Бұл не деген масқара!?

Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Мұх­тар Құл-Мұхам­мед көп­тің көкей­ін­де жүр­ген мәсе­лені қозға­ды. «БАҚ тура­лы» заң кез кел­ген элек­трон­ды ақпа­рат құра­лын­дағы қаза­қтіл­ді кон­тент­тің үлесі 50 пай­ы­здан кем бол­мауға тиіс деп талап ете­ді. “Дат” жоба­сы­ның жур­на­ли­сті осы­ған орай зерт­теу жүргізіпті. 

Сіз­дер­ді қай­дам, өз басым басқа елдер­дің көре­рмен­деріне қызы­ға қарай­мын, өйт­кені олар өз теле­ар­на­ла­ры­нан тек сапа ғана талап ете ала­ды. Ал Қаза­қстан­дағы жағ­дай бөлек­теу: біз сау­сақ­пен санар­лы­қтай ғана арна­ла­ры­мы­здан бағ­дар­ла­ма­лар­дың сапа­сы­мен қатар, санын да, яғни, олар­дың қан­ша­сы қай тіл­де көр­сетіліп жатқа­нын да қадаға­ла­у­ға мәжбүрміз.

Апта басын­да өткен бри­финг­те Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стрі Мұх­тар Құл-Мұхам­мед көп­тің көкей­ін­де жүр­ген мәсе­лені қозға­ды. «БАҚ тура­лы» заң кез кел­ген элек­трон­ды ақпа­рат құра­лын­дағы қаза­қтіл­ді кон­тент­тің үлесі 50 пай­ы­здан кем бол­мауға тиіс деп талап ете­ді. Бұл заң­ның күшін ешкім де жой­ған жоқ! Ол — мен­шік түріне қара­ма­стан, бар­лық БАҚ үшін ортақ. Бұл нор­ма­ны біздің медиа­са­ла­да жұмыс істей­тін­дер­дің және, қадап айта­мын, алда да жұмыс жасағы­сы келетін­дер­дің бәрі еш бұл­та­ру­сыз сақта­у­ла­ры тиіс», — деді ол.

Министр бұған дей­ін осы мәсе­ле бой­ын­ша арна­лар­дың бас­шы­ла­ры­мен екі рет кез­десіп, кеңес­кен еді. Сон­да осы талап­ты бұзып оты­рған­дар қалып­тасқан жағ­дай­ды қалай­да 1 жел­тоқ­санға дей­ін түзе­у­ге уәде беріпті.

«Біз оларға әлде­не­ше рет жеңіл­дік жаса­дық. Енді бар­лық заң бұзу­шы­ларға қаты­сты тиісті шара­лар қабыл­да­на­тын бола­ды. Тіп­ті лицен­зи­я­ны кері қай­та­рып алуға дей­ін бара­мыз!» — деп мәлім­деді министр.

Елі­міз­де­гі теле­ар­на­лар­да қалып­тасқан аху­ал дәл қазір сын көтер­мей­ді. Маң­дай­ы­мы­зға біт­кен жалғыз ұлт­тық арна — «Қаза­қстан­ның» өзін таза қаза­қ­ша сөй­ле­ту үшін қан­ша уақыт, қан­ша жүй­ке шығын бол­ды. Басқа арна­лар­дың көп­шілі­гін­де­гі жағ­дай әлі сол баяғы күй­де. «Тіл тура­лы», сон­дай-ақ «БАҚ тура­лы» заң­дар­дың тиісті талап­та­ры­на қар­сы топ­тар мін­дет­тел­ген мем­ле­кет­тік тіл­де­гі хабар­лар­ды өз эфи­рінің түн­гі бөлі­гіне ысы­ра салып, қарап отыр. Жеке мен­шік арна­лар­дың бәрі дер­лік қаза­қ­ша хабар­лар­ды түн­гі 1 мен таңғы 7‑нің ара­сы­на қояды. Тіл жана­шыр­ла­ры түгілі, билік­тің өзі бұған қар­сы ештеңе жасай алар емес.

Әлде осы жолы жасар ма екен? Әйте­уір мини­стр­дің бел­сен­ділі­гі, заң тала­бын аяқа­сты ету­шілер­ге жасаған ескер­туі он бес жыл­дан бері орны­нан қозғал­маған істе осы жолы әлдебір ілгеріле­ушілік­тің бола­рын мең­зей­тін­дей. Расын­да да, заң­ды орын­да­маған­дарға бір зекіп қояр уақыт әлдеқа­шан болған жоқ па еді? Қашанғы бәріне көз жұма қара­уға болады?

1997 жылы қабыл­данған «Тіл тура­лы» заң­ның 18-бабын­да: «Қажет­тi тiл­дiк орта­ны жасау және мем­ле­кет­тiк тiл­дiң толы­ққан­ды қол­да­ны­луы мақ­са­тын­да, олар­дың мен­шiк ныса­ны­на қара­ма­стан, теле­ра­дио арна­ла­ры арқы­лы берiлетiн мем­ле­кет­тiк тiл­де­гi хабар­лар­дың көле­мi уақыт жағы­нан басқа тiл­дер­де­гi хабар­лар­дың жиын­тық көле­мi­нен кем бол­мауға тиiс», — делінген.

Яғни, заң­да қаза­қ­ша хабар­лар­дың басқа тіл­де­гі бағ­дар­ла­ма­лар­дың жал­пы көле­мі­нен кем бол­мауы ғана мін­дет­тел­ген. Біздің «50 де 50» деп жүр­гені­міз — мүл­де бекер сөз. Кемін­де ғана 50 пай­ыз болуы керек. Демек, артық болуы, 60, 70, 80, 90 пай­ы­зға жетуі — тіп­ті де заң­сыздық емес!

Теле­ар­на­лар­дың бәрінің дер­лік тіз­гінін оры­стіл­ділер ұстап оты­рға­нын ескер­сек, көгіл­дір экран­дағы тіл­дік ара­сал­мақтың оңай­лы­қ­пен өзге­ре қоюы неғай­был. Ол бас­шы­лар заң тала­бын мүл­де орын­дап отыр­маға­нын жасы­руға да мүд­делі. Яғни, әрқан­дай әле­умет­тік сау­ал­на­ма­ларға, арна жетек­шілерінің қала­уы ескері­ле жүр­гізіл­ген күмән­ді зерт­те­улер­ге көп сене беру­ге де бол­май­ды. Сол себеп­ті де теле­ком­па­ни­я­лар­дың тіл­дік сая­са­ты­ның құбы­луын мен қара­пай­ым ғана әдіспен — әр арна­ның бір апта­лық эфи­рінің қан­ша уақы­тын­да қаза­қ­ша, қан­ша уақы­тын­да орыс­ша бағ­дар­ла­ма­лар беріл­генін аны­қтау арқы­лы бақы­ла­у­ға бей­іл­мін. Алы­нған цифр­лар­ды арна­ның жал­пы эфи­рін 100% дей оты­рып, пай­ы­зға жіктеймін.

Төмен­де ұсы­ны­лып оты­рған кесте — өткен апта­дағы, яғни биы­лғы жыл­дың 4—11 қара­ша­сы ара­лы­ғын­дағы көр­сетілім­дер­ге жасалған сон­дай жур­на­ли­стік сарап­та­ма­ның нәти­же­сі. Бай­қаған болар­сыздар, қазір «Қаза­қстан», «Елар­на» және «Хабар­дан» басқа бір­де-бір арна заң тала­бын орын­дап оты­рған жоқ. Және, мұн­дай кестені сонау 1999 жыл­дан бері тұрақты жасап келе жатқан осы жол­дар авто­ры­на сеніңіз, ешқа­шан орын­дап та көр­ме­ген! Демек, алды­ңғы жыл­дар­мен салы­сты­рған­да, ептеп ілгерілеу болға­ны­мен, жал­пы алған­да, қуа­на­тын ештеңе жоқ деген сөз. Оның үстіне ком­мер­ци­я­лық арна­лар­да қаза­қ­ша хабар­лар­дың басым көп­шілі­гі түн­гі 12 мен таңғы 8‑дің ара­лы­ғын­да беріледі. Бұрын 100% қаза­қ­ша болған «Ел арна­ны» да әбден қостіл­ді ғып бітіріп едік, кей­ін­гі уақыт­та ғана ондағы ара сал­мақ жақ­са­ра бастады.

БІР АПТАДАҒЫ ТЕЛЕХАБАРЛАРДЫҢ ТІЛДІК ҮЛЕС САЛМАҒЫ (%)

 

Арна­ның аты

2002 жыл

2009 жыл

2013 жыл

Қаз.*   Ор.

Қаз. Ор.

Қаз. Ор.

1. «ҚАЗАҚСТАН»

49,1     49,5**

63,5 36,5

100 0

2. «ЕЛАРНА»

100      0

50,8 48,2

71,4 28,6

3. «ХАБАР»

22        77,8***

49 51

54,2 45,8

4. «АСТАНА»****

-          -

17,8 83,2

48,8 51,2

5. СТВ («Рахат»)

46,7     53,2

44,8 55,2

43,7 56,3

6. КТК

24,2     75,8

28 72

29 71

7. «7 ТВ»*****

-          -

- -

20,6 79,4

8. «31 АРНА»

18,7     81,3

33,4 66,6

20,2 79,8

9. «ТАҢ»

39,6     60,4

43 57

19,5 80,5

10. НТК

25,1     74,9

23,6 76,4

17   83

11. «ЕУРАЗИЯ»

-          -

-        -

9,3  90,7

 

Ескер­ту­лер:

а) * Қаз. — қаза­қ­ша, Ор. — орысша.

ә) ** — «Қаза­қстан» арна­сы­ның 2002 жылғы көр­сет­кі­шін­де қаза­қ­ша­сы мен орыс­ша­сы­ның қосындысы (49,1+49,5) 98,6% болып тұр. Қалған 1,4% — сол кез­де­гі корей, ұйғыр және неміс тіл­дерін­де­гі хабар­лар­дың жиын­тық үлесі.

б) *** — «Хабар» арна­сы­ның да 2002 жылғы көр­сет­кі­шін­де қаза­қ­ша және орыс­ша бағ­дар­ла­ма­лар­дың қосындысы (22+77,8) 99,8%-ға тең боп тұр. Қалған 0,2% — сол кез­де эфир­ге шығып тұрған ағы­л­шын­ша жаңа­лы­қтар­дың («Хабар-ньюс») үлесі.

в) **** — 2002 жылы «Аста­на» арна­сы рес­пуб­ли­каға тарал­май­тын еді.

г) *****- «7 ТВ» және «Еура­зия» арна­ла­ры бұры­нғы зерт­те­улер­де болған жоқ.

 

Кесте­ден көрініп тұрға­нын­дай (ең соңғы, «2013 жыл» деген бағанға назар салы­ңыз), дәл қазір заң тала­бын «Қаза­қстан» ұлт­тық арна­сы­нан (100 пай­ыз) бөлек тек «Ел арна» (71,4 %) және «Хабар» (54,2%) ғана орын­дап отыр. Басқа арна­лар­дың ешқай­сысы бұл көр­сет­кі­ш­тер­ге жете алмай келеді. Мәсе­лен, «Аста­на» арна­сын­дағы қаза­қтіл­ді бағ­дар­ла­ма­лар­дың үлес сал­мағы 48,8% бол­са, «СТВ»-да — 43,7%, «КТК»-да — 29%, «7 ТВ»-да — 20,6%, «31 арна­да» — 20,2%, «Таң­да» — 19,5%, «НТК»-да — 17%, ал «Еура­зия» арна­сын­да небәрі 9,3%-ды құрайды!

Мұның бәрі — тұтас апта­дағы жал­пы көр­сет­кі­ш­тер. Ал егер көсенің иегін­де­гі сел­дір сақал­дай сел­ти­ген осы сирек қаза­қ­ша­ны әр күн­ге бөлер бол­сақ, онда тіп­ті бота­дай бозда­ры­мыз анық. Себебі, әр күн­дік эфир­лік уақы­тқа шаққан­да, «КТК»-ның қазақ тілін­де­гі көр­сетілім­дері тәулік ішін­де­гі хабар­ла­ры­ның 4/1‑іне, «Таң­да» — 5/1‑іне, «31 арна­да» — 6/1‑іне, «НТК»-да — 7/1‑іне, ал «Еура­зия» арна­сын­да 8/1‑іне тең болмақ!

Бұл не деген масқа­ра?! Бұлар­дан заң тала­бын сұра­мақ түгілі, мини­стр­дің өзі айтқан­дай, лицен­зи­я­ны бір­ден кері қай­та­рып алса да артық бол­мас еді. Тіп­ті басқа­ла­ры­на нақты үрей туғы­зу үшін, біре­уін, расын­да да, «құр­бан­ды­ққа» шалған жөн бе әлде? Жал­пақ­ше­шей билі­гі­міз ондай батыл да қатаң қада­мға бара алар ма екен?

Сосын, жоға­ры­да айтқа­ны­мы­здай, жеке мен­шік арна­лар­дың бәрі дер­лік мем­ле­кет­тік тіл­де­гі хабар­лар­ды таңғы 6 мен 8 ара­лы­ғы­на, сосын түн­гі 1 мен 4‑тің ара­сы­на қояды. Демек, ұйқы­сы бұзы­лған бай­ғұстар мен түн­гі қара­уыл­дар бол­ма­са, сол аз-кем бағ­дар­ла­ма­ның өзін көріп жатқан жұрт та шама­лы. Ақы­ры мем­ле­кет осы іске бел шешіп кіріс­кен екен, заң тала­бын толы­ғы­мен орын­датқа­ны жөн. Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі көр­сетілім­дер­дің әр арна­ның тәулік кестесін­де­гі орны рет­теліп, негіз­гі бөлі­гі ел экран алды­на жина­ла­тын көрілім­ді уақыт­та берілуін қам­та­ма­сыз ету қажет.

Мұны «БАҚ тура­лы» заң­ның 3‑бабының 3‑тармағы рас­тай­ды: «Мем­ле­кет­тік тіл­де­гі теле­ви­зи­я­лық және радио бағ­дар­ла­ма­ла­ры­ның әрқай­сысы­ның жер­гілік­ті уақыт бой­ын­ша нөл сағат­тан бастап есеп­те­летін ұза­қты­ғы алты сағат бола­тын уақыт ара­лы­ғын­дағы көле­мі басқа тіл­дер­де­гі хабар­лар­дың жиын­тық көле­мі­нен кем бол­мауға тиіс».

Демек, таңғы 6 мен күн­діз­гі 12, күн­діз­гі 12 мен кеш­кі 6, кеш­кі 6 мен түн­гі 12, түн­гі 12 мен таңғы 6 ара­лы­ғын­дағы әрбір сағат­та қаза­қ­ша хабар­лар КЕМ ДЕГЕНДЕ 50 пай­ыз, яғни 3 сағат болуы талап етіледі. Ал қазір біз­де мүл­де олай емес. «КТК», «НТК», «7 ТВ», «31 арна», «Таң» секіл­ді арна­лар азын-аулақ, бір­лі-жарым қаза­қ­ша көр­сетілім­дерінің өзін (негізі­нен ойын-сауық, ыржақай дүни­е­лер) таңғы 6‑ға, әлде түн­гі 3‑ке қояды.

Мына сұм­ды­қты қараңыз: жүз пай­ыз қаза­қ­ша «Қаза­қстан­ды» қос­паған­да, кесте­де көр­сетіл­ген қалған 10 теле­ар­на жал­пы алған­да апта­сы­на 1482 сағат хабар тара­та­ды. Оның 1011 саға­ты — орыс тілін­де бол­са, тек 471 саға­ты (яғни, 32 пай­ы­зы ғана) — қаза­қ­ша екен!

Көр­діңіз бе, біздің ақпа­рат­тық теле­кеңісті­гі­міздің 68 пай­ы­зы орыс тілін­де игеріліп, бұры­нғы мет­ро­по­ли­я­ның идео­ло­ги­я­сы емін-еркін жүр­гізіліп жатыр. Оң-солын танып үлгер­ме­ген қан­ша­ма жас отан­да­сы­мыз өзге әлем­ге, бөтен діл­ге бұры­лып бара­ды. Ақпа­рат­тық кеңістік деген созы­ла беретін резең­ке емес шығар, оның да шеті-шегі, сұра­уы, жау­ап­кер­шілі­гі болуы керек емес пе? Бүгін­гі билік өзінің осы сала­дағы мақ­сат-мін­детін ұғып отыр ма?

Жарай­ды, шешу­ші күн — 1 жел­тоқ­санға да көп қалған жоқ қой. Он бес жыл­дан бері қаза­қтың төзі­мін тауы­сып келе жатқан мәсе­ле он бес күн­де шеші­ле қал­са, мейлі-ау!..

Источ­ник: «Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 39 (215) от 14 нояб­ря 2013 г.

Статьи по теме

Оппозиционер Ермурат Бапи после четверти века противостояния с властью пошёл в парламент, чтобы изменить всё изнутри. И тут же перестал критиковать Токаева. Вот что Бапи сам об этом думает

Как Бишкек, тесно связанный с российской финансовой системой, пытается решить проблему вторичных санкций

В Сенате представлен законопроект о признании России государством-спонсором терроризма