зды­лы­қты арт­ты­ру БАҚ нұсқа­ла­рын мобиль­дік бай­ла­ныс құрал­да­ры­на қол­жетім­ді ете­ді. Тұта­стай алған­да, бар­лық негіз­гі бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры Интер­нет­ке көшіріліп, Интер­нет масс-медиа үшін біре­гей тұғыр­на­маға айна­ла­тын болады.

Отан­дық БАҚ-ты жаңғыр­ту­дың кадр­лық негіз­дерін тұрақты түр­де қам­та­ма­сыз ету үшін жаңа маман­дар­ды оқы­ту бой­ын­ша келесі жұмыстар жүргізіледі:

- жер­гілік­ті еңбек нары­ғын­дағы жағ­дай­ға мони­то­ринг, тал­дау және болжау жүр­гі­зу жоға­ры оқу орын­да­ры мен елі­міз­де­гі жетек­ші бұқа­ра­лық ком­му­ни­ка­ци­я­лық құрал­да­ры­ның бір­лесіп жос­пар­ла­у­ы­ның мін­дет­ті эле­мен­ті болады;

- жоға­ры оқу орын­да­ры­ның медиа сала­дағы маман­дар­ды оқы­ту бой­ын­ша бағ­дар­ла­ма­ла­ры қазір­гі заман­ның талап­та­ры­на сай жаңар­ты­ла­ды. Олар­ды көкей­кесті етуіне бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры сала­сы­ның жетек­ші маман­да­ры тартылады.

- елі­міздің жетек­ші жоға­ры оқу орын­да­ры­ның негізін­де инже­нер-тех­ни­ка­лық кадр­лер, меди­а­лық интер­нет-техо­ло­ги­я­лар және бас­пасөз ісі сала­сы­ның маман­да­ры­нан басқа, тар­бей­ін­ді маман­дар­ды даяр­лау ұйымдастырылады.

4.2 Отан­дық ақпа­рат­тық кон­тент­ті өндіруді ынталандыру

Ныса­на­лы индикаторлар:

отан­дық өндірісте­гі телеөнім­дер көле­мі эфир­лік уақыт­тан 2017 жылы — 53%, 2020 жылға — 60%;

про­кат­тағы отан­дық көр­кем фильм­дер­дің саны 2017 жылы — 8%, 2020 жылы — 10%;

интер­нет-тра­фик­тің ішкі және сыр­тқы көле­мінің ара­сал­мағы- 2017 жылға 0,7:1‑ге, 2020 жылға — 1:1‑ге;

«KZ», «ҚАЗ» домен­дерін­де­гі Интер­нет-сайт­тар­дың өсу саны 2017 жылға- 35%-ға, 2020 жылға — 50% — ға жеткізу;

қосалқы қар­жы­лан­ды­ру шар­ты­ның негізін­де жеке­мен­шік теле­ар­на­лар ара­сын­да тап­сы­рыс беру тәсілі­мен теле­ви­зи­я­лық өнім­нің көле­мі 2017 жылға-10 жобаға, 2020 жылға15-тен кем емес жобаға;

қаза­қстан­дық сайт­тарға орта­ша кіруді арт­ты­ру­ды ‑2017 жылы — 40%-ға, 2020 жылы — 50% — ға жеткізу;

қаза­қстан­дық блог­жүйе көле­мін — 2017 жылы 1 дер­бес Интер­нет-бло­гқа 100 интер­нет пай­да­ла­ну­шы, 2020 жылы 2 дер­бес Интер­нет-бло­гқа 100 интер­нет пайдаланушы;

2017 жылы ‑10, 2020 жылы — 20 отан­дық теле­се­ри­ал түсіру;

мем­ле­кет­тік теле­ар­на­лар кон­тен­ті өндірісінің 2017 жылы — 50%, 2020 жылы — 60% аут­сор­синг­ке беру.

Қол жет­кі­зу жолдары

- қол­да бар ақпа­рат­ты ресми сайт­тарға орна­ла­сты­руға мем­ле­кет­тік меке­ме­лер­ді және ұйым­дар­ды ынта­лан­ды­руға нор­ма­тив­тік және әкім­шілік сипаттағы шара­лар қолдану.

