Серік Медетбеков: Ақорданы «Қазақгейттен» де асып түсетін даулы процесс күтіп тұр

Серік Медет­бе­ков, қазақ оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­де­гі бюро­сы­ның жетек­шісі. Гер­ма­ния, Дрез­ден, жаз, 2009 жыл.

26.11.2009
Сұл­тан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ

Қазақ оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­де­гі бюро­сы­ның жетек­шісі Серік Медет­бе­ков Азаттық радио­сы­на бер­ген сұх­ба­тын­да Global Option Management ісі бой­ын­ша про­цесс басталған­да оның жаңғы­ры­ғы «Қаза­қ­гейт­тен» де асып түсетін­ді­гін айтады.

ЖОВТИСТІ  ТҰҚЫРТУ

– Адам құқын қорға­у­шы­лар­дың да, халы­қа­ра­лық ұйым­дар­дың да ортақ пікір­леріне қараған­да жақын­да ғана сот­талған Евге­ний Жовтис сая­си тұтқын деп есеп­телініп отыр. Серік мыр­за, Ақор­да­ның қожа­сы мен оның сая­си режи­мі Жовти­стің сот­та­луы­на бай­ла­ны­сты қан­дай да бір пре­фе­рен­ци­я­лар алды ма? 

– Өкін­шістісі сол, Евге­ний Жовтис керек емес уақыт­та керек емес орын­да болған. Бірін­ші кезек­те опат болған адам­ның ажа­лы­на қарай. Бұл – шын­ды­қтың бір бөлі­гі ғана. Бұдан ары билік­те­гілер­дің құқық қорға­у­шы­ны заң­ның көме­гі­мен жаза­ла­уы бастал­ды. Жовтис­ке қаты­сты қазақ соты­ның әре­кеті – нағыз кек алу.

Пре­зи­дент Назар­ба­ев пен оның серік­тері Жовти­сті тұқыр­туға мүм­кін­дік алған­да­ры­на қалай рахат­танға­нын бай­қа­тып, оған кесілер үкім­ді жеңіл­де­ту­ге еш мүм­кін­дік бер­меді: оған қай­тыс болған аза­мат­тың туы­ста­ры­мен келісім­ге келу­ге де, шар­тты түр­де сот­та­уға да мүм­кін­дік бермеді.

Аста­на­да жоға­ры дәре­желі шене­унік­тің удай мас ұлы адам­ды атқан кез­де оған ештеңе болған жоқ. Өйт­кені, құр­бан­дық өзінің жәбір­ле­ушісін «кешір­ді». Осы тек­тес оқиға­лар соңғы жыл­да­ры өте көп бол­ды. Ақыр соңы шар­тты жаза­мен жабы­лып қалған қыл­мыстар­мен салы­сты­рған­да жола­у­шы­ны қағып кету дегеніңіз әшей­ін әңгі­ме болып қала­ды. Назар­ба­ев­тық әділ сот дегеніңіз осы.

Жовти­сті сот­тай оты­рып Ақор­да шетел­ге емес, өз аза­мат­та­ры­на бел­гі бер­ді: билік­тің ыңғай­ы­на жығы­лы­ң­дар, оны сына­маң­дар, тек сон­да ғана кешірім­ге ие бола­сы­ң­дар деп. Ал енді оған ашық қар­сы шық­саң, онда ең қиын-қыстау жағ­дай­ға даяр бол.

Менің ойым­ша Евге­ний Жовтис оны кез кел­ген уақыт­та, кез-кел­ген сыл­та­у­мен жаза­ла­уы мүм­кін екен­ді­гін жақ­сы түсін­ді. Оның батыл­ды­ғы мен табан­ды­лы­ғы қан­дай құр­мет­ке бол­са да лайық.

ХАЛЫҚ ОППОЗИЦИЯНЫ СПУТНИК АРҚЫЛЫ КӨРЕТІН БОЛДЫ 

– Серік мыр­за, «К‑плюс» теле­ар­на­сын­да Рахат Әли­ев­тің бірқа­тар сұх­бат­та­ры­ның берілуіне бай­ла­ны­сты сіз не айта­сыз? Онда Әли­ев әлдебіре­улер­дің теле­фон­дағы әңгі­ме­лерінің жаз­ба­сын, аудио­ком­про­ма­тын жария етеді.

– Мен Рахат Әли­ев­ке өзінің ойын айтуға мүм­кін­дік беріл­генін қол­дай­мын. Ол тура­лы кім қалай ойла­са да, Әли­ев Назар­ба­ев­тың құпия өмірі, оның билі­гінің қалай жұмыс істей­тін­ді­гі тура­лы құпия ақпа­рат­тар­ды білетін адам. Теле­эфир­де оты­рып өз аузы­мен айту кітап­та жазы­лған­дағы­дан қараған­да әсер­лі бола­ды. Ол әңгі­ме айтып оты­рған­да қосым­ша беріліп оты­рған фоно­грам­ма мен фото­мон­таж айты­лған әңгі­ме­ге қосым­ша дерек қосады.

Рахат Әли­ев қорқы­ны­шты және зығыр­да­ны­ң­ды қай­на­та­тын фак­тілер жай­ын­да барын­ша ұстам­ды түр­де, солай болуы керек сияқты айта­ды. Пре­зи­дент­ке ең жақын жүретін адам­дар­дың қалай сөй­лей­тінін, сөз сап­та­сын есіт­кен­де бұлар қоғам­ның бет­ке шығар қай­мағы емес, ең бір азғын­даған тобы ма деген ойға қаласың.

Рахат Әли­ев­тің «К‑плюс» теле­ар­на­сы­на бер­ген сағат­тарға созы­лған ұзақ сұх­ба­ты билік­ке орас­ан зиян кел­тір­ді. Ол билік­ті ішінен

Пре­зи­дент­ке ең жақын жүретін адам­дар­дың қалай сөй­лей­тінін, сөз сап­та­сын есіт­кен­де бұлар қоғам­ның бет­ке шығар қай­мағы емес, ең бір азғын­даған тобы ма деген ойға қаласың.

әшке­ре­леп, жал­пы­ға оның «ішкі лыпа­сын» көр­се­те­ді. Сол себеп­ті де бой­ын ыза кер­не­ген ҰҚК бұл теле­ар­на­ның үнін өшір­гісі келеді, «Хот берд» және «Ямал» спут­ник­терін лазер­мен тоқтатқы­сы келеді.

Бірақ бәрібір халық, әсіре­се аймақтар­да, бұл бағ­дар­ла­ма­лар­ды көреді. Сұх­бат­тың бей­не­жа­з­ба­сын интер­нет арқы­лы көру де сон­ша­лы­қты қиын емес. Ал теле­бағ­дар­ла­ма­ны Еуро­па­дағы, АҚШ-тағы, Рсе­ей­де­гі қажет деп тапқан көре­рмен­дер еш кедер­гісіз көреді.

Есіңіз­де бол­са, осы­дан бір­не­ше жыл бұрын Қаза­қстанға АҚШ-тан Дат радио­сы­ның хабар­ла­ры беріліп тұр­ды. Оның да үнін өшір­мек болып, ради­о­ның Қаза­қстан­дағы тіл­шілерін қуғын­да­ды. Бірақ сол кез­дері Дат радио­сын­да жұмыс істе­ген Бигел­ді Ғаб­дул­лин­нің дауы­сы шалғай­дағы ауыл­дарға дей­ін жетіп жатты.

Енді міне, тех­ни­ка­ның дамуы осы­дан бес жыл бұрын ойы­ңа алуға бол­май­тын жаңа­лы­қты әкеліп, оппо­зи­ци­я­лық теле­ар­на жұмыс істе­уде. Әрине, бұл жер­де Мұх­тар Әбля­зо­втың үлкен еңбе­гі бар. Ол оппо­зи­ци­яға ашық түр­де кетер­ден біраз бұрын көре­ген­дік таны­тып «К‑плюс» теле­ар­на­сы­ның негізін қалады.

ЕРТІСБАЕВТІҢ БОЛАШАҒЫ

– Серік мыр­за, сіз «Азат» демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы мен Жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның «Азат» жал­пы­ұлт­тық соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы болып бірі­гіп жатқан­ды­ғын қалай баға­лай­сыз? Әлем­дік про­ле­та­ри­ат­тың естен кет­пес көсе­мі Вла­ди­мир Ленин­нің сөзі­мен айт­сақ «бұл бірі­гу шынайы және ұза­ққа бара­тын бірі­гу» ме? 

– «Алға!» пар­ти­я­сы­ның бұл бір­ле­стік­ке кір­ме­гені өкіні­шті. Мой­ын­далған, үлкен оппо­зи­ци­я­лық қозға­лы­стың бір бөл­ше­гі ретін­де сезі­ну оның аймақтар­дағы бел­сен­ді мүше­лері үшін өте маңы­зды болар еді. «Алға­ның!» оқша­у­ла­нып қалуы­на негіз болар ештеңе жоқ. Ресур­стар мен кадр­лар бөлек-бөлек жүр­ген­нен гөрі бірік­кен кез­де көбірек тиім­ді пай­да берер еді.

Мұх­тар Әбля­зо­втың стра­те­ги­я­лық ойлау жүй­есінің кеңді­гіне көзі­міз жет­кені­мен, оның оппо­зи­ци­я­ның өзге жетек­шілері­мен серік­те­се жұмыс істе­удің қан­ша­лы­қты маңы­зды екен­ді­гін түсін­бей оты­рған­ды­ғы өкіні­шті-ақ. Келісім­ге келу – сая­сат­кер­дің әлсізді­гінің емес, қай­та керісін­ше, мықты­лы­ғы­ның белгісі.

Бірік­кен оппо­зи­ция бұры­нғы «Азат» неме­се ЖСДП сияқты ұзақ айларға созы­лған ұйқы­ға кет­пес деген үміт­те­мін. Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­де­гі бюро­сы әріп­те­стеріне бұл жай­ын­да жиі айтып тұратын.

Бұл шынайы және ұза­ққа созы­ла­тын бірі­гу ме деп кекесін таныт­па­уға кеңес берер едім. Ел жана­шы­ры­мын дей­тін аза­мат­тар ере­же­сіз бел­де­су­лер болып жатқан ринг­тің айна­ла­сын­дағы тобы­рға ұқса­мауы тиіс. Қаза­қстан­ның оппо­зи­ци­о­нер­лері өте ауыр жағ­дай­да жұмыс

Бұл «сын­шы­лар» жай­ын­да жиір­кен­бей айту мүм­кін емес. Мұн­дай адам­дар «Нұр Отанға» қыз­мет етіп, мем­ле­кет­тің қар­жы­сы­на қарын­да­рын той­ғы­зып, мамы­ра­жай күн кешуде.

істе­уде. Оларға нағыз дик­та­тор­лық режим­нің жаза­ла­у­шы аппа­ра­ты қар­сы тұр. Оппо­зи­ция көп жыл­дар­дан бері олар­мен жүй­елі түр­де күресіп келеді. Опо­зи­ци­о­нер­лер­дің аза­мат­тық ерлі­гі мен интел­лек­ту­ал­дық батыл­ды­ғын құр­мет­теу керек.

Назар­ба­ев­тың тұсын­да Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сын келе­ке қылу жал­да­ма­лы наси­хат­шы­лар­дың ортақ жұмысы­на айнал­ды. Бұл «сын­шы­лар» жай­ын­да жиір­кен­бей айту мүм­кін емес. Мұн­дай адам­дар «Нұр Отанға» қыз­мет етіп, мем­ле­кет­тің қар­жы­сы­на қарын­да­рын той­ғы­зып, мамы­ра­жай күн кешу­де. Билік­ке олар зәре­дей де кінә тақ­пай­ды, есесіне оппо­зи­ция десе өре түрегеледі.

