Путиннің Украинадан кейін араны ашылады

- Меру­ерт ханым, көк­тем­мен бір­ге кел­ген Халы­қа­ра­лық әйел­дер мей­ра­мы құт­ты болсын!

- Рах­мет, газет­теріңіз арқы­лы бар­ша қаза­қстан­дық әйел­дер қауы­мын мен де осы мере­ке­мен құттықтаймын!

- Тұр­мыс тауқы­метін арқа­лап, дастар­хан мәзірі­нен деваль­ва­ци­я­ның зардаб­ын тар­тып жүр­ген қазақ әйел­дері осы мере­кені қан­дай көңіл-күй­мен қар­сы ала­ды деп ойлайсыз?

- Қарық болып оты­рған ешкім жоқ шығар. Әйел­дер­дің ғана емес, әрбір отба­сы­ның мере­келік көңіл-күй­ін база­рдың баға­сы бұза­ты­ны анық. Ақпан­дағы ақша­ның құн­сызда­нуы­ның кесірі­нен банк­тер­ден дол­лар­мен несие алған­да­ры «күй­іп», тең­ге­мен алған­да­ры «тең­селіп» қалған жайы бар.

Күн­көріс қамы­ты жан-жақтан қысып жатқан жағ­дай­да мере­келік көңіл-күй қан­ша­лы­қты көтері­ле қояр екен?! Десек те, көк­тем келіп, жылы күн­нің шуағы мола­я­ты­ны ғана дәт­ке қуат бола­ты­ны көңіл­ге демеу.

Оның үстіне соңғы кез­де­гі Укра­и­на мен Ресей­дің ара­сын­дағы текетіре­стің салқы­ны біз­ге де тиетінін жасы­рып қай­те­міз? Ресей­мен ара­дағы эко­но­ми­ка­лық қарым-қаты­на­сқа бай­ла­ны­сты Батыс елдері санк­ция (шек­теу) жасай­тын­да­ры жөнін­де мәсе­ле көтер­ді. Енді Кеден одағы­на басы бай­ланған Қаза­қстан мем­ле­кеті де осы санк­ци­я­ның кесірін тар­та­ты­ны — айт­па­сақ түсінік­ті мәселе.

Бір ғана мысал: біз тұты­на­тын жоға­ры октан­ды жанар­май Ресей­дің импор­ты есебі­нен жабы­лып оты­ра­ды. Ал дүй­сен­бі күні Ресей өз руб­лін құн­сызда­ну­дан қорғай­мыз деп, Орта­лық банк­тің 10 млрд АҚШ дол­ла­рын бір күн­нің ішін­де нары­ққа шығар­ды. Осы­дан кей­ін жыл­дық бюд­жеті 25 мил­ли­ард қана бола­тын Қаза­қстан­ның жағ­дайы қалай бола­рын бір Құдай­дың өзі біл­сін. Егер рубль одан ары құн­сызда­на беретін бол­са, біздің тең­ге­ге төн­ген қауіп күшей­етіні бел­гілі. Тең­генің кін­ді­гі орыс руб­ліне бай­ла­нып қалға­ны — басы ашық мәселе.

Себебі соңғы он бес жыл­дың ішін­де үшін­ші рет қай­та­ланған деваль­ва­ция халы­қты үкі­мет пен тең­ге­ге деген сенім­нен айыр­ды. Кеден­дік одақтың құра­мы­на кіріп, Біры­ңғай эко­но­ми­ка­лық кеңістік (БЭК) аясын­да Қаза­қстан мак­ро­эко­но­ми­ка­лық сая­сат­ты Ресей­мен келісіп жүр­гі­зу жөнін­де бірқа­тар құжат­тарға қол қой­ған­ды­қтан, Қаза­қстан дер­бес валю­та­лық сая­сат жүр­гі­зу мүм­кін­ді­гі­нен айы­рыл­ды. Ұлт­тық банк валю­та­лық интер­вен­ци­я­лар арқы­лы тең­ге баға­мын ұзақ уақыт бойы ұстап тұра алма­ды. Қаңтар айы­ның өзін­де ғана Ұлт­тық банк валю­та­лық интер­вен­ци­яға 200 мил­ли­он дол­лар жұмсады.

Ұлт­тық банк­тің бар ойлап тапқан ама­лы — бір мезет­те шұғыл деваль­ва­ция жасау. Ал енді нелік­тен бір дол­лар­дың құны 185 тең­ге болып бел­гі­лен­ді? Ұлт­тық банк­тің төраға­сы Келім­бе­тов бол­са, деваль­ва­ция эко­но­ми­ка­ның бәсе­ке­ге қабілет­тілі­гін сақтап тұру үшін қажет деген­ді алға тар­та­ды. Бірақ, аны­ғын­да, экс­порт­шы­лар­дың мүд­десін қорғау мәсе­лесі сөз болып отыр. Ұты­лған — Қаза­қстан халқы. Үкі­мет тең­генің құн­сызда­нуы­на сәй­кес, зей­не­тақы мен жәр­де­мақы­ны 19 пай­ы­зға өсіруді жос­пар­лап оты­рған жоқ, зей­нет­кер­лер мен көп бала­лы отба­сы­лар­дың ескеріл­ме­ген мүд­десін кім­нен дау­ла­у­ға болады?

- Азық-түлiк тау­ар­ла­ры, жанар-жағар­май баға­сы күн санап өсіп жатыр. Халы­қтың күн­көрісіне қажет­ті тұты­ну тау­ар­ла­рын өндiр­мей­тiн елi­мiз сырт­тан келетін тау­ар­ларға тәу­ел­дi күй кеш­кен кезең­де, эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс тығы­ры­ғы­нан шығар жол­дың болжа­мын жаса­уға бола ма?

- Ірі мем­ле­кет­тер — АҚШ, Англия, Фран­ция және Гер­ма­ния әр елдің мұнай үлесін (кво­та­сын) аны­қтай­тын ОПЕК-ке сөз­дерін өткі­зе ала­ты­нын ескер­сек, Ресей­дің Укра­и­наға жасаған агрес­си­я­сы­нан кей­ін, мұнай­дың әлем­дік нары­қтағы баға­сы құл­ды­рап кетуін жоққа шыға­руға бол­май­ды. Мұны Ресей­дің жаңа импе­ри­я­лық сая­са­ты­на қар­сы шыққан шара деп қабыл­да­сақ, оның зала­лы Қаза­қстанға да тиері сөзсіз.

Біз­де­гі жал­пы ішкі өнім­нің өсуі мұнай­дың баға­сы­на бай­ла­ны­сты. Сон­ды­қтан экс­порт­тың мүм­кін­ді­гі шек­те­лер бол­са, жыл­дың аяғы­на жағ­дай күрт өзге­руі мүм­кін. Егер опти­ми­стік тұрғы­дан алсақ, Ресей Укра­и­наға әске­ри шара қол­дан­бай, тан­кілерінің басын тар­та­тын бол­са, бола­шақта болуы мүм­кін эко­но­ми­ка­лық кол­лап­сқа тосқа­уыл қоюға мүм­кін­дік болар еді. Ол мәсе­ле енді­гі жер­де Путин­нің сая­са­ты­на байланысты.

Оның үстіне біздің елі­міз сырт­тан келетін импор­тқа тәу­ел­дi. Сон­ды­қтан ертең­гi күнi азық-түлiк баға­сы тұрақты бола­ды, тау­ар­лар қым­бат­та­май­ды, инфля­ция бол­май­ды деп сенiм­мен айта алмай­мын. Бұл мәсе­ле тiке­лей қаза­қстан­дық өндiрiстің дамуы­на да тәу­ел­дi. Неғұр­лым өндiрiс ошақта­рын көбей­тiп, отан­дық тау­ар­лар­ды өнді­ру мөл­шері көбей­се, ішкі нары­қтағы баға­ны құры­қтау мүм­кiн­дi­гi­мiз арта түсер едi.

- «Бюд­жет» демек­ші, заң негізін­де қабыл­да­на­тын елі­міздің басты эко­но­ми­ка­лық құжа­ты жыл ішін­де бір­не­ше рет өзгеріс­ке ұшы­рай­ты­нын көріп жүр­міз. Сіз басқарған орта­лық осы бюд­жет­тің орын­да­луын дер­бес қадаға­лау тұрғы­сын­да жұмыстар жүр­гі­зе ме?

- Иә, біз бюд­жет сая­са­тын тұрақты зерт­теп оты­ра­мыз. Бюд­жет­ті жыл ішін­де бір­не­ше рет қарай­тын себебі — жыл басын­да жос­пар­ланған зей­нет­кер­лік­ке, ел тұрғын­да­ры­ның күн­көріс дең­гейі мен сту­дент­тер­ге берілетін сти­пен­ди­яға болжам жасаған­да, үкі­мет болжам­ның ең төмен­гі мөл­шерін есеп­те­у­ге тыры­са­ды. Сон­ды­қтан инфля­ци­я­ның да дең­гей­ін төмен­детіп есеп­тей­ді. Жыл ішін­де қай­та-қай­та қараған кез­де, кіріс мөл­шері меже­леп қой­ған болжам­нан асып кет­се де, зей­на­тақы­ға да, жәр­де­мақы­ға да үсте­ме қоспайды.

- Демек,тәуелсіз сарап­шы­лар­дың жеке мен­шік зей­не­тақы қор­ла­рын бір орта­лы­ққа бағын­ды­рып, үнем­дел­ген қар­жы ЭКСПО-17 көр­месіне жұм­са­ла­ды деп, болжам жаса­уы­ның бір ұшы осы­ған кеп тіре­летін сияқты. Сон­да сол халы­қа­ра­лық көр­ме зей­нет­кер­лер­дің қар­жы­сы­на қарап қал­са, ондай гло­бал-жоба біз­ге қажет пе еді?

- Мен мұн­дай шара­лар­ды қол­да­май­мын. Ресми мәлі­мет шынайы өмір­мен сәй­кес келе бер­мей­тіні мәлім. Халы­қа­ра­лық дең­гей­де өтетін мұн­дай шара­лар үшін бір­не­ше мил лиард­таған дол­лар жел­ге шашы­ла­ды. Одан да билік халы­қтың тұр­мысын жақ­сар­тып, күн­көріс дең­гей­ін өсіруді мақ­сат еткені дұрыс болар еді. Айда­ла­дағы Аста­наға 5 мил­ли­он турист көр­мені тама­ша­лау үшін келеді деген­ге сене қою қиын. Мил­ли­онға жет­пей­тін тұрғы­ны бар қала бес мил­ли­онға қалай қыз­мет көр­сет­пек? Сон­ды­қтан ЭКСПО-17 — шығы­ны көп, қай­та­ры­мы жоқ жоба.

- Төл тең­генің құн­сызда­нуы­на бай­ла­ны­сты Ұлт­тық қор­дан 20 млрд. дол­лар бөлі­неді деп, пре­зи­дент­тің өзі айт­ты. Қаза­қстан­ның бір жыл­дық бюд­жетіне шама­лас осы қар­жы қан­дай бағыт­тарға жұм­са­луы керек деп ойлайсыз?

- Ұлт­тық қор­дан бөлі­нетін қар­жы­ның алға­шқы­сы да, соңғы­сы да бұл емес. Бірақ сол ақша жос­пар­ланған мақ­сатқа жұм­салға­ны жөнін­де жария болған есеп­ті көр­ген емес­піз. Қан­дай бағыт­тарға жұм­са­луы керек деген мәсе­ле төңіре­гін­де билік ешкім­нің ақы­лы­на «зәру» емес. Көз­дел­ген мақ­сатқа жұм­са­ла­ты­ны­на тағы да күді­гім бар. Егер біз­бен ақыл­да­сып, сарап­шы-маман­дар­дың ұсы­ны­сы­на құлақ түр­се, ол қар­жы ең алды­мен ана мен бала­ның игілі­гіне жұм­сал­са, бола­шаққа жасалған инве­сти­ция болар еді.

Соны­мен бір­ге білім беру, ден­са­улық сақтау сала­сы да қар­жы­лық қол­да­уды қажет ете­ді. Елге еңбе­гі сің­ген, от пен судан өткен қари­я­лар­дың зей­не­тақы­сы­на да деваль­ва­ци­я­лық ком­пен­са­ция жаса­луы тиіс. Күні кеше Аста­на әкім­шілі­гі 8 наурыз қар­саңын­да көп бала­лы ана­ларға 3 мың тең­ге­ден беретін­дері әле­умет­тік желі­де маза­ққа айнал­ды. Кей­ін­нен сол ақпа­рат өзгер­тіліп, беріл­мек ақша­ның жал­пы сома­сы ғана жари­я­лан­ды. Күлесіз бе, рен­жисіз бе?

- Айт­пақ­шы, шет­тен әкелі­нетін экс­порт­тық тау­ар­лар­дың струк­ту­ра­сы­на қара­сақ, Ресей­дің үлесі мил­ли­ард­таған дол­лар­ды құрай­ды екен. «Мұнай­лы елміз» деп, мақта­нып жүр­сек, сіз айтқан­дай, жоға­ры октан­ды жанар­май­дың да 100 пай­ы­зын (!) Ресей­ден сатып ала­ды екен­біз. Ал егер Укра­и­на­дағы сияқты, Ресей бір күн­нің ішін­де экс­порт­ты жауып тастай­тын бол­са, біздің жағ­дай­ы­мыз не бола­рын біле ала­мыз ба?

- Қаза­қстан­ның жер аумағы үлкен, көлік қаты­на­сы­ның бар­лық түрі жанар­май­ды қажет ете­ді. Сөй­те тұра Қаза­қстан үкі­меті көлік оты­нын өнді­ру мәсе­лесін күні бүгін­ге дей­ін шеше алмай отыр. Қаза­қстан сияқты мұнай­лы өлке­де жиыр­ма жыл­дың ішін­де мұнай өңдеу зауы­ты­ның саны үштен аспа­ды. Үкі­мет мұнай өнім­деріне деген ішкі сұра­ны­сты қам­та­ма­сыз ете алмай оты­рға­ны өкіні­шті жайт.

- Иә, дұрыс айта­сыз, Укра­и­на­дан кей­ін Ресей­дің импе­ри­я­лық ара­ны ашы­ла түседі. Ал біздің эко­но­ми­ка­лық сая­сат Кеден одағы­мен, Еура­зи­я­лық одақ­пен әріп­тес болға­ны сай­ып кел­ген­де ел тәу­ел­сізді­гіне тіке­лей қатер төн­діруі мүм­кін ғой?

- Кеден­дiк одақ — эко­но­ми­ка­лық емес, сая­си одақ екені жөнін­де ол одақ құры­лған алға­шқы күн­нен бастап айтып келе­мін. Ал эко­но­ми­ка­лық тұрғы­да алып қарай­тын бол­сақ, бұл одақ Қаза­қстанға шығын алып кел­ген­нен басқа пай­да­сын көре алма­дық. Мәсе­лен, атал­мыш одаққа кiрудің сал­да­ры­нан халы­қа­ра­лық сауда тариф­терінің құны екі есе арт­ты. Ол көр­сет­кіш Ресей­дiң тариф­терi­мен теңе­стiріл­дi. Кеден­дік одаққа мүше бол­маған кез­де эко­но­ми­ка­мы­здағы сауда сая­са­ты еркін, либе­рал­ды түр­де жүр­гізіл­ген бола­тын. Себебi бiз­де­гі тариф­тер­дің дең­гейі төмен бол­ды. Ал қазiр біз өзі­міздің емес, Ресей­дiң өндiрiсiн қол­дап жатыр­мыз: тариф­тер­дiң құны аспан­дап кет­ті. Басқа­ларға бәсе­ке­лес бола­тын отан­дық тау­ар өндірісі дамы­ған жоқ. Нәти­же­сін­де қара­пай­ым халы­қтың қал­та­сы қағы­лып, біз Кеден­дік одаққа кіріп, Путин­нiң импе­ри­я­лық амби­ци­я­сы­ның тұтқы­ны болдық.

- Дамы­ған 30 елдің қата­ры­на кіре­міз деген Қаза­қстан­ның халы­қа­ра­лық рей­тинг­те­гі эко­но­ми­ка­лық көр­сет­кі­ш­тері елде­гі әле­умет­тік жағ­дай­ға сай келе ме? Мәсе­лен, көр­сет­кі­ш­тер­ді «үрлеп» көр­се­тетін біздің ресми ста­ти­сти­каға сүй­ен­ген сол рей­тинг­те көп күдік бар сияқты…

- Халы­қа­ра­лық рей­тинг бой­ын­ша біз өзі­мізді өзге елдер­мен салы­сты­ру мүм­кін­ді­гіне қол жет­кі­зе­міз. Негізі­нен біздің үкі­мет рей­тинг­тің жоға­ры дең­гей­іне жету мақ­са­тын көз­де­ген­нен гөрі, мұнай­дан түсетін табысқа ғана қарап қал­май, халы­қтың бола­шағы­на деген сені­мін арт­ты­руға қыз­мет еткені жөн болар еді.

- Сіз жур­на­ли­стер­мен өткіз­ген бір кез­де­суіңіз­де Егор Гай­дар­дың «Гибель импе­рии» деген кiта­бы­на бай­ла­ны­сты пікір біл­дір­ген екен­сіз. Сіз сол кітап­тың маз­мұ­ны­на сіл­те­ме жасап, Ресей­дiң жаңа импе­рия құрам деген сая­са­ты бос әуре­шілік екенін баян етіп, «Ресей бір­тұ­тас мем­ле­кет ретін­де жой­ы­ла­ды» деген жора­мал айтып­сыз. Сол ойы­ңы­зды біздің қазақ оқыр­ман­дарға тігісін жазып айтып берсеңіз…

- Кітап­ты 2010 жылы Мәс­ке­уден Гай­дар инсти­ту­ты­ның кон­фе­рен­ци­я­сы­нан әкел­ген едім. Қазақ жур­на­ли­стері­мен болған кез­де­су­де Кеден одағы­на қаты­сты пікірім­ді айтып жатқан­да, осы кітап­тың иде­я­сы­на тоқта­ла кет­кенім бар. Бұл одақтың негізін­де сая­си мақ­сат жатқа­нын ескерт­кен­мін. Гай­дар соңғы екі ғасыр­да жер беті­нен қан­ша импе­рия жоғалға­нын зерт­теп, бүгін­гі Ресей­ге арналған қор­тын­ды ретін­де жазған. Менің ойым­ша, бұл кітап­тың басты қор­тындысы Путин­ге арна­лып жазы­лған сияқты. Гай­дар соңғы екі ғасыр­дағы импе­ри­я­ның ыды­ра­уын, соны­мен бір­ге тіке­лей Путин­нің импе­ри­я­шыл мақ­са­тын әшке­ре­леп, оның импе­ри­я­лық амби­ци­я­сы­ның соңы Ресей­дің күй­ре­уіне әке­летінін жазған. Өзінің импе­ри­я­лық үстем­ді­гін Укра­и­наға жүр­гіз­бек болған Путин­нің сая­са­ты тұй­ы­ққа тірел­геніне куә болып отыр­мыз. Путин­нің импе­ри­я­лық ұста­ны­мы­на қар­сы әлем­дік ықпал­ды мем­ле­кет­тер Ресей­мен қарым- қаты­нас жаса­удан бас тар­та­ты­нын жария етіп жатыр.

Путин алғаш рет үкі­мет басы­на кел­ген кез­де біздің инсти­тут­тың бір қыз­мет­кері Пут­ин­ді теле­ди­дар­дан көріп: «Бойы бір қарыс, кәдім­гі дик­та­тор ғой мынау!» — дегені бар еді.Ол кез­де Путин аты-жөні бел­гісіз біреу еді ғой. Ара­да бір­не­ше жыл өткен кез­де сол бір қары­стан ғалам­дық про­бле­ма өрбіді. Бірақ дик­та­тор­лар­дың да күй­ре­уі бір сәт­тік құбы­лыс екенін мәң­гілік тарих сан рет дәлел­деп бер­ген жоқ па?!

- Меру­ерт ханым, сұх­ба­ты­ңы­зға рах­мет, атқа­рып оты­рған қыз­метіңіз ел игілі­гіне ассын!

«Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 09 (233) от 06 мар­та 2014 г.

Статьи по теме

Оппозиционер Ермурат Бапи после четверти века противостояния с властью пошёл в парламент, чтобы изменить всё изнутри. И тут же перестал критиковать Токаева. Вот что Бапи сам об этом думает

Как Бишкек, тесно связанный с российской финансовой системой, пытается решить проблему вторичных санкций

В Сенате представлен законопроект о признании России государством-спонсором терроризма