2011 жылдың 13-ші мамырында Қазақстанның Азаматтық Альянсының заңды тұлғасымен біріге отырып Астана қаласындағы филиал «Шаңырақ» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің басшысы Махамбет ӘБЖАННЫҢ қатысуымен баспасөз конференция өтті. Өткен жылдың желтоқсан айында альянсқа кіру жайлы ұсыныс жолдаған, бүгін міне Қазақстан Азаматтық Альянсының басшысы Айгуль Соловьева біздің бірлестікті республика бойынша ең алғыр ұйым екенін атап өтті және конференцияға жиналған қонақтар бір ауыздан мақұлдап біздің ұйымның Альянсқа кіруіне дауыс берді. Енді ұшбұрыштың орны, яғни билік, бизнес, азаматтық сектор — осы үшеуі бір нышан болса, бұдан кейін эмблема сәніне төртінші болып адамдар бейнесі бейнеленбек. Осы орайда неге адам бейнесі деген сұрақ туар, бұған бір ғана жауап ол қатысушы «Шаңырақ». Бұл күні бізден басқа да Қазақстан Азаматтық Альянсына Қарағанды облысының Альянсы қабылданды. Бұл жиында біршама өзгерістер енгізілді, атап өтетін болсақ, Қазақстан Азаматтық Альянсының атқарушы директоры болып Алина ХАМАТДИНОВА сайланды және альянстың логотипі белгіленді. Қазақстан Азаматтық Альянсының кеңес беруге тиісті мүшелері қабылданып, онық тексеруші комиссиясы сонымен қатар тұрғылықты мекен жайының ауысқаны жайлы ақпарат айтылды. Дәстүр бойынша жалғасын табатын акция және науқандар жарияланды: Әлеуметтік науқанға «Біздің үлес өсуде», Халықаралық конференцияға «Бірінші маусым балаларды қорғау», Қазақстандағы жетімдікті төмендету мен алдын-ала емделуге жіберу. Республикалық конференцияға волонтерлыққа жазғы мектеп яғни Қазақстандағы қайраткерлердің волонтерлық аспектілерін қорғау. «Шаңырақ» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі өзінің қатысу мүмкіндігіне қарай кейбір өткізілетін акция сұрақтарына жауап береді.
Мейрамгүл ҚҰДАБЕКОВА
View article:
Қазақстанның Азаматтық Альянсына «Шаңырақ» Республикалық Қоғамдық Бірлестігі…