Қазақ баспасөзіне сұраныс әлі де аз, өйткені қазақтілді басылымдар жарымжан болып отыр. Газет беттерінің қазақшасы көбейсе, таралымы бірден түсе бастайды, дейді белгілі жірналист, «Общественная позиция» газетінің «Бас оқырманы» Ермұрат Бапи.
Автор: Жанна БИСАРОВА
«Дат» жобасыңың жетекшісі, Ермұрат Бапи жобаның 15 жылдың ішінде көрген қиындықтары туралы, қазақ баспасөзінің бүгінгі жағдайы және президент Назарбаевтың мұрагері жөнінде сұрақтарға «R‑студияның» 26 сәуірде өткен онлайн-конференция барысында жауап берді.
«Даттың» 15 жылдығы туралы
Еліміздегі тәуелсіз басылымдардың бірі — «Дат» жобасының жарық көріп келе жатқанына 15 жыл толды. Осы уақыттың ішінде бастарыңызға талай қиын қыстау кезендер түсті…
- «Айта айта Алтайды, Жамал апай қартайды», демекші, «Даттың» құдалану мәселесі он бес жылдың ішінде, алғашқы күннен бері айтылып келеді. Сізбен біздің оқырмандарымыз бір деп ойлаймын, сондықтан олар біздің жағдайымыздан хабардар болуы әбден ықтимал. Қысқаша айтсам, 15 жылдың ішінде «Дат» газеті 12 мәрте атауын өзгертті, бір газет жабылып жатты, басқасы ашылып жатты, арасында екі-үш нөмірлері ғана шығып үлгергендер болды. Біз 48 сот процессінен өттік, оның ішінде 4 қылмыстық, 11 азаматтық, қалғаны әкімшілік процесстер. 800 миллион тенгеге арыз түсіпті, әрине оның ешқайсысын біз өтеген жоқпыз, өйткені ондай мүмкіндік жоқ бізде. Сондай тар тайғақ жолдан өттік, шынын айту керек, сонғы бір екі жылда шамалы тыныш болып қалды.
- Бұл неге байланысты деп ойлайсыз?
- Бір жағынан «Республика» газетімен алысып жатқасын ба, оның себебін біз білмедік. Бір жағынан ынғайсыз екен, әлдеқайда ойлар болуы мүмкін. Бірақ, мүлдем тынышталып қалды деп айтуға болмайды, айына бір рет бір әкімшілік арыздар түсіп жатады, біз сотқа жеткізбей, келісіп жатқан жайымыз бар, өйткені газетті сақтап калу керек.
- Өткенде бір сұқбатыңызда «басында біз оппозициялық басылым болған жоқпыз деп қалдыңыз», Қазақстанда тәуелсіз басылым мен оппозициялық басылымның қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыз?
- Тәулсіз басылым деген дүние менің ойымда, ол жанжақты қоғамдағы бар ақпаратты түгелдей береді. Азаматтық қоғамның, оппозияцияның да, биліктің де ақпаратын яғни қоғамдағы тепе- теңдікті сақтайды. Ал оппозияциялық газет деген қоғамдағы қарсы ойларды, пікірлерді көбірек жариялаған кейин ол, әрине оппозициялық басылымға жатады.
-Қазір енді өздеріңізді қалай бағалайсыз?
- Енді бізді оппозициялық басылымдар қатарына ығыстырып тастағаннан кейін, біз оны мойындауға мәжбүрміз, екіншіден елдегі 5000 жуық газет биліктің жырын жырласа, біз қалған бір-екі оппозициялық газет басқа пікірді жеткізуге тырып жатырмыз.
- Қазіргі Қазақстандағы нарық баспасөзін қалай бағалайсыз, оның ішінде қазақ баспасөз нарығын?
- Баспасөз нарығындағы бүгінгі жағдайын айтар болсақ, ең бірінші кезекте, ақпарат министрлігі тарапынан қоғамдық-саяси мәндегі газеттерді тіркеу шектеулі екені айтуымыз керек. Сол себептен тәуелсіз жан-жақты ақпаратты беретін басылымдар жоқтын қасы, сан түрлі себептермен өтініш берген азаматтардың құжаттары қайтарылып, өтініш берген адамдар тексеріске ұшырайды, ал тіміскімен айналысатын бізде бірақ орган бар — ұлттық қауіпсіздік комитеті. Баспасөз нарығы дегенде, сайттарды алмағанда таза оппозициялық 10 жуық басылымдар бір жағында, ал бір жағында 5000 жуық биліктің сойылын соғып жүрген газеттер…
- Оқырман сұрағы: « Салематсыз ба, Ереке! Газетінізді қазір кім қаржыландырады? жақында 15 жылдық тойыларыңызды қалай атап өтіңіздер?».
- Бізді ешкім қаржыландырмайды, әрине, ара-тура жаны ашып қол ұшын беріп тұратын азаматтар бар. Баспада қарызымыз болып қалып, оқырмандардан көмек сұрағанымызда көмектескен адамдар болды. Негізі сол шығарған газетімізді сатамыз, оның өзі айлығымызбен баспаға жетпей жатады. Мәселен, 2 айдан бері қызметкерлеріміз жалақысын алған жоқ. Бізде жарнама жоқ, мықты құрылтайшымыз да жоқ, тіпті біздің газетті сатушылардан ақшамызды ала алмай жүрген жағдайымыз бар.
- Ақша демекші, оқырманымыздан мынадай бір сұрақ түсіпіті «Ереке сіз талай журналистің еңбекақысын бермей, лақтырып кетіп жүрсіз. Оны Дат-та істген журналистерден естіп біліп жүрмін. Сол рас па: Әділдікті ту еткен Сіздің өзіңіз біреудің еңбек ақысын жесеңіз, онда билікке қалай өкпелеуге болады? Гулмира».
- Ондай мәселенің бар екенін мойындау керек (күледі). Жасыратыны жоқ, бар болғанда, оны лақтырып кету деп қабылдамау керек шығар, ешкім ешкімді лақтырған жоқ, қазақ айтады ғой «Ер мойынындағы қанышер емес». Ол жағдайдың бәрі сол қаржы мәселесіне тіреледі. Кезінде кадрлар жетіспей, ойдан қырдан қашқандарды жұмысқа алған кез болды ғой, сонда бір екі ай жұмыс жасап кеткендер де бар жылдар бойы жыр қылып айтып жүрген. Барлығын санағанда 300 мың теңге көлемінде шығар көп болса.
Тағы бір оқырманнан түскен сауал: «Ереке, қазақ басылымдары мен сайттарының қайсысына көңіліңіз толады?».
- Қазақ басылымдары дегенде, сондай бір республикалық толық дәрежеде көңіл толатындай басылым жоқ. Тіркелген 5000 астам газет қоғамның бір жағын жазбайды, 10-ға жуық оппозициялық басылымдар қоғамның басқа жағын жазбайды, не болмаса сынап жазады. Сондықтан, қазақ баспасөзінде қоғамдық-саяси мәселеге келгенде кібіртік көп, анау әкім не айтады екен, мынау министр не дер екен, Ақордадан не шығады деп жалтақтау бар. Кейбір газеттер бар қоғамда жемқор деп аталып жүрген адамдарды тұлға қылып танытқысы келеді. Біздегі қазақ басылымдардың қалыптасқан саясаты жоқ, әсіресе ұлт, қоғам мәселесіне келгенде әнгімені етекте ғана айтады да Ақордаға тиетін жерін айтпайды. Бір дәрежеге жетеді де, ары қарай айтылмайды. Қазақ бүйтпейді- сүйтпейді дейді, ал Ақорданың сес көрсетіп отырғаны туралы айтылмайды. Сол тұрғыдан келгенде бізде жарымжан басылымдар шығып жатыр деп айтуға болады.
Оқырман сұрағы: « Ермұрат аға, сәлематсыз ба? Сіздердің газет орысша қазақша шығады, Қалай ойлайсыз, егер тек қазақша шықса, таралымы азайып қала ма, жалпы қазақ баспасөзіне сұраныс аз ба орысшаға қарағанда?».
- Менің үлкен арманым таза қазақ газетін шығару мен қазақтілді журналистпің ғой енді, бірақ шынын айту керек, орысша жағын қосқанда біздің тиражымыз бірден өсті. Мәселен, Дат кезінде тек қазақша шықты ғой, содан кейін біз Солдатты шығардық орысшасын қосып, сонда біздің тиражымыз 70 мыңға дейін көтерілген кез болды. Біз қазір де байқап отырамыз, егер қазақша жағы сәл көбейіп кетсе, тираж бірден азаяды. Оқырмандар телефон шалып айтады, неге азайып кетті деп, соған қарағанда біз осы паритет сақтап отыруымыз керек. Түбі мен көбейткім келеді қазақша жағын, бірақ сұраныс аз болып тұр, өкінішке қарай.
Латынға көшу туралы
Оқырман сұрағы: «Сәлематсыз ба, Ереке! Қазақ жазуын латын әріпіне көшіруге қалай қарайсыз?».
- Менің ойымша, дәл қазір үре түрегеліп көшуге қарсымын, үш жүз жылдық бодандық құлдық психологиядан құтылу жолы деп қабылдаймын бірақ бірден оны он бес жылға дейін құтыла саламыз деу санаға сыймайды, ы бүгінгі тұған баланы я болмаса мектепке баратын баланы латын қарпіне үйретсе, ол өзінің баласын үйрете бастағанда сонда көшуді бастау керек шығар, бәлкім мен қателесетін де шығармын, 20 жылдары латынға өткенде халықтың көбісі әріп танымайтын, ол кезде оңай болған. Ал қазір кириллицамен бүкіл әлемнің жаналығын танып отырған қазаққа сен латиницаға көш деп айту енді қисынға келе ме? Алдымен тіліміздің жағдайын түзеп алайық, қазақ тілі толығымен кенселерге кіру керек, сіз қазір кез келген Алматыңың орталығындағы офиске кіріп көрсеңіз біреуі де қазақша сөйлемейді, «барахолканың» маңайындағылар болмаса. Сондықтан қазақ тілін іс жүзінде мемлекеттік деңгейге жеткізіп алайык, сосын латиница туралы айтуға болады.
Қажегелдіннің қайтуы туралы
- Оқырман сұрағы: «Қажегелдинмен байланысыңыз бар ма? ол кісі келеді деген сыбыс болып еді, сол туралы хабарыныз бар ма?»
- Бұл әнгіме бірер жылдан бері айтылып жүр, мен үшін бұл түсінікті, Әкежан ағамыздың тұрғысынан да қарасақ, түсінуге тырысам елден кеткеніне 16 жыл болды әкесіне топырағ сала алмады, ет жақын туыстары да қайтыс болғанда келе алмады, балалары немерелерінің бір буыны елден тамыры үзіліп қалды, өзі ақсақал жасына жетті алпыстан асты ол кісінң елге келу балаларды елге жеткізу ойы ол дұрыс деп қабылдаймын, бірақ ол енді қандай жағдайда қайтады, қандай саяси келісімдермен келеді , ол жағын мен дөп басып айта алмаймын. Ол кісіні қайтару үшін президент тарапынан шешім болуы керек, рахымшылық болу керек, оны Қажегелдін қалай қабылдайды, ол енді мен білмейтін әнгіме.
Әбіләзовтың ақшасы туралы
Оқырман сұрағы: «М.Әбіләзовты билік елдің ақшасын алып кетті деп жамандайды.Бірақ,менің ақшамды алып кетті деп арызданған қарапайым бір адам жоқ.Әбіләзовтың алып кеткені не ақша сонда? Әбіләзов туралы не айтасыз?”
- Осы туралы мен де көп жазып, ойланғам, негізінде Әбіләзов банкінің ақшасын алып кеткен болса, онда салымшылардың ақшасы болуы керек қой, егер сол ақшаны Әбіләзов алып кеткен болса, од деген
билікке жақсы себеп болатын еді ғой халықты дүрліктіріп қоятын, мәселен алаңға 500 адамды шығарып, бір ай бойы тұрғызып қою келеді ғой Ақорданың қолынан келеді. Бірақ нақты жағдай ондай емес емес сияқты, Әбілязовтың алып кетті деген ақшасы ол өзінің бизнес жобаларындағы ақшасы деп білем, ол тек банкир емес қой, ол кәсіпкер, құрылыста жобалары болды, әйтпесе неге әртүрлі айтылады біресе 6 миллиард, біресе 10 миллиард, бұл деген Қазақстан бюджетінің жартысы ғой, онда опырайып қалмай ма, елдің бір шеті құлап қалу керек қой! Алайда бәрі орнында тұр. Осы туралы мен бір банкирмен сөйлескенімде ол да мардымды жауап бере алмады, осы сұраққа.
Президент мұрагері туралы
- Біраз жылдан бері және қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі - мұрагер тақырыбы, президент Назарбаевтың мұрагері кім болады деген сұраққа қазір, қалай жауап едіңіз?
- Нақты бір фигураны атау қиын. Біріншіден, Назарбаев мұрагер ретінде өзінің соңынан тәрбиелеген адамы жоқ, екіншіден, бізде ел билеуге хақымыз бар, өреніміз жетеді, сайлауға қатыса аламыз деген азаматтарды қырып тастап жатыр Қажегелдиннен бастаса, Әбілязов, Алтынбек атылды, Назарбаев өзі мұрагерлік саясатпен айналасып жүрген жоқ. Мен ойлаймын кейде, Нұрекеге осы өзі кеткен соң, елді топан су басып қалса да бәрі бір ма деп…
Естеріңізге сала кетейік, «R‑студия» — сот шешімі бойынша жабылған «Голос республики» газетінің шығармашылық тобының жаңа жобасы. Бұл жоба журналистердің заң шеңберінде оқырмандарымен байланыста болу амалы.
Сұхбатты жүргізген Жанна БИСАРОВА
ОТ РЕДАКЦИИ: По мнению руководителя проекта «Дат» и главного читателя газеты «Общественная позиция», известного журналиста Ермурата Бапи, в Казахстане нет полноценного рынка прессы. «Несмотря на заверения некоторых нацпатов, ситуация с казахской прессой весьма плачевная, это я вижу по своей газете, как начинаешь сокращать русскую часть, сразу падают тиражи», — рассказал он в эфире «R‑студии». Напомним, «R‑студия» новый проект творческого коллектива закрытой по суду газеты «Голос Республики», который дает возможность журналистам поддеррживать связь с аудиторией не нарушая закона.
Оригинал статьи: