-9 C
Астана
30 ноября, 2021
Image default

Жанболат МАМАЙ: Назарбаев режиміне тықыр таянды. Ортақ күреске жұмылайық!

Қазақстан халқын қалай езіп, қалай қудалауға салам десе де, еш қаймықпайтын Назарбаев билігінің өлердей қорқатын бір нәрсесі бар. Ол – Батыс елдері өздеріне салуы мүмкін  санкциялар. Өйткені, біздің елде ұрлап-тонап жиған миллиардтары батыс банктерінде жатыр, сол елдерде сол ұрланған ақшаға сатып алған дүние-мүлкі де жетерлік. Міне, сол байлықты бұғаттап тастай ма, тіпті, тартып ала ма деп үрейленеді. Енді ше? Елдің ортақ несібесіне, ырзығына ұры қолдарын салды кеп, салды кеп…Енді айырылып қалу қаупі бар. Қауіптенбей ше? Ресейдегі өздері сынды ұры биліктің мысалы көз алдарында өтіп жатыр емес пе? Оларға туған күн бұларға да тумасына кім кепіл? АҚШ-та орналасқан, белгілі сенатор Бен Карден басшылық жасайтын, Хелсинки комитеті, Навальныйдің тізімі бойынша, Путиннің айналасындағы олигархтар мен чиновниктерден тұратын 35 адамға санкция салу туралы мәселені көтерді. Конгресс осыған орай заң қабылдауы да әбден мүмкін. Мұндай санкцияларға өздері де лайықты екенін Назарбаев пен оның нөкерлері жақсы біледі.

Кеше ғана, Қазақстандық бір топ нұротандық шабармандармен кездескен, Европарламенттің  депутаты Қазақстанда сөз бостандығы шектеліп, адам құқыларының аяққа тапталып жатқанын, соған орай санкция салу мәселесінің қарастырылатынын билік делегациясының бетіне ашық айтты. Яғни, бұл ол жақта күн тәртібінде тұрған шаруа.

Мен бүгін АҚШ-ының Қазақстандағы Бас консулы Кэролайн Сэвинчпен кездестім. Америка консулымен ездесуге басқа да азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Біз екеуара жеке сөйлестік. Сол кезде мен АҚШ Назарбаевтың билігіне қарсы санкциялар салса, ол қадамдары бұл билікке қатты соққы болып тиіп, ал азаматтық қоғам өкілдеріне кәдімгідей қолдау болатынын ашық айттым. Өйткені, бұлардың қорқатыны – осы санкциялардың астында қалу. Бұлардың шын пиғылы –  Қазақстанды Түрікменстанға, немесе Солтүстік Кореяға айналдыру да, ал өздері Швейцарияларда тұрғысы бар.  Сөйтіп, қазақ жерінде тотолитарлы жүйе орнатып, елді езе отырып, еш сұраусыз тонауын жалғастыра бермекші. Өздері болса, Батыстың демократиясы қол жеткізген бүкіл жақсылықты көріп, шалқып өмір сүргісі келеді. Біздің қолымызда бұл ұры-қарының бәрінің де тізімі бар. Кімдер азаматтық қоғам өкілдеріне қарсы шабуылдар ұйымдастырып отыр, кімдер қудалау ұйымдастырып отыр – бәрі де белгілі. Кім кеше Жаңаөзенде оқ атты, кім оған бұйрық берді, кім бұл қырғынды ұйымдастырды?  Бәрінің атын атауымыз керек!  Облыстың әкімі болған Көшербаевтан бастап, Ішкі істер министрі Қасымов бастап, оларға тапсырма берген Назарбаевтан бастап бәрін де осы санкциялық тізімге енгізуіміз керек. Бұлар тонап алған бар қаржы-қаражатты, дүние мүлікті бұғаттап, Қазақстан бұл биліктен ада болған кезде, елге қайтару керек. Міне, осы мәселені көтеретін кез келді.

Ал, билік су жұқтырмай құтылып кетеміз деп ойламай-ақ қойсын! Батыс пен де, Шығыспен де, Солтүстік, Оңтүстікпен де келісіп қойдық, мұртымызды балта шаппайды деп отырған болар?! Қатты қателеседі. Батыс авторитарлы жүелерге қарсы нағыз соғысын енді бастады және ол тәсілі де өзгерді. Әскер жіберіп, күш қолданудан олардың ауыздары күйген. Одан да санкция салғаны сан есе тиімді екенін түсінген. Ресейдегі сияқты, Қазақстан мен Беларустағы диктаторлық режимдер санкция тізіміне ілігетін алдыңғы кезекте тұрғандар. Мұндай санкциялардың Қазақстан билігін оңдырмасы анық.

Ал, елдегі азаматтық қоғам да, біреу істеп береді деп, үнсіз күтіп отырмауы керек. Бұл мәселеге бейжай қарамай, күресуі керек. Алаңдарды толтырып, митингтерге шығуы керек! Бұл биліктің саясатына наразы екенін ашық тантытуы керек. Мен бүгінгі кездесу барысында, елде болып жатқан қудалаулар туралы кең міәліметтер бердім. Біздің қанша адамымыз отырып шыққанын, тағы кімдерді отырғызып жатқанын айттым.  Мұның бәрі де, міндетті түрде, Вашингтонға жетеді. Ақ үйде бұл тұрғыда шешім қабылдайтын, санкция салу мәелесін шешетін чиновниктер ол мәліметтермен танысады.  Бірақ, одан бүкіл мәселеміз бір күнде шешіле салмайды. Назарбаевтың режимі сол күні-ақ құлай салмайды. Ол үшін бәріміз бірігіп, күресуіміз керек. Күрессіз еш бір әділдікке, жеңіске жете алмаймыз! Сондықтан, әрқайсымыз жан-жаққа жұла тартпай, тізе қосып, бір жеңнен – қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ күреске жұмылайық!  

Источник: https://dpkkz.com/

архивные статьи по теме

Похороны «Нур Отана» прошли в Алматы

Мубарак в клетке — урок для диктаторов?

Нам не помешает еще один курылтай