15 C
Астана
23 июня, 2025
Image default

Мәсімов, Қожамжаров, Қажыгелдин: депутат Бапи Мәжілісте бірнеше адамның атын атап, мәлімдеме жасады

Мәжіліс депу­та­ты Ермұрат Бапи ЭКСПО ісіне қаты­сты Бас про­ку­рор Берік Асы­ло­вқа депу­тат­тық сау­ал жол­да­ды, – деп хабар­лай­ды Dalanews.kz.

Депу­тат­тың сөзін­ше, жуыр­да бірқа­тар интер­нет ресур­ста бұры­нғы ЭКСПО-2017 Ұлт­тық ком­па­ни­я­сы басқар­ма­сы төраға­сы­ның экс-орын­ба­са­ры Мұрат Ома­ро­втың сұх­ба­ты жарияланған.

“Ол кезін­де елдің құқық орган­да­ры мен қаза­қстан­дық медиа “жер жарған жемқор­лық шырға­лаңы” деп атаған ЭКСПО ісі бой­ын­ша 14 жылға сот­талған басқар­ма төраға­сы Талғат Ерме­ги­я­ев­пен бір­ге 4,5 жылға қама­лып, шар­тты мерзім­мен босап шыққан еді.

Тағы да депу­тат әріп­те­стерім­нің есіне салай­ын, ресми деректер бой­ын­ша ЭКС­ПО-ның құры­лы­сы­на мем­ле­кет­тен 565 млрд 100 млн тең­ге (сол кез­де­гі бағам бой­ын­ша 2,1 млрд дол­лар) бөлін­ген еді. ЭКСПО ісі бой­ын­ша осы қара­жат­тың (жал­пы жиы­ны) 10 мил­ли­ард 200 млн тең­гесі талан-тара­жға түсті деген желе­умен 23 адам жаза­ға тар­ты­лған-ды”, — деді ол.

Депу­тат жоға­ры­да айты­лған сұх­бат­та “ЭКСПО жемқор­лы­ғы­на” қаты­сты жаңа жағ­да­ят­тар жария етіл­генін жеткізді.

“Ең басты­сы сұх­бат спи­кері Ома­ров мыр­за бұл жемқор­лы­қты “сау­сақтан соры­лған”, жалған және жасан­ды деректер негізін­де “қара жіп­пен көк­теліп” жүр­гізіл­ген іс деп, Бас про­ку­ра­ту­ра мен кезін­де Қай­рат Қожам­жа­ров басқарған Анти­кор агент­ті­гін ашық айып­тай­ды. “Иә, ЭКС­ПО-да жемқор­лық қыл­мыс болған, бірақ ол жемқор­лы­қты Ұлт­тық ком­па­ни­я­ның басқар­ма­сы емес, елдің кезін­де­гі сая­си бас­шы­лы­ғы тағай­ын­даған басқар­ма басты­ғы­ның кеңес­шісі жасаған” дей­ді сұх­бат­тың спи­кері. Сот­та­лушы­лар кезін­де ашық айту­дан қай­мы­ққан ол кеңес­шінің аты-жөні – Айдос Еспо­лов. Оны “аны­қтал­маған тұлға” деп, қыл­мыстық істің фигу­рант­та­ры қата­ры­нан алып таста­уға ықпал еткен экс-пре­мьер-министр Кәрім Мәсі­мов пен Анти­кор­дың экс-төраға­сы Қай­рат Қожам­жа­ров деп көр­се­те­ді сұх­бат беруші.

Міне, сұх­бат­та айты­лған басқа айып­та­у­лар­ды есеп­ке алмаған­да, қоға­мға кеңі­нен тараған осы жазғы­руға қаты­сты тиісті орган­дар тара­пы­нан жау­ап берілуі тиіс еді. Бірақ біздің Бас про­ку­ра­ту­ра мен Анти­кор­дың ресми өкіл­дері ауыз ашпа­ды”, — деді ол.

Ермұрат Бапи мем­ле­кет­тік күштік орган­дар­дың қыз­метіне көлең­ке түсіретін, аза­мат­тарға қаты­сты қуда­лау фак­тісі бар жеке­ле­ген қыл­мыстық істер “қол­дан жаса­ла­ды” деген айып­та­удан кей­ін және осы іске бай­ла­ны­сты қоғам тара­пы­нан тиісті орган­дар­дың іс-қимы­лы­на күдік туған соң, осы сұх­бат­та аталған жаңа деректер­ді пысы­қтау мақ­са­тын­да сұх­бат беру­ші Мұрат Ома­ров­пен, оның және Талғат Ерме­ги­я­ев­тың адво­кат­та­ры­мен бір­не­ше кез­де­су өткіз­ген. Жал­пы жиы­ны 500 том­нан тұра­тын қыл­мыстық іс көшір­месінің негіз­гі момент­тері­мен танысқан.

“Бұл жағ­да­ят­ты “жаңа­дан жария болған жағ­дай” (вновь открыв­ши­е­ся обста­я­тель­ство) деп баға­лай оты­рып, сұх­бат­та айты­лған деректер негізін­де Бас про­ку­ра­ту­ра тара­пы­нан мына­дай сұрақтар төңіре­гін­де жаңа­дан тек­серіс жүр­гізілуін сұраймын:

  1. Сол кез­де­гі ел бас­шы­лы­ғы басқар­ма төраға­сы­на “кеңес­ші” ретін­де қосып бер­ген және сұх­бат­та айты­лған­дай, “пара­ны бір­не­ше рет қытай­дың ала сөме­кесі­мен алған” адам кім? Айып­та­лушы­лар тер­геу бары­сын­да және сот про­цес­сі кезін­де аты-жөнін атап, одан жау­ап алу талап етіл­се де, “аны­қтал­маған тұлға” ретін­де ол адам қыл­мыстық істен неге алы­нып тасталды?
  2. Айып­тау қоры­тындысы мен сот ісін­де заң­сыз сый­ақы алған “аны­қтал­маған тұлға­ның” аты-жөні өшіріліп, оның оры­ны­на ешқан­дай дәлел-дәй­ексіз Талғат Ерме­ги­яв­тың сот­та­луы­на бай­ла­ны­сты про­ку­рор­лық баға берілуі тиіс деп есептеймін!
  3. Тер­ге­удің нәти­же­сін­де 23 бір­дей аза­мат­тың қыл­мыстық жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­луы­на желеу болған пара беру­ші “сенім­ді өкіл” кім? Тер­геу бары­сын­да және сот кезін­де пара беру­ші адам­ның аны­қтал­маға­ны қалай? Пара­ны алушы бар, ал беру­ші кім?
  4. Басқар­ма бас­шы­сы­на пара беру фак­тісіне қаты­сы бар деп қыл­мыстық істе көр­сетіл­ген, бірақ пси­хи­я­лық ауру ретін­де тір­ке­уде тұрған адам­ның тер­геу мен сотқа куә­гер ретін­де тар­ты­луы заң­ды өрес­кел бұзу фак­тісі. (Бір қызы­ғы жүй­ке ауруы­на ұшы­раған бұл куә­гер сотқа дей­ін ауру­лар тізі­мі­нен шыға­ры­лып, сот біт­кен соң қай­та­дан есеп­ке алынған). 
  5. ЭКСПО құры­лы­сы­ның тех­ни­ка­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­месін жасаған “Рона” серік­те­сті­гінің (ЖШС) бас­шы­лы­ғы ЭКС­ПО-дан түс­кен қара­жат­ты офшорға ауда­рып жатқа­ны тер­геу бары­сын­да және сот бары­сын­да неге наза­рға алын­ба­ды?” — деді депутат.

“Әділет ешқа­шан жар­ты­кеш бол­май­ды. “Әділет­ті Қаза­қстан” иде­я­сын қалып­та­сты­ру үшін ақиқат­ты аны­қтай­тын кез кел­ді. Бұл сияқты “пара беру” және “жемқор­лық” желе­уі­мен қуда­ланған, ал аны­ғын­да кезін­де­гі жеке дара билік “қолы­нан жетек­теп апа­рып сот­татқан” тұлға­лар­дың қата­рын­да арғы­сы Әке­жан Қажы­гел­дин мен Ғалым­жан Жақи­я­но­втан бастап, бер­гісі Серік Ахме­тов пен Жақ­сы­лық Досқа­ли­евқа дей­ін бірқа­тар қия­нат­ты іс бар. Бас про­ку­ра­ту­ра бұлар­ды да толық реа­б­ли­та­ция жаса­уға баста­ма жасай­тын уақыт бол­ды деп есептеймін! 

Ал “ЭКСПО ісіне” қаты­сты ақиқат толы­ғы­мен аны­қта­лып, нақты жазы­қты­лар жау­а­пқа тар­ты­лып, бей­кү­на­лар ақта­луы тиіс! Сон­ды­қтан осы депу­тат­тық сау­ал­да көтеріл­ген деректер бой­ын­ша “ЭКСПО ісіне” қай­та­дан ора­лып, елдің Бас про­ку­ро­ры ретін­де сот үкі­міне “про­тест” беруіңізді сұрай­мын!” — деді ол.

Көзі: Dalanews.kz

архивные статьи по теме

Медведев игнорирует Назарбаева

Капиталы стремятся за пределы России

В Южной Осетии грозят парламенту