Құлыбаевтың вилласынан шыққан дау, Мәсімовпен кездескен Байденнің ұлы және Пекинге барған Орталық Азия басшылары

Тимур Құлы­ба­ев­тың жақын сері­гі делі­нетін үнді мил­ли­ар­дері Арвинд Тику экс-пре­зи­дент­тің күйе­уба­ла­сы­ның мүл­кі жай­лы есеп жари­я­лаған ком­па­ни­я­ны не себеп­ті сотқа бер­ді? Оған Сан­нин­г­хилл Парк зәулім сарай­ы­ның иесі Тимур Құлы­ба­ев­тың қаты­сы қан­дай? АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден­нің ұлы Хан­тер Бай­ден не себеп­ті Кәрім Мәсі­мов пен Қытай­дың мем­ле­кет­тік мұнай ком­па­ни­я­сы ара­сын­дағы 120 мил­ли­он дол­лар келісім-шар­тқа ара ағай­ын­дық жаса­уға тыры­сты? Батыс бой­кот жари­я­лаған Пекин­де­гі қысқы Олим­пи­а­да ойын­да­ры­ның ашы­луы­на Орта­лық Азия бас­шы­ла­ры не үшін бар­ды? Батыс басы­лым­да­ры бұл апта­да осы сұрақтарға жау­ап іздеді.

ҚҰЛЫБАЕВТЫҢ ЗӘУЛІМ САРАЙЫ ЖӘНЕ СОТҚА ШАҒЫМДАНҒАН ҮНДІ МИЛЛИАРДЕРІ

Бри­тан басы­лым­да­ры Қаза­қстан­ның экс-пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың күй­еу бала­сы, мил­ли­ар­дер Тимур Құлы­ба­ев­тың Ұлы­бри­та­ния хан­за­да­сы Эндрю­дан 15 жыл бұрын сатып алған Сан­нин­г­хилл парк вил­ла­сы­на тағы назар аудар­ды. Бұған Батыс басы­лым­да­ры Тимур Құлы­ба­ев­тың «жақын серік­тесі» деп атап жүр­ген үнді биз­не­смені, мил­ли­ар­дер Арвинд Тику­дың S‑RM Intelligence атты ком­па­ни­я­ның үсті­нен Ұлы­бри­та­ни­я­ның жоға­ры соты­на түсір­ген шағы­мы себеп.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІҢ КҮЙЕУБАЛАСЫ, KAZENERGY-ДІҢ СОЛ КЕЗДЕГІ БАСШЫСЫ ТИМУР ҚҰЛЫБАЕВ (СОЛ ЖАҚТА) ЖӘНЕ СОЛ КЕЗДЕГІ ПРЕМЬЕР-МИНИСТР КӘРІМ МӘСІМОВ. 2011 ЖЫЛ.

Бри­тан­дық Times басы­лы­мы­ның жазуын­ша, Тику­дың сотқа шағым­да­нуы­на S‑RM Intelligence ком­па­ни­я­сы­ның Тимур Құлы­ба­ев­тың Энд­рю хан­за­да­дан Сан­нин­г­хилл парк зәулім үйін 15 мил­ли­он фунт стер­линг­ке сатып алға­ны тура­лы есебі түрт­кі бол­ды. S‑RM Intelligence есебін­де бұл вил­ла “Қаза­қстан­дағы мем­ле­кет­тік актив­тер­ді сату­дан түс­кен ақша­ның ізін жасы­ру үшін сатып алы­нған болуы мүм­кін” делі­неді. Есеп­те Арвинд Тику Тимур Құлы­ба­ев­тың «сенім­ді өкілі» деп көр­сетіл­ген, оның сотқа ары­зда­нуы осы мәлі­мет негіз болған. S‑RM Intelligence ком­па­ни­я­сын «жеке деректер­ді қорғау» заңын бұзып, өзінің ар-намысы­на нұқ­сан кел­тір­гені үшін сотқа тар­тып, 50 мың фунт стер­линг өте­мақы талап етіп отыр.

