Біз не көрмедік…

Бірақ, ескер­те кетей­ін, бұл жаз­бам екі бір­дей қол­дың редак­тор­лық өңде­уі­нен өткен соң, біраз жазуым табиғи­лық қаси­еті­нен айы­ры­лып қалған сияқты. Бәл­кім, солай ету керек болған шығар. Оқып көріңіздер.

Бақыт­гүл: Ең алды­мен мен оқыр­ман­дар үшін аны­қта­ма­лық ақпа­рат айтай­ын: осы 15 жыл­дың ішін­де «ДАТ» тау­ар бел­гісі­мен он бір газет шыққан екен. Бұған дей­ін­гі оны сот­тың әртүр­лі желе­уі­мен жабыл­ды. Он бірін­шісі — «Обще­ствен­ная пози­ция» — сіз­дер­дің қол­да­ры­ңы­зда. Осы уақыт ішін­де «ДАТ» газет­тері редак­ци­я­сын­да 119 адам жұмыс істе­ді. Медиа-жоба газет­тері және олар­дың редак­тор­ла­ры елу­ге жуық сотқа тар­тыл­ды. Ол сот­тар­дың бір­де-бірі газет­тің пай­да­сы­на шешіл­ген жоқ. Біздің газет­тер­ге қаты­сты сот­тар қабыл­даған шағым­ның (иск) жал­пы сома­сы 800 мил­ли­он тең­ге бол­ды. Газет­тер үш елдің 24 бас­па­ха­на­да басыл­ды. Редак­ция ұжы­мы он бес жыл ішін­де 30-ға жуық офис ауы­сты­рып, жал­да­уға мәж­бүр болды.

Ал 90-жыл­дар­дың соңын­да қоғам­ды дүр сіл­кін­діріп, жары­ққа шыға бастаған «ДАТ» газеті қалай пай­да бол­ды? Осы сұрақтың жау­а­бын біздің оқыр­ман­дар біле жүрер кез кел­ген шығар деп ойлай­мын, Ереке?

Ермұрат: «ДАТ»-тың пай­да болу тарихы төңіре­гін­де жеке дара үстем пікір айтуға қақым жоқ: газет­тің өкіл әке­лері біреу емес — бір­не­шеу. Сон­ды­қтан бұл сұраққа енді бес жыл­дан кей­ін — газет­тің жиыр­ма жыл­ды­ғын­да жау­ап бер­гені­міз жөн бола­тын сияқты. Әйгілі шығы­стық мәнер­мен айт­сақ, ишак пен шах­тың бірін күтей­ік… Деген­мен, Қаза­қстан­ның бас­пасөз тарихын­да қазақ тілін­де алға­шқы тәу­ел­сіз газет шыға­руға мұрын­дық болған экс-пре­мьер Әке­жан Қажы­гел­дин­нің рөлін бүгіп қалу­дың реті жоқ.

Бақыт­гүл: Ал мұн­дай газет­тің пай­да болу алғы­шар­тын айт­сақ ше?

Ермұрат: Бұл ара­да 90-жыл­дар­дың соңын­да елде қалып­тасқан сая­си-эко­но­ми­ка­лық жағ­дай­ды, Әке­жан Қажы­гел­дин­нің отстав­каға кету себебін ауы­зға алуға тура келеді. Ел эко­но­ми­ка­сы нары­ққа көшіп, әйгілі жеке­ше­лен­ді­ру сая­са­ты өткен соң, сая­си жүй­е­де рефор­ма жасау қажет­ті­гі туды. Әлем­дік эко­но­ми­ка әдет­те ашық сая­сат­ты, қалып­тасқан жал­пы­ға ортақ демо­кра­ти­я­лық қаты­на­стар­ды, билік тар­мақта­ры­ның тепе-теңді­гі жағ­дай­ын­дағы тұрақты­лы­қты қажет ете­ді. Біздің елде ол кез­де де, күні бүгін­ге дей­ін де — мұн­дай өрке­ни­ет­ті сая­си модель­дің бір­де-бір бел­гісі жоқ. Авто­ри­тар­лық жеке дара билік елдің сая­си-эко­но­ми­ка­лық өмірін тұм­ша­лап таста­ды. Елдің дамуы эко­но­ми­ка­лық заң­ды­лы­қтар негізін­де емес, бір адам­ның ертең­гісін қай аяғы­мен тұра­ры­на бай­ла­ны­сты болып қал­ды. Доғал дик­та­ту­ра­лық доми­нант даму­ды мұнай­дың түсі­міне тіреп таста­ды. Соның сал­да­ры­нан жиыр­ма жыл­дың ішін­де шағын және орта биз­нес ішкі жал­пы өнім­нің 20 пай­ы­зға жетер-жет­пес бөлі­гін ғана құрай­ды. Ұлт­тық биз­нес оли­гар­хи­я­лық капи­тал­дың құлы­на айналды.

Бақыт­гүл: Расын­да, 90-жыл­да­ры жарқы­рап шыққан ұлт­тық биз­нес өкіл­дері қазір қай­да? Нұр­лан Смағұ­лов — мега­дү­кен­дер салу­дан, «Рай­ым­бек» фир­ма­сы — шырын шыға­ру­дан аспай қал­ды. Нұр­жан Суб­хан­бер­дин, Еркін Қали­ев, Болат Әбі­лов, Зей­нол­да Кәкім­жа­нов, Сәкен Сей­фул­лин, Смат Аяз­ба­ев, Қозы-Көр­пеш Есен­бер­лин, Ораз Жан­до­сов, Марғұлан Сей­сем­ба­ев сын­ды ұлт­тық кәсіп­кер­лер мен қар­жы­гер­лер Маш­ке­вич пен Ким сияқты келім­сек оли­гарх­тар­дың таса­сын­да қал­ды. Бұлар­дың ара­сын­да Мұх­тар Әбі­ля­зов сияқты қар­сы шыққан­дар қыл­мыс­кер атан­ды, кей­біре­уі сот­ты болып, тоз-тозы шықты.

Ал Әке­жан Қажы­гел­дин үкі­мет басын­да тұрған­да, аталған аза­мат­тар­дың біра­зын үлкен мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке тарт­ты: Ораз — елдің бас бан­ки­рі, Зей­нол­ла — министр бол­ды, Мұх­тар — КЕГОК-ты, Еркін — Ұлт­тық әуе ком­па­ни­я­сын басқарды.

Ермұрат: Айт­пақ­шы, 90-жыл­да­ры жеке­ше­лен­діріл­ген кәсі­по­рын­дар­дың 25—30 пай­ыз мөл­шерін­де­гі үлесі аяғы­нан тұрған кез­де ұлт­тық биз­неске саты­ла­ды деген игі жоралғы­ны да елдің эко­но­ми­ка­лық сая­са­ты­на Әке­жан Қажы­гел­дин енгіз­ген еді. Кей­ін­нен ол отстав­каға кет­кен соң, келесі үкі­мет­тер ол үле­сті кім­ге сат­ты — ол жабық тақы­рып. Бірақ жеке­ше­лен­діріл­ген ұлт­тық бай­лы­қтан ұлт­тық биз­нес өкіл­дері үлес ала алмаға­ны айдай ақиқат.

Міне, ел эко­но­ми­ка­сы сая­си билік­тің құлы­на айна­лып бара жатқа­нын түсін­ген Әке­жан Қажы­гел­дин сая­си рефор­ма жүр­гі­зу қажет­ті­гін әлде­не­ше айт­ты. Сол айту­лар­дың соңы отстав­каға әкел­ді. Ал елге сая­си өзгеріс қажет­ті­гін талап еткен аза­мат қоғам­ның сана­сы­на әсер ете ала­тын басы­лым ашуға ұйтқы бол­ды. Осы­лай­ша «ДАТ» газеті туды.

Бақыт­гүл: Пәлі, сіз газет­тің туу тарихын ишак пен шах­ты күт­пей-ақ айтып таста­ды­ңыз ғой! Ал 1998 жыл­дың 15 сәуірін­де бірін­ші саны шыққан газет сол жылы 4 қара­ша­дағы сот шеші­мі­мен жабы­лған екен. Айнал­ды­рған жеті айдың ішін­де газет тара­лы­мы 50 мың данаға жет­кені — қоға­мға бала­ма ақпа­рат­тың қажет­ті­гі­нен бол­са керек. Ал қыр­күй­ек­тен бастап, «ДАТ» газеті екі ай бойы апта­сы­на үш рет шығып тұрға­нын ескер­сек, оның апта­лық тира­жы 150 мың дана болға­ны. Егер «ДАТ»-тың қол­дан-қолға өтіп оқы­лға­нын еске­рер бол­сақ, газет­тің оқыр­ман­дар саны жар­ты мил­ли­он­нан кем бол­маған сияқты.

Ермұрат: Бақыт­гүл-ау, әрине, өткен шақ­пен мақтанған жақ­сы-ақ қой, бірақ біздің бүгін­гі өлме­стің күнін көр­ген тір­лі­гі­міз­ге кім­ді сен­ді­ре ала­мыз?! Елде­гі дағ­да­ры­стың жағ­дай­ын­да бас­пасөз нары­ғы тұра­лап қал­ды. Мәсе­лен, мем­ле­кет­тік тап­сы­рыс есебін­де бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру бол­маған жағ­дай­да, Қаза­қстан­дағы бар­лық газет­тер банк­рот болар еді. Халы­ққа көтен­зор­лы­қ­пен жаз­дыр­та­тын «Еге­мен» де, «Каз­прав­да» да анық бір жыл жан баға алмай­ды. Оның бер жағын­дағы «Айқын-Литер», «Алаш айна­сы», «Түр­кістан», «Қазақ әде­би­еті», т.б. «нұр­ме­ди­а­лық» басы­лым­дар анық бір ай күн­дерін көре алмайды.

Ал осын­дай жағ­дай­да өз күні­мізді өзі­міз көр­ген біздің 15 жылға жет­кені­міз — расын­да да, мере­келік жағ­дай бол­са керек. Деген­мен, сен айтқан «жар­ты мил­ли­онға жуық» оқыр­ман­нан біз­ге көмек қолын созған бір адам­ды көр­дің бе? Сол «жар­ты мил­ли­он­ның» ара­сын­да ақша­лы­лар аз ба — басы­на әлдеқан­дай әпер­бақан күн туа қал­са, пана тілеп, біз­ге келетін? Ондай­лар­дың қан­ша­сы­на ара­ша түстік, қан­ша­сы­на қорған болуға тыры­стық — оның санын бүгін сен де, мен де біл­мей­міз. Әлде біздің «жар­ты мил­ли­о­ны­мыз» түгел­дей қоғам­ның кен­де қалған­да­ры ма?

Мен бұны неге айтам? Бұны айта­ты­ным — бүгін­гі біздің дәу­лет­тілер төңіре­гіне тоқ­пей­іл көз­бен қарай­тын сияқты. Оның жиған-тер­гені — жоға­ры­дан жар­лық кел­се, қар­жы поли­ци­я­сы­ның бір жұт­тық тін­туі­нен аспай қала­рын сезбей­ді. Біздің бой­күй­ез болған бай­ші­ке­ш­тер сол жұт­тан пара беріп құты­лу­ды оңай санай­ды. Оларға аза­мат­тық қоғам­ның, оның тәу­ел­сіз бас­пасөзінің мықты болуы — онын­шы кезек­те тұрған мәсе­ле. Қоғам­ның бет­ке баса­ры деген бай­лар­дың дегра­да­ци­яға ұшы­ра­уы осын­дай түсінік­тің төңіре­гі­нен баста­ла­ды. Дәу­лет­ті дөкей­лер назар­ба­ев­тық-поли­цай­лық қыты­мыр қоғам­да өмір сүре тұрып, одан тыс қалғы­сы келеді.

Мәсе­лен, Вла­ди­мир Путин­ге қар­сы ресей­лік «Новая газе­та» неге мықты? Себебі ол газет­ті Путин­нен «таяқ жеу» қау­пі көбірек мықты биз­не­смен­дер ашық қол­дай­ды. Сол қол­да­удың өзі олар үшін қорға­ну құра­лы. Егер ертең олар­ды мем­ле­кет­тік маши­на тап­тап кету­ге әре­кет етер бол­са, «Новая газе­та» бүкіл Ресей­ді «сасы­тып жібе­реді». Ал ол сасық иіс бірін­ші кезек­те мем­ле­кет басын­дағы­лар­дың мун­ди­ріне жұға кету­ге бей­ім. Міне, осы­дан барып сая­си билік пен «төр­тін­ші билік» ара­сын­дағы бір-біріне басу болар текетірес туа­ды. Мұның атын «сдер­жи­ва­ю­щий фак­тор» — «тоқтам пәтуа­сы» дей­ді. Осы пәту­а­дан «бей­біт қатар өмір сүру» заңы пай­да бола­ды. Бұл — жазыл­маған заң.

Мен біздің биз­нес қауым­да­стық осын­дай заң қалып­та­сты­руға тіп­ті де тал­пы­ныс таныт­пай жүр­геніне нали­мын. Біз­де­гі бай­лар мен кедей­лер­дің ара жігі ашы­лып бара­ды деген­нің бір дәлелі осы бол­са керек: кедей бай­ғұ­ста дәр­мен жоқ, ал бай­лар өз про­бле­ма­сын аза­мат­тық қоғам арқы­лы емес, билік­пен ауыз жала­су арқы­лы шешуді оңай санай­ды. Ал нәти­же­сін­де билік еке­уін де тұқыр­тып ұстап, қос сор­лы­ны өз дегеніне көн­діру­де. Бұдан билік басын­дағы ат төбелін­дей тобыр бол­ма­са, қазақ қоға­мы жуық бола­шақта ештеңе ұтпайды.

Деген­мен, қаза­қтың әрбір ауы­лын­да «Біз не көр­медік!..» дей­тін шал­дар болған ғой. Сөйт­се, сон­дай бір Зай­сан тауын­да тұра­тын шал­дың көр­гені — етек­те­гі Тұғыл деген балы­қ­шы­лар ауы­лы екен. Сол айт­пақ­шы, біз не көрмедік?

Бақыт­гүл: Ере­ке, әдет­те­гі­дей әзіл қыла­сыз-ау, әйт­пе­се сіздің шалы­ңыз бен біздің көр­ген­нің ара­сы жер мен көк­тей емес пе?! Осы он бес жыл­дың ішін­де бір­не­ше рет сот­ты болға­ны­ңы­зды былай қой­ған­да, сонау рево­лю­ция жыл­да­рын­дағы­дай астыр­тын жағ­дай­да жүріп газет шығарған күні­міз бол­ды ғой. Қат­талған газеті­мізді Қаза­қстан­ның бар­лық бас­па­ха­на­сы басу­дан бас тар­тқан­да, Ресей­де, Қырғыз­стан­да бастыр­дық — ол күн­дер­ді қалай ұмытасыз?

Ермұрат: Иә, ондай күн­дер аз болған жоқ… Бар­на­ул, Орын­бор, Сара­тов.., қырғы­здың Біш­ке­гі мен Қант қала­сын­да басы­лған тираж­ды кеден айна­лып, шека­ра «бұзып» тасы­ған кезі­міз бол­ды. Қазір еске алсаң, күл­кің келеді, ол кез­де жанып тұрған оттың ішін­де жүріп­піз-ау! Назар­ба­ев­тың 60 жыл­ды­ғы­на арналған «Сол­ДАТ» газетін Руб­цовск қала­сын­да басты­рға­ны­мыз есім­де. Газет­тің 45 мың дана­сын бес­ке бөліп, жал­дап алған ресей­лік мик­ро­ав­то­бу­стар­мен әрбір жар­ты сағат сай­ын шека­ра асы­ра Семей­ге жөнел­тіп жатыр­мыз. Ұста­са — бір бөлі­гі ғана ұстал­сын деген ойы­мыз. Арғын марқұм (А.Мадиянов — «ДАТ» серік­те­сті­гінің дирек­то­ры) әр көлік­ті күтіп алып, бірінің жүгін темір­жол вок­за­лын­да, екін­шісін — авто­бе­кет­те, үшін­шісін — қонақ үйде түсіріп алып, Алма­ты мен Аста­наға қарай бөлек-бөлек жөнел­тіп жібе­ру­де. Қалған бес мың­ды Алма­ты­ға апа­ру үшін өз маши­на­ма тиеп, «Ауыл» кеден бекетіне кел­сем, бастан-аяқ қару­ланған поли­ция мен «ОПОН» сар­ба­з­да­ры мені күтіп жүр екен.

«Мін­геніңіз — угон­дағы көлік» — дей­ді «тупой» түсті капи­тан. «Кім айт­ты?» — дей­мін мен. «Ори­ен­ти­ров­ка алдық…». «Көр­сет!».

Көр­сет­ті. Қап­шағай ГАИ бекеті­нен «түсіп­ті». Багаж­ник­те­гі газет­тің құжа­тын сұра­ды. Бер­дім. «Түсір!» деді. «Неге?». «Келісім-шарт жоқ, түсір!». «Керек бол­са, өздерің түсіріп алы­ң­дар!». Газет­ті тәр­кілеу үшін алдын ала даяр­лап қой­ған сыл­та­у­ла­ры­ның түрін сезіп тұрмын.

Қат­та­ма тол­тыр­май жүк­ті түсіріп алды. Мені жібер­гілері жоқ. Біраз­дан кей­ін әлгі «тупой­ға» еріп, граж­дан­ский киін­ген тағы бір одан өткені еріп кел­ді. Семей­дің про­ку­ро­ры екен. Маған кіжін­гісі келеді: «Құжат­та көр­сетіл­гені — 45 мың дана, кеден­шілер­дің түсіріп алға­ны — 5 мың, қалға­ны қайда?».

«Ит біліп пе?! Әлгін­де кеден­шілер мен поли­цей­лер бөлісіп алып жатқан…» — дей­мін мен жайбарақат.

«Не үшін? Кім­дер?». «Өтім­ді газет екен, база­рға шыға­рып сат­ты­ра­мыз» деген­дерін естіп қалдым…».

Про­ку­рор ішке еніп кет­ті. Біраз­дан кей­ін кеден­шісі бар, поли­цайы бар — төрт-бесе­уі жамы­рап, маған жетіп кел­ді: «Ойбай, көке, құтқар! Про­ку­рор бізді қуы­рып жатыр: қалға­ны қай­да деп!».

«Тоқ иттің құй­ры­ғын­дай қоқаң­дап, газет­ті сана­май түсіріп алған өздерің, қалға­нын қай­да жібер­ген­деріңді мен қай­дан білей­ін!?». «Біздің түсіріп алға­ны­мыз осы бес мың ғана ғой…». «Түсіріп алған­да, маған қат­та­маға қол қой­дыр­ды­ң­дар ма?». «Жоқ…». «Енде­ше, гуляй­те, дру­зья мои!».

Ақы­ры не керек, сол кеден­шілер мен поли­цай­лар менің артым­нан Алма­ты­ға дей­ін қуып келіп, «бары-жоғы сол 5 мың дана бола­тын, қалға­ны Руб­цов­скі­де қалған еді» деген түсінік жазып беруді жалы­на-жал­пая сұра­ды. Жеп жүр­ген нан­да­ры­нан айы­рыл­ма­сын деп, сұраған­да­рын жазып бер­дім. Ол кез­де 40 мың тираж газет мұқым Қаза­қстанға тарап кет­кен еді.

Бақыт­гүл: Бірақ сол нөмір­де шыққан Кәрі­шал Асан-ата­ның «Птуш­ник пла­не­тар­но­го мас­шта­ба» деген мақа­ла­сы үшін бір жылға шар­тты түр­де сот­тал­ды­ңыз. Ста­тья­сы да әлі күн­ге дей­ін есім­де: 318-бап­тың екін­ші тар­мағы — «пося­га­тель­ство на честь и досто­ин­ство пре­зи­ден­та РК».

Бірақ «Сол­ДАТ» газеті 2003 жылға дей­ін шығып тұр­ды да, сізді «жалған биз­не­спен айна­лы­сты» деген желе­умен тағы да бір жылға сот­та­ды, бес жылға жур­на­ли­стік қыз­мет­пен айна­лы­суға тый­ым сал­ды. Расын­да, қаза­қстан­дық сот­тағы кезек­ті нон­сенс бол­ды: сізді эко­но­ми­ка­лық қыл­мыс бабы­мен сот­та­ды, бірақ жур­на­ли­стік қыз­мет­тен ала­стат­ты. Осы­ның өзі­нен сот­тың әу бастағы мақ­са­ты айқын бол­май ма: билік тәу­ел­сіз газет пен оның редак­то­рын ауы­зды­қта­мақ болды.

Айт­пақ­шы, сот шеші­мі­мен газет жабы­лған­нан кей­ін, редак­ция ұжы­мы­на нан тауып беру үшін скан­ворд газет­тер шығарға­ны­мыз әлі есім­де. «Анау-мынау» және «Ала­ман» деген скан­ворд газет­тері­міздің тара­лы­мы 40 мыңға жет­ті. Егер сол екі ара­да Жұмаш аға Көк­бөрі біз­ге «Жұма-таймс» газетін тір­кеп бер­ме­ген­де, қазір біз Қаза­қстан­дағы нөмір бірін­ші скан­ворд газет шыға­рып жүрер ме едік? Айт­пақ­шы, біздің бүгін­гі «Датворд» — сон­дағы жиған тәжіри­бе­міздің жемісі.

Айт­пақ­шы, Ере­ке, газет­тің осы мере­келік санын шыға­руға дай­ын­дық бары­сын­да, 15 жылғы тігін­діні ақта­рып оты­рып, мынау бір жари­я­ла­ны­мға кез бол­дым (төмен­ге қараңыз — «Біз өлім­ге кесіл­ген­біз»). Шама­сы, біздің бел буған тір­лі­гі­міз­ге осы жари­я­ла­ным баға беретін сияқты.

 

Источ­ник: Обще­ствен­ная позиция 

Ори­ги­нал статьи: 

Біз не көрмедік…

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще