27 C
Астана
17 мая, 2021
Image default

Көпвекторлы саясаттың пайдасы мен зияны

Алма­ты­да «Көп­век­тор­лы сая­сат және Қаза­қстан­ның ұлт­тық мүд­десі» тақы­ры­бын­да дөң­ге­лек үстел өтті. Басқо­су­да жиы­лған­дар біра­уы­здан кез кел­ген мәсе­ле­де ұлт­тық мүд­десі ескерілуі тиіс деген пікір­ді айтты.

Автор: Айдар ҚУАТҰЛЫ

Ұлт­тың мүд­десі, эко­но­ми­ка­лық және сая­си тәу­ел­сіздік, Қытай, Еуро­па­лық Одақ, Ресей мен АҚШ-тың Қаза­қстанға, отан­дық эко­но­ми­каға ықпа­лы, табиғи ресур­старға және басқа да өзек­ті мәсе­ле­лер­ге қаты­сты келісім­дер­ді түзу­де­гі ескерілетін басты талап­тар мен ере­же­лер әңгі­ме арқа­уы болған «Көп­век­тор­лы сая­сат және Қаза­қстан­ның ұлт­тық мүд­десі» тақы­ры­бын­да өткізіл­ген дөң­ге­лек үстел­де біраз жайт­тың басы ашылды.

«Қытай­лар қазақ қыздарға әдейі үйленеді»

«Қаза­қстан­дағы Қытай инве­сти­ци­я­ла­ры­ның про­бле­ма­ла­ры» тақы­ры­бы­на орай пікірін айтқан бел­гілі қоғам қай­рат­кері Мұрат Әуе­зов: «Тәу­ел­сіздік алға­лы бері Қытай Қаза­қстан­мен бір­ге орта­лы­қа­зя­и­лық елдер­дің нары­ғын жау­лап алу, мем­ле­кет­тік маңы­зы бар келісім­шар­ттарға қол жет­кі­зу мәсе­ле­лерін­де тыным­сыз тір­лік ету­де. Әлбет­те, кез кел­ген мәсе­ле­де Қаза­қстан­ның ұлт­тық мүд­десі ескерілуі тиіс. Көп­век­тор­лы сая­сат­та Қытай­мен, Ресей­мен ынты­мақ­та­стық қаты­нас орна­туға мүд­делі болға­ны­мен, олар­дың ығы­на жығы­лу, тон­ның ішкі бауын­дай ара­ла­суға ұмтыл­маған абзал» дейді.

Қытай­дың Қаза­қстанға ықпа­лын бес сау­сағын­дай білетін тарих­шы ғалым Әлі­мға­зы Дәу­лет­ханұлы­ның пікірін­ше, қытай­лар Қаза­қстанға қаты­сты сая­са­тын 20 жыл­дай уақыт бұрын жос­пар­лы түр­де бастап кеткен.

Шын мәнісін­де, Қытай­мен қарым-қаты­на­стың қан­дай болуы Қаза­қстан үшін, әсіре­се, қазақ үшін аса маңы­зды мәсе­ле­лер­дің бірі. Көр­шіңнің кім екенін білу керек қой, енде­ше көр­шілес елді зерт­те­у­ге біз неге салғырт­пыз? Қытай­дың қан­ша­лы­қты қауіп­ті екенін Тоны­көк жазу­ла­ры­нан бай­қа­уға бола­ды. Егер бүгін­ге көз сал­сақ, жағ­дай­ы­мыз соған жақын тұр. 1992—1993 жыл­да­ры Қытай­да құпия сая­сат қабыл­данған, — дей­ді ғалым. — Оған сәй­кес Қытай Орта­лық Ази­ядағы, Қаза­қстан­дағы сауда­ны түгел қолы­на алуы керек еді, «Түр­ки­я­ны, Иран­ды басқа­ны қазақ нары­ғы­нан қуып шығу үшін ештеңені аямау қажет. Егер мем­ле­кет­тен қара­жат керек бол­са, 10 пай­ы­зын артық бөлу керек» делін­ген. Ол 10 пай­ыз — біздің жемқор­ларға берілетін пара. Мұнай, газ т.б. келісім­дер­де­гі қара­жат­тың ішін­де сол 10 пай­ы­здық үлес жүр. Соны­мен қатар біздің елі­міз­ге келіп, қазақ қызда­ры­на үйлен­ген қытай жігітіне мем­ле­кет­тен 200 мың юань береді, Қаза­қстан­да биз­несін жүр­гізу­ге көмек­те­седі, егер 5 жылға тұрақтал­са, 100 мың юань беріледі. Қаза­қстан­да жүр­ген қытай­лар күн­дерін көре алмай жүр­ген­дер емес, керісін­ше, мем­ле­кет­тік сая­сат­ты жүзе­ге асы­рып жүр­ген­дер. Қытай­дың Қаза­қстан­да күшей­іп бара жатқа­ны­на біз­де­гі жемқор­лы­қтың артуынан.

«Ресей­ден де қауіп бар…»

Ал эко­но­мист Мұх­тар Тай­жан, мәсе­ле тек жемқор­лы­қта емес деген ойда:

Менің­ше, үй иесі кім екенін жұрт білуі керек. «Ақтө­бе­мұ­най­газ» кәсі­пор­ны­ның 92 пай­ы­зы, «Пет­ро­ли­ум­ның» 67 пай­ы­зы, «Маңғы­стау мұнай­га­з­дың» 50 пай­ы­зы, «РД Мұнай­га­з­дағы» 11 пай­ыз, «Ази­я­лық газ құбы­ры­на» тиесілі 50 пай­ыз қытай­лар­дың еншісін­де екен. Сон­дай-ақ, 20 млрд. долл­лар­ды ква­зи­мем­ле­кет­тік меке­ме­лер сырт­тан қары­зға алды. Ол да халы­ққа түс­кен қосым­ша күш. Ары қарай өзен­дер­ді айтуға тура келеді. Іле мен Ертіс өзен­дерінің суын ысы­рап етуді Қытай доғар­ма­са, жағ­дай уышы­ғып, эко­ло­ги­я­лық апат бола­ды. Қазір крем­ний өндіру­ге де қытай­лар бел­сене ара­ла­су­да. Мұн­дай­да, Баты­стың екі­жақты стан­дарт­пен жұмыс істей­тінін айту керек. Мыса­лы, егер өздері демо­кра­ти­я­лық қоғам бол­са, Шев­рон­ның келісім шар­тын неге халы­ққа ашып айт­пай­ды? Қашаған мен Қара­шы­ға­нақтағы келісім­ді неге жария етпей­ді?», — деп ортаға сау­ал таста­ды Б. Тай­жан атын­дағы қор­дың президенті.

Жуыр­да Ресей­дің сая­си қай­рат­кері, Дума төраға­сы Сер­гей Нарыш­кин­нің КСРО-ға тең келетін жаңа ұйым­дар құру тура­лы айтқан пікірін дөң­ге­лек үстел­ге жиналған­дар теріс­ке шығарды.

Өз кезе­гін­де Қаза­қстан Кәсіп­кер­лерінің тәу­ел­сіз ассо­ци­а­ци­я­сы­ның вице-пре­зи­ден­ті Тимур Назха­нов бұл мәсе­ле­ге эко­но­ми­ка­лық тұрғы­дан баға берді.

- Бүгін­гі көтеріп оты­рған мәсе­ле өте күр­делі. Кеден­дік одақ Қаза­қстан халқы­на, Қаза­қстан эко­но­ми­ка­сы­на қан­дай пай­да әкел­ді? Кезін­де Кеден­дік одақты құп­таған­дар біра­уы­здан ұйым­ның аста­рын­да тек эко­но­ми­ка­лық мүд­де жатқа­нын айтқан еді. Бірақ Қаза­қстан­да өндірілетін өнім­дер­дің тым азды­ғын және нары­қтағы үлес сал­мағы­мыз бол­ма­шы екенін олар наза­рдан тыс қал­дыр­ды. Ірі биз­неске жағ­дай жасалған отан­дық шикі­затты тасы­мал­да­у­мен айна­лы­са­тын. Шағын және орта кәсіп­кер­лік­ке кел­сек, Кеден­дік одақ оған жағым­ды әсер еткен жоқ. Менің­ше, Кеден­дік одаққа ешқан­дай дай­ын­ды­қ­сыз қой­ып кет­тік. Сон­да кім не ұтты? Аста­рын­да сая­си сарын бар деген пікір­лер­дің жиі қылаң беруі тегі емес сияқты. Қаза­қстан «салы­қтың жұмағы» сана­ла­тын­ды­қтан, бәрі біздің елге ағы­ла­ды. Қытай­дың қау­пі тура­лы айт­тық, Ресей жақтан да бар. Менің­ше, Кеден­дік Одақ — эко­но­ми­ка­лық емес, сая­си ұйым» деген тұжы­рым жасай­ды кәсіпкер.

Қаза­қстан­ның Ресей­мен инте­гра­ци­я­лық мәсе­ле­леріне кел­сек, сая­сат­та­ну­шы Расул Жұма­лы­ның айтуын­ша, Ресей­дің бүгін­гі аху­а­лы кез кел­ген сала­да мәз емес.

Оның сөзіне қараған­да, Қытай­мен де, Ресей­мен де достық қаты­на­ста Ресей ортақ одақты көз­деп оты­рған жоқ, басты мақ­са­ты — өзіне қосып алу: «Пот­скеңе­стік инте­гра­ция Ресей­ге жет­пей­тін олқы­лы­қтар­дың орнын тол­ты­ра­тын мүм­кін­дік. Осы себеп­ті, РФ үшін КО аса маңы­зды. «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы­на қаты­сты жасаған әре­кет­тері Ресей­дің Қаза­қстанға деген ұрда­жық сая­са­тын көр­се­те­ді. Кез кел­ген мәсе­ле­де ұлт­тық мүд­де­ге иек арту керек. Келісім­шар­ттар­ды қабыл­да­уда бас шұлғи беретін ескі әдет­тен ары­лу қажет. Ел мен билі­гі тату, ортақ құн­ды­лы­қтар мен мақ­сат­тарға жұмыл­са ғана іс алға баса­ды. Гео­са­я­си аху­а­лы­мыз күр­делі, осы себеп­ті өзбек, түр­кі­мен, әзір­бай­жан сияқты бауыр­лар­мен ортақ ұйым құру — тиім­ді жол».

Ресей­ге Орта­лық Азия өте тиімді 

«АҚШ пен Еуро­одақтың қызы­ғу­шы­лы­ғы және Қаза­қстан­ның мүд­десі» деген тақы­рып­та баян­да­ма жасаған Қазы­бек Бей­се­ба­ев: «Ази­ядағы өза­ра әре­кет­те­стік пен келісім шара­ла­ры жөнін­де­гі кеңес өз мін­детін мүл­тіксіз атқа­рып отыр ма? Еуро­па­дағы қауіп­сіздік және ынты­мақ­та­стық ұйы­мы­на жетек­шілік ету Қаза­қстанға не бер­ді? Қан­дай пай­да тап­тық? Өзбек­стан мен Тәжік­стан, Изра­иль мен Пале­сти­на, Үндістан мен Пәкістан соғыс өрті тұта­нуы мүм­кін жағ­дай тұр. Оған Ұжым­дық қауіп­сіздік тура­лы келісім ұйы­мы неме­се Шан­хай ынты­мақ­та­стық ұйы­мы шең­берін­де қалай әсер етпек? Орта­лық Ази­я­ның өзін­де Қаза­қстан­ды жетек­ші мем­ле­кет ретін­де қабыл­да­май­ды» деген мәсе­ле көтерді.

Осы орай­да ұлт пат­ри­от­та­ры­ның бірі Болат Дүй­сен­бі: «Тран­сұлт­тық ком­па­ни­я­ларға 25—30 пай­ы­здан артық бер­меу керек» деген талап­ты күшей­ту қажет. Халы­қты да осы тұрғы­да құлақтан­ды­ра беру керек. Ресей­де отар­лық сая­сат сақталған. Ал Қытай­да 2 жарым мың жыл бұрын Кон­фу­ций­дің кезі­нен келе жатқан соғы­сыз-ақ «бөліп ал да билей бер» қағи­да­сы жалға­сып келеді» деген пікір айтты.

Дөң­ге­лек үстел­де «Бай­қоңыр» мәсе­лесі де көтеріл­ді. Осы мәсе­ле­ге орай пікір біл­дір­ген «Жас Алаш» газетінің бас редак­то­ры Рыс­бек Сәр­сен­бай­ұ­лы: «Бай­қоңыр» ғарыш айлағы­на қаты­сты айты­лған талап­тарға Ресей­дің көн­гісі жоқ. Талғат Мұса­ба­ев­тың «Бай­қоңыр­ды» жалға алу­ды кезең­мен жүзе­ге асы­ру, «Про­тон­дар» санын азай­ту жай­лы сөз айтқа­ны­на Қаза­қстан жазы­қты боп қал­ды. Мұса­ба­ев­тың сөзі­нен кей­ін Сыр­тқы істер мини­стрі салып ұрып Ресей­ге бар­ды, ол жақта ақталған­дай бол­ды. Бұл қан­ша жер­ден тәу­ел­сіз­біз десек те, Қаза­қстан­ның Ресей­ге тәу­ел­ді екенін көр­се­те­ді. Біз «Қаза­том­пром­ды» да Ресей­ге жығып бер­дік. Осы мәсе­ле­лер­дің бар­лы­ғы халы­ққа жетуі керек. Оған алдағы өтетін рефе­рен­дум — басты тетік» деді.

Дөң­ге­лек үстел жұмысын қоры­тын­ды­лаған ЖСДП тең төраға­сы Болат Әбі­лов: «Ресей ұлт­тық мүд­де­леріне кел­ген­де пай­да­лы тарап­тар­мен ғана ынты­мақ­та­стық орна­ту­да. Бұл орай­да Орта­лық Азия елдері өте пай­да­лы. Бело­ру­стар­дың пре­зи­ден­ті Лука­шен­ко өте қу адам, ол Ресей­мен дос болу­да газ бен мұнай­ды арзан бағаға алуға қол жет­кіз­гені үшін ғана іштар­та­ды Қазір Укра­и­на­ны үгіт­те­уде. Энер­гоқор­ла­рын сая­си ықпал ету құра­лы­на айнал­ды­рған Мәс­кеу Киев­ке газ бен мұнай баға­сын төмен­де­ту­ге уәде беріп отыр. Шевар­над­зенің кезін­де жақ­сы қаты­нас кезін­де болған Ресей тәу­ел­сіздік­ке ұмты­лған Саа­ка­шви­ли­мен қырық пышақ қырқы­сып, кеңе­стік заман­нан бері келе жатқан сапа­лы шара­бы гру­зин­дер­дің сапа­сыз боп шықты. Бал­тық жаға­ла­уы елдерін де «ерге­жей­лі елдер» деп кекетіп, олар­мен де ат құй­ры­ғын үзді. Қазір Қаза­қстан­мен ғана жақ­сы қаты­на­ста. Сон­ды­қтан жал­пы­ха­лы­қтық рефе­рен­дум­да Кеден­дік одақ құра­мы­нан шығу тура­лы мәсе­ле көте­руді жос­пар­лап отыр­мыз» деді.

Share on blogger Share on mymailru Share on vk Share on livejournal

“1” />

архивные статьи по теме

На Кашагане началась забастовка рабочих

Под занавес сессии вспомнили о детях

Необъяснимые заказы на благосостояние в Великобритании: что принесет этот год?

Editor