Сан­нин­г­хилл-парк, Бак­херст-роуд, Аскот, Берк­шир аймағы, Англия.

Тику­дың адво­кат­та­ры S‑RM Intelligence есебі құқық қорғау орган­да­ры әлдеқа­шан тек­серіп, теріс­ке шығарған айып­та­у­ларға негіз­дел­генін алға тар­та­ды. Олар есеп­те Тику тура­лы жазы­лған жайт­тар жалған екенін айтып, үнді биз­не­сменінің еш уақыт­та Құлы­ба­ев­тың «сенім­ді өкілі» бол­маға­нын мәлім­деді. Сон­дай-ақ Тику­дың қорға­у­шы­ла­ры ол Сан­нин­г­хилл парк сарай­ын сатып алуға көмек­те­су арқы­лы ақша ием­ден­бе­генін және қар­жы­ның ізін жасыр­маға­нын жеткізді.

Йорк гер­цо­гы Энд­рю хан­за­да­ның бес жыл бойы өтпей тұрған Сан­нин­г­хилл парк зәулім сарай­ын Тимур Құлы­ба­ев 2007 жылы сұралған баға­сы­нан 3 мил­ли­он фун­тқа қым­батқа сатып алған.

Times-тің жазуын­ша, гер­цог пен Құлы­ба­ев­тың өкіл­дері бұл келісім­шар­ттың таза ком­мер­ци­я­лық және заң­ды жол­мен жасалға­нын айтқан. Құлы­ба­ев қан­дай да бір заңбұ­зу­шы­лық болға­нын үне­мі жоққа шыға­рып кел­ді. Ал оның адво­кат­та­ры «ақша­ның ізін жасы­ру» бой­ын­ша айып­тау негіз­сіз, «Құлы­ба­ев­тың Сан­нин­г­хилл парк­ті заң­сыз ақшаға сатып алды деген тұжы­рым жалған» екенін мәлімдеген.

Тику мен S‑RM Intelligence ара­сын­дағы дау бри­тан­дық Daily Mail таб­ло­и­ды­ның да наза­ры­на ілік­ті. Басы­лым­ның жазуын­ша, Құлы­ба­ев­тың адво­кат­та­ры «оның про­цес­ке қаты­су­шы тарап емес екенін, бірақ сенім­сіз және тек­серіл­ме­ген дереккөз­дер­ге сүй­ен­ген айып­та­у­ларға қар­сы екенін» жет­кіз­ген. Бұл сот про­цесіне Йорк гер­цо­гы Энд­рю хан­за­да­ның куә­гер ретін­де шақы­ры­луы мүм­кін дей­ді басылым.

“БАЙДЕННІҢ ҰЛЫ КӘРІМ МӘСІМОВ ПЕН ҚЫТАЙ КОМПАНИЯСЫНЫҢ АРАСЫНДА ДЕЛДАЛ БОЛУҒА ТЫРЫСҚАН”

Бри­тан­дық Daily Mail таб­ло­и­ды мен АҚШ-тағы New York Post басы­лы­мы АҚШ пре­зи­ден­ті Джо Бай­ден­нің ұлы Хан­тер Бай­ден экс-пре­мьер-министр, қазір “мем­ле­кет­ке опа­сыздық жаса­ды” деген айып тағы­лған ҰҚК-нің бұры­нғы төраға­сы Кәрім Мәсі­мов пен АҚШ санк­ци­я­сы салы­нған Қытай­дың CNOOC мұнай ком­па­ни­я­сы ара­сын­дағы 120 мил­ли­он дол­лар­лық келісім­ге дел­дал болуға ұмты­лға­нын жазады.

Daily Mail-дің жазуын­ша, «Хан­тер Бай­ден­нің ноут­бу­гін­де­гі элек­трон­ды хат­тар оның Мәсі­мов­пен бірі­гіп, АҚШ санк­ци­я­сы салы­нған Қытай­дың мем­ле­кет­тік CNOOC энер­ге­ти­ка ком­па­ни­я­сы­мен «өте тиім­ді, мерзі­мі шек­тел­ме­ген» келісім­шарт жаса­уға тыры­сқа­нын көрсетеді».

Басы­лым Мәсі­мов­ке қазір тағы­лған айып­тың бұл келісім-шар­тқа қаты­сы бар деген­ді көр­се­тетін дәлел жоқ екенін келтіреді.

Қаза­қстан­ның сол кез­де­гі пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов қытай­лық әріп­тесі­мен бір­ге Пекин­де­гі сал­та­нат­ты шара­лар­дың бірін­де. 2015 жыл.

Хат­тар шама­мен 2014 жыл­дың сәуірін­де жазы­лған. Хат­тар­да Хан­тер Бай­ден мен оның сол кез­де­гі биз­нес серік­тесі Девон Арчер Қытай­дың China National Offshore Oil Corp ком­па­ни­я­сы­на «инве­сти­ци­я­лық мүм­кін­дік­тер» табуға көмек­те­су тура­лы ұсы­ны­сты талқы­лай­ды. Бұл уақыт­та Бай­ден де, Арчер де укра­и­на­лық Burisma Holdings энер­ге­ти­ка­лық ком­па­ни­я­сы­ның дирек­тор­лар кеңесіне мүше болған.

«Егер CNOOC-пен Bursima-ны өза­ра бай­ла­ны­сты­ра алсақ, онда мұны мәң­гілік ете алар едік» дей­ді Арчер 2014 жыл­дың 8 сәуірін­де Хан­тер­ге жазған хатында.

Оған Бай­ден: «Бұған тосқа­уыл­дар бар, бірақ…» деп жау­ап береді.

Кей­ін­гі хат­тар­да Бай­ден бұл мәміле­ге мұнай­ға бай Қаза­қстан­ды тар­тып көр­сек қалай деп жаза­ды. Оған Арчер «бұл тура­лы ойланға­нын, «бүгін Мәсі­мо­втің ұлы­мен сөй­ле­сетінін», «нәти­же­сін хабар­лай­ты­нын» жеткізеді.

Бір айдан кей­ін, 7 мамыр күні Хан­тер Burisma-ның атқа­ру­шы дирек­то­ры Вадим Пожар­ский­ге жазған хатын­да «CNOC пен Burisma ара­сын­дағы әріп­те­стік­ті талқы­лау үшін Пекин­ге қонға­нын жазады».

Тура сол күні Арчер де Пожар­ский­ге хат жазып, Қаза­қстан­ның пре­мьер-мини­стрі Кәрім Мәсі­мов­пен келесі апта­да кез­де­сетінін», «кез­де­су­де Қаза­қстан­дағы жоға­ры сапа­лы қоры бар кен орын­да­ры­мен қам­та­ма­сыз ету» талқы­ла­на­ты­нын айтқан. Соны­мен қатар Арчер артын­ша жанын­дағы «Алекс» есім­ді адам­мен Қаза­қстан­нан Пекин­ге Қытай­дағы серік­те­стерін ақпа­рат­тан­ды­ру үшін ұша­ты­нын жеткізген.

Хан­тер мен Девон­ның хат­та­ры­нан олар­дың Қаза­қстан үкі­меті CNOOC ком­па­ни­я­сы­на бұрғы­лау құқы­ғын бер­се, бұрғы­лау қон­ды­рғы­ла­ры мен ұңғы­ма­ны басқа­ру құқы­ғы Burisma ком­па­ни­я­сын­да өтсе деген мақ­сат­ты көз­де­гені көрі­неді. Девон «бұл мәмі­ле олар­ды өмір бой­ғы пай­даға кенел­те­ді» деген.

2015 жыл­дың сәуірін­де Хан­тер­дің Қытай­дың Bohai инве­сти­ци­я­лық ком­па­ни­я­сын­дағы серік­те­стер­мен алмасқан хатын­да Қаза­қстан­дағы «мақ­сат­ты инве­сти­ция» көле­мі 120 мил­ли­он дол­ларға жететін «Кар­мен жоба­сы» сөз етіледі. Бұл сома­ның 40 мил­ли­он дол­ла­рын қытай­лы­қтар қар­жы­лан­ды­ра­ты­ны айтылады.

Daily Mail Хан­тер­дің элек­трон­ды хат­та­ры­нан ол көз­де­ген келісім-шарт жасасқан-жасас­паға­ны бел­гісіз дей­ді. «Деген­мен Bohai мен өзге қытай­лық ком­па­ни­я­лар­мен келісім­шар­тта­ры арқа­сын­да Хан­тер мен оның отба­сы кемі 31 мил­ли­он дол­ларға қол жет­кізді, ал Burisma ком­па­ни­я­сы­ның дирек­тор­лар кеңесіне кір­гені үшін ол ай сай­ын 83 мил­ли­он дол­лар алып отырған».

Басы­лым­ның жазуын­ша, Хан­тер Қаза­қстан­да Мәсі­мов­пен кез­дескен тұста, ол екін­ші мәр­те пре­мьер-министр қыз­метіне тағай­ын­далған. Хан­тер элек­трон­ды хат­тар­да Мәсі­мо­вті «жақын досым», ал оның ұлы Ескен­дір­ді «өте жақ­сы досым» деп атаған. Хан­тер өзінің серік­тесі Арчер де Мәсі­мов пен оның ұлы­мен «аса жақын» болға­нын келтіреді.

2015 жыл­дың сәуірін­де Хан­тер әкесі Джо Бай­ден АҚШ-тың вице-пре­зи­ден­ті қыз­метін атқарған тұста қаза­қстан­дық үш биз­нес­мен, ресей­лік мил­ли­ар­дер мен Мәс­ке­удің «жемқор­лы­ққа батқан» бұры­нғы мэрін Вашинг­тон­дағы кафе­ге әкесі­мен ас ішу­ге шақы­рған. Бірақ кәсіп­кер­лер мен ресми тұлға­лар­ды әкесі­мен кез­де­стір­ген Хан­тер­дің басы кей­ін дауға қалып, оған «биз­несін рет­теу үшін әкесін пай­да­ла­на­ды» деген сын айтылды.

Қызы­ғы, кез­де­су бола­тын күні таңер­тең Арчер­ді «Уил­лард» қонақ үйін­де­гі Мәсі­мо­втің нөміріне оны­мен таңғы ас ішу­ге шақы­ра­ды. Бұл Мәсі­мо­втің көмек­шісінің Арчер­ге жазған хаты­нан бел­гілі болды.

Бер­тін­де ақпа­рат құрал­да­рын­да Кәрім Мәсі­мов, Кеңес Рақы­шев, Хан­тер мен Джо Бай­ден­дер­дің бір­ге түс­кен суреті жари­я­лан­ды. Бұл сурет­тің рас я жалған екені бел­гісіз. Деген­мен сурет­те­гі адам­дар­дың ешқай­сысы оны теріс­ке шығармады.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ БАСШЫЛАРЫ ПЕКИНГЕ НЕ ҮШІН БАРДЫ?

Diplomat басы­лы­мы Шың­жаң­дағы аз ұлт өкіл­дерін қуда­ла­у­ға бай­ла­ны­сты Қытай­дағы Олим­пи­а­даға Батыс елдері бой­кот жари­я­лаған тұста Орта­лық Азия елдерінің бас­шы­ла­ры Пекин­ге не себеп­ті бар­ды деген сұраққа жау­ап іздейді.

Мақа­ла авто­ры Кэтрин Путц қаңтар айы­ның соңын­да ғана Орта­лық Ази­я­ның бес пре­зи­ден­ті Қытай­мен дипло­ма­ти­я­лық қарым-қаты­на­стың 30 жыл­ды­ғы­на арналған вир­ту­ал сам­мит­ке қаты­сқа­нын еске салып, «Пекин­мен бай­ла­ныс орна­ту үшін сапар­ла­ту­дың қажеті жоқ еді» дейді.