- қазақ тілі син­тез­деу және тану, авто­мат­тық ауда­ру жүй­есін, онто­ло­ги­я­сын, элек­трон­дық теза­ру­стар­ды құру арқы­лы отан­дық ком­пью­тер­лік линг­ви­сти­ка жөнін­де жұмысты бел­сен­ді жүргізу.

- мем­ле­кет­тік теле­ви­зи­я­лық сту­ди­я­лар­ды жеке­мен­шік кон­тент әзір­ле­ушілер­ге беру.

- әле­ует­теріне жасалған тал­дау нәти­же­лерінің мәлі­мет­тері негізін­де ірік­тел­ген про­дакшн-сту­ди­я­ларға қол­дау көр­се­ту, әле­умет­тік жоба­лар­ды іске асы­руға мем­ле­кет­тік тап­сы­ры­сты орналастыру.

- теле­фон және интер­нет­те­гі -«жыл­дам желі» көме­гі арқы­лы құқы­ққа қар­сы кон­тент­тер­ді тара­туға қар­сы тұру­дағы аза­мат­тар мен қоғам­дық ұйым­дар­дың баста­ма­сын ұйым­дық, қар­жы­лық қолдау.

Білік­ті маман­дар­дың, әсіре­се Интер­нет-кон­тент әзір­леу сала­сын­да жетіс­пе­ушілі­гін шешу үшін мына шара­лар жүзе­ге асы­ры­ла­тын болады:

- Оқу­шы­лар, сту­дент­тер, бло­гер­лер және кәсі­би кон­тент-әзір­ле­ушілер ара­сын­да кон­кур­стар өткі­зу жөнін­де­гі қоғам­дық баста­ма­лар­ды ақпа­рат­тық қол­дау көрсету,

- Аза­мат­тық жур­на­ли­сти­ка өкіл­деріне бас­па басы­лым­да­ры­ның интер­нет нұсқа­ла­рын­да, теле­ар­на­лар­да, жетек­ші ақпа­рат­тық-жаңа­лы­қтар ресур­ста­рын­да жари­я­ла­у­ға кең мүм­кін­дік туады.

Тәжин­нің сөз­дері­мен және мем­ле­кет­тік бағ­дар­ла­ма­мен қысқа­ша таныс бол­дық. Қысқа­ша айтқан­да Үкі­мет ақпа­рат­тық бола­шақтың қазір­гі дәстүр­лі БАҚ емес интер­нет арқы­лы жақ­сы тарай­тын­ды­ғы­на сенеді. Бұны жүзе­ге асы­ру үшін қазір интер­нет­те­гі бел­сен­ді топ, тұлға­лар­дың көмек­теріне зәру. Рей­тин­гі ноль мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс орын­да­у­шы БАҚ-тарға қар­жы құр­тқан­ша ол ақпа­рат­ты интер­нет арқы­лы тез және сапа­лы тара­ту­ды ойлай­ды. БАҚ сала­сын­дағы қыз­мет­кер­лер­ді де интер­нет­ке бей­ім­деп, кәсі­би білік­тілік­терін арт­ты­ру­ды қалайды.

Блог­шы­лар және интер­нет сала­сын­да қыз­мет ету­шілер үшін үлкен мүм­кін­дік туып тұр. Бұл үлкен рестай­линг­ті баста­у­шы, құру­шы­лар осы сала­дағы тұлға­лар бол­мақ. Бұры­нғы энту­зи­а­стар енді білік­ті маман­дар ретін­де қыз­мет етпек. Тек қана мем­ле­кет­тік ақпа­рат­ты тара­ту жұмыста­ры ғана емес, сапа­лы кон­тент­ті дай­ын­дау, білік­тілік­ті арт­ты­ру үшін арнайы семи­нар, тре­нинг­тер беру, кадр­лар дай­ын­дау, сарап­та­ма­лар жасау, рей­тинг­тер бел­гілеу де интер­нет­шілер­дің құзы­рын­да болмақ.

 

Источ­ник: Ұлт порталы

Ори­ги­нал статьи:

“Тәжин тізі­мі” блогшылар…

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще