4 C
Астана
28 марта, 2024
Image default

Алдымен әркім өз санасында референдум өткізіуі тиіс!

Елі­міздің тәу­ел­сізді­гіне Кеден Одағы мен Еура­зи­я­лық Одақ қауіп­ті деп есеп­тей­ді Әмір­жан Қоса­нов. Өз ойла­рын сая­сат­кер рефе­рен­дум өткі­зу жөнін­де­гі жиын­да жай­ып сал­ды, біз оның сөзін толы­қтай кел­тіріп отырмыз.

 

Автор: Әмір­жан ҚОСАНОВ

 

Құр­мет­ті жина­лы­сқа қатысушылар!

Рефе­рен­дум­шыл қауым!

Кеше ғана мен Фейс­бук­те мына өлеңді жазып, елді осы жиы­нға шақы­руға ат салы­сып едім:

Бір ел жұтып қояр ма екен бір елді?

Дүр­лік­ті ғой қаза­ғым­ның даласы!

Тәу­ел­сіздік тығы­ры­ққа тірелді -

Жиы­нға кел, әр қаза­қтың баласы!

Кені­ш­терің баста­ды ма сарқыла?

Шыңы­ра­удай бай мен кедей арасы!

Сенің дау­сың керек бүгін халқыңа -

Жиы­нға кел бар қаза­қтың баласы!

Ресми БАҚ «Қаза­қстан­да оппо­зи­ция жоқ, не ол тым енжар, әре­кет­сіз» деп жата­ды. Осын­да сол БАҚ өкіл­дері бол­са, елі­міздің түк­пір-түк­пірі­нен кел­ген 500-ден астам адам жиналған осы зал­ды түсіріп алы­ңы­здар! Бәрі көр­сін оппо­зи­ция бар екенін!

Ағай­ын!

Біз қызық елде өмір сүріп жатыр­мыз, біздің күн­делік­ті өмірі­міз Ата заңы­мы­здың басты талап­та­рын мүл­дем сәй­кес келмейд!.

Кон­сти­ту­ци­я­ның бірін­ші бабы­ның бірін­ші тар­мағын алайық.

«Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы өзін демо­кра­ти­я­лық, зай­ыр­лы, құқы­қтық және әле­умет­тік мем­ле­кет ретін­де орны­қты­ра­ды, оның ең қым­бат қазы­на­сы — адам және адам­ның өмірі, құқы­қта­ры мен бостандықтары».

Тал­дап көрейік.

22 жыл бой­ы­на бір адам басқарған билі­гі ауы­спай­тын, пар­ла­мен­тіне оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­лар кіре алмай­тын, билік­ке қар­сы пікір айтқан кез кел­ген адам қуғы­нға ұшы­рап, не бел­гісіз біре­улер­дің қолы­нан қаза таба­тын, не түр­ме­ге жабы­ла­тын, тәу­ел­сіз газет­тер сот шеші­мі­мен жабы­ла­тын, рефе­рен­ду­мға бара­мын деп Алма­ты­ға жиналған аза­мат­тар­ды әкім­дері мен поли­ци­я­сы пой­ы­здан түсіріп тастай­тын мем­ле­кет өзін демо­кра­ти­я­лық деп атай ала ма?

Иә оқуға, иә үй алуға, иә құда түсу­ге, той жаса­уға ақша­сы жоқ, сол ақша­ны таба­тын жұмысы жоқ, сол себеп­ті әртүр­лі күмән­ді діни сек­та­лар­дың құры­ғы­на түсіп, өз елін­де экс­тре­мист не тер­ро­рист жаста­ры көбей­іп бара жатқан мем­ле­кет өзін зай­ыр­лы деп атай ала ма?

Сот­та­ры екі жақтың қай­сысы пара­ны көбірек бер­се, соның сой­ы­лын соға­тын, про­ку­ро­ры мен поли­ци­я­сы аза­мат­тар­дың құқы­ғын қорға­удың орны­на, қор­лай­тын, керек десең, зор­лай­тын, арнайы қыз­меті шпи­он­дар­ды табу­дың орны­на сая­си оппо­зи­ци­я­ны аңдып, әртүр­лі аран­да­ту ұйым­да­сты­ра­тын, ең басты­сы, бей­біт мұнай­шы­ларға тапа-тал түсте оқ жауды­ра­тын мем­ле­кет өзін құқы­қтық деп атай ала ма?

Басқа­сын айт­паған­да, 2,5 мил­ли­он­дай ада­мы «өз күнін өзі көріп жүр­ген», ауыл­да толай­ым бір отба­сы бір ата­сы­ның зей­не­тақы­сы­на қарап оты­рған, алды­мен әр ада­мға үй салу үшін 10 сотық жер бере­міз деп, кей­ін ол уәдесін­де тұр­май­тын, ана­лар­дың декрет­тік жәр­де­мақы­сын аяу­сыз қысқар­та­тын, әйел­дер­дің зей­нет жасын ер адам­дар­ды­кі­мен теңе­стіріп, 63 жасқа жет­кіз­гісі келетін мем­ле­кет өз әле­умет­тік емес-ау, еркек кін­дік­пін деп айта ала ма?

Неге билік үнем­де­уді өзі­нен баста­май, ана­лар мен келін­шек­тер­ден бастай­ды?! Қазір­гі шене­унік­тер арми­я­сын екі есе қысқарт­са, ешнәр­се құлап қал­май­ды! Қоғам­дағы ауа таза­рар еді! Қара­пай­ым адам­дар, әсіре­се, шағын және орта биз­нес еңсесін бір көте­рер еді! Тиісін­ше, жемқор­лық та сол сәт­те екі есе аза­яр еді! ЭКС­ПО-2017-ге жұм­са­ла­тын 1,6 млрд дол­лар­ды әле­умет­тік салаға жұм­са­са, ешбір ел де рен­жі­мес еді Қаза­қстан көр­ме өткіз­беді деп!

Енді осы­ның бәрін өзгер­тіп, күн­делік­ті өмірі­мізді Кон­сти­ту­ция талап­та­ры­на сәй­кес ету үшін не істеу керек?

Бұған дей­ін біз, 17 мил­ли­он халық, тек қана жоға­ры жақтағы билік­тің айтқа­ны­мен жүріп келеміз.

Ол өзіне ғана ыңғай­лы заң­дар қабыл­дай­ды. Олар­дың мәнісіне көп бара бермейміз.

Сай­лау жари­я­лап, өзіне жай­лы, қой аузы­нан шөп алмас Пар­ла­мент жаб­ды­қтап ала­ды. Біз тағы да үндемейміз.

Менің бүгін­гі ұсы­ны­сым мына­дай: сөз­ге мора­то­рий жари­я­лау керек! Нақты да бүкіл ел болып қолға ала­тын іс керек!

Алға­шқы істің аты — референдум!

Енді осы жина­лы­стан кей­ін біз сол іске көшіп, 200 мың қол жина­уы­мыз керек.

Шыны­мен де күн тәр­тібіне қой­ы­лып оты­рған 4 мәсе­ле де ушы­ғып тұр. Олар­ды халық өзі қолға алып шешпе­се, бүгін­гі билік ешқа­шан шешпей­ді! Неге дей­сіз бе? Айтайын.

Бірін­ші сұрақтағы Кеден Одағы мен Еура­зи­я­лық Одақ — тек қана Ақор­да­ның гео­са­я­си жоба­сы емес. Ол шын­ту­ай­ты­на кел­ген­де, Кремль­дің Ақор­даға көр­сет­кен әлімжеттігі!

Бір ғана сұрақ: егер де Путин мыр­за­ға: «Ресей өзі­нен бар­лық жағы­нан — халқы­ның саны, эко­но­ми­ка­лық әле­уеті — 10 есе зор елмен «тере­зесі тең» Одаққа кіріңіз» десе, ол не істер еді? Біздің бас­шы­лар сияқты алақай­лап, өзі­нен үлкен алпа­уыт­тың құшағы­на өз еркі­мен кіріп кетер ме еді? Қайдам…

2050 жыл­ды айту мода боп кет­ті ғой. Көз алды­мы­зға еле­с­те­тей­ік­ші. Еура­зи­я­лық Одақ гүріл­деп тұр делік. Аста­на­сы Мәс­ке­уде. Ортақ Пар­ла­мент бар­шаға ортақ заң­дар қабыл­дап жатыр. Ортақ тіл қан­дай екенін айт­пай-ақ қояй­ын… Сон­да сіздің неме­реңіз: «Ата, біздің Қаза­қстан Тәу­ел­сіздік­тен қашан, кім­нің кесірі­нен айы­рыл­ды? Сол кез­де Ата, сен қай­да бол­дың? Не бітір­дің?» десе ше? Өзі­міздікі бол­маған­ды­қтан кіріп кететін жер­ді де таба алмай қалар­мыз! Не деп жау­ап бере­міз бәрі­міз сол сәтте?

Кеше­гі мем­ле­кет иелі­гін­де болған шикі­зат сек­то­рын­дағы іргелі кәсі­по­рын­дар­ды құт­ты орны­на қай­та­ру тура­лы екін­ші сұрақ та маңы­зды. Әрі ол Қаза­қстан­ның халқы­на тиесілі жер астын­дағы Мен­де­ле­ев таб­ли­ца­сын­дағы бар­лық эле­мент­тер­ді шетел­ге сатып, шылқып бай­ып жатқан шетел­дік-сымақ қожай­ын­дар­дың шамы­на тиеді. Олар Ақор­да­мен тон­ның ішкі бауын­дай жақын, кін­дік­тес, біте қай­на­сқан! Сон­ды­қтан да олар бұл мәсе­лені халы­қтық талқы­ла­у­ға шыға­руға үзіл­ді-кесіл­ді қар­сы! Ал бұл идея жүзе­ге асса, бюд­жеті­міз толы­ғып, қор­да­ла­нып қалған қан­ша­ма әле­умет­тік мәсе­ле шешілер еді!

Біз өзі қызық жұрт­пыз, қал­та­мы­здағы әми­я­ны­мы­здан мың тең­ге ұрлан­са, айқай-шу шыға­ра­мыз. Ал күн сай­ын тұр­ба арқы­лы, темір­жол вагон­да­ры мен цистер­на­лар­мен мұнай мен газ, алю­ми­ний мен хром, мырыш пен мыс шетел­ге жөңкіп, әр қаза­қстан­ды­ққа тиесілі мил­ли­ард­таған дол­лар басқа қал­таға түсіп жат­са, түк бол­маған­дай, қыңқ етпейміз?!

Бір нәр­се айқын — эко­но­ми­ка­да, соның ішін­де қаз­ба бай­лы­ғы­мы­зды сату­дан түс­кен пай­да­ны жұм­са­уда әділет­тік орнат­пай, біз әле­умет­тік әділет­тік­ті орна­та алмай­мыз! Ал әле­умет­тік әділет­тіксіз — халы­қтың, әсіре­се ауыл­дың, бола­шағы бұлдыр!

Әкім­дер­ді сай­лау тура­лы үшін­ші сұрақ тек қана билік­тің халық бақы­ла­у­ын­да болуын қам­та­ма­сыз етпей­ді. Осы күн­де қай шене­унік­тік қыз­мет қан­ша тұра­ты­нын елдің бәрі біледі. Ең бол­маған­да әкім­дік қыз­мет­ті сатып алу доға­ры­лар еді.

Менің­ше, бізді сатыл­май­тын екі-ақ қыз­мет бар. Бірін­шісі — елба­сы­лық, өйт­кені оның иесі орны­нан әзір­ше кет­кісі жоқ, әрі ол пара­ны кім­ге бересіз? Екін­шісі — оппо­зи­ци­я­лық пар­ти­я­ның бас­шы­сы болу! Өйт­кені, оппо­зи­ци­я­лық жетек­ші бол­саң, қуда­ла­у­ға ұшы­рай­сың, сот­та­ла­сың, түр­ме­ге жабы­ла­сың. Қай­дағы пара…

Атом­дық электр стан­ци­я­сы мен ядро­лық отын бан­кі тура­лы төр­тін­ші сұрақ — елі­міздің қауіп­сізді­гі мен халқы­мы­здың өмірі мен ден­са­улы­ғы­на тіке­лей қаты­сты! Бір нәр­се айқын — Қаза­қстан­ның бұл мәсе­ле­де күл­лі адам­зат алдын­да ары таза! Басқа елдер шал­маған атом­дық құр­бан­ды­қты ол шал­ды. Шалған­да мықтап тұрып шалды!

Неге біздің билік қаза­қтың мақал-мәтел­дерін жады­на сақта­май­ды? Мәсе­лен, ауыз күй­ген үріп ішеді деген сөзді. Семей­де, Бай­қоңыр­да, басқа да құпия поли­гон­дар­да аузы күй­ген қазақ енді не істе­мек?! Онсыз да жаны да, тәні де жара­лы, қай­ғы жамы­лған Ақта­уда сала­мыз дей­ді. Хауіп­сіз дей­ді. Олай бол­са, неге сол атом стан­ци­я­сын Аста­на­да, Ақор­да­ның алдын­дағы үлкен алаң­да сал­май­ды?! Шене­унік­тер тоңып қал­са, ара­кідік кіріп шығып, жылы­нып алар еді ғой.

Біздің сана­мы­зға бір төң­керіс керек! Оның мәні мына­да: әрбір қаза­қстан­дық басын­дағы күн­делік­ті әле­умет­тік қиын­ды­қты, әділет­сіздік­ті, қоғам­дағы кем­шілік­тер­ді елде 20 жыл бой­ы­на орны­ққан сая­си жүй­е­мен, нақты билік басын­да оты­рған адам­дар­мен бай­ла­ны­стыр­май, үлкен сая­сатқа дүй­ім жұрт­ты тарт­пай, ешнәр­се­ге қол жет­кі­зе алмай­мыз! Біз­де­гі орын­сыз «шүкір­шіл, тәу­ба­шыл» пси­хо­ло­ги­ядан құтыл­май, ешнәр­се өзгер­мей­ді! Рефе­рен­дум — соның мықты мүм­кін­ді­гі! Ол үшін алды­мен әркім өз сана­сын­да өз рефе­рен­ду­мын өткізіп алуы тиіс!

Рефе­рен­дум иде­я­сы бар­лық демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ді бірік­тір­ді! Демо­кра­ти­я­лық күш­тер­ге бір­лік қажет! Бүгін­гі жина­лы­стың аты­нан осын­да оты­рған бар­лық ұйым­дар­дың бас­шы­ла­ры­на, жеке тұлға­ларға «бір­ге болы­ң­дар, ыды­ра­маң­дар!» деген ама­нат тапсырайық!

Құр­мет­ті достар! Әріптестер!

Қазір қос Корея — Оңтүстік пен Сол­түстік — тура­лы әңгі­ме көп. Бір ұлт, ортақ тарих. Бірақ тағ­дыр­ла­ры әрқи­лы. Бірі — еркін эко­но­ми­ка мен демо­кра­ти­я­лық жол­мен сай­ла­на­тын билік­тің арқа­сын­да, гүл­деніп, озық елдер қата­рын­да. Екін­шісі — ауы­спай­тын билік пен тота­ли­та­риз­мнің темір шымыл­ды­ғы­ның ар жағын­да көр­ме­стің күнін көріп жатыр.

Қарап отыр­сақ, Қаза­қстан­да да халық пен билік, түбірі бір болған­мен, екі түр­лі тір­лік кешіп жатыр.

Екі Коре­я­ны атақты 38 парал­лель бөліп жат­са, бізді халық пен билік­ті 1995 жылғы Кон­сти­ту­ция екі жақты етіп тастаған!

Рефе­рен­дум сияқты аса маңы­зды сая­си қадам­дар ғана осы сая­си парал­лель­ді жоя ала­ды. Өз басым рефе­рен­дум­ның басты мақ­са­ты осы деп білемін!

Рефе­рен­дум — халы­қтың сая­си еркінің ең шары­қтау шыңы, ең асқақ көрінісі! Оның мәр­те­бесі, керек десеңіз, пре­зи­дент не пар­ла­мент сай­ла­у­ы­нан де жоға­ры. Осы­ны түсін­ген билік қайт­кен­мен де оның жүзе­ге асуы­на кедер­гі жасап жатыр.

Әрбір қаза­қстан­дық өзіне мына­дай сұрақ қой­са ғой: неге Швей­ца­рия: «Олим­пи­а­да­лық ойын­дар өткі­зу үшін мем­ле­кет­тің қар­жы­лық қоры­нан 300 мил­ли­он швей­цар фран­кін (320 мил­ли­он дол­лар) бөлу­мен келі­сесіз бе?»деген сау­ал төңіре­гін­де жал­пы­ұлт­тық рефе­рен­дум өткі­зеді? Көз алды­ңы­зға Қаза­қстан­ды осы іспет­тес рефе­рен­дум өткенін еле­стетіп көріңіз­ші. Мәсе­лен, «1,6 мил­ли­ард дол­лар «ЭКСПО-2017» көр­месін өткізу­ге жұм­са­луы­мен Сіз келі­сесіз бе?» деген сұрақ төңірегінде.

Айт­пақ­шы, швей­цар­лы­қтар­дың 54 пай­ы­зы рефе­рен­дум­ның сау­а­лы­на «Жоқ» деп жау­ап беріп, нәти­же­сін­де аса дәу­лет­ті Швей­ца­рия Олим­пи­а­да­ны өткіз­бей­тін бол­ды. Өйт­кені халы­қтың ұйға­ры­мы солай бол­ды! «Нет­кен масқа­ра! Халы­қа­ра­лық дең­гей­де ешқан­дай беделі жоқ екен бұл елдің! Біз бол­сақ, Швей­ца­ри­ядан да мықты­мыз!» деп Сыр­тқы істер мини­стр­лі­гі мен «Хабар» улап-шула­мағы­ны­на мен әлі де таңмын!

Осы рефе­рен­дум­ның бір ерекшелі­гі бар. Бұрын да рефе­рен­дум баста­ма­ла­ры болған. Оған жеке сая­си пар­ти­я­лар мұрын­дық болып еді. Енді­гі жер­де бұл игі баста­ма­ның басын­да алу­ан түр­лі пікір­лі аза­мат­тық қоғам тұр. Бұл да өте-мөте баға­лы жетістік!

Соны­мен бір­ге мен бүгін­гі жина­лы­ста біз бір жеке қарар қабы­да­уы­мыз қажет деп ойлай­мын. Онда біз қазір түр­ме­ден оты­рған өзі­міздің демо­кра­ти­я­лық қозға­лы­стағы әріп­те­стері­міз Арон Ата­бек­ке, Вла­ди­мир Коз­ло­вқа, соны­мен бір­ге Жаңаө­зен мұнай­шы­ла­ры­на қол­дау көр­се­ту­ге тиіспіз!

Ұйы­қтап жатқан ары­стан­ды оят­па деген сөз бар. Бүгін­де халық — ұйқы­дағы ары­стан! Ақор­да мына жәйт­ті түсі­нуі керек: осы рефе­рен­дум­ды өткіз­бей халы­қтың нара­зы­лы­ғын тағы да туғы­зып жат­са, келесі рефе­рен­дум­ның тақы­ры­бы оның өзіне тіке­лей қаты­сты болып кетуі әбден мүмкін!

Ағай­ын!

Қазір біраз БАҚ-та онсыз да бай мен кедей боп бөлін­ген қаза­қты қазір біре­улер БАҚ арқы­лы руға бөліп, жік­теп тастағы­сы келеді! Тіп­ті кей­бір ресей басы­лым­да­ры «Қаза­қстан бөл­шек­те­ней­ін деп жатыр!» деп сүй­ін­ші сұрауда.

Осы­ған орай менің айтарым:

Жеті атаң — руың,

Жұр­тың үшін малы­ң­ды бер!

Алты Алаш — туың,

Ұлтың үшін жаны­ң­ды бер!

Сол жаны­ң­ды берудің бір фор­ма­сы — осы рефе­рен­ду­мға бел­сен­ді ат салы­сып, Тәу­ел­сіздік үшін күре­сте өз орны­ң­ды аны­қтап, бір кір­піш болып, кеті­гін тауып, қалану!

Олай бол­са, іске сәт!

Ори­ги­нал статьи: 

Алды­мен әркім өз сана­сын­да рефе­рен­дум өткізіуі тиіс!

архивные статьи по теме

Камуфляжно-автобусная демократия

Акежан Кажегельдин, экс-премьер-министр Казахстана: «Мы знали и помнили, что русские платили нам дань»

Editor

С мухобойкой за всеми не побегаешь