Астанада аудандық әкімдікте жер мәселесі көтерілді

Аста­на­лық “Шаңы­рақ” бас­шы­сы Абжан жер­ді халы­ққа тегін беру қажет­ті­гін айтып жатыр

27 мамыр  күні Аста­на қала­сы Сары­арқа ауда­ны­ның Ішкі сая­сат басқар­ма­сы Үкі­мет­тік емес ұйым­дар­ды қол­дау орта­лы­ғы­мен бір­десіп, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Тәу­ел­сізді­гінің 20 жыл­ды­ғы­на арналған Аста­на қала­сын­дағы Үкі­мет­тік емес ұйым­да­ры­ның Күнін өткізді.
Сөз бары­сын­да үкі­мет­тік емес ұйым­дар өздерінің алға қой­ған жос­пар­ла­ры­мен қоса атқа­ры­лған жұмыста­ры­ның нәти­же­сі жай­ын­да атап кетті.
Рес­пуб­ли­ка­лық «Шаңы­рақ» қоғам­дық бір­ле­сті­гінің Аста­дағы фили­а­лы­ның бас­шы­сы Махам­бет АБЖАН өз кезе­гін ала оты­рып сөз сөйледі.
Заң аясы­нан алы­ста­май заңға сүй­ене оты­рып бұры­сы мен дұры­сын, ақ пен қара­ны ажы­ра­та білетін ұйым­ды­қтың алдағы жос­па­ры көп, оны жоғарғы жақтын көме­гіне жүгіне оты­рып шеш­сек деген ниет­пен ұсы­ныс таста­ды. Елі­міздің заңы­на бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­ның әр аза­ма­ты өмірін­де бір рет 10 сот­тық жер­ді тегін алуға құқы­лы. Бұл мүм­кін­дік­ке ие болам деушілер құзыр­лы орган­дарға өз өтіні­ш­терін беру­лері тиіс. Ал атқа­ру­шы орган оған қай жер­ден берілетінін аны­қтай­тын болып заң қабыл­даға­ны бел­гілі, бірақ ол заң қағаз жүзін­де қал­ды да іс жүзін­де жүзе­ге аспа­ды. Осы жазы­лған заң заң­ды­лы­ғын сақтап, кең бай­тақ елдің көңілін жай­лап, адам­дарға тегін жатқан жер беріл­се жаман бол­мас еді өз үйім өлен төсе­гім деген­дей ұсы­ныс жасалды.
Аста­на­дағы «Шаңы­рақ» ұйы­мы тегін жер мәсе­лесін жақын ара­да көтермек.

Мей­рам­гүл Құдабекова

More:
Аста­на­да аудан­дық әкім­дік­те жер мәсе­лесі көтерілді

Статьи по теме

Подарок Кулибаеву: 1,57 трлн тенге. Корни забастовок в коррупции. Тарифы Клебанова / Оразалы ЕРЖАНОВ

Общественный Фонд Elge Qaitaru требует расследования сделки АО «Казкоммерцбанк» и Кенеса Ракишева

Круглый стол по возврату активов