-3 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

Бұл екі қасіретті бөліп қарауға болмайды

Жанаө­зен­де­гі қан­ды оқиға жыл­ды­ғы­ның қар­саңын­да 1986 жылы Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан үшін сот­та­лып, 3 жыл түр­ме­де оты­рып шыққан “Нағыз Жел­тоқ­сан” қоғам­дық қоры­ның төраға­сы Құр­манға­зы Рах­ме­тов Жанаө­зен мен Жел­тоқ­сан­ды салы­сты­рып отыр.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

 

- Құр­манға­зы-аға, қалай ойлай­сыз, өткен жылы Жаңаө­зен­де орын алған қан­ды оқиға­ны 1986 жылғы Жел­тоқ­сан көтерілісі­мен салы­сты­руға бола ма? Бұл екі оқиға­ның қан­дай ұқса­сты­ғы және айыр­ма­шы­лы­ғы бар?

- Халқы­мы­здың басы­на түс­кен Жана­о­зен қан­ды оқиға­сы және осы­дан 26 жыл бұрын Алма­ты­дағы Жел­тоқ­сан көтерілісі салы­сты­руға келеді деп  ойлай­мын. Бірін­ші­ден, екі жағ­дай­да да халық болып, ұлт болып өзінің қор­да­ла­нып қалған мәсе­ле­лерін алып шыққан халы­ққа қар­сы күш қол­дан­ды. Халы­қтың мәсе­ле­лерін шешудің орны­на билік қан­ды жорық жаса­ды деп айтуға бола­ды. 1986-шы жылы жел­тоқ­сан­да оқ атыл­ма­са да жақ­сы­лап тұрып жаны­шта­лып, қан­ша­ма аза­мат­та­ры­мыз сот­та­лып, ату жаза­сы­на кесіліп, өмір­ден озған­дар да бар. Ал енді Жаңаө­зен­ді ала­тын бол­сақ, бұл тәу­ел­сіздік алған жиыр­ма жыл­дағы мем­ле­кеті­міздің, халқы­мы­здың ең бір қай­ғы­лы, ең бір қасірет­ті күні болып отыр. Тарих­та солай қала­ты­ны­на менің күмәнім жоқ. Жанаө­зен оқиға­сы­нан кей­ін де әділ­сіз сот­тар өтіп, кінәсіз жаза­ла­нып жатыр ғой адам­дар. Жел­тоқ­сан оқиға­сын­да да солай болған, алай­да уақыт өте, олар ақта­лып шыққа­ны бел­гілі. Сон­ды­қтан, мен Жанаө­зен­ге қаты­сты сот­талған­дар бір күні ақта­ла­ты­ны­на сенемін.

- Ал, қан­дай айыр­ма­шы­лы­қта­рын қадап айтар едіңіз?

- Жаңаө­зен қала­сын­да қырғын болға­ны бар­лық жұрт­шы­лы­ққа аян, бүкіл дүни­е­жүзіне. Бей­біт, қолын­да қаруы жоқ өзінің ойын жет­кі­зем деп тұрған халы­ққа қар­сы қару қол­дан­ды. 1986 жылы халы­ққа оқ аты­лған жоқ. Ол кез­де алаңға шыққан жастар күр­делі сая­си мәсе­ле­лер­ді көтер­ген еді. Жаңаө­зен­де жұмыс­шы мен жұмыс беру­ші ара­сын­дағы келіс­пе­ушілік ең ақы­рын­да  текетірес­ке ұла­сып, арты қырғы­нға айнал­ды. 1986 жылы Кеңес Үкі­меті билеп тұрған кезі, біз басқа қоғам­дық фор­ма­ци­яда өмір сүр­дік, оры­старға тәу­ел­ді бол­дық деген сыл­тау айтыл­ды. Ал енді тәу­ел­сіздік алған шақта Жаңаө­зен­де халы­қты қырып таста­уды қалай түсі­ну­ге бола­ды?  Өзі­міздің қаза­қтар емес пе билік басын­да тұрған, елба­сы­мы­з­бен бір­ге осы­ған барып оты­рған. Бұл біздің билік­тің өте бір қаті­гез, өте бір жаман түр­де көр­сет­ті бүкіл әлем­ге. Бұл билік­тің  жау­ап­кер­шілі­гі жоқ екен­ді­гін көр­сет­ті. Ең таңға­лар­лы­ғы, билік басын­дағы­лар бәрін дұрыс жаса­дық деп оты­рған секілді.

- Сон­да, Жанаө­зен оқиға­сы­нан билік сабақ алған жоқ деп ойлай­сыз ба?

- Сабақ алмақ түгілі, билік Жаңаө­зен оқиға­сын басқа жаққа қарай бұрып жібер­гені көп­шілік­ке аян болып отыр ғой. Бұлар болған оқиға­ны басқа жаққа бұруға әре­кет жаса­ды. Шет мем­ле­кет­тер­ден кел­ген тыс  бей­та­рап күш­тер­дің қаты­суы­мен жасал­ды деген тұжы­рым жасап отыр ғой. Ал шын мәнін­де ол жер­де бөтен ешкім болған жоқ: жер­гілік­ті халық, мұнай­шы­лар. Жанаө­зен­де жәбір­леніп қалған, азап көр­ген аза­мат­тар­дың өзін бірін­ші сот­та­са, екін­ші қатар­да соған қаты­сқан поли­ция қыз­мет­кер­лерін, әкім­дер­ді сот­та­ды. Ең соңы барып сая­си ойы­нға айна­лып Вла­ди­мир Коз­лов мыр­за­ның соты­мен аяқтал­ды. Шынын айтқан­да, Жаңаө­зен көтерілісі біздің қоғам­да соңғы 20 жыл­да жина­лып қалған бір ғана мәсе­ленің бетін ашты. Ал біздің қоғам­да мұн­дай мәсе­ле деген бастан асып жатыр. Соларға дер кезін­де назар ауда­ры­лып, дұрыс шеші­мін табуға болар еді ғой? Тәу­ел­сіздік алдық деп мақта­нып жата­мыз,  жиыр­ма жыл­дың ішін­де қан­ша­ма жетістік­тер­ге қол жет­кіздік деп те айта­мыз, бірақ сол жетістік­тері­мізді жалғыз Жаңаө­зен оқиға­сы жоққа шыға­ра­ды деп айтуға болады.

- Араға жыл сал­май жатып, Жаңаө­зен ата­уын өзгер­ту тура­лы ұсы­ны­стар айты­ла баста­ды. Сіз бұған қалай қарайсыз? 

- Шын­ды­ғы­на кел­ген­де, Қаза­қстан­да Жаңаө­зен­нен басқа да ата­уы өзгер­тілуі тиіс қала­лар жетер­лік. Мыса­лы Қызы­л­жар, Кере­ку т.б. Жаңаө­зен — жаны­мы­здың жара­сы, ұлт­тың қасіреті. Бекет ата­ның қаси­ет­ті әру­ағы­мен сол жан жара­сын бір күн­де ешкім жаза алмай­ды, одан келер пай­да жоқ. Бұл баста­ма­ны “жоға­ры жақтан” жет­кен тап­сыр­ма деп есеп­тей­мін. Оның үстіне, аталған баста­ма­ны халы­қтың аз бөлі­гі ғана құп­та­уда, ал көп­шілі­гі қар­сы. Жаңаө­зен тарихы­мы­зда Жаңаө­зен болып қалуы тиіс. Ал билік, қан­ды оқиға­ны ұмыт­ты­ру үшін, сырт көз­ден жасы­рып-жабу үшін осын­дай әре­кет­ке барып отыр. Жұмыс­кер­лер­дің ашу-ыза­сын оятқан әле­умет­тік нара­зы­лы­қтар тек Жаңаө­зен­де ғана бас көтер­ген жоқ қой. Мыса­лы одан кей­ін де Жезқазған­да жұмыс­шы­лар нара­зы­лық шеру­лерін өткізді. Оның себебі неде? Әле­умет­тік нара­зы­лы­қтар­дың алдын алу үшін не істеу керек? Билік осы­ның бәрін жете зерт­теп, ақ-қара­сын аны­қта­удың орны­на неге жауыр­ды жаба тоқыды?

- 16 жел­тоқ­сан — Жел­тоқ­сан көтерілісі мен Жаңаө­зен оқиға­сы болған күн. Осы­ған орай, сіз­дер­дің тарап­та­ры­ңы­здан қан­дай да бір шара ұйым­да­сты­ры­ла ма?

- Жаңаө­зен мен Жел­тоқ­сан­ның айыр­ма­шы­лы­ғы­ның жоқты­ғын көре оты­рып, біз, жел­тоқ­сан­шы­лар тысқа­ры қала алма­дық. Өйт­кені, Жаңаө­зен бол­сын Жел­тоқ­сан бол­сын, бәрі де біздің жады­мы­зда, біздің жүре­гі­міз­де. Ұйым­да­сты­ры­ла­тын шараға кел­сек, ол алдағы күн­нің еншісін­де­гі мәсе­ле. Бір күн­ді бел­гілеп, рес­пуб­ли­ка бой­ын­ша жан-жақты атап өтудің жол­да­рын қарас­ты­ра­мыз. Біз жыл сай­ын Алма­ты, Аста­на қала­ла­рын­да, бар­лық облыс орта­лы­қта­рын­да 17 жел­тоқ­сан­ды атап өте­міз. Бірақ, қазір 16 жел­тоқ­сан бұған дей­ін­гі дата­дан ерекше­ле­неді. Себебі, Жел­тоқ­сан көтерілісіне Жаңаө­зен оқиға­сы қосыл­ды. Енді 16 жел­тоқ­сан­ды атап өтер­де “Мынау — Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на қаты­сты, мынау Жаңаө­зен оқиға­сы­на тиесілі” деп бөле-жару сая­си қателік деп білем. Қазақ деген халық — біреу-ақ. Осы екі қай­ғы­лы оқиға­да зардап шек­кен де — бір ұлт, яғни, қазақ. Демек, екі оқиға­ны бір­ге қарас­ты­ру қажет, бұл екі қасы­рет­ті бөліп қара­уға бол­май­ды. Жаңаө­зен оқиға­сын ескер­меу — тарихы­мы­зға жасалған қия­нат деп есептеймін.

- Алай­да, жел­тоқ­сан­шы­лар ара­сын­да мүл­дем басқа пікір ұста­на­тын­дар жоқ емес секілді… 

- Темір тор­дың ар жағын­да оты­рып кел­ген “жел­тоқ­сан­ды­қтар­дың” баста­ма­сы­мен, 1989 жылы “Жел­тоқ­сан” қоғам­дық бір­ле­сті­гі құрыл­ды. Бұл ұйым қоғам­дағы тіл, жер сияқты басқа да маңы­зды мәсе­ле­лер­ді көте­ру­мен айна­лы­сқан. Өкініш­ке қарай, 2000 жыл­дан кей­ін билік “Ақ жол” пар­ти­я­сын екі­ге бөл­гені сияқты “Жел­тоқ­сан” қоғам­дық бір­ле­сті­гін де жеті­ге бөл­ді. Билік іштен іріту­ге бағыт­талған аран­да­ту­шы­лық әре­кет­тер­ге тіке­лей ара­лас­па­са да, “Жел­тоқ­сан” атын жамы­лған­дар­дың қолы­мен от көсеп отыр. Оны халық біледі. Бүгін­гі таң­да әртүр­лі “Жел­тоқ­сан” ұйым­да­рын басқа­рып оты­рған аза­мат­тар бірі­гу­ге қар­сы емес. “Бір жең­нен қол, бір жаға­дан бас шыға­ру” мәсе­лесін көтер­гелі де көп бол­ды. Мен өз басым бір­не­ше жыл­дан бер­гі “Жігіт­тер, Жел­тоқ­сан көтерілісі бір болған­ды­қтан, оған қаты­сты ұйым да біреу болуы керек” деген ұста­ны­мым­нан айны­ған емес­пін. Алай­да бірі­гу тура­лы көтеріл­ген мәсе­ле­лер қара­ма-қай­шы­лы­ққа ұры­на­тын сәт­тер бар.

- Қара­ма-қай­шы­лы­қтарға себеп болған не? Әлде мақ­сат-мүд­де­лері әртүр­лі ме?

- Негізі мақ­сат пен мүд­де — бір. Бірақ оны орын­да­уға кел­ген­де ұста­ным­да­ры әртүр­лі. Мыса­лы, Қаза­қстан пре­зи­ден­ті тәу­ел­сіздік­ке дей­ін, яғни, 1991 жыл­дың 12 қаңта­рын­да “1986 жыл­дың 17—18 жел­тоқ­са­нын­да көтеріліс­ке қаты­сқан­дар­ды ақтау тура­лы” Заңға қол қой­ды. Кей­ін 1993 жылы жап­пай сая­си қуғын-сүр­гін құр­бан­да­рын ақтау тура­лы” заң қабыл­да­нып, 1996 жылы Жел­тоқ­сан көтерілісіне қаты­сқан­дарға қаты­сты бап­тар енгізіл­ді. Жел­тоқ­сан көтерілісінің түп-тамы­ры­на үңілер бол­сақ, мен көтерілісті ұлтқа азаттық алып беруді аңсаған, ұлт үшін күре­сте баста­рын бәй­ге­ге тік­кен Алаш зия­лы­ла­ры­ның айна­сы деп санай­мын.  Бізді Алаш қозға­лы­сы мүше­лерінің қата­ры­на қосқа­ны­на бір жағы­нан қуа­на­мыз, бір жағы­нан қын­жы­ла­мыз. Себебі, тәу­ел­сіздік алға­лы 21 жылға жақын­да­ды. Еге­мен елдің ірге­та­сы қаланған 1991 жыл­дан бері Жел­тоқ­сан көтерілісі тура­лы заң жоқ, Жел­тоқ­сан оқиға­сы­ның мәр­те­бесі әлі күн­ге аны­қтал­май отыр. Тағы бір жайт, Жел­тоқ­сан көтерілісі жай­лы әңгі­ме қозғалған­да абақты­да оты­рып кел­ген 100 аса аза­мат­тың ғана төңіре­гін­де әңгі­ме қозға­лып, тек солар­дың шең­бері­мен шек­те­леді. Бірақ 1989 жылы үш күн­нің ішін­де алаңға 30 мыңға жуық адам жиналған еді ғой! Оны ешкім жоққа шыға­ра алмай­ды. Ал қазір мың­даған жастың Тәу­ел­сіздік­тің туын желбіре­ту­ге құл­шы­нған, баста­рын қатер­ге тік­кен алаңға қараңыз, ауқы­мы тары­лып, жер­дің асты­нан көңіл көте­ретін ойын-сауық орын­да­рын ашып қойды.

- Сіздің­ше, Жаңаө­зен оқиға­сы орын алған бір жыл­дың ішін­де не өзгер­ді? Қай­ғы­лы жай­тқа, қан­ды оқиға­ның алдын алу үшін не істеу керек еді?

- Мен үшін Жаңаө­зен оқиға­сы — билік­тің қаза­ққа жасаған қия­на­ты. Тәу­ел­сіздік­тің 20-жыл­ды­ғы қар­саңын­да халқы­на қар­сы билік­тің оқ атуы — қия­нат­тың қия­на­ты. Мен Жаңаө­зен оқиға­сы­на қаты­сты шын­дық әлі ашы­лған жоқ деген пікір­де­мін. Тіп­ті осы­дан 25 жыл бұрын болған Жел­тоқ­сан оқиға­сы­на қаты­сты шын­ды­қтың өзі әлі ашыл­май жатыр. Жаңаө­зен­де­гі қай­ғы­лы оқиға­дан кей­ін бір жыл өтті. Түй­генім, әле­умет­тік нара­зы­лы­қты аяу­сыз басып-жан­шуы, қара­пай­ым халы­қты оққа бай­ла­уы билік­тің қазақ ұлты­на жасап оты­рған қыса­сты­ғы. Жаңаө­зен­дағы қан­ды қырғы­ны­на жау­ап­ты — билік. Пре­зи­дент­тен бастап. Жаңаө­зен оқиға­сы­нан кей­ін қарақо­тыр­ла­нып жазы­лып үлгер­ме­ген жан жара­сын жаза­тын да, жана­ры жастан құрға­маған халы­ққа жұба­ту айта­тын да — Пре­зи­дент пен билік. Бір-ақ нәр­сені айтқым келеді осы тұста: ара­сы алшақтап кет­кен билік пен халы­қты бір-біріне жақын­да­туға күш салған жөн. Жаңаө­зен оқиға­сы — исі қаза­қтың сүй­е­гіне түс­кен таң­ба, айы­қ­пас дерт. Ол дерт­тен ары­лу үшін билік, қара­пай­ым аза­мат­тар, яғни, қоғам түгел жұмы­луы тиіс. Біз тәу­ел­сізді­гі­міздің іргесін нығай­ту­мен шұғыл­да­нуы­мыз керек. Біздің бола­шағы­мыз Жаңаө­зен­ге қаты­сты шара­лар­ды қалай өткі­зе­міз, соған да бай­ла­ны­сты екенін түсі­нуі­міз керек. Егер бұл акци­я­ларға 500 адам жинал­са, онда біздің бола­шағы­мыз бұлы­ңғыр деу­ге болады.

От редак­ции. Нака­нуне годов­щи­ны жана­о­зен­ской тра­ге­дии пред­се­да­тель обще­ствен­но­го фон­да ““Нагыз Жел­ток­сан” Кур­ман­га­зы Рах­ме­тов, осуж­ден­ный за уча­стие в декабрь­ских собы­ти­ях 1986-го года и оправ­дан­ный после 3 лет тюрь­мы, про­во­дит парал­ле­ли меж­ду Жана­о­зе­ном и Жел­ток­са­ном. По его мне­нию, эти две тра­ге­дии име­ют мно­го обще­го: невин­но осуж­ден­ные, хули­га­ны и маро­де­ры, поли­цей­ские, тупо выпол­няв­шие при­каз и обще­ство раз­де­лив­ше­е­ся надвое. Жел­ток­са­но­вец уве­рен, осуж­ден­ных в свя­зи с Жана­о­зе­ном, как и участ­ни­ков собы­тий 86-го года, обя­за­тель­но оправ­да­ют, а мы не име­ем пра­ва раз­де­лять эти две тра­ге­дии. Рус­ско­языч­ную вер­сию интер­вью читай­те в све­жем номе­ре газе­ты “Азат” на сай­те http://www.respublika-kaz.biz/.

Read this article:
“Бұл екі қасірет­ті бөліп қара­уға болмайды”

архивные статьи по теме

Акежан Кажегельдин: «Прежде чем запретить открывать зарубежные счета, нужно амнистировать капиталы»

Editor

Акорда возвращает Казахстан в 37‑й год?

Как Ерлан Сейсембаев спустил $6,5 млн на стартап в сфере электронной коммерции

Editor