Ал Қаза­қстан­да демо­кра­ти­я­лық өзгерістер басталған­да дәл сол Ерті­с­ба­ев­тың оппо­зи­ци­я­ны қалай қорғаға­ны, оған құпия түр­де көмек­тес­кен­ді­гі тура­лы әңгі­месін ести­тін бола­мыз. Ал Қале­та­ев бол­са Ақор­да­да Штир­лиц тәрізді зиян­кест­ік жұмыстар жасап жүр­ген астыр­тын адам болып шығады.

НАЗАРБАЕВҚА ЕҚЫҰ-ның ҚАНДАЙ ҚАЖЕТІ БАР?

– Серік мыр­за, жақын­да Қаза­қстан ЕҚЫҰ-ға төраға­лық етпек. Бұның Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­на келер қан­дай да бір тиім­ді жақта­ры бар ма? Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­де­гі өкіл­ді­гінің алдағы, оның ішін­де Қаза­қстан­ның ЕҚЫҰ-ға төраға­лық ететін жылға арналған жос­па­ры жай­ын­да қысқа­ша айтып берсеңіз. 

– Оппо­зи­ция бұл жыл­ды ЕҚЫҰ-дағы және оның айна­ла­сын­дағы бар­лық шара­ларға қаты­су үшін барын­ша пай­да­ла­нуы керек. Ресми Аста­на қаты­са­тын бар­лық жиын­дарға оппо­зи­ция өкіл­дері де барып, өз пікір­лерін айту­ла­ры керек. Егер өткізіліп жатқан шара үкі­мет дең­гей­ін­де бол­са, онда көр­ші зал­дар­да оған қар­сы форум өткі­зу керек.

Жел­тоқ­сан­да Афи­на­да ЕҚЫҰ-ға мүше елдер­дің сыр­тқы істер мини­стр­лерінің кеңесі өте­ді. Алға­шқы әңгі­ме осы жер­ден баста­луы керек. Бірік­кен оппо­зи­ци­я­лық пар­тия Афи­на­дағы кез­де­су­лер мен шара­ларға даяр­лы­қта­рын осы кез­ден бастап кет­кені дұрыс болар деп ойлаймын.

ЕҚЫҰ-ға төраға­лық ету Назар­ба­ев­тың басты мақ­са­ты емес. Бұл жағ­дай­дың оның жеке өзіне сон­ша­лы­қты ештеңе әке­ле қой­май­ты­нын ол жақ­сы түсі­неді. Өйт­кені, ЕҚЫҰ-ның жарғы­сы бой­ын­ша ұйым бас­шы­сы төраға-елдің пре­зи­ден­ті емес, сыр­тқы істер мини­стрі ғой. Біздің жағ­дай­да бұл – Қанат Саудаб­а­ев. Демек, Назар­ба­ев бұл үшін бұры­нғы цир­ка­ч­ты таң­даған болып отыр емес пе? Әли­ев­тің «аудио­жа­з­ба­ла­ры­на» сен­сек ол үшін Вашинг­тон­дағы елшінің қыз­меті де жиреніш туғыз­са керек.

Назар­ба­ев ЕҚЫҰ-ға қаты­сты бұл әңгі­менің бар­лы­ғын Аста­на­да мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның сам­ми­тін өткізіп, соның сал­та­на­ты­нан ләз­зат алу үшін баста­ды. Бірақ бұл сам­мит өзі­нен өзі бола сал­май­ды. Оның болар бол­ма­сы Баты­стағы Назар­ба­ев­тың басты сын­шы­ла­ры­на – АҚШ, Ұлы­бри­та­ния және ГФР үкі­мет­терінің ұста­ны­мы­на байланысты.

Жақын­да АҚШ Кон­гресін­де осы тақы­ры­пқа қаты­сты тың­дау болып, онда мем­ле­кет­тік хат­шы­ның үш бір­дей орын­ба­сар­ла­ры – Филипп Гор­дон (Еура­зия мәсе­ле­лері жөнін­де­гі), Май­кл Познер (демо­кра­тия және адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі) және Алек­сандр Верш­бо­улар (халы­қа­ра­лық қауіп­сіздік жөнін­де­гі) сөз сөй­леп, олар­дың үше­уі де Аста­на­дағы мем­ле­кет бас­шы­ла­ры­ның кон­фе­рен­ци­я­сы, егер Назар­ба­ев демо­кра­ти­я­лан­ды­ру­да әсер етер­лік­тей табыст­арға қол жет­кіз­се және 2007 жылы Мад­рид­те Қаза­қстан­ның бүкіл ЕҚЫҰ-ға мүше елдер­ге бер­ген уәдесін орын­да­са ғана өтуі мүм­кін деп мәлімдеді.

Дәл осы­лай­ша, Еуро­па­лық Одаққа мүше елдер­дің үкі­мет­тері жаз­да тек Назар­ба­ев­тың олар­мен сурет­ке түсуіне мүм­кін­дік жасау үшін ғана Қаза­қстанға барға­лы оты­рған жоқ.

ЕҚЫҰ сам­ми­тін Аста­на­да өткі­зу керек пе, жоқ па, оны қан­дай шар­тпен өткі­зу керек? Осы тұрғы­дан алған­да оппо­зи­ци­я­лық ұйым­дар­дың өз ойла­рын батыс елдерінің бас­шы­ла­ры­на қалай жет­кі­зудің жос­па­ры бар екен­ді­гіне сенім­ді­мін. Оны жүзе­ге асы­руға оппо­зи­ци­я­ның шетел­де­гі бюро­сы бар­лық жағы­нан көмек­те­су­ге әзір.

«ӘКІМДІК ҚАРСЫЛЫҚ ЖАСАУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕЙДІ»

– Серік мыр­за, Фран­ция пре­зи­ден­ті Нико­ля Сар­ко­зидің Аста­наға сапа­ры бары­сын­да сөй­ле­ген сөзі­нен соң Сар­ко­зи бастаған Фран­ци­я­ның қазір­гі бас­шы­лы­ғы қаза­қстан­дық режим­нің мүд­десін ашық түр­де қол­дай­ды деген тұрақты түсінік қалып­та­сты. Сіздің­ше бұл қан­ша­лы­қты шын­ды­ққа жақын және ресми Париж осы арқы­лы қан­дай мақ­сат­ты көз­деп отыр?

– Фран­ция пре­зи­ден­ті өз мем­ле­кетінің, өз биз­несінің мүд­десін көз­деп отыр. Қаза­қстан­дағы сая­си режим­ді өзгер­ту оның мін­детіне жат­пай­ды. Кезін­де фран­цуз­дар бел­гілі рево­лю­ци­я­ның көме­гі­мен өздерін­де­гі режим­ді өзгерт­ті. Сол себеп­ті біздің оларға мораль оқи­тын жай­ы­мыз жоқ.

Соңғы кез­дері қаза­қтың демо­кра­ти­я­шыл пуб­ли­ци­стерінің мақа­ла­ла­рын­да Қаза­қстан­дағы демо­кра­ти­я­лан­ды­ру мәсе­ле­лері­мен айна­лы­спаға­ны үшін Батыс елдеріне, еуро­па­лық және аме­ри­ка­лық бас­шы­ларға деген өкпе мен ашу­лы жау­ап­та­ры бай­қа­ла­ды. Бірақ бұл

Біз «заңға бағы­на­тын аза­мат­тар­мыз». Есесіне, қаза­қстан­ды­қтар олар біздің құқы­мы­зды неге дұры­стап қорға­май­ды деп Сар­ко­зи­ге де, Оба­маға да, Рим Папа­сы­на да кінә тағуға даяр.

ашу­ды өз халқы­на, биле­ушілеріне қарай бағыт­таған дұрыс болар. Егер Абай тірі бол­са дәл осы­лай жасар еді.

Фран­ци­яда қазір де қар­сы­лық таны­ту­шы демон­странт­тар мен поли­ция ара­сын­да қақты­ғы­стар жиі бола­ды. Тас лақты­ры­лып, авто­мо­биль­дер өрте­неді. Поли­ция сой­ыл мен газ қол­да­на­ды. Фран­цуз­дар өздерінің құқы­қта­ры үшін осы­лай күре­седі. Қаза­қстан­да мұн­дай ешнәр­се бол­май­ды. Қорқы­ны­шты. Әкім­дік рұқ­сат бер­мей­ді. Ұрып таста­у­ла­ры мүм­кін. Біз «заңға бағы­на­тын аза­мат­тар­мыз». Есесіне, қаза­қстан­ды­қтар олар біздің құқы­мы­зды неге дұры­стап қорға­май­ды деп Сар­ко­зи­ге де, Оба­маға да, Рим Папа­сы­на да кінә тағуға даяр.

Солай бола тұра, Фран­ция пре­зи­ден­тіне де ықпал ету­ге бола­ды. Бірақ тек осы елдің қоғам­дық пікірі арқы­лы ғана. Біздің оппо­зи­ция фран­цуз бас­пасөзіне шығып, оппо­зи­ци­я­лық сая­сат­кер­лер­мен кез­де­су­лері керек. Сар­ко­зидің Аста­наға сапа­ры алдын­да бұны жасау оңай еді. Кез-кел­ген пари­ждік газет Ұлы фран­цуз рево­лю­ци­я­сы­ның иде­я­ла­рын қазақ ура­ны­на сатып кет­кен өз пре­зи­ден­тін сынға алар еді. Ұлт­тық жина­лы­стағы соци­а­лист-депу­тат­тар сапар қар­саңын­да Сар­ко­зи­ден демо­кра­ти­я­ны қол­дай­тын нақты қадам­дар­ды талап ететін еді. Бірақ ешкім де Пари­ж­ге барған жоқ, ешкім жур­на­ли­стер мен депу­тат­тарға өз ұста­ным­да­ры жазы­лған мемо­ран­дум­дар­ды жібер­ген жоқ.

МӘСІМОВТІ СОТҚА ШАҚЫРАДЫ

– Серік мыр­за, мүм­кін бұл Назар­ба­ев халы­қа­ра­лық аре­на­ны жау­лап алды, онда ол сөз­сіз табысқа жетіп жатыр деген пікір­ден туған болар? 

– Бұл жай ғана миф. Бұл ескіріп қалған иллю­зи­я­ның бірі. Әлем­де бедел­ге ие болу – Назар­ба­ев­тың арма­ны. Ол әлем­ге таны­мал­дық оны АҚШ-тағы сот про­цесі­нен қорғап қала­ды деп ойлай­ды. Шын­ды­ғын­да Назар­ба­ев­тың халы­қа­ра­лық пози­ци­я­сы сон­ша­лы­қты нық емес. Ресей­мен ара­да келіс­пе­ушілік бар. Қаза­қстан өзінің жақын көр­шісі мен одақ­та­сы­на зиян шек­ті­ре оты­рып «Набук­ко» жоба­сы­на енбек болып тал­пы­ну­да. Біз­де газ­дың үлкен қоры бол­ма­са бұның кере­гі не?

Әлем­де­гі қол жет­кен табыст­ар­дың дәлелі ретін­де біз­ге қазақ капи­та­лы­ның Румы­ния мен Хор­ва­ти­ядағы мұнай өңдеу зауыт­та­рын сатып алып, онда айлақтар сал­мақ­шы болып жатқан­ды­ғын ұдайы ата­ды. Назар­ба­ев Хор­ва­ти­яға талай мәр­те барып кел­ді. Бірақ мәсе­ле мұнай өңдеу зауы­тын­да емес, сол жақта оның маңын­дағы­лар оған арнап салып жатқан отель­дер­де деген сөз бар. Рахат Әли­ев­тің аудио­жа­з­ба­ла­рын­да бұл тақы­рып жан-жақты ашылған.

Назар­ба­ев­тың Әмір­лік­тер­ге «мем­ле­кет­тік сапар­ла­ры» да дәл осын­дай. Ол жаққа қан­ша­лы­қты бара беру­ге бола­ды? Талай мәр­те уәде етіл­ген инве­сти­ци­я­лық супержо­ба­лар қай­да? Шейх­тар біз­де ештеңені салай­ын деп жатқан жоқ. Өйт­кені олар­дың салған ақша­сы­ның қай­та­тын­ды­ғы­на ешкім кепіл­дік бере алмайды.

Даңға­за­ла­тып, шула­тып, «осы­лай жасаға­лы жатыр­мыз» деп келісім­дер­ге қол қою – Назар­ба­ев­тың шетел­ге кезек­ті сапа­рын ақтап ала­тын наси­хат тәсілі ғана. Ита­ли­яда сая­си бас­шы­лық дағ­да­рыс үстін­де, биз­не­стің ақша­сы жоқ. Мұнай өндіру­мен айна­лы­са­тын ұлт­тық Eni кор­по­ра­ци­я­сы­ның Кас­пий­ге кел­геніне біраз уақыт бол­ды, мұнай бол­са әлі жоқ. Бұдан соң «мил­ли­ард­таған дол­лар­лық жоба­лар» тура­лы қалай айтуға болады?

Ал осы кез­де АҚШ-та «Қаза­қ­гейт­ке» қаты­сты про­цесс еш нәр­се­ге бой бер­мей шешілу­ге жақын­дап келеді. Созбаққа салы­нған сот оты­ры­ста­ры жақын­да біте­ді. Назар ауда­ры­ңыз, «әзір­бай­жан­гей­ті» бой­ын­ша жақын­да ғана үкім шықты. Мем­ле­кет­тік мұнай өнді­ру ком­па­ни­я­сын жеке­ше­лен­діру­ге уәде бер­гені үшін әкелі-бала­лы Әли­ев­тер­ге пара бер­ген Аме­ри­ка биз­не­смені сот­тал­ды. Ақша­ны дел­дал­дар арқы­лы алға­ны­мен Әли­ев­тер­дің атта­ры тура атал­ды. Швей­ца­ри­яда ешқан­дай жеке шот­та­ры бол­маған, өз атта­рын­да ешқан­дай офф­шор­лық ком­па­ни­я­лар бол­маған. Ақыл­ды адам­дар біре­удің қателі­гі­нен үйре­неді деген осы.

Қалай болған­да да қаңтар айы­ның басын­да Нью-Йорк соты «Қаза­қ­гейт» ісін қара­уды бастай­ды. Пара алға­ны үшін басты күдік­ті болып оты­рған адам­ды Нобель сый­лы­ғы­на үміт­кер қылып ұсы­нар ма екен  – сон­да көреміз.

Назар­ба­ев­тың беделін түсі­ру үшін оппо­зи­ция ғана емес, Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­теті де жұмыс істе­уде. Олар­дың «қалам қай­рат­кер­лері» өздерін­ше Рахат Әли­ев­ті әшке­ре­лей­тін мате­ри­ал­дар­ды жиі жари­я­лай­ды. Бірақ дәл осы кез­де олар Назар­ба­ев­тың да артын ашады.

Бір ғана мысал: Әли­ев­тің Қаза­қстан­нан Ливанға World Media Corporation фир­ма­сы­ның шоты­на мил­ли­он­даған дол­лар­ды аударға­ны ашу­мен айтылады.

