20 C
Астана
14 мая, 2021
Image default

Енді жеке есепшотқа ақша түссе жауап беру керек пе?

 

Жақын­да Қызы­лор­да облы­стық қар­жы­пол басқар­ма­сы­ның тер­ге­ушісі шақы­рып, “сіздің есеп шоты­ңы­зға 200 мың тең­ге түсіп­ті, ол ақша­ны кім­нен, не үшін, қан­дай мақ­сатқа” деген сұрақтар­дың асты­на сал­ды. Сон­да бұл жағ­дай­ды қалай түсі­ну­ге болады?

 

Автор: Сағат ЖҮСІП

 

 

Жиыр­ма жыл­дан астам сая­си-қоғам­дық өмір жолым­да талай іс, оқиға­лар­ды бастан кештім. Олар қазір тарих­тың қай­та­лан­бас қой­на­уын­да қал­ды десем болар. Бірақ, қай­та­лан­бас дегенім бекер-аудеймін..

… 2001 жыл­дың науры­зын­да (ол кез­де ҚРХП мүше­сі­мін) бір кісі­ден жет­піс мың тең­ге шама­сын­да пошта арқы­лы ақша алдым. Осы жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты Қаза­қстан­ның Бас про­ку­ра­ту­ра­сы сол кез­де­гі Қар­жы­пол агент­ті­гінің төраға­сы С.М. Кузь­мен­коға қаты­нас жазып (нөмірі 7/224с-2001 17.03. 2001, хат­тың нөмірін сол кез­де тер­ге­уші­ден жазып алған едім) облы­стық қар­жы­полға тап­сыр­ма беріп әбден сілік­пем­ді шыға­рып “ақша­ны кім­нен, неге, қан­дай мақ­сатқа” деген сұрақтар­мен біраз әуре­ле­ген бола­тын. Сүй­тіп, алғаш рет пошта арқы­лы ақша алуы­ма бол­май­ды деген тәжіри­бе­ден өткен едім..

Содан бері 12 жыл­дан астам уақыт өтіп­ті. Енді бүгін жеке есеп­шо­ты­ма ақша түс­се де жау­ап беретін­ді­гі­ме көзім жетіп, тәжіри­бе алдым..

Өткен апта­да, 28 мау­сым­да облы­стық қар­жы­пол басқар­ма­сы­ның Рус­лан деген тер­ге­ушісі шақы­рып “сіздің есеп шоты­ңы­зға 200 мың тең­ге түсіп­ті, ол ақша­ны кім­нен, не үшін, қан­дай мақ­сатқа” деген сұрақтар­дың асты­на сал­ды. Сон­да бұл жағ­дай­ды қалай түсі­ну­ге бола­ды? Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның бір айлық шама­сын­дағы ақша мөл­шері қашан­нан бері бақы­ла­у­ға алы­на­тын болған? Бан­кілер­дің жеке адам­ның есеп шотын құпи­яда ұстай­ты­ны қайда?

Бәрі­нен де мені рен­жіт­кені, бұл емес — мені ҰҚК мен қар­жы­пол меке­ме­лерінің өте арзан баға­лаған­да­ры­на көңілім қалып отыр. 200 мың тең­ге мөл­шері мені сатып ала­тын­дай неме­се сон­дай ақша үшін қыл­мысқа бара­тын­дар­дың сана­ты­на қосқа­ны ма?!

Мен өзім­ді бұл мөл­шер­ден жоға­ры баға­лай­тын­ды­ғым­ды айтқым келеді. Сая­сат­кер, маман ретін­де­азын-аулақ абы­рой­ым бар екенін, көп­те­ген жоба, бағ­дар­ла­ма­ларға сарап­шы маман ретін­де шақы­ры­лып тұра­ты­ным­ды, сол үшін қала­мақы­лық мәр­те­бем жаңағы сома­дан жоға­ры екенін айтқым келеді. Оған қоса, жаман­ды-жақ­сы­лы тоғыз кітап жазып шығарға­ным­ды, тағы да бір-екі кіта­пқа тап­сы­рыс алға­ным­ды айтқым келеді, сіз­дер­ге қадір­лі мыр­за­лар. Сіз­дер, қыз­мет аяла­ры­ң­дағы екі жүз мың тең­ге-тиын­дық тар шең­бер­ден шығып, заң­ды бел­ден басып анау мил­ли­он­дап (тең­ге емес дол­лар­лап) өзінің жеке есеп шоты­на ауда­рып жеп жатқан, меке­месінің есеп-шоты­на түс­кен бюд­жет­тің ақша­сын қол­ма-қол ақшаға айнал­ды­рып жұтып жатқан жемқор­лар мен парақор­лар­мен айна­лы­сқан­да­рың жөн болар еді, мырзалар…

архивные статьи по теме

«Республику», «К+» и «Взгляд» закроют за критику режима?

«Республика» прорвала блокаду «Ак орды»

Трагедия в Жанаозене выборам не помеха