2 C
Астана
28 мая, 2024
Image default

Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдары басшыларының,журналистер мен Қазақстанның электронды БАҚ жетекшілерінің,экономистер, саясаттанушылар және Қазақ елінің азамат белсенділердің Қазақстан Республикасы  Мәжілісінің  және Сенат депутаттарына

 Ү Н Д Е У 

Құрметті Қазақстанның конституциялық заң шығарушы органдардың мүшелері!

Жаңа Қаза­қстан депут­та­ры жаңа­ша халқы­на қыз­мет атқа­ра­ды деген аз да болған  үміті­міз ақтал­май жатқа­ны­на көзі­міз жет­ті деп айт­са бола­ды. Теле­ди­дар мен әле­умет­тік желі­де Сіз­дер­дің жыл­ты­раған киім­деріңіз, таққан қым­бат сағат­та­ры­ңы­з­бен, өз өздеріңіз­ге риза болып жүр­ген сияқты болып жұр­тқа көрінесіздер.

Сіз­дер Мәжіліс пен Сенатқа Қан­ды Қаңтар оқиға­сы арқа­сын­да кір­діңіз­дер. Қай­ғы­лы оқиға­лар бол­ма­са Назар­ба­ев­тың қуыр­шақта­ры Сіз­дер­дің орын­да­ры­ңы­зда оты­ра­тын еді. Ол қуыр­шақтар­дың қожай­ын­да­ры ел соры­ның қызда­ры, алма­са­тын күй­еу бала­ла­ры, жиен­де­ры, тоқал­да­ры, сыныптастыры.

Мың­даған адам нара­зы­лық біл­дір­ді, олар­дың жүз­де­гені қаза тап­ты. Бұры­ңғы пре­зи­дент­тің рула­ста­ры, малай­ла­ры жеңі­сте жет­пей не істе­стей­тінін біл­мей қал­ды. Біре­улері Дубай­ға қаш­са, екін­шілері бай­лы­ғын қимай елде жүр. Пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев таққа ие болып қал­ды да, “Жаңа Қаза­қстанға” бағыт алған­дай болды.

Қазақ халқы­нан ұрла­нып шетел­де тыққан актив­тер мен қара­жат­ты қай­та­ру керек деген сөз­дері аздай бол­са­да іске асы­ры­лып жатыр. Алай­да, қазақ халқы әлі тона­лу­да. Атал­мыш тақы­рып­ты көтеріп, нелік­тен тоқта­туға  тиым сал­май­сыздар? Қазақ елін­де жұмыс істеп жатқан бан­кілер­дің иелері Қазақ елі­нен жол­да­рын үйле­стіріп мил­ли­ард­таған дол­лар қара­жат­ты   шетел­ге шыға­рып жатыр. Ол қара­жат­ты өздерінің еңбе­гінің таза табысы, яғни “диви­дент­тер” деп ақта­лып жатыр.

Эко­но­ми­ка­лық дағ­да­рыс жағ­дай­да, ірі инве­сти­ци­я­лар жоқ та, қалын халы­қтың төле­у­ге ақша­сы жет­пей жат­са, сол банк иелеріне қай­дағы мил­ли­ард­таған дол­лар табыс деген сау­ал пай­да бола­ды. Жұрт төлей­тін ком­му­нал­дық төлем­дер­дің пай­ы­зы, иә ипо­те­ка неси­е­де­гі үкі­мет­тің суб­си­ди­я­сы­нан алы­нған пай­ы­зы­нан бай­ы­ды ма?

Біздің көз алды­мы­зда бұрын халы­қтан ұрланған капи­тал­дар­ды, “диви­дент” деп алдап елден шыға­рып жатқа­ны нақты  дәлел­ден­ді. Ескі Қаза­қстан мил­ли­ар­дер­лері елден бір­жо­ла­та кет­кісі келеді, алдын­да ұрланған мил­ли­ард­тар­ды ақтап алу үшін “диви­дент­тер” деп бұр­ма­лап өздерін­ше лас ақша­ны ақтап, кей­ін, мыса­лы, фран­цуз Ривье­ра­да ақша қай­дан пай­да бол­ды деген сұрақ туын­да­са, “заң­ды табыс, яғни диви­дент­тер” деп жау­ап беру үшін жасалған ала­яқтық іс әрекет.

Сіз­дер халы­ққа қыз­мет ете­міз деген ант беріп, ниет­теріңіз шын бол­са, өтініш, жар­ты жылға түр­лі төлем­дер мен диви­дент­тер алуға мора­то­рии жари­я­лау талап ете­міз. Қара­жат жар­ты жылға елде қалу керек. Атал­мыш мерзім­де Бас про­ку­ра­ту­ра, Актив­тер­ді елге қай­та­ру коми­теті және осы тақы­рып бой­ын­ша үкі­мет жанын­да құры­лған комис­сия “диви­дент” деп аталған қара­жат­тың қан­ша­лы­қты заңға сәй­кест­і­гі мен адал екенін тер­геп дәлел­деу қажет.

Өтініш, мора­то­рий жари­я­лап, арнайы заң қабылдаңыздар!

Пре­зи­дент қол қояды деген­ге сенеміз. 

Дәстүр­лі түр­де, бір таң қал­май­тын факт бой­ын­ша ең көп диви­дент­тер “Халық банк” иелері Тимур Құлы­ба­ев пен Дина­ра Құлы­ба­е­ва мен бір құпия жан, аты жөні жасы­ры­лған бай, оның мен­шік­ті­гін­де банк­тің төрт­те бір бөл­ше­гі тиімді.

Қара­пай­ым халық, Сіз­дер ол құпия жан­ның аты жөнін, бан­кқа қан­ша қара­жат құй­ды, қай мем­ле­кет­те кезек­ті мил­ли­он­даған дол­ла­рын жұм­сай­ты­нын білу­ге толық құқы­ла­ры­ңыз да мүм­кін­ді­гіңіз де бар. Ұлт­тық банк пен Қар­жы нары­ғын рет­теу және дамы­ту агент­ті­гіне сұрау жіберіп, бір күн де құпия ие тура­лы ақпа­рат алуға тиістісіз, себебі Ұлт­тық банк­тің бас­шы­сы Тимур Сүлей­ме­нов пен Қар­жы рет­теу агент­ті­гінің бас­шы­сы Мади­на Абы­лқа­сы­мо­ва­да Құлы­ба­ев­тар отба­сы­ның құпия серік­тесі тура­лы толық ақпа­рат бар.

Егер, Сіз­дер атал­мыш жағ­дай­ды бақы­ла­у­ға алма­саңы­здар, қазақ халқы­ның мил­ли­арт­таған дол­лар қар­жы шетел­ге тура кете­ді. Қазақ халқы­на тиесілі мил­ли­ард­таған дол­лар қара­жат  98 Мәжіліс депу­тат­тар және  50 сена­тор­дың мой­ы­нын­да қалуы мүмкін. 

Бұл қарыз Қазақ елі тарихын­да кешіріл­мес жәйт болып қалады.

* Кез кел­ген адам бұл үнде­у­ге қол қой­ып, өз парақ­ша­сы­на жария ала­ды. Шетел тіл­деріне аудар­ма құпталады.

архивные статьи по теме

Люди особого назначения. Чем опасны провокаторы во время митингов и демонстраций?

Editor

Асель Нургазиева объявила голодовку

Газ Каспия – яблоко раздора