fbpx

Парижде түйілген ҚАНДАЙ ПАЙЫМ?

Ерму­рат Бапи

Екі күн­нен бері әле­умет­тік желінің қаза­қстан­дық сег­мен­тін­де аза­мат­тық қоғам өкіл­дерінің Париж кон­фе­рен­ци­я­сы төңіре­гін­де сөз өршіп тұр.

Қаза­қстан­ның экс-пре­мьері Әке­жан Қажы­гел­дин мен Аты­рау облы­сы­ның экс-әкі­мі Бер­гей Рысқа­ли­ев қаты­сқан бұл не жиын? Оны ұйым­да­сты­рған кім неме­се қан­дай ұйым? Онда қан­дай тақы­рып­тар көтеріл­ді? Қоғам­да қызы­ғу­шы­лық туды­рған осы және басқа да сұрақтар төңіре­гін­де айтып беруді сұрап, біздің тіл­ші­міз кон­фе­рен­ция деле­га­ты, «Ақиқат» соци­ал-демо­кра­ти­я­лық пар­ти­я­сы­ның төраға­сы Ермұрат БАПИҒА теле­фон арқы­лы хабар­ласқан еді.

– Ере­ке, мұн­дағы жұрт­шы­лық аң-таң болып жатыр: ең алды­мен аяқ асты­нан Парижде жиналған кон­фе­рен­ци­я­ның аты-жөні және ұйым­дастыру­шы­ла­ры тура­лы айтып беріңіз­ші!

– Бірін­ші­ден, бұл аяқ асты­нан болған жиын емес: соңғы бір айдың шама­сы­нан бері кон­фе­рен­ци­я­ны ұйым­да­сты­ру ісіне жәр­дем беру­мен мен де айна­лы­стым. Біраз қоғам­шыл бел­сен­ділер­мен кое­фе­рен­ция жұмысы­на қаты­су, оның күн тәр­тібін алдын ала талқы­лау жөнін­де келісім жасал­ды. Пари­ж­ге «Ақиқат» пар­ти­я­сы­ның деле­гат­та­рын мен бастап бар­дым. Деле­га­ция құра­мын­да басқа да аза­мат­тық бел­сен­ділер бар.

Екін­ші­ден, кон­фе­рен­ци­я­ның «аты-жөнін» айтар бол­сам, оның толық нұсқа­сы – «Қаза­қстан аза­мат­тық қоға­мы өкіл­дерінің (соны­мен бір­ге – шетел­де жүр­ген) кон­фе­рен­ци­я­сы». Оның негіз­гі ұйым­да­сты­ру­шы­сы – Дрез­ден­де (Гер­ма­ния) тұра­тын Серік Медет­бе­ко­втің жетек­шілі­гін­де­гі Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­дік бюро­сы. Естеріңіз­де бол­са, был­тыр сәуір айын­да Брюс­сель­де өткен «Жаңа Қаза­қстан» фору­мы­ның құры­л­тай жиы­нын да осы бюро ұйым­да­сты­рған еді.

– Серік Медет­бе­ко­втің кім екенін біздің газет­тің оқыр­ман­да­ры­на қысқа­ша таны­сты­рып өтсеңіз.

– Ол – кезін­де Рахат Әли­ев­тің қысы­мы сал­да­ры­нан шетел­ден сая­си бас­па­на сұрап кету­ге мәж­бүр болған медиа-мене­джер. Бүгін­де Қаза­қстанға хабар тара­та­тын «Рус­ское ради­о­ның» әуе толқы­нын­дағы жиілі­гі осы Серік мыр­за­ның «Рик» радио­сы­ның иелі­гін­де болған еді. Ол жиілік­ті пре­зи­дент­тің күй­еу бала­сы, аты шулы Рахат тар­тып алып, Медет­бе­ков­ке қыл­мыстық іс қозғап, оны шетел­ден сая­си бас­па­на сұрап, қашып кету­ге мәж­бүр еткен. Сон­ды­қтан елдің бірін­ші отба­сы­на тиесілі бүгін­гі «Рус­ское ради­о­ның» түп­кі иесі осы Серік Медет­бе­ков – Париж кон­фе­рен­ци­я­сын ұйым­да­сты­рған негіз­гі тұлға.

– Жөн екен. Ал Ақор­да­ның билі­гін шулатқан бұл кон­фе­рен­ци­яда қан­дай мәсе­ле­лер қозғал­ды?

– Негіз­гі тақы­рып елге мәлім және қоғам­ның созыл­ма­лы дер­тіне айналған мәсе­ле – Қаза­қстан­дағы қазір­гі сая­си жағ­дай бол­ды. Оны жілік­теп айту­дың қажеті бол­мас деп ойлай­мын: елде­гі бар­лық қоғам­дық-сая­си және әле­умет­тік-эко­но­ми­ка­лық про­бле­ма қазір ас үйде­гі әңгі­ме­лер ауқы­мы­нан шығып, бүгін­де алаң­дар мен митин­гілер­ге бет алған тақы­рып.

Соны­мен бір­ге елде жүріп жатқан пре­зи­дент­тік сай­ла­удың ойын-сауы­ғы төңіре­гін­де де біраз сөз қозғал­ды. Бір­ден айта кетей­ін, сай­ла­у­ға қаты­су және оған бой­кот жари­я­лау мәсе­лесі мұн­дағы кон­фе­рен­ци­яда да елде­гі сияқты екі­ге жары­лған пікір­та­ласқа ұла­сты. Сол пікір­та­ла­стың нәти­же­сін­де туған кон­фе­рен­ция құжат­та­рын қосым­ша салып отыр­мын: газет­тің мүм­кін­ді­гі кел­се, ол құжат­тар­ды оқыр­ман­ның наза­ры­на ұсы­нған жөн болар еді. (Кон­фе­рен­ци­яда қабыл­данған Мемо­ран­дум, Резо­лю­ция мен пре­зи­дент­тік­ке үміт­кер Әмір­жан Қоса­но­вқа арналған тап­сыр­ма­ның жоба­ла­рын төмен­нен оқып алы­ңыз – Ред.).

Ал кон­фе­рен­ци­яда талқы­ланған күн тақы­ры­бы­ның бар­лы­ғы, түп­теп кел­ген­де, биыл өтуі мүм­кін пар­ла­мент­тік сай­ла­у­ға дай­ын­дық мәсе­лесіне тірел­ді. Менің ойым­ша, билік­тік ресур­стар­дың көме­гі­мен сай­ла­нып алған соң, пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев пар­ла­мент­ті тарқа­тып, кезек­тен тыс сай­лау шақы­руы әбден мүм­кін. Міне, кон­фе­рен­ци­яда осы науқанға дай­ын­дық мәсе­лесі жан-жақты талқы­лан­ды. Әсіре­се аза­мат­тық қоғам­дағы жастар­ды сай­лау науқа­ны­на дай­ын­дық жұмыста­ры­на кеңі­нен тар­тып, олар­дың кре­а­тив­ті мүм­кін­дік­терін пай­да­ла­ну әдістері тереңірек сөз бол­ды.

– Мәсе­лен? Ол қан­дай әдістер болуы мүм­кін?

– Сіз­дер­ге сал­са, бәрін жай­ып сала қою керек, ә? (Күл­ді). Ал аны­ғын­да Аме­ри­ка ашпай­мыз: жиналған жастар қазір­гі ком­му­ни­ка­тив­ті-тех­но­ло­ги­я­лық мүм­кін­дік­тер­ді кеңі­нен пай­да­ла­ну­ды қолға алу мәсе­лесін сөз етті. Жастар дей­тінім – деле­гат­тар­дың 95 пай­ы­зы 40 жасқа жет­пе­ген жастар бол­ды. Қаза­қстан­нан барған­дар­дың ең үлкені – мен бол­дым.

– Әке­жан Қажы­гел­дин мен Бер­гей Рысқа­ли­ев мыр­за­ның кон­фе­рен­ци­яға қаты­су жағ­дайы тура­лы не айта­сыз?

– Олар­ды ұйым­да­сты­ру­шы­лар кон­фе­рен­ция спи­кер­лері ретін­де шақы­рған екен. Басқа деле­гат­тар­дан олар­дың ешқан­дай арты­қ­шы­лы­ғы болған жоқ. Еке­уі де өзге­лер сияқты бір-бір дауы­спен қаты­сты.

– Бұлар елде қыл­мыстық жаза­ға сырт­тай тар­ты­лған аза­мат­тар ғой… Жиналған жастар ара­сын­да қорқы­ныш болған жоқ па?.. Ертең елге кел­ген­де, қуда­ла­у­ға тап бола­мыз-ау деген сияқты…

– Ондай сезім­нің болған-бол­маға­нын жастар­дың өздері­нен сұрау керек шығар. Ал менің ойым­ша, бұл екі аза­мат ала­пес ауруы­на ұшы­раған жоқ. Олар­ды жазы­қ­сыз жала­лы еткен – қаза­қстан­дық билік­тің қитұрқы­лы­ғы. Мәсе­ле сол баяғы сырт­тай тер­геу мен сырт­тай сот­та­уда. Ақор­да­ның билі­гі бұл ноу-хау тех­но­ло­ги­я­ны өте жақ­сы мең­гер­ген: билік­ке шет жақтан қатер төн­діруі мүм­кін адам­ды сырт­тай сот­тай салу – шырт түкіру­ден де оңай айлаға айнал­ды. Сон­ды­қтан мен үшін Әке­жан аға мен Бер­гей бауыр – ешқан­дай ала­пе­сі жоқ адам­дар.

– Ал «Ақиқат» пар­ти­я­сын осы еке­уі қар­жы­лан­ды­ра­ды деген айып­та­удан туа­тын про­бле­ма­дан қоры­қ­пай­сыз ба?

– Одан несіне қорқам? Бірін­ші­ден, «Нұр Отан­ды» қар­жы­лан­ды­рып жүр­ген «жүн­діқол­дар» жыл сай­ын паш­кі-паш­кісі­мен сот­та­лып жатыр. Олар­дың саны­нан жаңыл­дық. Екін­ші­ден, Бер­гей­дің бер­ген дәнеңесі бол­са, кез кел­ген тек­се­ру­ші­ге жол ашық: кел­сін, тіміскілесін!

– Енде­ше «Ақиқат­тың» жолы­на бастаңыз! Іске сәт, Ере­ке!

Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ,

Ори­ги­нал ста­тьи: «D» Обще­ствен­ная пози­ция