БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ, ПОЛИГОНДАР ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКІ БОЙЫНША ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ…

БАЙҚОҢЫР ҒАРЫШ АЙЛАҒЫ, ПОЛИГОНДАР ЖӘНЕ
ЯДРОЛЫҚ ОТЫН БАНКІ БОЙЫНША
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КЕҢЕСІНІҢ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қаза­қстан­да 27-тамы­здан бастап Ядро­лық отын бан­кінің ашы­луы зор алаң­да­у­шы­лық туғы­зды. Табиғат пен адам бала­сы­на қауіп төн­діретін, арты үлкен қасірет­ке әке­луі мүм­кін бұл жобаға нара­зы­лық білдіреміз.
Жер көле­мі бой­ын­ша әлем­де 9‑шы орын ала­тын Қаза­қстан бүгін­де тұта­стай эко­ло­ги­я­лық апат аймағы­на айнал­ды. 70 жыл бойы жері мен суын аяу­сыз ластап, ойы­на кел­генін істе­ген КСРО билі­гі қазақ елін Арал қасіретіне ұрын­ды­рып, Сол­түстік облы­стар­дың тың жер­лерін экс­тен­сив­ті иге­ру сал­да­ры­нан топы­рағын жап­пай эро­зи­яға ұшы­рат­ты. Қор­шаған орта­ны сақта­уға еш көңіл бөл­мей, мұнай мен газ­ды қалай бол­са солай өндіру­ден батыс аймақтар­да ауыр эко­ло­ги­я­лық аху­ал қалып­та­сты. Көмір, металл, химия, уран өндірістерінің зиян­ды қал­ды­қта­ры кесірі­нен Орта­лық және Шығыс Қаза­қстан­дағы жер­ле­стері­міз де аса аяны­шты күй кешу­де. Семей ядро­лық поли­го­нын­да 40 жыл бойы жүр­гізіл­ген жан­түр­ші­гер­лік сынақтар сал­да­ры­нан 1,5 мил­ли­он халық қоны­станған алқап ради­а­ци­я­лық ула­ну зардаб­ы­на душар болды.
Қаза­қстан 1991 жыл­дың тамы­зын­да Семей ядро­лық поли­го­ны­ның жабы­луы­на қол жет­кізді. Сол кез­де халқы­мы­здың тарихын­да осын­дай зұл­мат­тың бір­жо­ла­та аяқталға­ны­на, тиісін­ше Қазақ жері бұдан былай қауіп­ті сынақтар алаңы ретін­де бөтен мем­ле­кет­тер­дің ойын­шы­ғы­на айнал­май­ты­ны­на сенім болған еді.
Алай­да жер­ді аяу­сыз қанау үрдісі еш тола­ста­ма­ды. Мил­ли­он­даған гек­тар жер зиян­ды қал­ды­қтар­дың «мола­ла­ры­на», ашық аспан­ның астын­дағы үйін­ділер­дің мекеніне айнал­ды. Дәл осын­дай өкіні­шті жағ­дай Ресей тара­пы жалға алған Бай­қоңыр ғарыш айлағын­да, оған қоса алты әске­ри поли­го­нын­да орын алған. Бұл – Поль­ша сын­ды ел аумағы­на тең. Атал­мыш қия­нат­ты доға­ру­дың орны­на, оның одан әрі жалға­са беруіне бар жағ­дай­ды жасап бер­ген Қаза­қстан­дық билік­тің әре­кеті кім­ді де бол­са алаң­да­та­ды. Алы­сқа бар­май-ақ, аты­шу­лы Про­тон зымы­ран тасы­ғы­шта­рын қарас­ты­рай­ық. Ресми орын­дар тасы­ғы­штар­дың қауіп­сіз әрі сенім­ді екенін алға тар­ту­дан жалы­қ­пай­ды. Десе де, деректер мүл­де өзге­ше шын­ды­қты айғақтай­ды. Атап айтқан­да, про­тон­ның отын ком­по­нен­ті ретін­де сим­мет­ри­я­лық емес диме­ти­л­гид­ра­зин (геп­тил деген ата­у­мен бел­гілі) (CH3)2N2H2 және N2O4 азот­тың тет­ра­ок­сиді қол­да­ны­ла­ды. Бұл қос­па­лар соғы­сқа арналған улы заттар­дан асып түсіп, ГОСТ12.1.007–76 бой­ын­ша бірін­ші дәре­желі улағы­штарға жатады.
Бір Про­тон­ды ұшы­руға орта­ша есеп­пен 700 тон­на геп­тил кете­ді. Алай­да зымы­ран тасы­ғыш сәт­ті ұшқан­ның өзін­де ол қор­шаған ортаға зор зала­лын тигізіп оты­ра­ды. Себебі ғары­шқа шығу бары­сын­да отын­ның бар­лы­ғы жанып кет­пей, баста­пқы көлем­нің шама­мен 7–10 пай­ы­зы зымы­ран тасы­ғы­штың қал­ды­қта­ры­мен қоса құлай­ды. Демек, әр ұшқан сай­ын кем деген­де 50–70 тон­на аса улы қос­па­лар жер­ге, суға, өсім­дік­тер­ге, олар арқы­лы жану­ар­лар мен адам ағза­сы­на түседі деген сөз. Про­тон­ның ұшу бағы­ты­на кел­сек, ол Қаза­қстан­ның жар­ты аумағын оңтүстік баты­стан сол­түстік шығы­сқа қарай кесіп өтіп, ары қарай Тау­лы Алтай мен Сібір арқы­лы Тынық мұхи­тқа бет ала­ды. Назар ауда­рар­лы­ғы – ресей­лік ресми орын­дар­дың мәлі­метін­ше, Бай­қоңыр­дан ұшы­ры­ла­тын зымы­ран­дар­дың сал­да­ры­нан Тау­лы Алтай тұрғын­да­ры­ның 10 пай­ы­зы­ның бой­ы­нан геп­тил­дің іздері табы­лған. Өңір­дің әрбір бесін­ші тұрғы­ны құрт ауруы­на шал­ды­ққан. Қаза­қстан­да бұн­дай зерт­те­улер мүл­де жүр­гізіл­мей­ді, ал тиісті ақпа­рат­тар толы­қтай жасырылады.
Бұл тұрғы­да Про­тон­ның «сенім­ді» екен­ді­гі жай­лы пай­ым­да­у­лар да бос сөз болып табы­ла­ды. 2001 мен 2015 жыл­дар ара­лы­ғын­да Бай­қоңыр ғарыш айлағы­нан 90 Про­тон ұшы­ры­лған (ең сорақы­сы зымы­ран тасы­ғы­штың осы түрі тек Бай­қоңыр­дан ұшы­ры­ла­ды да, Ресей­дің өз ішін­де жер­гілік­ті халы­қтың қар­сы шығуы­на бай­ла­ны­сты оларға тый­ым салы­нған). Солар­дың 80‑і сәт­ті өтіп, 10‑ы апатқа ұшы­раған, яғни әрбір 9‑шы аппа­рат құлаған. Бұл ашық ауа мен жер­ге кем деген­де 6 мил­ли­он тон­на геп­тил тараға­нын біл­діреді. Арзан әрі сенім­ділі­гі төмен шетел про­тон­да­ры­ның Бай­қоңыр­дан әр ұшы­ры­луы­нан Ресей 100 мил­ли­он дол­лар табыс таба­ды. Жері ласта­нып, халқы ула­нып оты­рған Қаза­қстан Бай­қоңыр үшін ала­тын төле­мақы­сы жылы­на 115 мил­ли­он дол­лар ғана.Оның өзін Мәс­кеу ақша­лай емес, ескір­ген иә, жарам­сыз тех­ни­ка түрін­де беріп отыр.
Бай­қоңыр­дағы былы­қтарға Ресей қару­лы күш­тері жалға алып оты­рған 6 әске­ри поли­гон­ды, олар­да жүр­гізіліп жатқан зиян­ды сынақтар мен жары­лы­стар­ды қосар бол­сақ, нәу­бет­тің шын мәнісін­де­гі ауқы­мы жаға ұста­та­ды. Биы­лғы көк­тем­де елі­міз­де киік­тер­дің жап­пай қыры­лға­ны бел­гілі (150 мың­нан астам) және бұл апат­тың үсті­нен дәл сол ресей­лік ғары­штық және әске­ри зымы­ран­дар ұша­тын өңір­лер­де орын алға­ны кез­дей­соқтық емес. Неме­се сөз болып оты­рған аймақ тұрғын­да­ры­ның ара­сын­да онко­ло­ги­я­лық, жүрек-тамыр ауру­ла­ры­ның, ана мен бала өлі­мінің дең­гейі жал­пы рес­пуб­ли­ка­лық көр­сет­кі­ш­тен әлдеқай­да жоға­ры тұруы, мал­дың қыры­луы, «ұйқы дер­ті» секіл­ді ано­ма­ли­я­лар­дың жиіле­уі де жай­дан-жай емес.
Бұл аздай, Қаза­қстан­да Ядро­лық отын бан­кінің (ЯОБ) ашы­луы, жығы­лғанға жұды­рық болып табы­ла­ды. Қауіп­ті қой­ма Үлбі метал­лқо­ры­ту зауы­тын­да (ҮМЗ) орна­лас­пақ. Бірақ ол елі­міз­ге ешқан­дай эко­но­ми­ка­лық не қар­жы­лық пай­да әкел­мей­ді, өйт­кені ЯОБ аясын­да қор­да­ланған мате­ри­ал­дар түгел­дей Атом қуа­ты бой­ын­ша халы­қа­ра­лық агент­тік (МАГАТЭ) құзы­ры­на жата­ды. Басқа­ша айтқан­да, біздің бас­шы­лық үшін «бұл атың шық­па­са жер өрте» деген­ге келіп сая­тын әншей­ін ими­дж­дік жоба.
ЯОБ жай­ын­да сөз қозғаған­да отан­дық шене­унік­тер Қаза­қстан­ды Швей­ца­ри­я­мын салы­сты­руға әуес. Швей­цар­лы­қтар ғалам­дық қар­жы­лар­дың қоры бол­са, біз­дер ядро­лық отын­ның ғалам­дық қоры­на айна­ла­мыз деген­дей сыңай­да. Бол­ма­са да ұқсап бағуға құмар шене­унік­тер­ге бұн­дай теңе­улер ұнам­ды көрі­нер. Бірақ ядро­лық істер­ге кел­ген­де ойға дамы­ған елдер емес, Чер­но­быль неме­се Фуку­си­ма сияқты мүл­де өрес­кел мысал­дар келеді. Назар ауда­рар­лы­ғы ядро­лық тех­но­ло­ги­я­лар­дың қыр-сырын жетік білетін кеше­гі КСРО мен Жапо­ни­я­ның өздері атал­мыш апат­тар­дың алдын ала алма­ды. Ғылым­ның аса күр­делі осы сала­сын­да тиісті дай­ын­ды­ғы шама­лы, маман­да­ры тап­шы Қаза­қстанға ЯОБ нен­дей зұл­мат әке­летінін еле­сте­ту мүл­де қиын. Соны біл­ген­дік­тен де әлем­де­гі 200-ге жуық мем­ле­кет­тің біре­уі де мұн­дай ұсы­ны­сты қабылдамады.
Деген­мен, билік­тің ЯОБ бой­ын­ша алға тар­та­ты­ны – бұл қауіп­сіз, толық бақы­ла­удағы орта­лық. ЯОБ қорға­у­шы­ла­ры­ның дәй­ек­те­ме­лері де таң қал­ды­ра­ды: Үлбі метал­лқо­ры­ту зауы­тын­да 40 жыл бой­ын­да мың­даған тон­на ядро­лық отын өндіріл­ді. Сон­ды­қтан ЯОБ үшін қосым­ша әкелін­бек 60–90 тон­на төмен бай­ы­ты­лған уран айна­ла­ның ядро­лық-ради­а­ци­я­лық жағ­дай­ы­на айтар­лы­қтай әсер ете қой­май­ды-мыс. Мұн­дай ақыл­сыз да жау­ап­сыз ұста­ным құрт ауруы­на шал­ды­ққан науқасқа қосым­ша улы заттар­ды қабыл­да­уды нұсқаған­мен тең.
Дерек көз­деріне жүгі­нер бол­сақ, уран­ды бай­ы­ту­да қол­да­ны­ла­тын негіз­гі шикі­зат уран­ның гек­сафто­риді өте улы және 53 гра­дуста-ақ газға айна­ла­тын қос­па болып сана­ла­ды. Атмо­сфе­ра­да су буы­мен реак­ци­яға түс­кен­де оған іле­с­пе ура­нил­фто­рид пен пла­ви­ко қышқы­лы сын­ды қатер­лі заттар пай­да бола­ды. Олар­мен уланған­да бірін­ші кезек­те адам­ның тыныс жол­да­ры, бүй­ре­гі, көзіне нұқ­сан келеді, жеке­ле­ген жағ­дай­лар­да 30 тәулік­тің ішін­де олар адам өлі­міне әке­луі мүм­кін. Ал бұл улар­дың тара­лу қарқы­ны­на келер бол­сақ, бри­тан ғалым­да­ры­ның есеп­те­уін­ше өлім­ге дей­ін алып келетін мөл­шер тара­лу көзі­нен ради­у­сы 32 шақы­рым­ды ала­ды. Ал ҮМЗ үшін бел­гі­лен­ген сани­тар­лық-қорға­ныс аумағы – бар болға­ны 1 шақырым.
Кез кел­ген уран­ды бай­ы­ту­дың нәти­же­сін­де радио­ак­тив­ті қал­ды­қтар пай­да бола­ты­ны әу бастан бел­гілі. Әдет­те дай­ын өнім­нің әр тон­на­сы­на шаққан­да 10 тон­на осын­дай зиян­ды заттар қалып оты­ра­ды. Сол себеп­тен олар­ды арнайы сақтау шара­ла­ры­мен қатар қауіп­сіз тұрақты қалы­пқа ауда­ру қажет. Алай­да Қаза­қстан­да, тіп­ті ядро­лық тех­но­ло­ги­я­лар сала­сын­да әлдеқай­да бай тәжіри­бе жинақтаған Ресей­де ондай әдісте­ме­лер әлі жоқ. Демек, зиян­ды уран қал­ды­қта­ры жыл сай­ын ұлғая беретін­ді­гі, эко­ло­ги­я­лық аху­ал одан әрі ушы­ға түсетіні анық.
Атом-ядро­лық сынақтар­дың, қырып-жою тех­но­ло­ги­я­ла­ры­ның тауқы­метін басы­нан кешір­ген Қаза­қстан үшін олар­ды бүкіл әлем­де бол­ма­са да, өз жерін­де тоқта­ту аман қалу­дың бір­ден-бір алғы­шар­ты. Осы рет­те біз Қаза­қстан билі­гінің алдын­да келесі­дей талап­тар қой­ып, Ота­ны­мы­здың тағ­ды­ры­на бей­жай қара­май­тын әр аза­мат­ты осы көкей­те­сті мәсе­ле­лер­ге қол­дау біл­діру­ге шақырамыз:
1.Гептилді пай­да­ла­на­тын зымы­ран­дар­дың Қаза­қстан­да ұшы­ры­луын үзіл­ді-кесіл­ді тоқта­ту­ды ресей­лік тарап­тан талап ету. ҚР мен РФ ара­сын­да Бай­қоңыр ғарыш айлағын жалға алу тура­лы келісім­дер­ге осы аумақта тұрып жатқан Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның құқы­қта­ры мен мүд­де­лерін бірін­ші кезек­те және толы­ққан­ды қорғай­тын бап­тар­ды енгізу.
2.Қазақстан аумағын­да ұшы­ры­ла­тын кез кел­ген шетел­дік зымы­ранға қаты­сты ақпа­рат ашық бол­сын. Олар ұшы­ры­ла­тын және олар­дың қал­ды­қта­ры құлай­тын жер­лер­де эко­ло­гия мен жер­гілік­ті тұрғын­дар­дың ден­са­улы­ғы­на кел­тірілетін ықти­мал залал­дың мөл­шерін аны­қтай­тын арнайы қыз­мет­тер жұмыс істе­уі қажет. Зымы­ран­дар сал­да­ры­нан келеңсіздік­тер­ге шал­ды­ққан тұрғын­дарға мем­ле­кет тиісті емдеу, айы­қты­ру, өте­мақы төлеу амал­да­рын қам­та­ма­сыз етсін.
3.Қазақстан жерін­де орна­ласқан бар­ша шетел­дік әске­ри база­лар мен поли­гон­дар жабыл­сын. Қаза­қстан шетел­дік әске­ри күш­тер­ді орна­ла­сты­ру­дан ада­мем­ле­кет ретін­де жариялансын.
4.Аса қауіп­ті екені мой­ын­да­лып, Қаза­қстан­да Ядро­лық Отын Бан­кі жұмысын тоқтат­сын. Сон­дай-ақ елі­міз­де атом электр стан­ци­я­сын салу жос­па­ры­нан бір­жо­ла­та бас тар­ту керек. Бұдан үнем­дел­ген қара­жат күн, жел секіл­ді бала­ма қуат көз­дерін иге­ру­ге жұмсалсын.
5.Қоршаған орта­ны ластау, оған қан­дай да залал тигі­зу тұрғы­сы­нан Қаза­қстан­дағы өндірістік орын­дар түгел­дей мұқи­ят тек­сері­стен өткізіл­сін. Оның нәти­же­сін­де бел­гілі болған заң бұзу­шы­лы­қтарға қаты­сты тек айып­пұл салу­мен шек­тел­меу керек. Жина­ла­тын эко­ло­ги­я­лық айып­пұл­дар­дың, олар­ды пай­да­ла­ну­дың мей­лін­ше айқын да әділ болуы мін­дет­тел­сін. Айып­ты кәсі­по­рын­дарға зиян­ды қал­ды­қтар­ды залал­сыздан­ды­ру бой­ын­ша халы­қа­ра­лық стан­дарт­тарға өтуі үшін нақты мерзім­дер бел­гі­лен­сін. Басқа­ша болған­да тиісті кәсі­по­рын­дар жабыл­сын, бұдан туын­дай­тын еңбек ұжым­да­ры­ның алдын­дағы боры­штар тұта­стай кәсі­по­рын қожай­ын­да­ры­на жүктелсін.
6.Жер мен жер асты сула­ры­ның, өзен­дер мен көл­дер­дің, ауа­ның ласта­нуын көр­се­тетін Қаза­қстан­ның эко­ло­ги­я­лық кар­та­сын жасау қажет. Елі­міздің аза­мат­та­ры ден­са­улы­қта­ры­на қан­дай қауіп-қатер төніп тұрға­нын, бұның кім­нің кесірі­нен болып оты­рға­нын білу­ге құқылы.
7.Қазақстандағы эко­ло­ги­я­лық аху­ал­ды үне­мі шолып, бақы­лап, туын­дап оты­рған түйт­кіл­дер­ді дер кезін­де шешіп оты­ру мақ­са­ты­мен Үкі­мет жанын­да мем­ле­кет­тік орган дең­гей­ін­де­гі қоғам­дық комис­сия құрыл­сын. Оған тәу­ел­сіз эко­лог­тар, қоғам­дық қай­рат­кер­лер, ғылы­ми орта­лар­дың өкіл­дері және Қазақ ұлт­тық кеңесінің мүше­лері енгізілсін.

Статьи по теме

Почему КПСС не запретили, а КГБ не распустили? Рассказываем, как в 1990‑е пытались осудить советский режим и почему это не получилось

Оппозиционер Ермурат Бапи после четверти века противостояния с властью пошёл в парламент, чтобы изменить всё изнутри. И тут же перестал критиковать Токаева. Вот что Бапи сам об этом думает

Как Бишкек, тесно связанный с российской финансовой системой, пытается решить проблему вторичных санкций