19 апреля, 2024
Image default

Билікті узурпациялап алған ТИМУР ҚҰДАЙ ЕМЕС

«Біз­де­гі заң­дар, әсіре­се эко­но­ми­каға қаты­сты заң­дар мен жоба­лар көмес­кі күш­тер­дің ықпа­лы­мен «мем­ле­кет­тік ауқым­нан тыс мүд­де­лер­ді қанағат­тан­ды­ру» үшін жаса­ла­ды. Мен ойлай­мын, ол күштің басын­да – Тимур Құлы­ба­ев тұр.

Ауыт МҰҚИБЕК:

– Ауыт мыр­за, Сіз «ДАТ» газеті арқы­лы екі мыңға таяу қан­дас отба­сы­ның бас­па­на кезе­гі­нен шыға­ры­лып тасталға­ны тура­лы пре­зи­дент Тоқа­ев­тың аты­на бір емес, екі мәр­те «Ашық хат» жаз­ды­ңыз. Көріп отыр­мыз, пре­зи­дент жағы­нан ешқан­дай жау­ап болған жоқ. Одан бер­гі уақыт­та да әле­умет­тік желі­де­гі парақ­шаңы­зда заң шыға­ру ісіне Пре­зи­дент әкім­шілі­гі ара­ла­са­ты­нын, Пар­ла­мент тек сол әкім­шілік­тің тіке­лей ара­ла­суы­мен жасалған заң жоба­сын бекітіп қана беретін «нота­ри­усқа» айналға­нын ашық жаз­ды­ңыз. Сіз «Нұр отан» пар­ти­я­сы­ның мүше­сі ғана емес, оның орта­лық аппа­ра­тын­дағы қыз­мет­кер бола тұрып, осын­дай тәу­е­кел­ге қалай бар­ды­ңыз? 

– Сіз айтқан­дай, бұл «тәу­е­кел­дің» заңға ешқан­дай қай­шы­лы­ғы жоқ. Ел мен жер­ге жаны аши­тын әрбір адам­ның қара­пай­ым аза­мат­тық әре­кеті. Иә, бүкіл заң­ның жоба­сы мини­стр­лік­тер­де дай­ын­да­лып, екі орта­да оны Пре­зи­дент әкім­шілі­гі түзеп-күзей­ді. Сосын Пар­ла­мент­тің қос пала­та­сы оны бекітіп береді. Соңын­да Пре­зи­дент қол қояды. Бұл мен ашқан «Аме­ри­ка» емес. 

2018 жылы Пар­ла­мент­те­гі «Үкі­мет саға­тын­да» Сенат төраға­сы болып тұрған кезін­де Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың өзі: «Заң­на­ма­лық рет­те­удің шегі нақты айқын­далға­ны­на қара­ма­стан жеке­ле­ген мәсе­ле­лер­дің маңы­зын жоға­ры қою үшін бел­гі­лен­ген шек­тер­ді бұзуға деген ұмты­лы­стар әлі де орын алу­да. Соның сал­да­ры­нан заң шыға­ру қыз­меті тақы­рып­тық жағы­нан тары­лып, заң­дар арқы­лы ведом­ство­лық, сала­лық, өңір­лік және басқа да мем­ле­кет­тік ауқым­нан тыс мүд­де­лер­ді қанағат­тан­ды­ру үрдісі туын­дап отыр» – деп айтқан болатын.

– Біздің пре­зи­дент­тер дей береді ғой…

– Ал сіз бүгін­де пре­зи­дент болып оты­рған Тоқа­ев мыр­за­ның осы сөзін жілік­теп оқы­саңыз, өзіңіз сұрап оты­рған мәсе­ле­ге бір­ден көз жет­кі­зесіз. Қараңыз, осы сөй­лем­де­гі «жеке­ле­ген мәсе­ле­лер­дің маңы­зын жоға­ры қою үшін бел­гі­лен­ген шек­тер­ді бұзуға деген ұмты­лы­стар…» және «заң­дар арқы­лы ведом­ство­лық, сала­лық, өңір­лік және басқа да мем­ле­кет­тік ауқым­нан тыс мүд­де­лер­ді қанағат­тан­ды­ру үрдісі…» деген екі түй­ін бар сұм­ды­қтың бетін ашып беріп тұрған жоқ па?!

– Сіз­ше, Қасым-Жомарт Кемелұ­лы осы айт­пағы­мен дәл кім­дер­ді мең­зеп отыр деп ойлайсыз?

– Менің­ше, жасы­ра­тын ештеңесі жоқ, қазір Пре­зи­дент әкім­шілі­гі ел пре­зи­ден­тінің толық құзы­рын­да емес. Оны өзге бір күш­тер көмес­кі жол­мен басқа­рып отыр. Біз­де­гі заң­дар, әсіре­се эко­но­ми­каға қаты­сты заң­дар мен жоба­лар көмес­кі күш­тер­дің ықпа­лы­мен «мем­ле­кет­тік ауқым­нан тыс мүд­де­лер­ді қанағат­тан­ды­ру» үшін жасалады. 

Мен ойлай­мын, ол күштің басын­да – Тимур Құлы­ба­ев тұр. Пре­зи­дент­тің ауқым­ды рефор­ма жүр­гі­зуіне кедер­гі жасап оты­рған – осы Тимур Асқарұ­лы мен оған әріп­тес олигархтар.

Басқа­сын қоя тұрып, бүгін­гі күн­нің қызу талқы­сы­на түсіп жатқан бір ғана спорт сала­сын алай­ық. «Дене шыны­қты­ру және спорт тура­лы» заңы­ның 13-бабы­на қараңыз. Сегіз тар­мақтан тұра­тын осы бап­та Ұлт­тық олим­пи­а­да­лық қозға­лы­сы мен ҚР Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетiнің құқы­ғы заң­да­сты­ры­лып қойылған.

Онда «Ұлт­тық олим­пи­а­да­лық қозға­лы­стың мақ­са­ты олим­пи­а­да­лық қозға­лыс қағи­дат­та­рын наси­хат­тау және енгі­зу, дене шыны­қты­ру мен спорт­ты дамы­туға жәр­дем­де­су, халы­қа­ра­лық спорт­тық ынты­мақ­та­сты­қты нығай­ту, Олим­пи­а­да ойын­да­ры­на және Халы­қа­ра­лық олим­пи­а­да коми­тетінің аясын­да өткізілетін басқа да халы­қа­ра­лық спорт­тық іс-шара­ларға қаты­су болып табы­ла­тын халы­қа­ра­лық олим­пи­а­да­лық қозға­лы­стың құрам­дас бөлі­гі болып табы­ла­ды» деп жазу­лы тұр.

Ал, аталған қозға­лы­сты Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетi басқа­ра­ды деп көр­сетіл­ген. Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетiнің пре­зи­ден­ті – тағы да Тимур Құлыбаев. 

Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетi мем­ле­кет­тік емес ұйым. Аталған «коми­тет­тің» сай­тын­да «ҚР ҰОК дер­бес, тәу­ел­сіз қоғам­дық ұйым болып табы­ла­ды» деп жазу­лы тұр. ҚР Әділет мини­стр­лі­гінің 2018 жыл­дың 16 науры­здағы мәлі­меті бой­ын­ша, Қаза­қстан­да ресми 22 398 үкі­мет­тік емес ұйым тір­кел­ген. Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетi сол көп ұйым­ның біре­уі ғана.

Ең сорақы­сы – сол заң­ның, сол бабы­ның 8‑тармағында «Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­теті рес­пуб­ли­ка­ның бюд­жет заң­на­ма­сы­на сәй­кес, мем­ле­кет­тік тап­сыр­ма­лар алуға құқы­лы» деп бекіт­тіріп алған ғой. 

Масқа­ра! Бұл – елі­міз­де 22 мың­нан астам үкі­мет­тік емес ұйым бола тұра, спорт сала­сы бой­ын­ша, Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетi­мен бәсе­ке­лесіп, тен­дер­ге түсетін өзге ұйым жоқ деген сөз!

Құлы­ба­ев­тар бір ғана спорт емес, осын­дай тәсіл­дер­мен эко­но­ми­каға қаты­сты сала­ның бәрін уысын­да ұстап отыр. Мем­ле­кет­тің іші­нен «мем­ле­кет» құрып алған. Оның ҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Рефор­ма­лар жөнін­де­гі жоға­ры кеңес­ке мүше болып кіруі де тегін емес. Осы мақ­са­тын одан ары жалға­сты­ру, бекем­деу, дамы­ту және қорғау үшін отыр онда. 

Көр­діңіз бе, менің Пре­зи­дент Әкім­шілі­гін өзге бір күш­тер көмес­кі жол­мен басқа­рып отыр дей­тін себебім – осы. Тағы да қай­та­лап айтай­ын, Пре­зи­дент әкім­шілі­гі пре­зи­дент­тің толық құзы­рын­да емес, оны Тимур Құлы­ба­ев сияқты клан­дар көмес­кі жол­мен басқа­ра­ды. Бұның аты – узур­па­ция деп ата­ла­ды. Демек, ол билік­ті узур­па­ци­я­лап алған!

Айт­пақ­шы, «Дене шыны­қты­ру және спорт тура­лы» заңы­мен дәл осын­дай құзы­рет­ке ие тағы бір үкі­мет­тік емес ұйым бар. Оның біре­уі – «Қаза­қстан­ның Ұлт­тық Пара­лим­пи­а­да Коми­теті». Пре­зи­ден­ті – Боран­ба­ев Қай­рат Советайұлы… 

– «Мықты­ның арты диір­мен тар­та­ды» деген, Боран­ба­ев – Дариға Назар­ба­е­ва­ның құда­сы ғой… Деген­мен өзіңіз мүше­сі болған Ұлт­тық қоғам­дық сенім кеңесінің (ҰҚСК) ұсы­ны­сы­мен жасалған рефор­ма­лар­ды қай­да қоясыз?

– Пре­зи­дент Тоқа­ев осы біз айтып оты­рған мәсе­ленің бәрін бес қол­дың сала­сын­дай біледі. Пар­ла­мент­тің пре­зи­дент Әкім­шілі­гі дай­ын­дап бер­ген заң­дар­ды бекітіп қана беретін нота­ри­усқа айна­лып қалға­нын да көріп отыр… Қасым-Жомарт Кемелұлы­ның мем­ле­кет­ті осы құр­са­удан алып шыққы­сы келеді. Сол үшін ҰҚСК құр­ды. Сол кеңес­ке сүй­еніп, 17 заң, 3 Жар­лық қабыл­да­ды, 18 Қау­лы шығартты.

Шынын айт­сам, мұның бәрін сая­си рефор­ма деп айтуға кел­мей­ді. Көбі сая­сатқа бел­гілі дәре­же­де ықпал ететін дүниелер. 

«ҚР Пре­зи­ден­ті жанын­дағы Рефор­ма­лар жөнін­де­гі жоға­ры кеңес» деген тағы бір кеңес пай­да бола кет­ті. Бай­қай­мын, осы кеңес пре­зи­дент Тоқа­ев­тың еркі­нен тыс құры­лған секіл­ді. Кеңес құра­мын­дағы рефор­ма жүр­гі­зетін кісінің түрін көріп отыр­сыз – Тимур Құлы­ба­ев. Бұл қасқы­рға қой бақты­рған­дай шаруа болып тұр ғой. 

Жал­пы, ауқым­ды рефор­ма жүр­гізу­ге Тоқа­ев­тың білі­мі де, білі­гі де жетіп тұр. Өкініш­ке орай, тоқ етерін айт­сақ, Қаза­қстан­ның Пре­зи­ден­ті Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетiнің пре­зи­ден­ті алдын­да дәрменсіз.

Неге дей­сіз бе?

Пре­зи­дент әр жылы халы­ққа Жол­дау жасап, бір жылға атқа­ры­ла­тын қыз­мет­тің басым бағыт­та­рын бел­гілей­ді және атқа­руға тап­сыр­ма береді. Ол 2020 жылғы 1 қыр­күй­ек­те жасаған халы­ққа Жол­да­уын­да «Қар­жы тап­шы­лы­ғы кезін­де мем­ле­кет бюд­жеті есебі­нен кәсі­би спорт клуб­та­рын толы­қтай қам­та­ма­сыз етудің қажеті жоқ. Мем­ле­кет­тің және ква­зи­мем­ле­кет­тік ком­па­ни­я­лар­дың бюд­жеті­нен мил­ли­ард­таған тең­ге тиім­сіз жұм­са­лу­да» дей келіп: «Бұқа­ра­лық спор­тқа, дене тәр­би­есіне және бала­ларға басым­дық беру керек. Әр облы­ста, ірі аудан орта­лы­қта­рын­да спорт үйір­ме­лерін ашу қажет» – деп, қадап тұрып тап­сыр­ма бер­ген бола­тын. Бұл – тұп-тура Тимур Құлы­ба­ев басқа­ра­тын Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетiне қара­ты­лған сөз деп білем мен!

Өз басым пре­зи­дент­тің бұл тап­сыр­ма­сын 2020–2021 жыл­дағы атқа­ры­ла­тын жұмыстың ең өзек­тісі деп баға­лағам. Міне, енді сана­у­лы күн­дер­ден кей­ін бұл Жол­да­удың мерзі­мі аяқта­лып, жаңа Жол­дау жаса­ла­ды. Пре­зи­дент Жол­да­уын­да айты­лған спор­тқа қаты­сты тап­сыр­ма орын­далған жоқ.

Демек, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың Тимур Құлы­ба­евқа тісі бат­пай отыр деген сөз. Егер, тісі бат­са, «Дене шыны­қты­ру және спорт тура­лы» заңы­на өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізіп, Ұлт­тық олим­пи­а­да коми­тетi секіл­ді мем­ле­кет­тік емес ұйым­дар­дың құзы­ретін бір­ден шек­те­уі тиіс еді. Біз Нағыз рефор­ма деп, осын­дай өзгерістер­ді айтар едік.

Айт­пақ­ша, соңғы кез­де ҰҚСК-тің құра­мы да сұй­ы­лып, ондағы азу­лы жігіт­тер азай­ып барады…

– Түсінік­ті, Ауыт мыр­за. Енді, Сіз­ше болған­да, Пре­зи­дент рефор­ма­ны неден баста­уы керек деп ойлайсыз?

– Жоға­ры­да айт­тым ғой, енді жасы­рып-жабу­дың ешқан­дай қажеті жоқ, эко­но­ми­каға қаты­сты заң­дар­дың бәрі Құлы­ба­ев­тың мүд­десіне қарай бағыт­та­лып жасалған. Тіп­ті, жалға­сы жаса­лып та жатыр деу­ге бол­ды. Мен көтер­ген екі мыңға жуық қан­да­сы­мы­здың бас­па­на кезе­гіне қаты­сты заң­дар­дарға да осы Тимур Құлы­ба­ев­тың ықпал етіп, тосқа­уыл болып оты­рға­ны анық.

Жал­пы, мем­ле­кет үшін Тимур Құлы­ба­ев секіл­ді ауқат­ты адам­дар­дың көп болға­ны жақ­сы. Ондай адам­дар­дың мем­ле­кет­тік сая­сатқа ықпал ететінін де ешкім жоққа шығар­май­ды. Мәсе­ле – Құлы­ба­ев­тың ұлтқа, мем­ле­кет­ке деген көзқа­ра­сы мен таны­мын­да болып тұр ғой.

Тимур Асқарұ­лы Қаза­қстан­ды бай­лы­ғын қорғай­тын, өркен­де­тетін тірек етудің оны­на, табыс таба­тын май­лы жілік санап отыр. Егер, ол ақыл­ды жігіт бол­са, туған халқын баю жолы­на баста­уы, еңсесін көте­руі керек қой. Елба­сы­ның абы­ройы мен беделін түсір­ген екі адам бол­са, соның біре­уі – осы Тимур. Міне, енді Тоқа­ев­тың да ады­мын аштыр­май, қыспақта қал­ды­рып отыр…

Өзіңіз көріп оты­рған болар­сыз, Қырғыз­стан­ның пре­зи­ден­ті Садыр Жапа­ров «Құм­төр» алтын кені­шін шетел­дік­тер­ден қай­та­рып алу тура­лы атқа мініп еді, Қырғыз­стан­дағы бүкіл сая­си күш­тер жұды­рық болып жұмы­лып, оны қол­дап шыға кел­ді. Тіп­ті, пре­зи­дент біт­кен­ді бет қарат­пай кел­ген оппо­зи­ци­о­нер Өмүр­бек Теке­ба­ев бірін­ші болып, пар­ти­я­ла­ста­ры мен аза­мат­тық қауым­ды Садыр Жапа­ро­вты қол­да­уға шақы­рып, ұран таста­ды. Сая­си күш­тер мен аза­мат­тық қауым, қырғыз бас­пасөзі бұл баста­ма­ны лапыл­да­тып ала жөнел­ді… Дәл осын­дай бір­лік біз­ге де керек!

– Бірақ біз­де Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­тың пре­зи­дент­тік зама­ны­нан қалған билік­ке деген сенім­сіздік басым болып тұр ғой…

– Бұл енді режим­нің мұра­сы деп айты­лып жатыр. Бірақ елде­гі бүкіл сая­си күш­тер бірін бірі сына­уды доға­ра тұрып, бірі­гіп, пре­зи­дент Тоқа­ев­ты қол­дау арқы­лы бұл тығы­ры­қтан шығуға бола­ды! Бұл ынты­мақты тек аза­мат­тық қауым­нан талап етпей, Пар­ла­мент те бел­сен­ді ара­ла­суы, үн қосуы тиіс. Қуыр­шақ болап оты­ра беретін, көпір­ген көп сөз­бен жұрт­ты алда­у­сы­ра­та­тын кез емес бұл!

– Ондай бірі­гу­ге сіз айтып оты­рған Тимур мен оли­гарх­тар сияқты клан­дар жол бер­мей­ді ғой. Дереу қоға­мға лаң салады…

– Тимур Құлы­ба­ев – өзге ұлт­тың өкілі емес, өз тума­мыз, қаза­қтың бала­сы. Шетел­дік емес, өз аза­ма­ты­мыз. Оны тәу­бе­ге кел­ті­ру – сон­ша­лы­қты қиын шаруа емес! Қат­ты­рақ сіл­кіп-сіл­кіп жібер­сек, ол бәрін тастай қашады. 

Соны­мен бір­ге, аза­мат­тық қауым Пре­зи­дент­тен білік­ті заң­гер­лер мен қоғам қай­рат­кер­лерін негіз еткен арнайы тәу­ел­сіз комис­сия құру­ды талап етуі­міз керек! Ол комис­сия «Дене шыны­қты­ру және спорт тура­лы» заңы секіл­ді Құлы­ба­ев­тың мүд­десі мен жемқор­лы­ққа бей­ім­деліп жасалған заң­дар­дың бәрін аны­қтап, тиісті өзгер­ту­лер мен толы­қты­ру­лар енгізу­ге дай­ын­дап беретін жұмыспен айна­лы­суы тиіс.

Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­сын­да «…Билік­ті ешкім де ием­деніп кете алмай­ды. Билік­ті ием­деніп кету­шілік заң бой­ын­ша қуда­ла­на­ды» деп жазу­лы тұр. Соны­мен бер­ге Ата Заңы­мы­зда «Мем­ле­кет­тік билік­тің бір­ден-бір баста­уы – халық» деп көрсетілген.

Ең басты­сы, Тимур Құлы­ба­ев билік­ті узур­па­ци­я­лап алға­ны­на жұрт­тың көзін толық жет­кіз­сек, мәсе­ле оңай шешіледі. Құлы­ба­ев Құдай емес!

Қай­рат ҚАЙЫРГЕЛДІ, «D»

Источ­ник: https://datnews.info/

архивные статьи по теме

Бойцы Кенеса Ракишева и Рамзана Кадырова

Editor

Депутат Бобров, Вам ответили по пунктам!

БДИПЧ уже критикует выборы в Казахстане