Бұл фир­ма бол­гар­лық-аме­ри­кан­дық лоб­бист, «Самұрық Қазы­на» қоры­ның дирек­тор­ла­ры­ның бірі Алек­сандр Мир­чев­тің «Супер­хан» бағ­дар­ла­ма­сы мен өзге де шығар­ма­ла­ры­ның тап­сы­рыс беру­шісі болған.

Мил­ли­он­даған дол­лар­лар Қаза­қстан­нан Ливанға барған соң ол жақтан Мир­чев­ке тиесілі Global Option Management ком­па­ни­я­сы­ның шоты­на ауда­ры­лған. Ал енді «Супер­хан» жоба­сы­ның құн­ды­лы­ғы­на бай­ла­ны­сты мына бір әзіл әңгі­ме еске түседі. Бір адам мәң­гі өмір сүр­мек болып шешіп­ті. Бір апта­дан соң ол досы­на бар­лы­ғы жос­пар бой­ын­ша өту­де деп хат жазыпты.

Назар­ба­ев­тың бұл кеңес­шісі тура «екін­ші Гиф­фен­нің» өзі. Оқиға бары­сы­ның өзі «Қаза­қ­гейт­ті» қай­та­ла­уда. Екі жағ­дай­да да тер­ге­уді жүр­гіз­ген про­ку­рор­лар про­це­стің шулы бола­тын­ды­ғы­на, қыз­метінің өсетін­ді­гіне үміт­ті. Олар істі жаба салуға жол бер­мей­ді. Жал­пы алған­да, істің тер­ге­луі қан­ша­лы­қты ұза­ққа созыл­са, үкім мерзі­мі де сон­ша­лы­қты ұзын болады.

Бұған қаты­сты Вашинг­тон­дағы елші не айтып жатыр екен? Ол пре­зи­дент­ке жақын ара­да Мир­чев­тің де өзі­мен бір­ге біраз адам­дар­ды ала кететінін еме­урін­мен біл­дір­ді ме екен? «Қаза­қ­гейт­те» Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі Нұр­лан Балғым­ба­ев­тың аты аталады.

Қаза­қ­гейт­те» Қаза­қстан­ның бұры­нғы пре­мьер-мини­стрі Нұр­лан Балғым­ба­ев­тың аты ата­ла­ды. Мир­чев­тің ісін­де қазір­гі пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мов қаты­су­шы­ның бірі.

Мир­чев­тің ісін­де қазір­гі пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мов қаты­су­шы­ның бірі.

Global Option Management ісі бой­ын­ша про­цесс басталған­да оның жаңғы­ры­ғы «Қаза­қ­гейт­тен» де асып түседі. Қаза­қстан­ның қазір­гі пре­мьері сотқа шақы­рыл­май қал­май­ды. Кәрім Мәсі­мов өзін не күтіп тұрға­нын сезетін сияқты. Өткен жылы ол АҚШ-қа сапа­рын ең соңғы сәт­те өзгерт­ті. Биыл ол АҚШ-тағы инве­сти­ци­я­лық фору­мға баруға әре­кет­тен­ген де жоқ.

Бұл жай­ын­да тек Назар­ба­ев­тың ғана ешнәр­се біл­ме­уі мүм­кін. Ол ағы­л­шын­ша оқы­май­ды, ал «Уолл-Стрит Жор­нал­дағы» бұл тақы­ры­пқа арналған мақа­ла­ның аудар­ма­сын оған көр­сет­кен жоқ. Егер осын­дай жайт­тар­дан бей­ха­бар өмір сүре бер­се, кез-кел­ген сәт­сіздік­ті халы­қа­ра­лық аре­на­дағы жеңіс деп есеп­те­у­ге болады.

– Серік мыр­за, сұх­ба­ты­ңыз үшін рақмет.

 

Статьи по теме

Шал уже не лидер. Миллиарды на свержение власти. Царица медиа-горы и мининформации

Новое законодательство раскрывает информацию о владении оффшорной недвижимостью в Великобритании — вроде того

Заявление о нарушениях Конституционного закона республики Казахстан