Глаз­го уни­вер­си­тетінің Орта­лық Ази­я­ны зерт­теу жөнін­де­гі про­фес­со­ры Лука Анче­ски «Орта­лық Азия бас­шы­ла­ры­ның Олим­пи­а­да ойын­да­ры­ның ашы­луы­на қаты­суы олар­дың ғалам­дық тәр­тіп­ті қай­та құру үшін қалып­та­сып жатқан халы­қа­ра­лық авто­ри­тар жүй­енің ажы­ра­мас бөлі­гі екенін көр­се­те­ді» деген пікір айтады.

Ал Біш­кек­те­гі ЕҚЫҰ ака­де­ми­я­сы­ның аға ғылы­ми қыз­мет­кері Нива Яудың айтуын­ша, «бүкіл әлем Шың­жаң­дағы ұйғыр мәсе­лесіне көз тігіп оты­рған­да Орта­лық Азия елдерінің өзін толық қол­дай­ты­нын көр­се­ту Пекин үшін аса маңызды».

Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев Пекин қысқы Олим­пи­а­да ойын­да­ры­ның ашы­лу рәсі­мін­де. Пекин, 4 ақпан 2022 жыл.

Нива Яу «Қытай көзі­мен қара­сақ, Орта­лық Азия бас­шы­ла­ры­ның Пекин­ге баруы «Шың­жаң­дағы сая­сат­ты аймақ қол­дай­ды» деген­ге жұба­ныш» дей­ді. «Ұйғыр мәсе­лесін «аймақтық мәсе­ле» күй­ін­де сақтау сырт­тан ара­ла­су­ды бол­дыр­маудың ең күшті жолы».

Оның айтуын­ша, Шың­жаң­дағы сая­сатқа қар­сы шыққан­нан Орта­лық Азия елдері көп нәр­се ұтпай­ды. Өйт­кені Қытай­ды қол­дау арқы­лы бұл елдер эко­но­ми­ка­лық пай­даға кене­леді, ал бұл билік­тен айрыл­мауға мүм­кін­дік беретін ресур­стар мен қол­да­уға ие болу деген сөз.

Пекин­ге сапар­лау арқы­лы Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Қасым-Жомарт Тоқа­ев Еура­зи­ядағы Қытай және өзге де авто­ри­тар дер­жа­ва­лар­дың қол­да­уын өз билі­гін сақтап қалу­дың шар­ты ретін­де қарас­ты­ра­ты­нын көр­сет­ті дей­ді Анчески

Тоқа­ев­пен кез­де­су­де Қытай төраға­сы Си Цзинь­пин оны қол­дай­ты­нын ашық біл­діріп, Қаза­қстанға сапар­мен келу ұсы­ны­сын қабыл алды. Қытай бас­шы­сы пан­де­мия басталға­лы өз елі­нен шық­паға­нын ескер­сек, бұл ерекше оқиға дей­ді автор.

Басы­лым қаңтар соңын­да Орта­лық Азия бас­шы­ла­ры­мен кез­дескен­де Си Цинь­пин «сыр­тқы күш­тер­дің түр­лі-түсті төң­керістер­ді ұйым­да­сты­ру әре­кетіне» тосқа­уыл қою, «құқы­қты сыл­тау етіп» өзге елдер­дің ішкі ісіне қол сұғуға қар­сы тұру арқы­лы «тату-тәт­ті досты­қты» нығай­ту­ды сөз еткенін еске сала­ды. Анче­скидің ойын­ша, Қытай мен Орта­лық Азия елдерін жақын­да­сты­рып тұрған басты нәр­се – эко­но­ми­ка, ал оның олим­пи­а­да­да төбе көр­се­ту­ден гөрі анағұр­лым терең сая­си мәні бар.

Источ­ник: https://dpkkz.com/

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще