Болашағы жоқ ауыл үкіметке керек емес

Үкі­мет басқарған пре­мьер­лер­дің ішін­де Әке­жан Қажы­гел­дин­нен кей­ін­гі тәуірі Серік Ахме­тов пе деп жүр­сем, бұ да Ақор­да­дағы алаөк­пе­нің бірі ме деп қал­дым. Өткен апта­да үкі­мет оты­ры­сын­да ол: «Потен­ци­а­лы аз ауыл­дар­дың әле­умет­тік объ­ек­тілеріне де, инфрақұры­лы­мы­на да бюд­жет­тен ешқан­дай қар­жы бөлін­бей­ді», — деді. Бұл оның бола­шағы жоқ ауыл­дар­ды басқа аймақтарға көшіріп, шағын елді мекен­дер­ді оңтай­ла­сты­ру жұмысын аяқтау керек деген сөзі­нен туған кесім­ді шеші­мі бол­ды. Яғни, келер жыл­дан бастап, «бола­шағы жоқ» ауыл­дар ады­рам қала­ды деген сөз. 

Пре­мьер­дің періп қалған сөзіне ой жүгір­тей­ік­ші: Қаза­қстан­да «бола­шағы жоқ» деген 1500 ауыл бар; олар­дың әрқай­сысын­да орта есеп­пен 50 адам бар деген­де, соры қай­наған ауыл­дар­да 75 000 мың халық тұра­ды; сон­да бұлар­ды бюд­жет­тен қар­жы­лан­ды­ру­ды тоқта­та­мыз деген­де, кезін­де басқа жаққа көшіріл­мей, аңы­рап қалған ел қалай күн көр­мек? Ахме­тов басы­мен ойлай ма, жоқ әлде оның ойлау қыз­метін басқа жері атқа­ра ма?

Ал енді осы 1500 ауыл­дың 90 пай­ы­зын­да тек қана қаза­қтар тұра­ты­нын ескер­сек, пре­мьер­дің пәр­мені кім­ді зар еңіре­терін есеп­теу қиын емес: 70 мыңға жуық қазақ дала­да қала­ды! «Бас пен басқа жер» деген­де­гі дөрекілеу ашу осын­дай­да туады.

Айна­лай­ын Ахме­тов-ау, алды­мен бола­шағы жоқ 1500 ауыл­ды оңтай­лап алмай­мысың, содан кей­ін ғана оларға бөлі­нер азын-аулақ ақша­ны басқа жыр­ты­ғы­ңа жап­сыр­май­мысың?! Келер жыл дегенің ақпан­ның аязы­нан баста­ла­ды: сон­да қақаған қыста «бола­шағы жоқ» ауыл­дар­дың инфрақұры­лы­мын қар­жы­лан­ды­ру қаңта­ры­лар бол­са, қыру­ар қазақ қай­те­ді?! «Инфрақұры­лым мен әле­умет­тік нысан» дегеніңіз — жарық, су, теле­фон, көлік қаты­на­сы, мек­теп, пошта, т.б. бықы­бай-шықы­бай. Ал?!… Осы­ның бәрін қар­жы­сыз қал­дыр­сақ, қиыр­да қалған қай­ыр­шы ауыл­дың қаза­қта­ры қар асты­нан тірі шығып, келер көк­тем­ге ілі­гер-ілік­пе­сі неғай­был бол­май ма?

Айт­пақ­шы, ол қаза­қтар бола­шақ­сыз ауыл­да құты қалған­дай, бада­лып оты­рған жоқ: үкі­мет­тің көшіре­міз дегеніне он жыл бол­ды! Бірақ пәлен­бай ауыл түген­бай жер­ге көшіріл­ді деген хабар­ды есті­ген құлақ бар ма? Жоқ! Себебі бей­ша­ра ауыл­дар­ды көшіру­ге қажет қар­жы бөлін­бей­ді. Ал бөлін­гені — қай әкім­нің жем­са­уын­да кет­кенін иіс­шіл итпен іздеп таппайсың.

Одан да зоры — бар ақша­ны Аста­на жал­мап, ауыл­дың ақы­сын жұтып жатыр. Сол он жыл­дан бері Аста­на­ның екі үйін ғана салуға кететін шым­шым қар­жы­ны қырға бұр­саң, оны­сыз да жапан­да қалған ауыл­дар жөңкі­ле көшпес пе еді?

Жасы­нан жетім қалып, дет­дом­да өскен Зоя деген жең­ге­міз айту­шы еді: «Ас ішер­де керек, к…т тышар­да», — керек деп. Сол марқұм айт­пақ­шы, «бола­шағы жоқ» деген ауыл­дар­дың айқайы жыл сай­ын бюд­жет қабыл­дау кезін­де туа­ды: қиыр қонған қаза­қтың есесі­нен өздерінің тесік­терін тығын­дап, үкі­мет әңгүдік әлек­ке түсіп жата­ды. Ал бюд­жет қабыл­да­нып кет­кен соң, ол ауыл­дар келесі бюд­жет­ке дей­ін — бай-бай!

Осы­дан он жыл бұрын үкі­мет сор­лы қаза­қты сорт­тап, ауыл­дар­ды бола­шағы «бар» мен «жоққа» бөл­ген­де, Қаза­қстан­дағы 7000 ауыл­дың бір жарым мыңы «біт­кен шаруа» деген еді. Сол біт­кенің бүгін болай­ын деп тұр: себебі — сол кез­де «бой­ы­на жан бітіру­ге бола­ды» деген сорт­тағы 2 мыңға жуық ауыл­дың тең жар­ты­сы он жыл­дың ішін­де ыңыр­шағы шығып, «біт­кен шару­аға» қосыл­ды. Сон­да «өлім алдын­дағы» бір жарым мың ауы­лға мына мың­ды қос­саңыз: екі жарым мың ауыл­дағы ел еңіреп жүр деген сөз! Ондағы халы­қтың орта саны — 125 мың­ның о жақ-бұ жағын­да. Оның 90 пай­ы­зы тағы да қазақ десең, 100 мың­нан астам адам айда­ла­да қалған боп шыға­ды. Міне, қазақ көр­ген кеп­тің бір порасы — осы!

Ал біз біл­ген бір аны­қты айтар бол­сақ, ауыл­дар­ды сор­лы­ның сор­ты­на бөлу­де қат­ты қателік кет­кен. Мәсе­лен­ки, қаза­қтың қиыр шека­ра­сы­на таяу қоны­станған ауыл­дар­ды «бола­шағы жоққа» балау — біл­ме­стің шаруа­сы болған.

Бұл ара­да ауыл­дың емес, қаза­қтың бола­шағы қапер­де қалу керек еді: ел шетін­де­гі ол ауыл­дар қазақ жерінің бір пұшпағын көр­сет­кен шека­ра­лық бал­бал тастар емес пе? Әсіре­се Қытай­мен жап­сар­лас жатқан ауыл­дар­ды ішкер­тін­ге — «бола­шағы бар» жаққа көшір­сек, жер шеті жалаңаш қала­рын ойлаған бір милы бастың бол­маға­ны ма?

Мыса­лы, Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да Теректі деген шека­ра­лық ауыл бар: кезін­де Марқа­көл ауда­ны­ның орта­лы­ғы болған гүл­ден­ген мекен еді. Тәу­ел­сіздік таңы қар­саңын­да он мыңға жуық халқы болған осы Теректінің тең жар­ты­сы бүгін­де қирап қалған. Жұмыс­сыз халқы­ның алды — Алма­ты­ға, соңы — Өске­мен­ге көшіп жатыр. Жуық төрт-бес жыл­да мұн­да қаңғы­рған қазақ түгілі, тігер­ге тұяқ қал­май­тын түрі бар.

Ал осы қиран­ды­ны қытай­лар арғы бет­тен дүр­бі­мен қарап отыр: қаза­ққа керексіз ауы­лға, иесі жөңкі­ле көш­кен жер­ге олар­дың көз алар­туы мүм­кін бе? Мүм­кін емес деген­нің ойы мүңкі­ген болуы мүмкін!

Оның үстіне Теректі тұл­дыр­сыз қал­са, Қара Ертіс пен Алтай­дың ара­сын­дағы ішкер­тін 100 шақы­ры­мға дей­ін­гі аңғар иесіз қала­ды. Ал осы Теректі­ден 80—90 шақы­рым жер­де­гі, Алтай­дың биік басын­дағы бұры­нғы Боб­ров­ка мен Ұранқай ауыл­да­ры Қытай­ға сұғы­на жатқан қазақ жерінің қиы­ры­на орна­ласқан. Көзі «ала­рып кетуі» мүм­кін көр­ші қал­пақ­пен қағып алар­лық жер­де­гі бұл ауыл­дар «бола­шағы біт­кен­дер» сана­тын­да. Олар­ды «оңтай­ла­сты­рар» бол­сақ, Күр­шім­ге дей­ін­гі 190 шақы­рым алқап­та (көл­де­неңі 40—50 км.) шеміш­ке шаққан шека­ра­шы мен ату­дан аман қалған бұғы-марал­дан басқа тірі пен­де қалмайды.

Сол сияқты Ақсу­ат ауда­ны­на қосы­лған соң, тоқал­дан туған­дай том­сы­рай­ып қалған Тар­баға­тай­дың шека­ра бой­ын қоны­стаған оншақты ауы­лы да «бола­шағы быт-шыт» болған­дар қата­ры­на ілік­ті. Олар да «оңтай­ла­нып» кет­се, мұнай­лы-көмір­лі Зай­сан­ның оңтүсті­гі омпы­рай­ып қалар түрі бар. Сон­да біздің эко­но­ми­ка­лық аймақтар­ды қауіп­сіз­ден­ді­ру қағи­да­мыз қай­да қалады?

Мұн­дай оңтай­ла­ну­дың ойбай­ы­на Мақан­шы мен Нары­нқол­дың оты­здан астам шека­раға жап­сар­лас ауыл­да­ры ілі­гіп­ті. Ал Ресей­мен ірге­лес елді мекен­дер­дің есебі — өз алды­на бөлек әңгіме.

Сон­да дей­міз-ау, қар­жы­ны үнем­дей­міз деп, шека­ра­мы­зды жалаңа­штап тас­та­сақ, арғы бет­те­гі жұрт әлем­нің әйдік 50 елі қата­ры­на «енген» дөкей­ге дам­ба­лын шешіп тастап күл­мей ме?! Ежел­де қаза­қтың көшпе­лі ру-тай­па­ла­ры өзінің жаз — жай­ла­уы мен қыс — қыста­уын шека­ра­лау үшін, жер шетіне ел қон­ды­рған, олар­дың су мен қырат басын­дағы зират-мазар­ла­ры да жер иесін мең­зеп жатқан.

Ал бүгін­гі билік бұ қаза­қты қай­да жөңкіл­тіп бара­ды? Шека­раға шеп болған аз-кем үйлі ауыл­дар­ды оңтай­лан­ды­ру­дан оңа­ша қар­жы­лан­ды­рар бол­сақ, қаза­қтың қазы­на­сы ортай­ып қала ма?

…Мен қытай­лар арғы бет­тен дүр­бі­мен қарай­тын ауыл­да өстім. Ол заман­да көк­тем шыға ауыл-үйге тегін ақбал­шық тара­ты­ла­тын: үйіңді әктеп ал деп. Қора-қорған­ның сыр­тын сыр­ла­у­ға да бояу беретін. Сыр­ты­ның сиқы кет­кен үй иесі сель­со­вет­те сор­лай­тын. Сөйт­сек, кей­інірек біл­дім, бұл — дүр­бі салған қытай­ға ақ үйдің айба­рын көр­се­ту екен. Ол айбар­дың артын­да ел ауһа­ты жатады-екен-ау!

Ал біз зар­лай­мыз: кеңе­стер зама­ны запы­ран құстыр­ды деп. Құса бол­сақ — болған шығар­мыз, бірақ о заман­да шека­ра­ның торғайы да тоқ еді.

Источ­ник: «Обще­ствен­ная пози­ция» (про­ект «DAT» № 41 (217) от 28 нояб­ря 2013 г.

Статьи по теме

Побежденных судят

Правые в Европе усиливают позиции перед выборами. Как этому противостоять?

Как Россия заблудилась в своих ориентирах. Интервью с экс-премьером Казахстана