-10 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

«Ел болып, халық болып атсалысуымыз керек!»

Өткен сен­бі­де Алма­ты­да оппо­зи­ция өкіл­дері бастаған рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі жиы­нға аймақтар­дан және Аста­на мен Алма­ты қала­сы­нан 500-ден аса адам қаты­сты. Біз олар­дың баста­маға деген пікірін сұраған едік.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

Аста­на­дан кел­ген «Жел­тоқ­сан» қозға­лы­сы­ның жетек­шісі Құр­манға­зы Рах­ме­тов, рефе­рен­дум мақ­са­ты­на жету халы­ққа бай­ла­ны­сты деген ойда.

- Мәсе­ле бұл істің алға басқа­нын­да, деп ойлай­мын, бұл рефе­рен­дум­нан зор үміті­міз бар. Өйт­кені, біз халық болып өз құқы­қта­ры­мы­зды қорға­уы­мыз керек, елі­міз­ге, жері­міз­ге төніп тұрған қауіп-

қасірет­ті бол­дыр­мау үшін, әсіре­се атом электр стан­ци­я­сын салу және ядро­лық қал­ды­қтар қой­ма­сын орна­ла­сты­ру­ды. Рефе­рен­дум­ге енгізіл­ген қалған сұрақтар­ды біз көтеріп жат­сақ оны билік орын­да­уға тыры­сып жатар, ал көтеріліп оты­рған мәсе­ле­лер орын­ды, халық қабыл­дап, ары қарай алып кете­ді, деп сене­мін. Өз басым жақ­сы нәти­же күте­мін, әрине бұл оңай жұмыс емес, бірақ, «Көп түкір­се — көл бола­ды» дей­ді ғой, мұның бәрі халы­ққа бай­ла­ны­сты енді. Менің ойым­ша, халық оппо­зи­ци­я­ны дәл осы мәсе­ле­ге кел­ген­де қол­дай­ды, өйт­кені бұл әр адам­ның жаны­на батып отыр деп есеп­тей­мін,— дей­ді Құр­манға­зы Рахметов.

Орал тұрғы­ны, бел­гілі бард ақын Жанат Есен­тай­дың айтуын­ша, Кеден­дік одақ бізді бодан­ды­ққа алып келеді.

 

- Кедер­гілер­ге қара­ма­стан Батыс Қаза­қстан облы­сы­нан 35 адам кел­дік, бар­лы­ғы­мыз үлкен үміт­пен кел­дік. Билік Кеден­дік одақ және Еуро­зи­я­лық одаққа халы­қтың пікірін біл­мей неге қосы­ла­ды? Бұған орал­ды­қтар­дың көбісі қар­сы деп айта ала­мын, өйт­кені бұл жер­де қазақ мүд­десі ұты­лып жатқан жері бар. Елі­мізді бұл бодан­ды­ққа қай­та алып келуі мүм­кін, бұл істің артын­да тұрған­дар Кенес одағын қай­та құру­ды көз­деп оты­рған шығар. Рефе­рен­ду­мға шыға­ры­лған тағы бір мәсе­ле әкім­дер­ді сай­ла­уды қол­дай­мын, сон­дай ақ, атом электр стан­ци­я­сын салуға қар­сы­мын. Оны Ақта­уға сала­мыз дей­ді, ал сол жер­де­гі халы­қтың жағ­дай­ын ойлап жатқан билік жоқ, неге тұрғын­дар пікірін сұра­май­ды? Негізі бұл рефе­рен­дум­ды билік өткі­зу керек еді, мен ауыл­дар­да жиі болып тұра­мын, халы­қтың көбі нара­зы билік­тін бүгін­гі әре­кет­теріне. Бұл баста­ма мәресіне жете алмаған күн­де де, біз пікірі­мізді біл­ді­ре ала­мыз, халы­қтың басын қосып, көп нәр­се­ден хабар­дар бола­мыз, — деді ақын.

Көп­тен бері аза­мат­тық бел­сен­ділік таны­тып жүр­ген Тараз тұрғы­ны Эль­ми­ра Айт­бе­ко­ва рефе­рен­ду­мға қаты­сты жиын­нан тыс қала алмаға­нын айтады.

 

- Мен осы жиы­нға кел­ген себебім, мен елі­міздің бола­шағы­на немғұрай­лы карай алмай­мын. Әйел­дер­дің зей­нет­ке шығу жасын ұлғай­ту, жумыс­сыздық мәсе­лесін де көте­ру керек. Бұл масқа­ра ғой! Біз­де не жұмыс жоқ, қалай зей­нет­ке шыға­мыз? Осы мәсе­лені де рефе­рен­дум­да көте­ру керек сияқты, мен шыным­ды айт­сам сол үшін де кел­дім. Рефе­рен­дум сұрақта­рын мен толы­ғы­мен қол­дай­мын, тақы­рап­тар­дың бәрі дұрыс қой­ы­лған, өзек­ті. Осы баста­ма­ны аяғы­на жет­кізу­ге тал­пы­ныс жасау керекпіз бар­лы­ғы­мыз бірі­гіп, халық болып. Сон­да нәти­же бола­ды деп сене­мін, бәрі­міз атса­лы­сып қол жинау керек бол­са, біз дай­ын­быз. Менің жер­ле­стерім де бұл баста­ма­ны қол­дай­ды деп үміт­те­не­мін. Мәсе­лен, Бела­русь пен Ресей­ге Кеден­дік Одақ арқы­лы қосы­луға біз қар­сы­мыз, өйт­кені Қаза­қстан тәу­ел­сізді­гін жоғал­тып алуы мүм­кін, — деген пікір­де қоғам бел­сен­дісі.

«Ұлт тір­лі­гі» қоғам­дық қоры­ның жетек­шісі, Аста­на тұрғы­ны Бауы­р­жан Шакар­бекұ­лы мұн­дай жиы­нға алғаш рет қаты­сып отыр. 

 

- Бұл рефе­рен­дум өткі­зудің алға­шқы када­мы ғой, халық қол­дап бұл баста­ма сәт­ті аяқта­ла­ды деген сенім­де­мін Менің білуім­ше Аста­на тұрғын­дар ара­сын­да рефе­рен­дум­да қой­ы­лған сұрақтар­ды қол­дай­тын адам аз емес. Алма­ты­ға әр аймақтан жұрт жинал­ды, олар­ды сол өңір­дің өкілі деп түсін­ген дұрыс, сон­ды­қтан бұл баста­ма бүкіл елі­міз­де қол­дау тауып отыр деп айтуға бола­ды. Біз тәу­ел­сіздік­ке қолы­мыз енді жет­кен­де одан айы­ры­лып қалуы­мыз мүм­кін, сон­ды­қтан бұл баста­ма­ны сана­сы бар әр қазақ қол­дай­ды деп ойлай­мын, — дей­ді Бауы­р­жан Шакарбекұлы.

Ақтау қала­сы­нан кел­ген Алу­аш Оңға­ро­ва Жанаө­зен тұрғын­да­ры­ның да тілек­терін жеткізді:

 

Мені­мен бір­ге кел­ді Маңғы­стау жері­нен аза­мат­тар, бірақ көбісі келе алмай қал­ды жан жақтан қысым болға­сын. Жанаө­зен қасіреті­нен біраз уақыт өтті, алай­да ештене өзгер­ген жоқ, халы­қтың жағ­дайы сол күй­де. Олар да біздің елі­міздің аза­мат­та­ры, олар да жақ­сы өмір сүр­гісі келеді, сон­ды­қтан біз­дер толы­ғы­мен қол­дай­мыз. Мен үсті­ме тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның туын киім қылып кидім, бірақ елі­міз шынайы тәу­ел­сіздік­ке ие болып оты­рған жоқ, сон­ды­қтан ойла­най­ық, ағайын!

Шым­кент қала­сы­ның тұрғы­ны, Ауған соғы­сы­ның арда­гері Жеңіс Досжан: 

 

- Рефе­рен­дум өте орын­ды өтіп жатыр, себебі тәу­ел­сіз ел болға­лы 23 жыл­дан бері жақ­сы бір өзгерістер бай­қал­май­ды. Шешіл­ме­ген мәсе­ле көп, қазір соның 4 і қой­ы­лып отыр, рефе­рун­ду­мға шыға­ры­лған сұрақтар­дың бәрі шеші­ле қояды деп ойла­май­мын. Себебі ол үшін ауы­з­бір­шілік керек, күре­су керек, сатқын­дар ара­мы­зда бол­мау керек, сон­да ғана мақ­са­ты­мы­зға жетіп, ең бол­ма­са қой­ы­лған мәсе­ленің 1—2 ін шешу­ге бола­ды. Әрине, рефе­рен­дум өткізіп, бәрі шешіліп, жақ­сы өмір сүріп кете­міз деп айтуға бол­май­ды. Бірақ, соған тал­пы­ныс жасау біздің аза­мат­тық боры­шы­мыз. Өңір­де­гі қара­пай­ым халық оппо­зи­ци­яға сеніп отыр, өкінш­ке орай, әр түр­лі қысым жаса­лып, әр түр­лі себеп­тер­мен 15 адам­дай келе алмай қал­ды. Олар біз­ге сәлем­де­месін айтып жібер­ді. Бұл билік тара­пы­нан кво­рум бол­ма­сын деген әре­кеті ғой, рефе­рен­дум заң­сыз бол­сын деп, бірақ олар мақ­са­ты­на жете алма­ды, — деген пікір­де Женіс Досжан.

Тұрақ Бай­зак, Қызы­лор­да облы­сы, Қар­мақ­шы ауда­ны­ның тұрғы­ны былай деп ой бөліседі.

 

- Рефе­рен­дум өте­ді деп мен сене­мін, әрине оңай шаруа емес, бірақ ешнәр­се шық­пай­ды қол құсы­рып оты­ра бер­сек. Сұрақтар­дың бар­лы­ғы дұрыс қой­ы­лған, өте маңы­зды. Атом стан­ци­я­сы тура­лы, әкім­дер­ді сай­лау, осы­лар­дың бәрі орын­ды деп есеп­тей­мін. Әкім­дер­ді сай­лай­тын бол­сақ көп өзгеріс бола­ды. Қол­дай­мын бәрін. Жер­ле­стерім де қол­дай­ды деп ойлай­мын, жол­да, поез­дың ішін­де де осы­ны әңгі­ме қыл­дық, бәрі құп­тап отыр. Өкін­штісі, мына жер­де Жар­ма­хан Тұяқ­бай бол­ма­ды, осын­дай мәсе­ле­ге кел­ген­де олар­дың басы бірі­гу керек еді ғой. Ал енді мақ­сатқа жете ала­мыз ба, жоқ па? Бұл оңай шаруа емес, сон­да да күре­су керек, тал­пы­ну керек. Бүгін­гі жиы­нға адам бол­май қала ма деп едік, тіп­ті асып кет­ті, бұл жақ­сы ғой, соған қараған­да бета­лыс жаман емес сияқты.

Естерініз­ге сала кетей­ік, рефе­рен­ду­мға төрт сұрақ енгізіл­ген, олар: Кеден Одағы мен Біры­ңғай эко­но­ми­ка­лық кеңістік­тен шығу, ірі кәсі­по­рын­дар­ды мем­ле­кет­ке қай­та­ру, әкім­дер сай­ла­у­ын енгі­зу, ядро­лық отын бан­кі орна­ла­сты­ру­ды және атом электр стан­ци­я­сын салу­ды тоқтату.

Рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі жиын өткен сен­бі­де Алма­ты­да өтті, оған бүкіл рес­пуб­ли­ка­дан 512 деле­гат қаты­сты. Бұл оппо­зи­ция тара­пы­нан рефе­рен­дум ұйым­да­сты­руға бесін­ші тал­пы­ны­сы. Бұры­ңғы баста­ма­лар әртүр­лі себеп­тер­мен сәт­сіз аяқталға­ны­на қара­ма­стан, бұл жолы ұйым­да­сты­ру­шы­лар мәре­ге жете­міз деп үміт­теніп отыр.

ОТ РЕДАКЦИИ: Судя по все­му не толь­ко орга­ни­за­то­ры рефе­рен­ду­ма, но и обыч­ные граж­дане Казах­ста­на очень наде­ют­ся, что на этот раз попыт­ка про­ве­сти его закон­чит­ся удач­нее, чем преды­ду­щие. При­е­хав­шие со всех реги­о­нов стра­ны граж­дан­ские акти­ви­сты и про­стые жите­ли в целом под­дер­жи­ва­ют идею рефе­рен­ду­ма: они гото­вы голо­со­вать за выбор­ность аки­мов и про­тив стро­и­тель­ства АЭС. Одна­ко если одни зна­ют, что такое рефе­рен­дум, то дру­гие, види­мо, не очень, если пред­ла­га­ют попут­но вне­сти в повест­ку голо­со­ва­ния еще вопро­сы, что­бы выра­зить про­тест про­тив повы­ше­ния пен­си­он­но­го воз­рас­та жен­щин и уре­за­ния декрет­ных выплат.

Ори­ги­нал статьи: 

«Ел болып, халық болып атса­лы­суы­мыз керек!»

архивные статьи по теме

Хиджаб or not to be?

Общественный Фонд Elge Qaitaru требует расследовать ТОО «ЦАТЭК Green Energy» и Александра Клебанова

Editor

Временный решил стать избранным

Editor