Интеллигенция приглашает граждан в Астану на собрание по инициированию референдума. Мероприятие запланировано на 29 сентября. А на днях в Интернете появилось обращение на казахском и русском языках, в котором поясняется, почему назрела необходимость проведения республиканского всенародного референдума.
Автор: Редакция
РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ БИЛІКТІҢ ХАЛЫҚПЕН САНАСУЫН ТАЛАП ЕТЕМІЗ
Ақын-жазушыларға, ғалымдарға, жалпы зиялыларға
Ү Н Д Е У
Дана бабаларымыз «Жаным — арымның садағасы», деген темірқазық бағыт ұстанған. Ант бұзған адамды қатаң жазалаған. Бүгінде бұл асыл діңгек қағидаттар өнеге ретінде қолданыстан қалып барады. Бұған, бір жағынан, ғасырлар бойы ұлтымызды езген, рухымызды жасытқан әділетсіз тоталитарлық жүйе, екінші жағынан, қоғамымыздың келеңсіздіктеріне көз жұма қарайтын, биліктің сойылын соғатын жалтақ, мансапқор, екіжүзді зиялысымақтар кінәлі. Біз осы дерттен арылуға тиіспіз.
Үйсіз-күйсіз, жұмыссыз сенделген, жағдайы төмен халықтың үлкен бөлігі тұйыққа тіреліп, барар жер, басар тауы қалмай референдум арқылы билікке өткір талаптар қоюға мәжбүр болып отыр. Сыбайлас жемқорлық, парақорлық, заңды белшесінен басу, адам құқығын таптау, тілді, дінді қорлау соңғы жылдары ашықтан-ашық белең алып барады. Құдайдың қазаққа сыйлаған жерасты қазына байлықтарының 80 пайызын шетел компаниялары тонап алып кетіп жатыр. Халық кедейшілігінің басты себебі — осы. Бұл — өте қатерлі. Отпен ойнау өртке айналатынын қазіргі билік сезіп-біліп отырса да тақтан айырылмау үшін халықты қорқытып, жазалауға, еркін кірісуде, тіпті, мемлекетқұрушы ұлтты жоюдан да тайынар емес. Жеке адамға табынушылықты дәріптеу, даңғазалатып жырға қосу — қараны көріп тұрып ақ деу қоғамды аздыратын құбылыс, қазірде сарай ақындары қаптап кетті. Адам құндылығы ақшаға айырбасталды. Билік қоғамдағы басты құндылық адам екенін ескерусіз қалдырды. Қоғам сал ауруына ұшырады. Оны сауықтыру, емдеу үшін де республикалық жалпыхалықтық референдум (рухты ояту) қажет. Референдум кезінде талай былық-шылықтың беті ашылады.
Енді осындай сорақылықтарға батыл қарсы тұра алатын пәрменді күш — алдаспан, қайраткер қаламгерлеріміздің халықтың санасын, намысын оятатын, жігерін жанитын, рухын көтеретін, жалынды сөздері мен тіліп түсетін өткір қалам еркіндігі қажет. Ұлттық мүдде жолында қандай қиындықтан болса да тайсалмай билікке бұқараның мұң-мүддесін батыл жеткізіп, халықты қарудың күшімен басқаруға болмайтынын тұтқалы орындағылардың зердесіне құю — парыз. Бұл тұрғыда әр азаматтың рөлі ерекше зор болмақ.
Референдумға әрбір адам өз құқығын қорғау үшін қатысуға тиіс. Әділетсіздікке, билік тарапынан болатын қысымға жол бермейік. Біз Сіздерді референдумның алғышарттарын, қаралатын мәселелерін белгілейтін, 29 қыркүйек күні Астана қаласында өтетін жиналысқа шақырамыз. Референдумның әділетті өтуіне жаппай атсалысайық, арыстан жүректі, батыр бабаларымыздың ұрпақтары!
Мұхтар Шаханов, Түркі әлемінің бас ақыны, “Тәуелсiздiктi қорғау” қозғалысының төрағасы; Қабдеш Жұмаділов, Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері; Софы Сматаев, ҚР мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер, Алаштың халық жазушысы, ақын; Сапабек Әсіп, жазушы, қоғам қайраткері; Мекемтас Мырзахметов, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, абайтанушы ғалым; Ғаббас Қабышұлы, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері; Дулат Исабеков, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері; Назарбек Қанафияұлы, публицист, шоқантанушы ғалым; Тұрысбек Кәкішев, жазушы, профессор, академик, Тоқтар Бейісқұлов, жазушы, бейімбеттанушы ғалым; Темірхан Медетбеков, ақын, Мемлекеттік сыйлығының иегері; Серік Тұрғынбеков, ақын, Халықаралық «Алаш» сыйлықтың иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері; Талғат Айтбаев, публицист-жазушы, қайраткер; Бибігүл Иманғазина, жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлықтың иегері; Доспанбетов Ұзақбай, жазушы, абылайтанушы; Нығмет Ерханұлы, «Мирас-Көкше» қайырымдылық қорының президенті; Рысбек Сәрсенбай, “Жас Алаш” газетiнiң бас редакторы; Хайролла Ғабжалилов, Республикалық “АЛАШ” тарихи зерттеу орталығының президентi, ғалым; Cоветхан Ғаббасов, жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы; Мұрат Нәсіп, Қазақстан қолөнер шебері; Жұмаш Кенебай, ақын, “Таным” пiкiрсайыс клубының жетекшісі; Мырзан Кенжебай, ақын; Зейнолла Тілеужанов, ақын; Мұқтай Қуаныш, ақын; Жұмабай Доспан, «Алтын ғасыр» газетінің бас редакторы; Құлияс Табыл, жазушы, Қазақстан мәдениет қайраткері; Байгазин Мейрам, тәуелсіз журналист, қайраткер; Ләйлім Иманғазина, Қазақстан мәдениет қайраткері, Абай атындағы Опера және балет театрының режиссері; Жұма-Назар Сомжүрек, жазушылар одағының мүшесі, ақын, әдебиет сыншысы; Қамалбай Марданов, философия ғылымдарының докторы, профессор; Жеңіс Бегенбаев, белсенді азамат, Сәлім Өтенов, заңгер; Болат Темірбаев, ұлтжанды азамат; Қонысбай Әубәкіров, «Ақ Орда» мүшесі; Балхаш Наханов, «Ақ Орда» ақсақалдар қоғамының мүшесі; Тойшыбек Иіпұлы, «Ақ Орда» мүшесі.
ЧЕРЕЗ РЕФЕРЕНДУМЫ ПОТРЕБУЕМ, ЧТОБЫ ВЛАСТЬ СЧИТАЛАСЬ С НАРОДОМ
ОБРАЩЕНИЕ
к поэтам и писателям, ученым, всей интеллигенции
Наши мудрые предки придерживались мнения “Моя душа — жертва моей совести”. Человека, нарушившего клятву, строго наказывали. Ныне эти драгоценные принципы постепенно уходят из употребления в виде положительных примеров. В этом виновны, с одной стороны, несправедливая тоталитарная система, которая веками давила нашу нацию, доводила до уныния наш дух, с другой стороны, боязливая, тщеславная и двуличная интеллигенция, закрывающая глаза на проблемы общества и оказывающая услугу лишь власти. Мы должны избавиться от этого недуга.
Большая часть бездомного и безработного населения находится в безвыходном положении: им некуда идти и они вынуждены с помощью референдума поставить власти конкретные требования. Совершенно открытыми стали коррупция, взяточничество, давление на закон, на права человека, оскорбление языка и религии.
80 процентов подземного богатства казахского народа, даренного богом, заграничные компании грабят и увозят с собой. Главная причина бедности народа в этом. Это — очень опасно. Нынешняя власть знает, что игры с огнем превращаются в пожар, но чтобы не лишиться кресла, она и дальше продолжает пугать и наказывать народ, не боясь даже уничтожить государство, образующую нацию. Превознесение культа личности, воспевать, считать черное белым, явление, совращающее общество ныне придворных поэтов, не счесть. Человеческая ценность обменивается на деньги. Власть не учитывает, что главная ценность — это человек. Общество парализовалось. Для того чтобы его излечить, (пробудить дух) нужен республиканский всенародный референдум. Во время референдума откроются все беспорядки.
Чтобы противостоять таким несуразным казусам, нужна сила: а именно — пламенная речь деятельных, энергичных писателей, которые смогут пробудить общественное сознание и честь, дающую возможность народу воспрянуть духом, и, конечно же, свобода самовыражения. Какие бы трудности не возникли на пути к национальному интересу, необходимо неустанно доводить до властей требования, просьбы народа и доказать вышестоящим органам, что нельзя управлять народом с помощью оружия. В этой связи роль каждого гражданина особенна.
Каждый человек должен участвовать в референдуме для того, чтобы защитить свои права. Наша задача — не допустить несправедливость и давление со стороны властей. Поэтому мы приглашаем Вас 29 сентября на собрание в городе Астана, в котором будут определяться порядок организации и вопросы, выносимые на референдум. Давайте приложим все силы и старания, чтобы референдум прошел справедливо, и внесем свой вклад в память нашим сильным, отважным предкам и будущим потомкам!
Мухтар Шаханов, известный поэт тюркского народа, председатель движения “За сохранение независимости”; Кабдеш Жумадилов, Народный писатель, лауреат Государственной премии; Софы Сматаев, заслуженный деятель Республики Казахстан, Народный писатель Алаш, поэт; Сапабек Асип, писатель, общественный деятель; Мекемтас Мырзахметов, писатель, лауреат Государственной премии; ученый абаевед; Габбас Кабышулы, писатель, лауреат международной премии «Алаш»; Дулат Исабеков, писатель, лауреат Государственной премии; Назарбек Канафияулы, публицист, ученый шокановед; Турысбек Какишев, писатель, профессор, академик, Токтар Бейіскулов, писатель, ученый бейімбетовед; Темірхан Медетбеков, поэт, лауреат Государственной премии; Серік Тургынбеков, поэт, , лауреат международной премии «Алаш»; заслуженный деятель Республики; Талгат Айтбаев, писатель-публицист, деятель; Бибигуль Имангазина, писатель, лауреат международной премии «Алаш»; Доспанбетов Узакбай, писатель, абылайовед; Ныгмет Ерханулы, президент благотворительного фонда «Мирас-Кокше»; Рысбек Сарсенбай, главный редактор газеты “Жас Алаш”; Хайролла Габжалилов, президент республиканского историческо-исследовательского центра “АЛАШ”, ученый; Cоветхан Габбасов, писатель, доктор медицинских и педагогических наук; Мурат Насип, мастер рукоделия Казахстана; Жумаш Кенебай, поэт, руководитель дискуссионного клуба “Таным; Мырзан Кенжебай, поэт; Зейнолла Тлеужанов, поэт; Муктай Куаныш, поэт; Жумабай Доспан, главный редактор газеты «Алтын ғасыр; Кулияс Табыл, писатель, заслуженный деятель культуры РК; Байгазин Мейрам, независимый журналист, деятель; Лайлим Имангазина, заслуженный деятель культуры РК; режиссер Театра оперы и балета имени Абая; Жума-Назар Сомжурек, член общества писателей, поэт, литературный критик; Камалбай Марданов, доктор философских наук, профессор; Женис Бегенбаев, активный гражданин, Салим Отенов, юрист; Болат Темирбаев, патриот своей нации, гражданин; Конысбай Аубакиров, член «Ак Орды»; Балхаш Наханов, член общества старейшин «Ак Орда»; Тойшыбек Иипұлы, член «Ак Орды».
Источник: Группа «Референдум.kz» в Facebook
Taken from:
«Задача — не допустить несправедливости!»