Зиялы қауым Боқаев пен Аянды қолдайды

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның пре­зи­ден­ті Н.Ә.Назарбаевқа
Ашық хат
Құр­мет­тi Нұр­сұл­тан Әбiшұлы!

Аты­ра­улық аза­мат­тар Макс Боқа­ев пен Талғат Аяно­вқа қаты­сты шыға­ры­лған сот үкi­мi Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Кон­сти­ту­ци­я­сын сый­ла­маған­дық болып табы­ла­ды. Жер Кодексiн­де­гi дауға айналған және нара­зы­лық туғы­зған жайт­тар­ды атқа­ру­шы, заң шыға­ру­шы билiк орын­да­ры қай­та қара­ды. Сiздiң жар­лы­ғы­ңыз бой­ын­ша құры­лған комис­сия жұмыс iсте­дi. Бес жылға мора­то­рий жари­я­ла­у­ы­ңы­здың нәти­же­сiн­де қақты­ғы­сқа бастай­тын қатер­дiң жолы кесiлдi.
Жер – ата-баба­мы­здың ұрпақта­ры­на қал­ды­рған қаси­ет­тi мұра­сы, бай қазы­на­сы. Оны қорғау, көздiң қара­шы­ғын­дай сақтау, тiр­шiлiк­тiң тiре­гi ету бар­ша­ның пары­зы. Сiз мем­ле­кет­тiк шека­ра­ны рәсiм­де­у­ге, жерi­мiздiң тұта­сты­ғын қам­та­ма­сыз ету­ге бай­ла­ны­сты атқарған еңбек­терiңiздi айта келе, аты­ра­улы­қтар­дың баста­ма­сы­нан кей­iн дүр көтерiлу­ге ниет­тi халқы­ңы­здың сер­пiлiсiн орын­ды баға­ла­ды­ңыз. “Егер жер­ге дәл осы­лай көңiл бөлi­нетiн бол­са, бұл бiздiң халқы­мыз өз жерiн қасық қаны қалған­ша қорғай­ты­нын көр­се­те­дi” дедiңiз.
Макс пен Талғат сот арқы­лы жаза­ға тар­тыл­са да өз әре­кет­терiнiң заң бұзу­шы­лы­ққа жат­пай­ты­ны­на сенiм­дi. Жер­дi талан-тара­жға түсi­ру, шетел­дiк­тер­дiң қолы­на беру қау­пiн сезiн­ген­дiк­тен митин­гi­ге қаты­сқан­да­рын, Кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­ғын пай­да­ланға­нын сот­та ашық мәлiм­дедi. Бұл – халық бiлiп оты­рған ақиқат. Мұн­дай ниет­те­гi, тiлек­те­гi, пiкiр­де­гi аза­мат­тар­ды жау сана­удың қажетi қан­ша. Олар елi­мiз­де мил­ли­он­дап сана­ла­ды. Бiз­де солар­дың қата­рын­да­мыз. Өз жерiн қасы­қтай қаны қалған­ша қорға­уға дай­ын аза­мат­та­ры­мы­зды қисын­сыз, қол­дан құра­с­ты­ры­лған айып­та­у­мен түр­ме­ге тоғы­та бер­сек, елi­мiз бен жерi­мiздi қорға­уға кiм шыға­ды, егер алмағай­ып сын сәтi туса?!
Аза­мат­тар­дың митин­гi­ге қаты­су құқы­ғын шек­теу, тый­ым салу, сол үшiн жаза­лау өрке­ни­ет­тiлiк­ке жат­пай­ды. Елдiң тыны­шты­ғын, адам­дар­дың қауiп­сiздi­гiн сақтау мақ­са­тын бет­ке ұстап, Ата заң­да көр­сетiл­ген бостан­ды­қтар мен еркiн­дiк­тер­дi еле­ме­удiң соңы жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Жұрт­шы­лы­қтың қан­дай­да бiр мәсе­ле­де келiс­пе­ушiлi­гiн, нара­зы­лы­ғын тың­дап, оны ортаға салуы­на мүм­кiн­дiк жасау және дұрыс шешiм қабыл­дау – мем­ле­кет­тiң мiн­детi. Өз халқы­нан қорқып, оны тұқыр­тып ұста­уға әуе­стер­дiң аяғы аспан­нан келiп жатқа­нын басқа елдер­дiң мыса­лы­нан көрiп жүр­мiз. Бiз Қаза­қстан­да тұрақты­лы­қтың, тыны­шты­қтың болға­нын қалай­мыз. Билiк пен халы­қтың өза­ра түсiнiстi­гi мен сый­ла­сты­ғы арқы­лы соған жете аламыз.
Аты­ра­удағы сот пен оның үкi­мi қаза­қстан­дық қоғам­да ғана емес, шетел­де де түсiн­бес­тiк туғы­зды. Еуро­одақ деле­га­ци­я­сы, АҚШ елшiлi­гi, Amnesty International, Human Rights Watch, Нор­ве­ги­я­лық Хель­син­ки Коми­тетi секiл­дi бедел­дi ұйым­дар нара­зы­лық бiл­дiр­дi. Әлем­дiк қауым­да­сты­қтың осын­дай жағым­сыз баға­сы халы­қа­ра­лық аре­на­дағы елi­мiздiң беделiне сөз­сiз керi әсер етедi.
Жер­дi қорғау үшiн митинг өткi­зудi ұйым­да­сты­ру­шы­лар төң­керiс жаса­уды мақ­сат тұтқан жоқ. Төле­шо­втiң сан­ды­рағын бұл араға қысты­рып, оқиға­ны ушы­қты­ру­шы­лар­дың көз­де­генi не? Ондай “жана­шыр­лар” мем­ле­кет­тiң, оның бас­шы­сы Сiздiң, тұта­стай елдiң абы­рой­ын ойла­маға­ны көрiнiп-ақ тұр. Алдағы уақыт­тар­да өтуi ықти­мал митин­гiлер­дi осын­дай “алдын алу” шара­ла­ры арқы­лы бол­дыр­май тастай­мыз, халы­қты үрей­де ұстау қажет дей­тiн кеңес­шiлер­дiң 37-шi жылғы тәсiл­дер­ге бой алды­рға­ны қалай? Бұрын “халық жауы” айы­бы тағыл­са, бүгiн­де “ұлта­ра­лық, әле­умет­тiк ала­у­ы­зды­қты қоз­ды­ру­шы” дей­тiн жалаң жап­сыр­ма үдеп барады.
Нара­зы­лық шеру­лерiн­сiз тыныш өмiр сүре­мiз десек, ең алды­мен елi­мiз­де әдiлет­тiлiк, халық пiкiрi­мен сана­су, халы­ққа есеп беру, адал қыз­мет ету, ұлт­тық мүд­денi қорғау керек.
Бiз Сiз­ден М.Боқаев пен Т.Аяновтың жағ­дай­ы­на көңiл бөлiп, құзы­рет­тi орган­дар­дың жiбер­ген қателiк­терiн түзет­тiрудi, екi аза­мат­ты жақын ара­да бостан­ды­ққа шығар­ту­ды сұрай­мыз. 1986 жылғы жел­тоқ­сан­да алаңға барға­ны үшiн айып­талған, құр­бан болған күрес­кер­лер­ге Халық қаhар­ма­ны атағын берiп, әдiлет­тiң орны­ғуы­на тiке­лей ықпал еткен Сiздiң пара­сат­ты шешiм қабыл­дай­ты­ны­ңы­зға үмiт артамыз.

Қаб­деш Жұма­дi­лов, халық жазу­шы­сы, ҚР Мем­ле­кет­тiк сый­лы­ғы­ның иегерi;

Серiк­бол­сын Әбдiл­дин, мем­ле­кет және қоғам қайраткерi;

Дулат Иса­бе­ков, ҚР Мем­ле­кет­тiк сый­лы­ғы­ның иегерi, жазушы;

Ғаб­бас Қабы­шұ­лы, жазушы;

Мұх­тар Шаха­нов, жазу­шы, “Түр­кi тiл­дес халы­қтар ара­сын­дағы ең үздiк әлем ақы­ны” атағы­ның иегерi;

Софы Сма­та­ев, жазушы;

Темiр­хан Медет­бек, ҚР Мем­ле­кет­тiк сый­лы­ғы­ның иегерi, ақын;

Әмiр­жан Қоса­нов, саясаткер;

Зәу­реш Бат­та­ло­ва, “Қаза­қстан­дағы пар­ла­мен­та­ризмдi дамы­ту қоры” қоғам­дық қоры­ның пре­зи­ден­тi, саясаткер;

Рыс­бек Сәр­сен­бай, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы;

Ермұрат Бапи, “Дат” газетiнiң бас оқырманы;

Жары­лқап Қалы­бай, “Аңыз адам” – “Жұл­ды­здар отба­сы” жур­на­лы­ның бас редакторы;

Жан­бо­лат Мамай, “Три­бу­на” газетiнiң бас редакторы;

Айдос Сарым, саясаттанушы;

Расул Жұма­лы, саясаттанушы;

Мұх­тар Тай­жан, эко­но­мист, қоғам қайраткерi;

Талғат Айт­бай, жазу­шы, публицист;

Рақым Айы­пұ­лы, “Жебеу” РҚБ-ның бас хатшысы;

Құр­манға­зы Рах­ме­тов, «Нағыз Жел­тоқ­сан» қоғам­дық қоры пре­зи­ден­тi, желтоқсаншы;

Ерлан Қали­ев, құқық қорғаушы;

Ғалым Аге­ле­уов, қоғам­дық бел­сен­дi және тағы басқалар.

Ори­ги­нал ста­тьи: Три­бу­на — Рес­пуб­ли­кан­ская обще­ствен­но-поли­ти­че­ская газе­та / tribunakz.com

Статьи по теме

Алию Назарбаеву и жену экс-главы Конституционного совета обвиняют в рейдерстве

Почему КПСС не запретили, а КГБ не распустили? Рассказываем, как в 1990‑е пытались осудить советский режим и почему это не получилось

Оппозиционер Ермурат Бапи после четверти века противостояния с властью пошёл в парламент, чтобы изменить всё изнутри. И тут же перестал критиковать Токаева. Вот что Бапи сам об этом думает