Своик қалса, бұл партияны “Жалпымәңгүрттік партия” деп атау керек

Сво­ик қал­са, бұл пар­ти­я­ны “Жал­пы­мәң­гүрт­тік пар­тия” деп атау керек

Кеше бір­ді-екілі сайт­та ЖСДП төраға­сы­ның Сво­ик­ке қаты­сты айтқан мің­гір-сің­гір әңгі­месі шықты.
Не шыға­ра­мыз демей­ді, не шығар­май­мыз демейді.
Соған қараған­да, Жар­ма­хан­ның жаны да Сво­ик­тің тәу­ел­сіздік­тен бас тар­ту керек деген был­шы­лын қалап тұр ма деп қаласың.
Сво­ик пен Бал­таш қана сон­дай, қалған­да­ры дұрыс қой деп ойлай­тын­дарға мына­ны айта­мын: Қай­рат Нұр­та­стың мил­ли­он­даған тың­дар­ма­ны бар, жақ­сы ән айта­ды екен деп, “Нұр Отанға” дауыс бер­ген дұрыс па?
Пар­ти­я­ның ішін­де дұрыс адам­дар да, тәу­ел­сіздік­ке, ұлтқа қар­сы иттің бала­ла­ры да болуы мүм­кін. Бұл жер­де мәсе­ле — ол адам­дар­да емес, пар­ти­я­ның бас­шы­лы­ғын­да, сая­са­тын­да. Егер тәу­ел­сіздік­ке қар­сы шыққан адам­ды пар­ти­ядан сол мезет­те шығар­ма­са не шыға­ра­мыз деп бас­шы­сы бір­жақты айт­па­са, онда ол пар­тия сатқын­дық, мәң­гүрт­тік сая­сатқа жақын деген сөз.
Бұл жер­де Таза­бек, Асхат сияқты жастарға обал: ұлт­тық мүд­де­ге жаны ауы­ра­тын, Сво­ик сияқты шови­ни­стер­ге бір­ден қар­сы тұрған адам­дар Жар­мақұл­дар­дың арқа­сын­да атта­ры ластан­ба­са деп тілейсің.
Егер жақын уақыт­та Тұяқ­байы шығып, Сво­ик­ті пар­ти­ядан шыға­ра­мыз, тәу­ел­сіздік­ке қар­сы адам­дар біздің қата­ры­мы­зда бол­мауы тиіс деме­се, өз басым бұл пар­ти­я­ны Жал­пы­мәң­гүрт­тік пар­тия деп ата­уға көшемін.
Жақын­да осы­ған қаты­сты бір­не­ше үлкен мақа­ла­лар дай­ын­дау керек шығар.

Жан­бо­лат Мамай­дың фейс­бук парақшасынан

Ори­ги­нал ста­тьи: Три­бу­на — Рес­пуб­ли­кан­ская обще­ствен­но-поли­ти­че­ская газе­та / tribunakz.com

 

Статьи по теме

Оппозиционер Ермурат Бапи после четверти века противостояния с властью пошёл в парламент, чтобы изменить всё изнутри. И тут же перестал критиковать Токаева. Вот что Бапи сам об этом думает

Как Бишкек, тесно связанный с российской финансовой системой, пытается решить проблему вторичных санкций

В Сенате представлен законопроект о признании России государством-спонсором терроризма