Қазақстандықтар депутаттарды көп біле бермейді және ел аузында жүрген тұлғаларға сенім артады. Тұрғындар арасындағы айрықша танымал саясаткерлер: Назарбаев, Мәсімов, Тасмағамбетов, Қасымов. МеdiaNet Халықаралық журналистика орталығының жанындағы DEMOSCOPE қоғамдық пікірге экспресс-мониторинг жүргізу бюросының кезекті сауалнама осындай нәтижелер көрсетті.
Автор: Жанна БИСАРОВА
Респонденттерге сауалнама аясында 4 сұрақ қойылды:
Қазақстандық депутаттар (Парламент мүшелері) ішінде Сіз кімді айрықша танымал деп есептейсіз?Қазақстандық депутаттардан кімге Сіз сенім артасыз?Қазақстандық саясаткерлерден (шенеунік болуы міндетті емес) кімді СІз аса танымал деп есептейсіз?Қазақстандық саясаткерлердің ішінен Сіз кімге көбірек сенім артасыз?
Сауалнама тұрғындардың Парламент депутаттары жайлы хабардарлығының өте төмен екендігін көрсетті. Қазақстандықтар өздерінің сайлаған тұлғаларын өте нашар біледі, биліктің басқа саласындағы өкілдермен жиі шатастырады. Мысалы, аса танымал «депутаттар» қатарына Президент Администрациясының жетекшісі Кәрім Мәсімов (8,1% — жалпы нәтиже), Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов (5,4%), Министрлер кабинетінің жетекшісі Серік Ахметов (2,1%), тіпті ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (2,7%) кірді.
Есте қалатыны, тұрғындар аса танымал депутат ретінде сенатор Ғани Қасымовты да атады (17,5%).
Кеденнің бұрынғы басшысы 1999 жылғы сайлауалды кампаниясындағы эпатажды түрде жарқ етіп шығып, сынған стакандар мен ваза лақтырғандағы жарқын жүзі 13 жыл өтсе де халық жадында сақталып қалыпты. Бұл фактінің Қазақстанның саяси алаңындағы мінезді, ерекше фигураларға біршама дефицитті көрсетуі әбден мүмкін. Ғани Қасымовтың соңғы электоральды кампаниясы есте қаларлықтай болмағанымен Патриоттар партиясының лидеріне көзге түсу мүмкіндігін береді.
Сенатор Қасымов аса танымал депутат ретінде 4 аймақта — Алматы (25%), Астана (16,7%), Оңтүстік Қазақстан облысында (ОҚО) — 33,4% және Ақтөбе облысында (28,6%) ерекше аталды. Респонденттер танылмалдылығына қарай екінші ретте шынайы депутат Дариға Назарбаеваны атады (7,5%). Ақмола облысы бойынша депутат Назарбаева 23% көрсеткіш көрсетіп, аталмыш аймақта танымалдылығын көрсетті.
Ерекше танымал «депутаттар» қатарында осыдан біраз бұрынғы мәжіліс депутаты болған, дәл қазіргі уақытта Білім министірлігінің вице-министрі Мұрат Абенов жалпы қорытынды бойынша 3,2%-ды көрсетті, бірақ өзінің туған Қызылорда облысында шамамен 43% дауыс жинады. Басқа депутаттардың сонымен қоса, Нұр Отан партиясына мүше болып табылмайтын тұлғалар көрсеткішінің төмендігі ел масштабындағы танымал саясаткерлердің жетіспеушілігін көрсетеді. Біршама танымал депутаттардың қатарына (1,6%-2,7%) Ольга Киколенко, Азат Перуашев, Нұртай Сабильянов, Мұхтар Тінікеев, Владислав Косарев, Айгуль Соловьева қосылды.
Қазақстандықтардың депутаттарға деген сенімін танымалдылығы арқылы салыстырайық. Бұл жерде де Ғани Қасымов ел бойынша 14% (ОҚО-да (42,8%) және Шығыс Қазақстан облысында (шамамен 50%) көбірек сенім артады) жинап, көш бастайды. Дариға Назарбаева — халықтың сенім артуы бойынша 7,5% көрсеткішті көрсетіп екінші орынға иеленеді. Алматы (11,7%) және Астана (28,5%) қалаларының тұрғындары депутат ретінде дәл соны ерекше атап көрсетеді.
Респонденттердің депутаттар туралы жауаптары тіпті әртүрлі болғандығын ескеру қажет. Танымал депутаттар туралы жауаптың 38,6%-ында 58 есімнің аталуы, қорытындылай келгенде шамамен 1,6% көрсеткіш көрсетуі кездейсоқ емес. Депутаттарға сенім артуы деңгейі өте бұлыңғыр болып шықты: 53,3% (41 адам) есім 2,5% ғана дауыс жинады.
Қазақстандықтар танымал саясаткерлерді (толығымен) және көп жағдайда сенім артатын тұлғаларды атау барысында әлдеқайда біржақты болды. Екі рейтингте де Елбасы көш бастап тұр. Респонденттердің 28,8%-ы Нұрсұлтан Назарбаевты еліміздегі аса танымал саясаткер деп естептесе, 11,4%-ы Кәрім Мәсімовты, 9,5% — Иманғали Тасмағамбетовты, 8,9% — Серік Ахметовты, 8,4% — Ғани Қасымовты, 6% — Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты атады. Қалған саясаткерлер 2 немесе одан да төмен пайызды көрсетті.
Мұнымен қоса, мемлекет басшысы танылмалдылығы жөнінен басқа да аймақтарда алдыңғы орында екендігін атап өту керек. Қарағанды облысында Серік Ахметов (56,2%) елбасын басып озды. Кәрім Мәсімов Қостанай (25%), Ақтөбе облысында (40%), Иманғали Тасмағамбетов Маңғыстауда (50%) танымал екендігі анықталды. Танымалдығы жөнінен басқа да саясаткерлер (1,5%-2%), Өмірзақ Шүкеев, Мұхтар Шаханов, Григорий Марченко, Қасымжомарт Тоқаев, Болат Әбілов есімдері айтылды.
Нұрсұлтан Назарбаев сенім арту деңгейі бойынша 60%-ды көрсетіп, бәсекелестіктен сыртқары қалды. Бұл көрсеткішке бәсекелес ретінде Иманғали Тасмағамбетов — 8,4% ғана дауыс жинаса, Кәрім Мәсімов — 7,1%, Ахметжан Есімов — 5% жинады. Басқа да саясаткерлер, олармен қоса Болат Әбілов, Серік Ахметов, Алихан Байменов, Ғани Қасымов, Қырымбек Көшербаев шамамен 1,3% жауап алды.
Сауалнама қорытындылары саясаткерлердің БАҚ-та «жерлестігі» немесе жеке образынан, болмаса басқа да факторлар бойынша еске салынуынан аталды. Респонденттердің «жерлестігі» таңдауларындағы басты фактор емес. мидж, саясат, репутация, сауалнама көрсеткендей кейде қазақстандықтардың симпатиясына әсер ететін көрінеді.
Мәселен, Назарбаевтан 6% ғана төмен дауыс жинай отырып, батыс өңірден сайланған Иманғали Тасмағамбетов сенім артуы бойынша алматылықтар арасында екінші орында (24,3%) тұр. Бір қызығы, астанада отырып, өз тұрғындарының арасында сенім арту фактісі бойынша көш бастаушылардың арасына енбей қалды. Сонымен қоса, баспасөз алаңында басым әрі белсенді шолатын аймақтық басшылар ресми БАҚ‑ы қанша күш салғанымен тұрғындардың симпатиясын әрқашан анықтай бермейді. Рейтинг соңындағылардың ұстанымы кұткендегіден өте төмен.
Телефонмен және ғаламтор арқылы 2125 адам Қазақстанның үлкен қалаларында сұралды.
Оригинал статьи: