Батырхан тірі болғанда, бәрі басқаша болар еді…

5 жел­тоқ­сан — қаза­қтың бір­ту­ар аза­ма­ты, қоғам қай­рат­кері, жазу­шы, ғалым, “Азат” газетінің негізін қала­у­шы­сы Батыр­хан Дәрім­бет­тің тұған күні. Осы орай­да Бате­кенің туған жерін­де — Қызы­лор­да облы­сы, Арал­да серік­те­стері мен туы­ста­ры­ның ұйым­да­сты­руы­мен еске алу шара­ла­ры өтеді.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

 

Бүгін баста­ла­тын іс-шара­лар екі күн­ге созыл­мақ­шы. Жыл­да еске алу мақ­са­тын­да өтетін  «Дәрім­бет күн­деріне» биыл Арал аудан­дық әкім­шілі­гі қол­дау көр­сетіп отыр. Жос­пар­ланған дой­бы­дан облы­стық тур­нир, халы­қ­пен кез­де­су кеш­тері тағы басқа жиын­дар жер­гілік­ті әкі­ми­ят ғима­ра­тын­да өтеді.

Дой­бы тур­ни­рі жоға­ры дең­гей­де өтпек­ші, бұл жары­сқа облы­стың бар­лық аудан тұрғын­да­ры қаты­са­ды, олар­дың ара­сын­да спорт шеберіне үміт­кер­лер де бар. Сон­дай-ақ, еске алу шара­лар бары­сын­да Арал қала­сы­ның тұрғын­да­ры­мен кез­де­су­лер өте­ді. Бұл кез­де­су­ге Қызы­лор­да қала­сы­нан, Сек­се­уіл және Арал аудан­да­ры­нан Батыр­хан Дәрім­бет­тің әріп­те­стері және туы­ста­ры қаты­са­ды. Олар­дың ара­сын­да Әли Жай­лау, Мұхит Нұр­ма­хан, Батыр­хан­ның бауыр­ла­ры: Әділ­хан, Мәлік және аймақтың басқа да белсенділері.

Бұл шараға облыс тұрғын­да­ры үлкен қызы­ғу­шы­лық таны­тып отыр, дейді

Батыр­хан Дәрім­бет­тің серік­тесі Сағат Жүсіп.

- Еске алу шара­сы­на қаты­сып оты­рған­дар ара­сын­да бұры­ңғы “Азат” қозға­лы­сы­ның бел­сен­ділері де бар, Батыр­хан осы қозға­лы­стың негізін қала­у­ға да атса­лы­сқан еді. Біз халы­қ­пен кез­десіп Батыр­ханды еске ала оты­рып, бүгін­гі сая­си жағ­дай­ды сөз етпек­ші­міз, халық ақпа­рат­тан жұр­дай болып отыр ғой. Оппо­зи­ци­я­ның жағ­дайы, кеше­гі енгізіл­ген пре­зи­дент күні, қысы­мға ұшы­рап жатқан тәу­ел­сіз БАҚ тура­лы әңгі­ме­ле­се­міз, — дей­ді ол.

Сағат Жүсіп­тің айтуын­ша, кез­де­су­де тәу­ел­сіз басы­лым­дар тара­ты­лып, Батыр­хан Дәрім­бет­тің жаңа шыққан «Мен халқы­ма сене­мін» атты кіта­бы сый­ға тар­тыл­мақ. Сон­дай-ақ, Бате­кенің рухы­на құран бағы­шта­лып, ас берілмек.

Ұзақ жыл­дар бір­ге жүр­ген досын сағы­ны­шпен еске алған Сағат Жүсіп, былай дейді:

- Қазір өте бір қиын жағ­дай­ға қалып отыр­мыз: оппо­зи­ция күй­зеліс­ке ұшы­рап отыр, «Алға» бас­шы­сыз қал­ды, ал біз шешім таба алмай тығы­ры­ққа тірел­ген­дей­міз.  Осын­дай­да Батыр­хан­ның жоқты­ғы қат­ты білініп қала­ды. Мұн­дай шақтар­да Батыр­хан бір жолын тауып, шеші­мін таба­тын бе еді деп ойлай­мын, мүм­кін, ол тірі болған­да, бәрі басқа­ша болар еді, деп те ойлаймын.

2005 жыл­дың  мау­сы­мын­да көлік апа­ты­на жұм­бақ жағ­дай­да ұшы­рап қаза болған бел­гілі қоғам қай­рат­кері, ұлт­шыл аза­мат, «ҚДТ» (ДВК) пар­ти­я­сы­ның  пре­зи­ди­ум мүше­сі болған Батыр­хан Дәрім­бет биыл 61 жасқа келер еді.

ОТ РЕДАКЦИИ:  5 декаб­ря извест­но­му обще­ствен­но­му дея­те­лю, поли­ти­ку, жур­на­ли­сту, осно­ва­те­лю газе­ты «Азат», чле­ну пре­зи­ди­у­ма пар­тии «Алга, ДВК!» Батыр­ха­ну Дарим­бе­ту испол­нил­ся бы 61 год. В Араль­ске, Кызы­лор­дин­ской обла­сти, на родине Батыр­ха­на каж­дый год сорат­ни­ки, род­ствен­ни­ки и дру­зья про­во­дят меро­при­я­тия, посвя­щен­ные его памя­ти. В этот раз запла­ни­ро­ва­ны:  област­ной тур­нир по шаш­кам, пре­зен­та­ция новой кни­ги Дарим­бе­та «Мен халқы­ма сене­мін» (Верю в свой народ), встре­чи с мест­ны­ми жите­ля­ми.  Батыр­хан Дарим­бет погиб в июне 2005 года, в резуль­та­те авто­ка­та­стро­фы на трас­се Алматы-Тараз.

 

Статьи по теме

Найти тех кто прославляет Даригу Назарбаеву

НАЗАРБАЕВСКАЯ ЖЕСТКАЯ АВТОКРАТИЯ  «СЪЕЛА» ЖИЗНЬ ЦЕЛОГО ПОКОЛЕНИЯ

Лукпан Ахмедьяров — о давлении на казахстанское медиа-пространство, своём отъезде из Уральска и возможности эмиграции вообще