Жанболат МАМАЙ: Назарбаев режиміне тықыр таянды. Ортақ күреске жұмылайық!

Қаза­қстан халқын қалай езіп, қалай қуда­ла­у­ға салам десе де, еш қай­мы­қ­пай­тын Назар­ба­ев билі­гінің өлер­дей қорқа­тын бір нәр­сесі бар. Ол – Батыс елдері өздеріне салуы мүм­кін  санк­ци­я­лар. Өйт­кені, біздің елде ұрлап-тонап жиған мил­ли­ард­та­ры батыс банк­терін­де жатыр, сол елдер­де сол ұрланған ақшаға сатып алған дүние-мүл­кі де жетер­лік. Міне, сол бай­лы­қты бұғат­тап тастай ма, тіп­ті, тар­тып ала ма деп үрей­ле­неді. Енді ше? Елдің ортақ несі­бесіне, ырзы­ғы­на ұры қол­да­рын сал­ды кеп, сал­ды кеп…Енді айы­ры­лып қалу қау­пі бар. Қауіп­тен­бей ше? Ресей­де­гі өздері сын­ды ұры билік­тің мыса­лы көз алда­рын­да өтіп жатыр емес пе? Оларға туған күн бұларға да тума­сы­на кім кепіл? АҚШ-та орна­ласқан, бел­гілі сена­тор Бен Кар­ден бас­шы­лық жасай­тын, Хел­син­ки коми­теті, Наваль­ный­дің тізі­мі бой­ын­ша, Путин­нің айна­ла­сын­дағы оли­гарх­тар мен чинов­ник­тер­ден тұра­тын 35 ада­мға санк­ция салу тура­лы мәсе­лені көтер­ді. Кон­гресс осы­ған орай заң қабыл­да­уы да әбден мүм­кін. Мұн­дай санк­ци­я­ларға өздері де лай­ы­қты екенін Назар­ба­ев пен оның нөкер­лері жақ­сы біледі.

Кеше ғана, Қаза­қстан­дық бір топ нұро­тан­дық шабар­ман­дар­мен кез­дескен, Евро­пар­ла­мент­тің  депу­та­ты Қаза­қстан­да сөз бостан­ды­ғы шек­теліп, адам құқы­ла­ры­ның аяққа тап­та­лып жатқа­нын, соған орай санк­ция салу мәсе­лесінің қарас­ты­ры­ла­ты­нын билік деле­га­ци­я­сы­ның бетіне ашық айт­ты. Яғни, бұл ол жақта күн тәр­тібін­де тұрған шаруа.

Мен бүгін АҚШ-ының Қаза­қстан­дағы Бас кон­су­лы Кэро­лайн Сэвин­ч­пен кез­де­стім. Аме­ри­ка кон­су­лы­мен езде­су­ге басқа да аза­мат­тық қоғам өкіл­дері қаты­сты. Біз еке­уа­ра жеке сөй­ле­стік. Сол кез­де мен АҚШ Назар­ба­ев­тың билі­гіне қар­сы санк­ци­я­лар сал­са, ол қадам­да­ры бұл билік­ке қат­ты соққы болып тиіп, ал аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне кәдім­гі­дей қол­дау бола­ты­нын ашық айт­тым. Өйт­кені, бұлар­дың қорқа­ты­ны – осы санк­ци­я­лар­дың астын­да қалу. Бұлар­дың шын пиғы­лы –  Қаза­қстан­ды Түрік­мен­станға, неме­се Сол­түстік Коре­яға айнал­ды­ру да, ал өздері Швей­ца­ри­я­лар­да тұрғы­сы бар.  Сөй­тіп, қазақ жерін­де тото­ли­тар­лы жүйе орна­тып, елді езе оты­рып, еш сұра­у­сыз тона­уын жалға­сты­ра бер­мек­ші. Өздері бол­са, Баты­стың демо­кра­ти­я­сы қол жет­кіз­ген бүкіл жақ­сы­лы­қты көріп, шалқып өмір сүр­гісі келеді. Біздің қолы­мы­зда бұл ұры-қары­ның бәрінің де тізі­мі бар. Кім­дер аза­мат­тық қоғам өкіл­деріне қар­сы шабуыл­дар ұйым­да­сты­рып отыр, кім­дер қуда­лау ұйым­да­сты­рып отыр – бәрі де бел­гілі. Кім кеше Жаңаө­зен­де оқ атты, кім оған бұй­рық бер­ді, кім бұл қырғын­ды ұйым­да­стыр­ды?  Бәрінің атын ата­уы­мыз керек!  Облы­стың әкі­мі болған Көшер­ба­ев­тан бастап, Ішкі істер мини­стрі Қасы­мов бастап, оларға тап­сыр­ма бер­ген Назар­ба­ев­тан бастап бәрін де осы санк­ци­я­лық тізім­ге енгі­зуі­міз керек. Бұлар тонап алған бар қар­жы-қара­жат­ты, дүние мүлік­ті бұғат­тап, Қаза­қстан бұл билік­тен ада болған кез­де, елге қай­та­ру керек. Міне, осы мәсе­лені көте­ретін кез келді.

Ал, билік су жұқтыр­май құты­лып кете­міз деп ойла­май-ақ қой­сын! Батыс пен де, Шығы­спен де, Сол­түстік, Оңтүстік­пен де келісіп қой­дық, мұр­ты­мы­зды бал­та шап­пай­ды деп оты­рған болар?! Қат­ты қате­ле­седі. Батыс авто­ри­тар­лы жүе­лер­ге қар­сы нағыз соғы­сын енді баста­ды және ол тәсілі де өзгер­ді. Әскер жіберіп, күш қол­да­ну­дан олар­дың ауы­зда­ры күй­ген. Одан да санк­ция салға­ны сан есе тиім­ді екенін түсін­ген. Ресей­де­гі сияқты, Қаза­қстан мен Бела­ру­стағы дик­та­тор­лық режим­дер санк­ция тізі­міне ілі­гетін алды­ңғы кезек­те тұрған­дар. Мұн­дай санк­ци­я­лар­дың Қаза­қстан билі­гін оңдыр­ма­сы анық.

Ал, елде­гі аза­мат­тық қоғам да, біреу істеп береді деп, үнсіз күтіп отыр­мауы керек. Бұл мәсе­ле­ге бей­жай қара­май, күре­суі керек. Алаң­дар­ды тол­ты­рып, митинг­тер­ге шығуы керек! Бұл билік­тің сая­са­ты­на нара­зы екенін ашық тан­ты­туы керек. Мен бүгін­гі кез­де­су бары­сын­да, елде болып жатқан қуда­ла­у­лар тура­лы кең міәлі­мет­тер бер­дім. Біздің қан­ша ада­мы­м­ыз оты­рып шыққа­нын, тағы кім­дер­ді оты­рғы­зып жатқа­нын айт­тым.  Мұның бәрі де, мін­дет­ті түр­де, Вашинг­тонға жете­ді. Ақ үйде бұл тұрғы­да шешім қабыл­дай­тын, санк­ция салу мәе­лесін шешетін чинов­ник­тер ол мәлі­мет­тер­мен таны­са­ды.  Бірақ, одан бүкіл мәсе­ле­міз бір күн­де шеші­ле сал­май­ды. Назар­ба­ев­тың режи­мі сол күні-ақ құлай сал­май­ды. Ол үшін бәрі­міз бірі­гіп, күре­суі­міз керек. Күрес­сіз еш бір әділ­дік­ке, жеңіс­ке жете алмай­мыз! Сон­ды­қтан, әрқай­сы­мыз жан-жаққа жұла тарт­пай, тізе қосып, бір жең­нен – қол, бір жаға­дан бас шыға­рып, ортақ күрес­ке жұмылайық! 

Источ­ник: https://dpkkz.com/

Статьи по теме

Алию Назарбаеву и жену экс-главы Конституционного совета обвиняют в рейдерстве

Тёмные сделки QazaqGaz: как один из конфискованных активов оказался связан с Кайратом Шарипбаевым

Акимат Алматы тратит тысячи долларов на поиски критиков власти: зачем нужны такие исследования?