«Халық батыры» сыйы 15-желтоқсанда тапсырылмақ

«Халық баты­ры» сыйы 15-жел­тоқ­сан­да тапсырылмақ

Билік­тің қысы­мы мен қуда­ла­у­ы­на қара­ма­стан Аза­мат­тық бел­сен­ділер Макс Боқа­ев пен Талғат Аянға «Халық баты­ры» қоғам­дық сый­лы­ғы тап­сы­ры­ла­ты­ны жөнін­де бұған дей­ін хабар­ла­дық. Сал­та­нат­ты жиын Алма­ты­да өтіп, оған қуда­ла­у­ға ұшы­раған аза­мат­тар­дың жақта­у­шы­ла­ры жина­луы тиіс еді.

Алай­да, «Халық баты­ры» қоғам­дық сый­ын тап­сы­ру жиы­нын өткіз­бе­у­ге билік бар күшін салу­да. Осы жиын­ды ұйым­да­сты­ру­шы әрі идея авто­ры Жан­бо­лат Мамай «Халық баты­рын» Макс пен Талғатқа тап­сы­ры­ла­ты­ны тура­лы жари­я­ла­уы мұң еді, әлдебіре­улер оның көлі­гінің тере­зесі мен айна­сын қира­тып кет­ті. «Бірін­ші көлік­тің айна­сын сын­дыр­ды. Бұған мән бер­меп едім – бұза­қы­лар­дың әре­кеті ме деп. Бір­не­ше сағат­тан соң бел­гісіз біре­улер көлік­тің тере­зесін таспен ұрын сын­дыр­ды. Әрине, бұл кез­дей­соқтық емес, арнайы ұйым­да­сты­ры­лған шабуыл. Билік «Халық баты­рын» тап­сы­ру жиы­нын тоқта­ту үшін бұдан да қат­ты аран­да­туға бара ма деп қауіп­те­не­мін», — деді «Три­бу­на» газетінің бас редак­то­ры Жан­бо­лат Мамай бұл жағ­дай тура­лы. Жур­на­лист­ке жасалған шабуыл­ды әле­умет­тік желілер­де жүз­де­ген адам айып­тап, билік­ті аран­да­ту­дан бас тар­туға шақырды.
Бұл оқиға­дан кей­ін­гі күні ұйым­да­сты­ру­шы­ларға алдын ала келісім жасалған «Аста­на» қонақ үйі­нен хабар­ла­сып, 17 жел­тоқ­сан күні кон­фе­ренц-зал­ды жалға беру­ден бас тарт­ты. Еш себебін түсін­дір­ме­стен. Ал бұл қонақ үймен келісім шарт 16 қара­ша күні жаса­лып, тиісті сома­сы толық төлен­ген еді. Соған қараған­да, қонақ үйдің бас­шы­лы­ғы­на билік­тен қатаң тап­сыр­ма кел­ген тәрізді. Онсыз талай жиын­дар өтіп жүр­ген «Аста­на» алды­ңғы келісі­мі­нен бас тар­тар ма еді?
«Халық баты­рын» қалай да өткізу­ге бекін­ген ұйым­да­сты­ру­шы­лар Алма­ты­дағы бір­не­ше қонақ үй, мей­рам­ха­на­лер­мен келісім жаса­мақ бол­ды. Бар­лы­ғы дер­лік аталған дата­ны ести сала бас тарт­ты. Тек «Қаз жол» қонақ үйі қажет­ті күн­ге өз залын жалға беру­ге келіс­кен еді. Олар­мен де келісім жаса­лып, ақша­сы төлен­ді. Бірақ, келесі күні таңер­тең «Қаз жол» мене­джер­лері ұйым­да­сты­ру­шы­ларға хабар­ла­сып, «шұғыл өзгерістер­ге» бай­ла­ны­сты келісім­ді бұзды.
Кей­ін­нен қала­да үлкен зал­дар­ды жалға беретін бар­лық ұйым­дарға билік 15–18 жел­тоқ­сан ара­лы­ғын­да ешкім­мен де келісім жаса­мауға арнайы тап­сыр­ма беріл­гені аны­қтал­ды. Демек, Жан­бо­лат Мамай­дың көлі­гіне шабуыл, «Аста­на» мен «Қаз жол­дың» алдын ала жасаған келісі­мі­нен бас тар­туы – билік­тің «Халық баты­ры» сый­ын тап­сы­ру рәсі­мін өткіз­бе­у­ге бекін­генін көрсетеді.
Арнайы қыз­мет пен билік­тің Макс Боқа­ев пен Талғат Аянға «Халық баты­рын» тап­сы­ру­дан неге сон­ша үрік­кені бел­гісіз. Ұйым­да­сты­ру­шы­ларға жасалған қысым, екі қонақ үйдің бірі­нен соң бірі зал­ды жалға беру­ден бас тар­туы – қоғам­дық сый­лы­ққа деген қызы­ғу­шы­лы­қты одан әрі күшейт­ті. Тіп­ті шетел­дік жур­на­ли­стер хабар­ла­сып, бұл сый­дың төңіре­гін­де­гі дауға әлем­дік дең­гей­де­гі ақпа­рат құрал­да­ры­ның наза­ры ауды. «Той­дың болға­ны­нан боладысы қызық» демек­ші, «Халық баты­рын» тыныш, қала­ның орта­лық залын­да тап­сы­ры­лға­ны­на гөрі оны тап­сырт­па­уға әре­кет­тен­ген билік­тің қимы­лы қызу дау туғы­зды. Бұл баста­ма­ны мың­даған адам қол­дап, әле­умет­тік желілер­де қол­дау жаз­ба­ла­рын қалдырды.
Десек те, билік­тің қыспағы­на, қуда­ла­уы мен шабуы­лы­на қара­ма­стан, ұйым­да­сты­ру­шы­лар «Халық баты­ры» сый­ын қалай да аза­мат­тық бел­сен­ділер­ге табыста­мақ. Бірақ, билік Алма­ты­ның қақ орта­сын­да, 17-жел­тоқ­сан күні бұл жиын­ды өткізу­ге қалай да мүм­кін­дік бер­мей­тіні түсінік­ті. Сон­да қайт­пек керек? Ұйым­да­сты­ру тобы ақыл­да­са келе, мына­дай шешім­ге кел­ді: «Халық баты­ры» сыйы қалай да Алма­ты­да тап­сы­ры­ла­ды. Жоға­ры­да айты­лған себеп­тер­ге бай­ла­ны­сты, тап­сы­ры­лу күні 17-нен 15 жел­тоқ­санға ауы­сты. Бар­лық меке­ме­лер­дің зал­да­рын жалға беру­ге бас тар­туы­на бай­ла­ны­сты, жиын бел­гілі құқық қорға­у­шы Евге­ний Жовтис басқа­ра­тын Адам құқы­ғы және заң­ды­лы­қты сақтау жөнін­де­гі Қаза­қстан халы­қа­ра­лық бюро­сы­ның бас­пасөз залын­да өтпек. Сал­та­нат­ты жиын­ның баста­ла­тын уақы­ты – сағат 11:00.
Биыл Тәу­ел­сіздік­тің 25-жылы, Жел­тоқ­сан оқиға­сы­ның 30-жылы қатар атап өтіл­мек. Осы екі дата­ның қар­саңын­да билік­тің отан­сүй­гіш аза­мат­тар­ды қуда­лап, олар­ды түр­ме­ге қамап, тіп­ті қоғам­дық сый­ды тап­сырт­па­уға әре­кет­те­нуі – масқа­ра тір­лік. Репрес­си­я­лық сая­сат­ты, қуда­ла­уды, тота­ли­та­риз­мнің мұра­сын тәу­ел­сіз, еге­мен мем­ле­кет­ке қай­та әке­лу­ге бол­май­ды. Арты жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды бұл әрекеттің.
Ал Макс Боқа­ев пен Талғат Аян жер­ді, елді қорғаға­ны үшін «Халық баты­ры» атағы­на лайық.
Соны­мен, пат­ри­от­тарға қол­дау біл­дір­гісі келетін бар­лық аза­мат­тар­ды 15 жел­тоқ­сан күні сағат 11:00-де, Алма­ты­дағы Адам құқы­ғы және заң­ды­лы­қты сақтау жөнін­де­гі Қаза­қстан халы­қа­ра­лық бюро­сын­да күте­міз (Абай мен Өте­ген батыр көше­сінің қиы­лы­сын­дағы кең­се, яғни 8‑ықшамаудан, 4а үйі, 4‑қабатта).

Ори­ги­нал ста­тьи: Три­бу­на — Рес­пуб­ли­кан­ская обще­ствен­но-поли­ти­че­ская газе­та / tribunakz.com

Статьи по теме

Пытки и коррупция недопустимы — и мы все должны об этом помнить.

Азаптау мен сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді – және біз бұл қағиданы бәріміз есте сақтауымыз керек.

Письмо про Нигматулиных – это стресс-тест для нарратива Токаева