Дубайдағы Қазақстан — 1 бөлім. Мұнай-газ саласындағы бұрынғы топ-менеджерлердің қымбат мүлкі

Еуро­одақ сарап­шы­ла­ры­ның 2022 жылғы есебіне сәй­кес, Қаза­қстан­ның 1550 аза­ма­ты Дубай­да жал­пы құны 1 млрд дол­лар­дан (450 млрд тең­ге­ден) аса­тын 2700-ге жуық жыл­жы­май­тын мүлік­ке иелік еткен. 

Азаттық осы тізім­нен Қаза­қстан­да қазір не бұрын лау­а­зым­ды қыз­мет атқарған­дар­дың және олар­дың туы­ста­ры­ның мүлік­терін теріп шықты. Алты бөлім­нен тұра­тын зерт­те­удің бірін­шісі мұнай-газ сала­сын­да жұмыс істе­ген­дер­ге арналған.

Еуро­одақ сарап­шы­ла­ры есебін аме­ри­ка­лық C4ADS үкі­мет­тік емес ұйы­мы ұсы­нған мүлік реест­ріне сүй­еніп жасаған. Биыл мамыр­да осы реестр­ді негіз­ге алған “Власть” сай­ты OCCRP халы­қа­ра­лық зерт­те­ушілері­мен бір­ге Қаза­қстан билі­гі өкіл­дерінің Дубай­дағы үйлері тура­лы арнайы жоба жасаған. Бұл уақыт­та Азаттық та C4ADS ұйы­мы жинақтаған құжат­тар­мен жұмыс істеп жатқан еді.

C4ADS – халы­қа­ра­лық қыл­мыс пен кикіл­жің­дер­ді зерт­тей­тін ком­мер­ци­я­лық емес ұйым. Штаб-пәтері Вашинг­тон­да орналасқан.

C4ADS дерек база­сы 2020 және 2022 жылғы Дубай­дың мүлік реест­рі­нен тұра­ды. Одан елге таны­мал көп­те­ген ықпал­ды аза­мат­тар­дың өзін я туы­сын бай­қа­уға бола­ды. Азаттық осы тізім­нен билік­те оты­рған­дарға көбірек мән бер­ді. Шетел­ден үй алуға Қаза­қстан аза­мат­та­ры­на заң жүзін­де тый­ым салын­баған. Бірақ олар қым­бат мүлік­ті қалай алды? Оны жыл сай­ын мем­ле­кет­ке тап­сы­рып келе жатқан табыс декла­ра­ци­я­сын­да көр­сет­ті ме? Ұрланған, жымқы­ры­лған қара­жат па, әлде адал табыспен кел­ген дүние ме? Осы сұрақтар­дың жау­а­бын іздеп көрдік.

Еуро­па одағы­ның салық обсер­ва­то­ри­я­сы 2022 жылы C4ADS ұйы­мы­ның дерек база­сын тал­дап, Дубай­да 1550 қаза­қстан­ды­қтың 2700-ге жуық жыл­жы­май­тын мүлік­ке иелік ететінін есептеген.

Көп ақпа­рат­ты үйіп-төгіп айт­сақ, көп­шілік­ке түсініксіз я қызы­қ­сыз болуы мүм­кін. Сон­ды­қтан үлкен зерт­те­уді бір­не­ше бөлім­ге бөліп жари­я­ла­уды ұйғар­дық. Алға­шқы­сы – мұнай-газ­дың арқа­сын­да құм үстіне салы­нған қала Дубай­дан үй алған қаза­қстан­дық мұнай-газ сала­сы­ның қыз­мет­кер­лері мен олар­дың туған-туы­ста­ры. Нақты айтқан­да, бұл мұнай­шы­лар – Қаза­қстан­ның ұлт­тық мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­рын­да бел­гілі бір кезең­де өте маңы­зды қыз­мет­тер­де оты­рған адам­дар. Мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­ры­ның топ-менеджерлері.

ҚАЗАҚ МҰНАЙШЫЛАРЫНЫҢ АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ МҮЛІКТЕРІ

Алик және Ержан Айдарбаевтар

“Маңғы­ста­у­мұ­най­газ”, “Қаз­Мұ­най­Газ” ком­па­ни­я­ла­ры­на жетек­шілік еткен әрі мұнай­лы Маңғы­стау облы­сын басқарған Алик Айдар­ба­ев Дубай­дың Джу­мей­ра ара­лын­дағы (Palm Jumeirah) KEMPINSKI сарай­ы­нан 2 бөл­мелі пәтер алған. Аумағы 165 шар­шы метр жыл­жы­май­тын мүлік­тің баға­сы қазір жар­на­ма сайт­та­рын­да кемі 600 млн тең­ге (1,3 млн дол­лар) деп көр­сетіл­ген. Ол бұл мүлік­ті “Қаз­Мұ­най­Газ” бас­шы­лы­ғы­нан кет­кен 2022 жылға қарай алған. 2022 жылы күз­де Айдар­ба­ев Ақта­уда тір­кел­ген “Сам­мит” деген ЖШС-ның жалғыз құры­л­тай­шы­сы­на айналды.

“Маңғы­ста­у­мұ­най­газ”, “Қаз­Мұ­най­Газ” ком­па­ни­я­ла­ры­на жетек­шілік еткен Алик Айдар­ба­ев Дубай­да KEMPINSKI сарай­ы­нан 2 бөл­мелі пәтер алған. Ал бауы­ры Ержан Айдар­ба­ев үш жыл­жы­май­тын мүлік­ке иелік еткен.

Оның туған інісі Ержан Айдар­ба­ев Дубай­дың орта­лы­ғы­нан пре­ми­ум-клас­стағы үш апар­та­мент иелен­ген. Үйлер MURJAN, SHAMS, RIMAL тұрғын үй кешен­дерін­де орна­ласқан. Бұл үш пәтер­дің жал­пы құны – 660 млн тең­ге (1,45 млн доллар).

Ержан Айдар­ба­ев Дубай­дағы үш пәтер­ге өзі құрал­пы­лас Сәу­ле Қуа­ныш­ба­е­ва деген адам­мен бір­ге иелік ете­ді. Олар­дың ара­сын­да туы­стық қаты­нас бар ма, бел­гісіз. Бірақ еке­уінің де тір­кеу құжа­тын­да бір теле­фон нөмірі көр­сетіл­ген. Getcontact қосым­ша­сы ол нөмір­дің иесі ретін­де Ержан Айдар­ба­ев­тың есі­мін шығарды.

Сәу­ле Қуа­ныш­ба­е­ва есім­ді аза­мат­та мұнай-газ сала­сы­на қаты­сы бар, жыл сай­ын жүз­де­ген мил­ли­он тең­ге салық төлей­тін бір­не­ше ком­па­ния бар. Олар Қызы­лор­да облы­сын­да тір­кел­ген. Ал Ержан Айдар­ба­ев­тың өз аты­на Қаза­қстан­да ешқан­дай биз­нес тіркелмеген.

Азаттық Алик Айдар­ба­евқа қоңы­рау шалып, бұл актив­тер­дің қалай кел­генін, бауы­ры­ның бай­лы­ғын­да оның үлесі бар-жоғын сұра­мақ бол­ды. Бірақ ол теле­фо­нын көтер­меді, WhatsApp желісі арқы­лы жол­данған сұрақта­ры­мы­зға жау­ап бермеді.

Серік Сұлтанғали

Дубай­дың DAMAC HILLS вил­ла қала­шы­ғы. Аумақта өмір­ге қажет­тің бәрі бар. Саябақ, аква­парк, тіп­ті АҚШ-тың экс-пре­зи­ден­ті Дональд Трамп­тың ұлда­ры ашқан гольф-клуб та осын­да. Қала­шы­қтың күзеті мықты, бей­са­у­ат адам­ды өткізбейді.

“Қазтранс­га­з­ды” 8 жыл­дай басқарған Серік Сұл­танға­ли­дың кот­те­джі Дубай­дың DAMAC HILLS вил­ла қала­шы­ғын­да орналасқан.

Осы қала­шы­қта “Қазтранс­га­з­ды” бір­не­ше жыл басқарған Серік Сұл­танға­лидің аумағы 647 метр үйі бар. Құны – шама­мен 820 млн тең­ге (1,8 млн дол­лар). Азаттық тіл­шісі осы үйдің алды­на барған­да онда екі көлік тұр­ды, үй маңын­да адам байқалмады.

2022 жылы өзі төраға болған “Adal” пар­ти­я­сын билік­те­гі “Ама­нат” пар­ти­я­сы­на қосқан Серік Сұл­танға­ли­дың мұнай-газ сала­сы­на қаты­сы барын елдің бәрі біл­мес. Ол көп жыл басқарған “ҚазТранс­Газ” ата­уы қазір “QazaqGaz” ұлт­тық ком­па­ни­я­сы болып өзгерген.

Есен Қайыржан мен ұлы Амандық Қайыржан

DAMAC HILLS-тің үйлеріне көр­ші тұрған ARABIAN RANCHES‑2 деп ата­ла­тын кот­тедж қала­шы­қта “Торғай Пет­ро­ле­ум”, “Қара­жан­бас­мұ­най” ком­па­ни­я­ла­ры­ның пре­зи­ден­ті болған Есен Қай­ы­р­жан­ның вил­ла­сы бар. Күзет Азаттық тіл­шісін ішке өткізбеді.

Қазір Есен Қай­ы­р­жан – Қаза­қстан мен Қытай үкі­меті өза­ра иелік етіп оты­рған “Пет­ро­Ка­зах­стан Инк” ком­па­ни­я­лар тобы­ның вице-президенті.

Есен Қай­ы­р­жан аталған вил­лаға 31 жастағы ұлы Аман­дық Қай­ы­р­жан­мен бір­ге иелік ете­ді. Аумағы – 600 шар­шы метр. Нары­қта мұн­дай мүлік­тер 1,2 млрд тең­ге (2,7 млн дол­лар) шама­сын­да баға­ла­на­ды. Азаттық тіл­шісінің сұрағы­на шам­данған ол бұл мүлік­тің қашан алы­нға­ны “есім­де жоқ” деп жау­ап берді.

– Сізді заң бұз­ды деп айып­тап жатқан жоқ­пын, Есен мыр­за! Мүлік алуға әркім­нің қақы­сы бар.

– Онда несіне қоңы­рау шалып…

– Мәсе­ле бұл мүлік­ті мем­ле­кет­ке табыс декла­ра­ци­я­сын тап­сы­рған кез­де ресми көр­се­тесіз бе? Бұл мүлік­ті жал­пы алған қаражат…

– Сіздің оған қан­дай қаты­сы­ңыз бар, соны түсін­бей отырмын?!

– Сіз жария тұлға­сыз. Сіз мем­ле­кет­тік мұнай ком­па­ни­я­ла­рын­да бас­шы­лық қыз­мет атқарған­сыз. Сол себеп­ті жур­на­лист ретін­де сұрап отыр­мын. Бұған дауы­ңыз бар ма?

– Ешқан­дай дау жоқ. Жур­на­лист екен­мін деп әр нәр­се­ге бас сұға беру­ге бол­май­ды ғой. Дүние-мүлік кім­де жоқ?!

Мәлік Сәлімгереев

Дубай­дан жыл­жы­май­тын мүлік алған мұнай­шы­лар қата­рын­да осы сала­да 40 жыл­дан астам қыз­мет атқарған Мәлік Сәлім­ге­ре­ев те бар. Ол был­тыр күз­де ғана “Қаз­мұ­най­газ Инжи­ни­ринг” ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­тор­лы­ғы­нан кет­ті. Бірақ “Қаз­Мұ­най­Га­з­дың” бас­пасөз қыз­метінің Азатты­ққа бер­ген жау­а­бы­на сәй­кес, Сәлім­ге­ре­ев қазір осы меке­ме­де сарап­шы ретін­де жұмыс істеп жатыр. Ал оған дей­ін елде­гі аса ірі мұнай өндірістерін­де қыз­мет еткен. “Қаз­Мұ­най­Га­з­дың” құры­лым­да­рын­да бас­шы­лы­қта болған.

Құжат­та Мәлік Сәлім­ге­ре­ев Jumeirah Village ауда­нын­дағы INDIGO VILLE 8 деген ғима­рат­тан екі апар­та­мент алған деп көрсетілген.

Сәлім­ге­ре­ев­тің екі мүл­кінің жал­пы құны 650 млн тең­ге­ге (1,4 млн дол­лар) жуы­қтай­ды. Оның өмір­ба­я­ны­на қара­сақ, 2006 жылы Дубай­ға келіп, тәжіри­бе­ден өткен. Ол уақыт­та өзі сатып алған ғима­рат­тың құры­лы­сы басталмаған.

Серік Естай

“ҚазТранс­Га­з­дың” құры­лым­да­ры­на бас­шы­лық еткен, 2019 жылға дей­ін “Бей­неу-Шым­кент газ құбы­ры” ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры болған Серік Естай Дубай­дың орта­лы­ғын­дағы CLAREN TOWER 2 деген ғима­рат­тан 7 апар­та­мент сатып алған. Кішісінің құны 150 млн тең­ге­ден (333 мың дол­лар) баста­лып, үлкені 450 млн тең­ге­ден (1 млн дол­лар) аса­ды. Бәрін қосқан­да 1,8 млрд тең­ге­ге (3,9 млн дол­лар) жуықтайды.

“ҚазТранс­Га­з­дың” құры­лым­да­ры­на бас­шы­лық еткен, “Бей­неу-Шым­кент газ құбы­ры” ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры болған Серік Естай Дубай орта­лы­ғын­дағы CLAREN TOWER 2 деген ғима­рат­тан 7 апар­та­мент сатып алған.

Тір­кеу құжа­ты­на қараған­да, мүлік­тер ол бас­шы­лық қыз­мет атқарған кез­де сатып алы­нған. Серік Естай – облыс әкі­мі, вице-пре­мьер қыз­мет­терін атқарған Өмір­зақ Шөке­ев­тің туған інісі.

Пануар Омарова

Дубай­ды әлем­ге таны­мал еткен Джу­мей­ра ара­лы. Әуеден қараған­да бұл жасан­ды архи­пе­лаг­тың фор­ма­сы паль­ма аға­шы тәрізді. Әр бұтағы бөлек көше, әрқай­сын­да 100 шақты вил­ла, кот­тедж бар. Мұн­дағы әр үйдің тұсын­да паль­ма аға­шы, қым­бат көлік­тер байқалады.

Джу­мей­ра ара­лы, А бұтағы, яғни, А көше­сін­де­гі үйге бара­ты­ны­мы­зды айтқан­да бізді күзет ішке қарай өткізді. Діт­те­ген жер­ге 2–3 минут­та жетіп үлгер­дік. Аумағы 620 шар­шы метр, құны шама­мен 3 млрд тең­ге (7 млн дол­лар) бола­тын бұл үй Қаза­қстан аза­ма­ты Пану­ар Ома­ро­ва­ның аты­на жазылған.

Palm Jumeirah ара­лы­нан Dubai Marina аумағы­на қараған­дағы көрініс. 2024 жыл.

“ҚазТран­сОйл­дың” аффи­лир­лен­ген (үле­стес) тұлға­лар тізі­міне сәй­кес, 39 жастағы Пану­ар Ома­ро­ва – “Қаз­Мұ­най­Газ өнім­дері” ком­па­ни­я­сын, Шым­кент­те­гі мұнай өңдеу зауы­тын басқарған, кей­ін Пав­ло­дар­дағы мұнай өңдеу зауы­ты­ның басқар­ма мүше­сі болған Асыл­бек Кәрі­ба­ев­тің әйелі.

Вил­ла­ның есі­гін кіш­кен­тай балақай ашты. Арты­нан күту­ші қыз­мет­кер кел­ді. Пану­ар Ома­ро­ваға Дубай­дағы осы және өзге мүлік­тер­ді қан­дай ақшаға, қалай алды­ңыз деген хаты­мы­зды қал­ды­рып кет­тік. Бұл хатқа әлі жау­ап келмеді.

Айта кетей­ік, Пану­ар Ома­ро­ва – вил­ла­дан бөлек Jumeirah Lake Towers ауда­нын­дағы ARMADA 2 деген кешен­де құны 100 млн тең­ге­ге (200 мың дол­лар) жуы­қтай­тын жеке кең­сенің иесі.

Паль­ма ара­лы баста­ла­тын тұста да қым­бат жыл­жы­май­тын мүлік­тер бар. Бұл жер­ді SHORELINE RESIDENCES, яғни, “Жаға­ла­удағы сарай­лар” деп атай­ды. 5 жұл­ды­зды FAIRMONT THE PALM қонақ үйінің қос қап­та­лын­да тұрғын үй ретін­де салы­нған Оңтүстік (South) және Сол­түстік (North) Fairmont рези­ден­ци­я­лар тұр. Бұл қос ғима­рат­тан ондаған қаза­қстан­дық үй алған. Оның ішін­де мұнай­шы­лар отба­сы мүше­лері бірнешеу:

1) “ҚазТрансОйлдың” (2006−07), “Қазмұнайгаз-Транскаспий” компанияларының бас директоры болған Берік Зиябекұлы Толымбаевтың ұлы Ардақ Зиябек.
2) “ҚазМұнайГаз Өңдеу-барлау” компаниясы бас директорының орынбасары болған Владимир Мирошников. Оның 2 пәтері бар.
3) “ҚазМұнайГаз-Сервис” компаниясының бас директоры болған Батырбек Башеевтің әйелі Кенже Отарбаева.
4) “Қазақстан-Қытай құбыры” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма мүшесі болған Ермек Ұзықановтың әйелі Әсел Ұзықанова.
5) Қанымгүл Сейсекенова деген адамның атында да осы ғимаратта бір пәтер бар. Ол 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін “ҚазТрансОйл” бас директорының орынбасары қызметінен босағанШыңғыс Сейсекеновтің анасы.
6) Қаңтардан соң “ҚазТрансГаз” басқарма төрағасының орынбасары қызметінен түсіп, артынша іздеу жарияланған Ибулла Сердінің әйелі Қаламқас Тұрман.

Оксана, Аманбек, Аида Жаманбековтер

Мұнай­шы­лар­дың мүл­кі мұны­мен біт­пей­ді. Осы ғима­ратқа қар­сы бет­те орна­ласқан AL SAROOD тұрғын үй кешені­нен кей­ін­гі жыл­дарға дей­ін “ҚазТранс­газ”, “ҚазТранс­Газ өнім­дері” ком­па­ни­я­ла­рын­да бас дирек­тор­дың орын­ба­са­ры қыз­метін атқарған Алмаз Жаман­бе­ко­втің ұлы Аман­бек Жаман­бе­ков пәтер алған. Үйдің қазір­гі құны – шама­мен 350 млн тең­ге (800 мың доллар).

Аман­бек Жаман­бе­ко­втің иелі­гін­де бұдан бөлек Паль­ма ара­лын­дағы KEMPINSKI RESIDENCES-те кемі 450 млн тең­генің (1 млн дол­лар), Дубай Мари­на ауда­нын­дағы MARINA QUAY WEST кешенін­де 175 млн тең­генің (400 мың дол­лар) апар­та­мен­ті бар.

“ҚазТранс­газ”, “ҚазТранс­Газ өнім­дері” ком­па­ни­я­ла­рын­да бас дирек­тор­дың орын­ба­са­ры қыз­метін атқарған Алмаз Жаман­бе­ко­втің отба­сы БАӘ-де 5 пәтер­ге иелік еткен.

Алмаз Жаман­бе­ко­втің ұлы ғана емес, әйелі мен қызы да Дубай­дан жеке-жеке жыл­жы­май­тын мүлік сатып алған. CAYAN TOWER деген ғима­рат­та оның әйелі Окса­на Жаман­бе­ко­ва­ның аты­на бір пәтер тір­кел­ген. Бір бөл­мелі бұл пәтер нары­қта шама­мен 225 млн тең­ге (500 мың дол­лар) тұра­ды. Соған жақын жер­де­гі қою көк түсті MARINA TERRACE деген ғима­рат­та Жаман­бе­ко­втің қызы Аида Жаман­бе­ко­ва­ның аты­на тағы бір пәтер тір­кел­ген. Оның құны нары­қта 200 млн тең­ге­ге (400 мың дол­лар) жуықтайды.

Алмаз Жаман­бе­ков­ке теле­фон соқтық, тұтқа­ны көтерді.

– …Тағы да айтқым келеді. Мен бой­дақ­пын. Менің жұбай­ым жоқ. Олар­дың онда не істеп жатқа­ны­нан хабарсызбын.

– Ұлы­ңы­здың, қызы­ңы­здың атын­дағы мүлік­тер тура­лы не айтасыз?

– Олар бөлек, мені­мен бір­ге тұр­май­ды. Мен 1998 жылы бөлек кет­кен­мін. 20 жыл болды.

– Деген­мен 2023 жылғы KASE-нің құжат­та­рын­да сізді…

– Сіз менің қашан ажы­рас­қа­ным­ды көре ала­сыз. Егер жур­на­лист бол­саңыз, көріңіз. Содан кей­ін сұрақта­ры­ңы­зды қой­ы­ңыз. Кешірім сұрай­мын, жина­лыс өтіп жатыр. Кешіріңіз!

Жаман­бе­ков жұбай­ы­мен 26 жыл бұрын ажы­рас­қа­нын айтқа­ны­мен, еке­уі 2010жыл­да­ры да, 2021 жыл­да­ры да ресми құжат­та үле­стес тұлға­лар тізі­мін­де ерлі-зай­ып­ты деп жазы­лып тұр.

Окса­на Жаман­бе­ко­ва есім­ді қол­да­ну­шы­ның әле­умет­тік желі­де­гі парақ­ша­сын­да 2018, 2019, 2021 жыл­да­ры түсіріл­ген сурет­тер­ден еке­уі бір­ге қыды­рып жүр­генін бай­қа­уға бола­ды. Ал отба­сы­ның мүл­кі осы­ған дей­ін сатып алы­нған. Жұман­бе­ков жұбай­ы­мен қазір ажы­рас­ып кет­кен бе, жоқ па, оны рас­тап не жоққа шыға­ра алмай­мыз. Кей­ін­гі жыл­дар­дағы деректер­дің реті осы.

МАРИНАҒА ШОҒЫРЛАНҒАН МҰНАЙШЫЛАР

Дубай Мари­на – бұл қала­дағы бай аудан­дар­дың бірі. Жасан­ды шыға­нақ бой­ын­да аспан­мен таласқан биік үй көп. Ондағы мұна­ра тәрізді зәулім үйдің қай­сы­на көз сал­сақ та, жыл­жы­май­тын мүлік реест­рі­нен сол жер­ден пәтері бар Қаза­қстан аза­ма­тын табу қиын еме­стей. Мәсе­лен, зерт­те­удің бір бөлі­мі арналған мұнай­шы­лар­дың үйлері бір-біріне көр­ші шығып жатыр.

Пре­зи­дент іс басқар­ма­сын­да бас­шы­лық қыз­мет­тер­де болған, был­тыр Аты­ра­удағы “Karabatan Utility Solutions” ком­па­ни­я­сын басқарған Төле­убек Сүй­ен­ді­ков TRIDENT GRAND RESIDENCE кешені­нен нары­қтағы құны 310 млн тең­ге­ден (700 мың дол­лар) аса­тын 2 бөл­мелі пәтер алған. Сүй­ен­ді­ков 2023 жылы бір жыл­дай басқарған “KUS” ком­па­ни­я­сы – “Ұлт­тық инду­стри­я­лық мұнай-химия тех­но­пар­кі” арнайы эко­но­ми­ка­лық аймағы­ның инфрақұры­лым объ­ек­тілерін салу үшін құры­лған мекеме.

Dubai Marina ауда­нын­дағы яхта­лар айлағы. 2024 жыл.

Кей­ін­гі жыл­да­ры “ҚазТранс­Га­з­дың” бас дирек­то­ры­ның бірін­ші орын­ба­са­ры, “Бей­неу-Шым­кент газқұ­бы­ры” ком­па­ни­я­сы­ның бас дирек­то­ры қыз­метін атқарған Қанат Құр­манә­ли­ев PARK ISLAND BLAKELY TOWER кешені­нен аумағы 90 шар­шы метр­дей, баға­сы 155 млн тең­ге (350 мың дол­лар) айна­ла­сын­дағы пәтер­ді меншіктеген.

MURJAN‑1 деген ғима­рат­тың 42-қаба­ты­нан қаз-қатар тұрған 4 пәтер­ге әкелі-бала­лы мұнай­шы­лар Мұса­бек және Талғат Иса­ев­тар иелік ете­ді. Нары­қта ондай 4 апар­та­мент­тің құны кемі 900 млн тең­ге­ге (2 млн дол­лар) баға­ла­нып тұр. Мұса­бек Иса­ев 76 жастағы арда­гер мұнай­шы. 2006 жылы “Қаз­мұ­най­га­з­дың” газ жоба­ла­ры жөнін­де­гі басқа­ру­шы дирек­то­ры қыз­метіне дей­ін өскен. Ал оның ұлы Талғат Иса­ев та мұнай­шы. Ол был­ты­рға дей­ін “Қаз­мұ­най­га­зға” қарас­ты “Қаза­қтүрік­мұ­най” ком­па­ни­я­сын басқарған.

“Қаз­Мұ­най­Га­з­да” мұнай өңдеу бой­ын­ша басқа­ру­шы дирек­тор болған Мұрат­жан Мұсай­бе­ков SADAF 6 пре­ми­ум-клас­стағы тұрғын үй кешені­нен 3 бөл­мелі пәтер алған. 17-қабат­тағы мұн­дай пәтер­дің құны 300 млн тең­ге­ден (650−700 мың дол­лар) басталады.

MARINA PLAZA биз­нес-орта­лы­ғын­дағы әрқай­сы 300 шар­шы метр бола­тын екі кең­се Совет кезеңін­де “Каз­неф­те­строй­мон­таж” деген меке­мені, тәу­ел­сіздік алған соң Алма­ты­да үкі­мет­тің “Алма­лы” дема­лыс үйін басқарған Серік Қыры­мо­вқа тиесілі. Екі мүлік­тің құнын қоса есеп­те­ген­де 1,1 млрд тең­ге­ге (2,5 млн дол­лар) жуықтайды.

77 жастағы Серік Қыры­мо­втың ұлы Қай­рат Қыры­мов та мұнай­шы. Ол да Дубай­дан мүлік алған. EMIRATES HILLS кот­тедж қала­шы­ғын­да оның вил­ла­сы бар. Аумағы 350 шар­шы метр­ден аса­ды. Бұл қала­шы­қта одан да шағын үйлер 1,3 млрд тең­ге­ге (3 млн дол­лар) саудаға қой­ы­лған. Қай­рат Қыры­мов 2000 жыл­да­ры “Маңғы­ста­у­мұ­най­га­з­дың” вице-пре­зи­ден­ті, “ҚазТран­сОйл­дың” бас дирек­то­ры қыз­мет­терін атқарған. Қыры­мов мұнай-газ­дан бөлек мил­ли­ар­дер Тимур Құлы­ба­евқа қарас­ты жеке ком­па­ни­я­лар­дың да бас­шы­сы болған. Ал Қай­рат Қыры­мо­втың шеше­сі – экс-министр, экс-депу­тат Айт­күл Самақова.

“Аста­на­газ ҚМГ” акци­о­нер­лік қоға­мы­ның бас дирек­то­ры Құр­ман Тіле­уба­ев­тың әкесі Шай­ни­яз Тіле­уба­ев Қыры­мо­вқа көр­ші. Ол – Дубай­дың LAKES — HATTAN II ауда­нын­да орна­ласқан екі вил­ла­ның иесі. Шай­ни­яз Тіле­уба­ев­тың аты­на жазы­лған әр вил­ла­ның аумағы 1000 шар­шы метр. Бұл жер­де көле­мі бұдан екі есе­дей кіші вил­ла­лар­дың қазір­гі құны 1,7 млрд тең­ге­ден (4 млн дол­лар) басталады.

Бұдан бөлек, “Қаз­Мұ­най­Газ өңдеу-бар­лау”, “Қаз­Мұ­най­Теңіз” ком­па­ни­я­ла­ры­ның бас дирек­то­ры болған Кен­же­бек Ибра­шев­тің жұбайы Ғалия Бисенға­ли­е­ва­ның EMIRATES GARDEN II — MAPLE 2 деген ғима­рат­та 1 бөл­мелі пәтері бар. Ал 20 жыл­дан астам Қаза­қстан үкі­метінің иелі­гін­де­гі мұнай-газ ком­па­ни­я­ла­рын­да қыз­мет істе­ген Бей­ім­бет Шаях­ме­тов Дубай­дың AL-BARARI ауда­ны­нан үй алған. Шаях­ме­тов бұл мүлік­ке жұбайы, қаза­қстан­дық екін­ші дең­гей­лі банк Halyk bank басқар­ма төраға­сы Үміт Шаях­ме­то­ва­мен бір­ге иелік етеді.

Азаттық қолын­да бұл мүлік­тер­дің қашан және қан­дай қара­жатқа алы­нға­ны тура­лы дерек жоқ. Олар­дың актив­тер­дің иесі екені я болға­ны және мүлік­тер­дің болжал­ды баға­сы бел­гілі. Біреу дай­ын мүлік­ті алса, енді бірі алдын ала ақша құй­ған. Мәсе­лен, құры­лы­сы енді аяқта­ла­тын CORPORATE TOWER деген ғима­рат­тан “Қаз­Мұ­най­Га­зға” қарас­ты “Қаз­Мұ­най­Газ бар­лау-өндірудің” қар­жы дирек­то­ры болған Жан­не­та Беке­жа­но­ва деген адам бір апар­та­мент меншіктеген.

Жоға­ры­да айты­лған “Қаз­Мұ­най­Газ өңдеу және мар­ке­тинг”, “Қаз­Мұ­най­Газ өнім­дері” деген ком­па­ни­я­лар қазір жоқ. Бірі ұлт­тық ком­па­ния құра­мы­на қосыл­ды, екін­шісінің акци­я­сы жеке мен­шік­ке сатылды.

Азаттық “Қаз­Мұ­най­Га­з­дың” бас­пасөз қыз­метіне осы зерт­те­уде айты­лған адам­дар­дың тізі­мін жіберіп, олар қазір ком­па­ния құра­мын­да қыз­мет атқа­ра ма деп сұра­ды. Жау­ап­та Мәлік Сәлім­ге­ре­ев қана “Қаз­Мұ­най­Газ” құры­лым­да­рын­да жұмыс істей­ді деп жазылған.

Редак­ция аталған адам­дар­дың бәрінің жеке теле­фо­ны­на хабар­ла­сты. Кей­бірі теле­фон­ды алма­ды. Кей­бірі сұрақты естіп, тұтқа­ны тастай сал­ды. WhatsApp мес­сен­жеріне, жеке пошта­ла­ры­на хат сал­дық. Көбі жау­ап бер­меді. Қоңы­ра­уды қабыл алған­дар­дар­мен болған диа­лог­ты осы мақа­ла­да ұсы­нып отыр­мыз. Азаттық зерт­те­уде есі­мі аталған аза­мат­тар­дың қай­сы­мен бол­са да, тіл­де­су­ге әзір.

C4ADS ұсы­нған дерек мүлік иесін, жеке деректерін көр­сет­ті. Ал ол аза­мат­тар­дың ара­сын­дағы туы­стық бай­ла­ныс мем­ле­кет­тік және өзге де сенім­ді ашық дереккөз­дер арқы­лы анықталды.

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІС КОМИТЕТІ НЕ ДЕЙДІ?

Қаза­қстан­да табыс декла­ра­ци­я­сын жүр­гі­зетін құзыр­лы орган мем­ле­кет­тік кірістер коми­теті Дубай­дан жыл­жы­май­тын мүлік алған қаза­қстан­ды­қтар тура­лы сау­ал хаты­мы­зға жау­ап бер­ді. Жал­пы­ға бір­дей декла­ра­ци­я­ның бірін­ші кезеңін­де 40 адам Бірік­кен Араб Әмір­лі­гін­де­гі 60 жыл­жы­май­тын мүлік тура­лы мәлі­мет бер­ген. Ал екін­ші кезең бой­ын­ша 29 адам 42 жыл­жы­май­тын мүлік­ті декла­ра­ци­я­лаған. Коми­тет салық құпи­я­сы­на бай­ла­ны­сты олар­дың аты-жөнін атаған жоқ және үйлер­дің қан­ша­сы Дубай­да орна­ласқа­нын көр­сет­пе­ді. Коми­тет сөзін­ше, шетел­де­гі мүл­кін декла­ра­ци­я­ла­маған­дар әкім­шілік жаза­ға тартылады.

Азаттық сау­а­лы­на бай­ла­ны­сты Мем­ле­кет­тік кірістер коми­тетінің жібер­ген жау­а­бы. Меке­ме Дубай­дағы мүл­кін декла­ра­ци­я­лаған аза­мат­тар­дың аты-жөнін ата­ма­ды. Азаттық зерт­те­уі­нен скриншот.

НЕГЕ ДУБАЙ?

Жыл­жы­май­тын мүлік­пен айна­лы­са­тын агент­тік­тер­дің айтуын­ша, Дубай­дан үй алу АҚШ-тағы Нью-Йорк, Еуро­па­дағы Лон­дон секіл­ді қала­лар­мен салы­сты­рған­да арза­нға түседі. Салық та төмен. Жалға бер­гісі кел­се, сұра­ныс көп. Жер­гілік­ті валю­та дир­хам баға­мы тұрақты. Үй баға­сы тек қана өсіп келеді, қашан сат­са да ұтылмайды.

“Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы шетел­де­гі бюро­сы­ның” жетек­шісі Серік Медет­бе­ко­втің айтуын­ша, Дубай әкім­шілі­гі шетел­ден кел­ген қар­жы­ның шығу төр­кіні жай­лы көп сұрақ қой­май­ды, Қаза­қстан­дағы ықпал­ды адам­дар бұл қала­ны осы себеп­пен таң­да­уы ықтимал.

– Дубай­да ком­мер­ци­я­лық және қар­жы­лық рет­теу және халы­қа­ра­лық қар­жы­лық қыл­мыстар бой­ын­ша артық сұрақ қой­май­ды, күмән кел­тір­мей­ді. Осын­дай тәсіл қол­да­ны­ла­ды. Соның нәти­же­сі Дубай­ға ірі қар­жы ағы­нын әкел­ді. Олар­дың ішін­де Назар­ба­ев­тар отба­сы мен оның айна­ла­сын­дағы адам­дар, әкім, депу­тат­тар, гене­рал­дар, яғни, аты көп­ке мәлім қаза­қстан­ды­қтар бар. Мұнай сала­сын­да істе­ген адам­дар да осы тізім­де. Олар декла­ра­ция тап­сыр­ды ма? Бұл жыл­жы­май­тын мүлік­тер тізім­де көр­сетіл­ді ме? Егер бар бол­са, бұл адам­дар шығу тегі бел­гісіз бай­лы­ғы қай­дан, қалай пай­да болға­нын түсін­діруі керек. Түсін­ді­ре алма­са, шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық деген ста­тус беріліп, актив Қаза­қстан бюд­жетіне кетуі керек, – деді ол.

Шетел­де тұра­тын қаза­қстан­дық оппо­зи­ци­о­нер Серік Медет­бе­ков. Скриншот

Медет­бе­ко­втің айтуын­ша, Қаза­қстан бас про­ку­ра­ту­ра­сы­ның қолын­да заң­сыз ием­деніл­ген мүлік­ті елге қай­та­ру­дың бар­лық теті­гі бар, сол себеп­ті бас про­ку­ра­ту­ра­ның актив­тер­ді қай­та­ру коми­теті Дубай­дан үй алған адам­дарға сұрақ қоюға тиіс.

Бұл зерт­те­уде аталған аза­мат­тар Қаза­қстан­да жалақы­сы мен сый­ақы­сы көп қыз­мет­тер­ді атқарған. Олар бұл бұл мүлік­ті өз еңбе­гі­мен сатып алған болуы мүм­кін. Бірақ елде жемқор­лық етек жай­ға­нын ескер­сек, ол мүлік­ті қан­дай ақшаға, қалай алға­нын жария еткені артық етпей­ді деді Exeter уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры, Орта­лық Ази­я­ны зерт­те­уші Джон Хизершоу.

– Оларға бай­лық қай­дан кел­ді? Үкі­мет­те істе­ген қыз­меті мен іскер­лік мүд­де­лері­нен түс­кен табыс шетел­ден үй алуға жетіп тұр ма? Бұлай бол­ма­са, бір­ден күдік ұялай­ды. Бұдан соң екін­ші сұрақ туа­ды: тіп­ті олар­дың жария бай­лы­ғы бар делік, бірақ оның өзіне қалай қол жет­кізді? Ол бай­лы­ққа сая­сат­тағы, билік­те­гі доста­ры­ның, қыз­метінің арқа­сын­да жет­ті ме? Егер солай бол­са, онда бұл – клеп­то­кра­тия. Бай­лы­ққа сая­си бай­ла­ны­стар арқы­лы қол жет­кі­зетін сыбай­лас жемқор­лы­қтың бір түрі, – деді ол.

Хизер­шо­удың сөзін­ше, елде заң үстем­ді­гі орна­ма­са, адал кәсіп­кер­лер­дің өзі де активін шетел­ге шыға­руға тыры­са­ды, сол себеп­ті шетел­ден үй алып, оны жасы­рып оты­рған­ның бәрі жемқор деу­ге келмейді.

– Дубай­дан үй алған­дар­дың кей­бірі өз ақша­сын адал еңбек­пен, заң­ды жол­мен тапқан жер­гілік­ті кәсіп­кер­лер болуы мүм­кін. Салық орган­да­ры­на бір­деңе төле­уі керек бола­тын шығар. Бұл олар­ды жемқор­лы­қ­пен айна­лы­сқан адам ретін­де көр­сет­пей­ді. Демек, 2700 пәтер­ге иелік етіп оты­рған 1500 адам­ның ішін­де кәсібін шетел­де, қауіп­сіз жер­де жалға­сты­рғы­сы келетін­дер де бар шығар деген ой. Өз елің­де заң үстем­ді­гі тұрақ­сыз болып, әлдебір “үлкен адам” келіп, кәсібіңді тар­тып ала ма деген алаң бол­са, бұл ұтым­ды шешім бол­мақ, – деді зерттеуші.

Ұлы­бри­та­ни­ядағы Exeter уни­вер­си­тетінің про­фес­со­ры Джон Хизер­шоу. Сурет Tasnimnews.com сай­ты­нан алынды.

Дубай­дағы жыл­жы­май­тын мүлік­тер Бас про­ку­ра­ту­ра­ның актив­тер­ді қай­та­ру коми­тетінің наза­рын­да ма? Әлде әр тұлғаға тиесілі актив заң­да көр­сетіл­ген меже­ге жет­пей­ді деп мүл­де тек­сер­мей ме? C4ADS ұйы­мы арқы­лы тараған деректер­мен таны­суға орган құлы­қты ма? Бұл сау­ал­дарға жау­а­бын­да коми­тет заң­сыз актив шар­тта­ры­на сәй­кес келетін субъ­ек­тілер тізілі­мі жасалға­нын, ол тура­лы мәлі­мет жари­я­ла­нуға жат­пай­ты­нын айтты.

Бас­па­көз: Азаттық

Статьи по теме

Росатом заменил оборудование Siemens для АЭС «Аккую» в Турции на продукцию «китайских друзей»

Россия продает Китаю доли в урановых СП в Казахстане

В Казахстане объявили о создании новой партии. В программе — отмена утильсбора и пересмотр нефтяных контрактов