2 C
Астана
25 апреля, 2024
Image default

“Адамды билік басында отырғанда жазалау керек”. Дариға Назарбаеваның үйлерін зерттеген ғалыммен сұхбат

Ұлы­бри­та­ния Назар­ба­ев­тар­дың Лон­дон­дағы зәулім үйлерін тәр­кілеп, оның отба­сы­на санк­ция сала ма? “Ескер­тус­із оқ атуға” бұй­рық бер­ген пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­евқа Батыс елдері санк­ция салуы мүм­кін бе? Азаттық бұл тура­лы Ұлы­бри­та­ни­ядағы Эксе­тер уни­вер­си­тетінің ғылы­ми қыз­мет­кері, Chatham House сарап­та­ма орта­лы­ғы­ның шақы­ры­лған сарап­шы­сы, Орта­лық Ази­ядағы сая­сат пен жемқор­лы­қты зерт­те­уші Том Мей­н­мен сөйлесті.

Сол кез­де Қаза­қстан пар­ла­мен­ті сена­ты спи­кері болған Дариға Назар­ба­е­ва (оң жақта) елдің бұры­нғы пре­зи­ден­ті, әкесі Нұр­сұл­тан Назар­ба­евқа “Құр­мет­ті сена­тор” төс­бел­гісін тап­сы­рып тұр. Нұр-Сұл­тан, 6 мау­сым 2019 жыл.

Дариға Назарбаева зәулім үйін не үшін сатуға қойды?

Азаттық: Дариға Назар­ба­е­ва мен оның ұлы Нұрә­ли Әли­ев­ке тиесілі делі­нетін Лон­дон­дағы Дэн­вуд-роуд көше­сін­де орна­ласқан зәулім үй сатуға қой­ы­лға­ны жай­лы хабар­лан­ды­ру Winkworth риел­тор ком­па­ни­я­сы сай­тын­да жарық көр­ді. Азаттық бұл тура­лы жазған соң риел­тор ком­па­ни­я­сы сай­тын­дағы хабар­лан­ды­ру алы­нып тастал­ды. Неге деп ойлайсыз?

Эксе­тер уни­вер­си­тетінің ғылы­ми қыз­мет­кері, Chatham House сарап­та­ма орта­лы­ғы­на шақы­ры­лған сарап­шы­сы Том Мейн.

Том Мейн: Бұл Дариға Назар­ба­е­ва үшін жағым­сыз жар­на­ма болға­ны анық. Қаза­қстан пре­зи­ден­ті Тоқа­ев экс-пре­зи­дент [Назарбаев]кезінде бай­ы­ған адам­дар тура­лы айт­ты. Ол ешкім­нің атын ата­ма­са да, Дариға Назар­ба­е­ва­ның дәу­леті кемін­де 595 мил­ли­он дол­ларға тең екенін біле­міз. Мұн­дай бай­лы­ққа әлем­де­гі ең табысты кәсіп­кер­лер ғана қол жет­кі­зуі мүм­кін, олар­дан өзге­лер­дің мұн­дай бай­лы­ққа иелік етуі ақы­лға сый­май­ды. Бас­сейн, сау­на, жеті жатын бөл­ме мен кере­мет бақ­ша­сы бар зәулім үйдің видео­сы Youtube желісін­де жари­я­ланға­ны Дариға Назар­ба­е­ва­ны ыңғай­сыз жағ­дай­ға қал­дыр­ды. Сон­ды­қтан ол үйді сауда­дан алып таста­ды неме­се өз адам­да­ры­на видео­ны алып таста­уды бұй­ыр­ды. Бәл­кім, ол енді үйді жасы­рын сатуға тыры­са­тын шығар. Қазір сол видео жари­я­ланған Youtube парақ­ша­сы­на бар­саңыз, ол автор­лық құқы­ққа бай­ла­ны­сты шағым бой­ын­ша алы­нып тастал­ды деп тұр. Ол рас болуы мүм­кін, өйт­кені видео­ны жари­я­лаған Freedom for Eurasia үкі­мет­тік емес ұйы­мын­да үйдің фото­ла­ры­на автор­лық құқық жоқ. Бірақ бұл жер­де ешкім [автор­лық құқық бой­ы­ша шағым түсіретін­дей] ән неме­се фильм­ді ұрлаған жоқ. Бұл Қаза­қстан халқы жоға­ры лау­а­зым­ды қыз­мет­те болған­дар­дың ақы­лға қон­бай­тын бай­лы­ғын көр­сін деген ниет­пен, қоғам мүд­десі үшін жарияланды.

АзаттықҚаңтар оқиға­сы­нан кей­ін Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мен­тін­де сол елде бай­лы­ғын жасы­рған Қаза­қстан­ның дәу­лет­ті адам­да­ры­на санк­ция салу мәсе­лесі көтеріл­ген. Дариға Назар­ба­е­ва Лон­дон шетін­де­гі үйін не себеп­ті сатып жатыр деп ойлай­сыз? Бұл санк­ци­я­лар салы­на қалған жағ­дай­да айна­лып өту үшін жаса­лып жатқан жоқ па?

Том Мейн: Ол үй Қаңтар оқиға­ла­ры­на дей­ін, менің­ше, 2021, тіп­ті 2020 жылы сатуға қой­ы­лған деп ойлай­мын. Бірақ Freedom for Eurasia үкі­мет­тік емес ұйы­мы видео­сын жари­я­лаған­ша ешкім оның саты­лып жатқа­нын бай­қа­ма­ды. Ол Ұлы­бри­та­ни­яда “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордері бой­ын­ша істе жеңіс­ке жет­кен соң, тер­геу аясын­да осы үйдің мекен­жайы жари­я­лан­ды. Яғни [істе­гі] үйлер­дің мекен­жайы жал­пақ жұр­тқа бел­гілі болды.

Бәл­кім, ол бұл жыл­жы­май­тын мүлік енді керек емес деген шығар. Мүм­кін Ұлы­бри­та­ни­яда шек­теу көбей­іп жатыр деген пай­ым­мен оны сатып, ақша­ны басқа жаққа ауда­рай­ын деген болар. Жоға­ры­да санк­ция тура­лы айт­ты­ңыз, мұның да жаны бар.

Жыл­жы­май­тын мүлік агент­тері мен соли­си­тор­лар (Ұлы­бри­та­ни­яда төмен­гі сот инстан­ци­я­ла­рын­да істер­ді жүр­гі­зе ала­тын адво­кат­тар – ред.) заң­сыз жол­мен табы­лған ақша­ның ізін жасы­руға қар­сы күрес ере­же­лері бой­ын­ша, бай­лы­қтың шығу төр­кінін білу үшін сая­сат­кер­лер мен олар­дың туы­ста­рын көр­сетіп оты­руы керек.

Сон­дай-ақ ақша­ның ізін жасы­ру неме­се заңға қай­шы әлдебір әре­кет бол­ды деп күмән­дан­са, есеп беру­ге мін­дет­ті. Дариға Назар­ба­е­ва “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ісін­де жеңіс­ке жет­се де, бұл оның дәу­леті заң­ды жол­мен табы­лған деген­ді біл­дір­мей­ді. Сон­ды­қтан бұл мүлік­ке қаты­сты әре­кет жасай­тын тұлға­лар заң­сыз жол­мен табы­лған ақша­ның ізін жасы­руға қар­сы ере­же­лер­ді қапер­де ұста­уы керек. Әсіре­се Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мен­тін­де жемқор­лы­ққа қар­сы ғалам­дық санк­ци­я­лар режи­мі бой­ын­ша санк­ци­я­лар салы­нуы мүм­кін тұлға­лар ара­сын­да Дариға Назар­ба­е­ва­ның аты аталға­нын ескер­ген жөн.

Дариға мен Нұрәли қорғап қалған Бейкер-стриттегі үйлер бойынша жаңа іс қозғалуы мүмкін бе?

Азаттық: Жақын­да сіз және Джон Хизер­шоу жазған “Қыл­мыстық әре­кет­ке қара­ма­стан” есебін­де Лон­дон­ның Бей­кер-стрит­те­гі құны 137 мил­ли­он фунт-стер­линг көп­пә­тер­лі үй Дариға Назар­ба­е­ваға тиесілі болуы мүм­кін бол­са да, оған “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордері қол­да­ныл­маға­ны айты­ла­ды. Бұл көп­пә­тер­лі үй неге “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордері бой­ын­ша тергелмеді?

Том Мейн: Мұның аны­ғын біл­мей­міз. Сот оты­ры­сы­на қарап, Ұлы­бри­та­ни­я­ның қыл­мыспен күрес агент­ті­гі (NCA — National Crime Agency) ордер шыға­ру үшін Назарбаев/Әлиев отба­сы­ның ара­сын­дағы бай­ла­ны­сты аны­қтай алған жоқ деген қоры­тын­ды жаса­уға бола­ды. Алай­да олар жан-жақты тер­геу жүр­гіз­се, жіп­тің ұшы 2019 жылға дей­ін [Бей­кер-стрит­те­гі] жыл­жы­май­тын мүлік­тің дирек­то­ры болған Мас­си­ми­ли­а­но Далл’Оссоға апа­ра­ты­нын бай­қар еді. Ол Дариға Назар­ба­е­ва­ның жеке көмек­шісі бол­ды, оның 2019 жылға дей­ін жыл­жы­май­тын мүлік­тің дирек­то­ры болға­ны бұл үйлер­дің артын­да Дариға тұруы мүм­кін екенін көрсетеді.

Біз бай­қаған құжат­та 2015 жылы жыл­жы­май­тын мүлік­тің 90 пай­ы­зы Дариға Назар­ба­е­ваға, 10 пай­ы­зы [оның ұлы] Нұрә­ли Әли­ев­ке тиесілі болға­нын көр­се­те­ді. Ман­ре­са-роуд пен Бей­кер-стрит­те­гі жыл­жы­май­тын мүлік­ті сатып алу­дың көзі бір­дей делін­ді. Ол – Дариға шама­мен 2010 жылы сатқан Нұр­банк­те­гі акци­я­лар. Егер екі мүлік те бір бай­лық көзіне сатып алын­са, иелері бір бол­са, [Бей­кер-стрит­те­гі үйге де] “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордері қол­да­ны­луы керек еді. Қыл­мыспен күрес агент­ті­гі тиісті дең­гей­де жан-жақты зерт­теу жүр­гіз­бе­ген­дік­тен, ордер қолданбады.

Жақын­да біздің зерт­теу жарық көр­ді. Оларға (қыл­мыспен күрес агент­ті­гіне – ред.) қазір ордер қол­да­нуға еш кедер­гі жоқ, менің­ше, ол қол­да­ны­луы керек. Ал егер жыл­жы­май­тын мүлік саты­лып кет­кен бол­са, ол қалай саты­лға­нын білуі­міз керек. Өйт­кені бұл жер­де мәсе­ле тек қомақты сома­да емес, үй Лон­дон­ның айту­лы көше­сі­не­де орна­ласқан. Сол ғима­ратқа көр­шілес Шер­лок холмс музейі тұр, бағы­мы­зға қарай оған Назар­ба­е­ва иелік етпей­ді. Деген­мен жыл­жы­май­тын мүлік­тің Лон­дон­дағы әйгілі көше­де тұрға­ны қоғам мүд­десі оның иесін аны­қта­удың қоғам үшін маңы­зды екенін көрсетеді.

Азаттық: Зерт­те­уде қыл­мыспен күрес агент­ті­гі қол­данған “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордері бір рет қана сәт­ті нәти­же­ге жет­ті, ол – әзер­бай­жан­дық Гаджи­е­ваға қаты­сты ордер делін­ген. Ол – Әзер­бай­жан халы­қа­ра­лық бан­кінің бұры­нғы жетек­шісі, Әзер­бай­жан­да 2016 жылы ала­яқтық пен ақша жымқы­ру ісі бой­ын­ша 15 жылға сот­талған Джа­хан­гир Гаджи­ев­тің әйелі. Мұның себебі – ордер шыға­ры­лған уақыт­та Гаджи­ев түр­ме­де отыр­ды, билік басын­дағы­лар­дың қол­да­уы бол­ма­ды. Есесіне Дариға Назар­ба­е­ва ордер қол­да­ны­лған уақыт­та лау­а­зым­ды қыз­мет­те бол­ды, қыл­мыспен күрес агент­ті­гі сол себеп­ті жеңіл­ді деп­сіз­дер. Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін Назар­ба­ев­тар отба­сы жоға­ры қыз­мет­тер­ден алын­ды. Енді қыл­мыспен күрес агент­ті­гі Дариға Назар­ба­е­ва мен Нұрә­ли Әли­ев қорғап қалған үш зәулім үйге қаты­сты істі қай­та қозғай ала ма?

Том Мейн: Менің­ше, қыл­мыспен күрес агент­ті­гі бұған дей­ін дәл сол жыл­жы­ма­тын мүлік ісін­де жеңіліп, аузы күй­ген­дік­тен, тура сол мүлік­ке қаты­сты “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордерін екін­ші рет қол­дан­бай­ды, бұл екі есе қауіп­ті. Жал­пы екін­ші рет ордер беру­ге бола ма, біл­мей­мін. Өйт­кені адам бір қыл­мыс үшін кінәсіз деп таныл­са, оны қай­та сотқа тар­та алмай­сың. Әрі бұл қыл­мыстық про­цесс емес.

Қаза­қстан­дағы жағ­дай өзгер­ді деген ойы­ңы­зды түсін­дім. Бірақ қыл­мыспен күрес агент­ті­гі қазір “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ордерін қол­да­нуға бола­тын басқа нысан­дар іздеп жүр деп топшылаймын.

Гаджи­ев жай­лы айтар бол­сақ, Гаджи­ев те, Нұрә­ли Әли­ев те өз банк­терін басқарған­да ұқсас әре­кет­тер­ге бар­ды. Олар өз банк­тері арқы­лы несие алып, ақша­ны ара­лық ком­па­ни­я­ларға ауда­рып, артын­ша оған жыл­жы­май­тын мүлік алып жүр­ген сияқты.

Гаджи­ев­тер­ге қар­сы істің нәти­желі болуы­ның себебі, расын­да да, ол бұл уақыт­та түр­ме­де болып, қыз­мет­тен айы­ры­лған­ды­қтан, Әзер­бай­жан билі­гі “шығу төр­кіні бел­гісіз бай­лық” ісін­де оған қол­дау білдірмеді.

Ал Нұрә­ли Әли­ев пен Дариға Назар­ба­е­ваға қаты­сты тер­геу басталған­да олар біраз ықпалға ие бол­ды, Дариға Назар­ба­е­ва 2019 жылы сенат төрай­ы­мы қыз­метін атқар­ды. Олар Қаза­қстан про­ку­ра­ту­ра­сы­нан Рахат Әли­ев­пен ажы­рас­қан соң иелен­ген мүл­кі заң­ды дей­тін құжат­тар ала алды. Бәл­кім, іс қазір ашыл­са, тер­геу орган­да­ры­на сая­си ықпал ету теті­гі бар болған­ды­қтан, про­ку­ра­ту­ра басқа шешім шыға­руы мүм­кін еді. Деген­мен Назар­ба­ев­тар отба­сы­ның қолын­да әлі де бел­гілі бір билік болуы мүм­кін екенін түсі­не­міз. Сон­ды­қтан егер ордер­ді қазір қол­дан­са, мұның арты немен бітетінін көру қызық болар еді. Деген­мен, өкініш­ке қарай, іс қай­та қозға­ла­ды деп ойламаймын.

“Қазақстан олигархтарына санкция салудың оңтайлы сәті”

Азаттық: Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін пре­зи­дент Қасым-Жомарт Тоқа­ев үкі­мет­ке шетел­ге заң­сыз шыға­ры­лған актив­тер­ді қай­та­ру­ды тап­сыр­ды. Тоқа­ев “офшор­да ақша жасы­рған­дар” тура­лы айтқан­да ешкім­нің атын атаған жоқ, деген­мен көп­шілік ол Назар­ба­ев­тың отба­сын мең­зеді деп ұқты. Шетел­де­гі актив­тер­ді қай­та­ру қан­ша­лық мүм­кін нәрсе?

Том Мейн: Менің­ше, актив­тер елден шыға­ры­лып, ізі жасы­ры­лған соң, олар­ды қай­та­ру қиын. Қаза­қстан­да билік ауы­сты, бірақ бұры­нғы және қазір­гі пре­зи­дент­тер­дің ара­сын­да бай­ла­ныс бар. Билік рево­лю­ция нәти­же­сін­де ауы­сқан Қырғыз­стан, Тунис, Еги­пет неме­се Ливи­я­ны алып қара­сақ, бел­гілі бір ақша кері қай­та­рыл­ды. Бірақ билік ауы­сқан соң елге ақша­ның аздаған бөлі­гі − 5–10 пай­ы­зы ғана қай­та­ры­ла­ды. Сон­ды­қтан ақша ерік­ті түр­де неме­се тер­геу нәти­же­сін­де қай­та­ры­луы екіта­лай. Оның үстіне ақша­ның ізі Бри­тан Вир­гин арал­да­ры тәрізді офшор­да жасырылған.

Бәл­кім, оны қай­та­ру­дың жалғыз жолы – адам­дар­ды қамауға алып, ақша қай­да екенін сұрау шығар. Бірақ бұл мафия тәрізді ақша бопса­ла­у­ға ұқсай­ды. Деген­мен Қаза­қстан­да бел­гілі бір дәре­же­де бұл іске асып жатқан­дай. Мыса­лы, Боран­ба­ев (Дариға Назар­ба­е­ва­ның құда­сы, биз­нес­мен – ред.) пен Назар­ба­ев­тың неме­ре інісі [Қай­рат Саты­бал­ды] қамауға алын­ды. Мұның арты немен бітетіні қызық. Бірақ актив­тер­дің басым бөлі­гі өте жақ­сы жасы­ры­лған­ды­қтан, олар­ды қай­та­ру өте қиын болмақ.

Азаттық: Қаңтар оқиға­сы­нан кей­ін Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мен­тін­де Қаза­қстан­дағы жемқор­лық тақы­ры­бын­да пікір­та­лас өтіп, бри­тан пар­ла­мен­тінің мүше­сі Мар­га­рет Ходж “Қаза­қстан халқын тонаған” қазақ оли­гарх­та­ры мен экс-пре­зи­дент Назар­ба­ев­тың отба­сы мүше­леріне санк­ция салуға шақыр­ды. Ұлы­бри­та­ния пар­ла­мент­те аты аталған отыз шақты қаза­қстан­ды­ққа санк­ция салуы мүм­кін бе?

Том Мейн: Ұлы­бри­та­ни­яда АҚШ-тағы “Маг­нит­ский заңы­на” ұқсас “Жемқор­лы­ққа қар­сы ғалам­дық санк­ци­я­лар” режи­мі бар. Бұл жемқор­лы­ққа қаты­сы бар деп күдік­ке ілін­ген кез кел­ген ада­мға Ұлы­бри­та­ния санк­ция сала ала­ды деген сөз. Менің­ше, Мар­га­рет Ходж нақты дәлел­дер кел­тіріп, ол тұлға­ларға санк­ция салу қажет екенін негіз­дей алды. Бірақ тіп­ті бұл бағыт­та біз­ден көшіл­гері АҚШ әзір­ге Орта­лық Ази­ядан шыққан екі аза­матқа ғана санк­ция сал­ды. Олар­дың бірі – түр­ме­де оты­рған­ды­қтан санк­ци­я­ны оңай сала салуға бола­тын [Өзбек­стан­ның бұры­нғы пре­зи­ден­ті Ислам Кари­мо­втың қызы] Гүл­на­ра Кари­мо­ва және Қырғыз­стан­дағы [Рай­ым­бек] Мат­ра­и­мов (Заң­сыз жол­мен алған кірісті заң­да­сты­ру бой­ын­ша үсте­нен іс қозға­лып, кей­ін ісі тоқта­ты­лған Қырғыз­стан кеден бас­шы­сы­ның бұры­нғы орын­ба­са­ры — ред.). Ол тура­лы OCCRP (Жемқор­лық пен ұйым­дасқан қыл­мысты зерт­теу орта­лы­ғы — ред.) көп мате­ри­ал жаз­ды. Сон­ды­қтан егер АҚШ-тың өзі Қаза­қстан аза­ма­ты­на санк­ция сал­ма­са, Ұлы­бри­та­ния бұған бара­тын-бар­май­ты­ны бел­гісіз. Ресей Укра­и­наға басып кір­гелі Ұлы­бри­та­ния Ресей­ге санк­ция салу­мен әуре болып кет­ті, сол себеп­ті Қаза­қстанға қаты­сты санк­ци­я­лар ұмыт қалып кете ме деген қауіп бар.

Дей тұрған­мен, менің­ше, Қаңтар оқиға­сы болып, бұл адам­дар билік­тен кет­кен­дік­тен, қазір [санк­ция салуға] оңтай­лы мүм­кін­дік тұр. Сон­ды­қтан бұл адам­дарға санк­ция салу оңай әрі Ұлы­бри­та­ния үкі­меті “Жемқор­лы­ққа қар­сы ғалам­дық санк­ци­я­ларға” қатаң қарай­ды деген­ді көр­се­ту үшін бұл тұлға­ларға санк­ция салы­нуы керек деп есеп­тей­мін. Бірақ бұған сәл күмән­да­на­мын, деген­мен артын күтейік.

Азаттық: Егер қаза­қстан­дық оли­гарх­тар мен Назар­ба­ев­тың туы­ста­ры­на санк­ция салы­на­ды деп топ­шы­ла­сақ, онда активер­ді тәр­кіле­удің меха­низ­мі қан­дай? Бұл актив­тер тәр­кі­лен­ген соң Қаза­қстанға қай­та­ры­ла ма, әлде Ұлы­бри­та­ния өзіне ала ма?

Том Мейн: Бұл мәсе­ле­де көп нәр­се бел­гісіз. Бір ада­мға санк­ция сал­са, бұл оның актив­терін тәр­кілеу емес, бұғат­тау ғана. Адам ықти­мал қыл­мысқа қаты­сы бар деген күдік­ке ілін­се, мүлік­ті тәр­кілеу бой­ын­ша аза­мат­тық про­це­сте санк­ци­я­лар мәсе­лесін көте­ру­ге бола­ды. Мыса­лы, ықти­мал пара алу қыл­мысы бой­ын­ша санк­ция қол­да­нуға бола­ды. Ұлы­бри­та­ния заңы бой­ын­ша осы елдің аза­ма­ты неме­се осы елде дүние-мүл­кі бар, яғни елмен бай­ла­ны­сы бар аза­мат­тарға пара беру­ге неме­се пара алуға бол­май­ды. Осы­лай­ша аза­мат­тық про­цесс кезін­де актив­тер­ді бұғат­тау үшін жемқор­лы­ққа қар­сы заң­ды қол­да­нуға бола­ды. Бірақ егер қыл­мысқа тіке­лей қаты­сы бол­маған жер­де дүние-мүлік­ті бұғат­тау қиын.

Қан­дай да бір тұлғаға санк­ция салы­нған жағ­дай­да оған тер­геу жүріп жатқан уақыт­та ол мүлік­ті сатуға, жүріп-тұруы­на тый­ым салуға бола­ды. Ал тер­геу аяқталған соң не бола­ды деген­ге кел­сек, бұл сол аза­мат­тар­дың еліне бай­ла­ны­сты. Яғни Қаза­қстан үкі­метінің “бұл Қаза­қстан­да ұрланған ақша, ол елге қай­та­ры­луы қажет” деуіне бола­ды. Ал үкі­мет олай сұра­маған жағ­дай­да ақша Ұлы­бри­та­ния бюд­жетіне ауда­ры­лып, басқа зерт­те­улер жаса­уға жұм­са­луы мүмкін.

Азаттық: Яғни Қаза­қстан үкі­меті бұғат­талған ақша­ны сұрат­са, Ұлы­бри­та­ния оны қай­та­ра ма?

Том Мейн: Иә. Ақша­ны қай­та­ру әдет­те солай іске аса­ды. Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ның ісін­де солай бол­ды. Ақша­ны Өзбек­станға қай­тарғы­ңыз кел­се, ол ашық жол­мен жаса­лып, басқа оли­гарх­тар­дың қолы­на түс­пе­уі керек. Бірер жыл бұрын Швей­ца­ри­яда бұғат­талған 48 мил­ли­он дол­лар­ды Қаза­қстанға қай­та­ру ісіне қаты­стым (Швей­ца­рия про­ку­ра­ту­ра­сы “Қаза­қстан халқы­нан ұрлан­ды” деп бұғат­тап, 2011 жылы елге қай­тарға ақша – ред.). Бұл ақша Қаза­қстанға қай­та­ры­лған соң, жастар жоба­сын қар­жы­лан­ды­руға жұм­сал­ды, ал ол жоба­ның билік­те­гі “Нұр Отан” (қазір­гі “Ама­нат”) пар­ти­я­сы­мен анық бай­ла­ны­сы бар болып шықты. Яғни елден ұрла­нып Швей­ца­ри­яға ауда­ры­лған ақша жеме-жем­ге кел­ген­де Назар­ба­ев пар­ти­я­сы­ның про­па­ган­да­сы­на жұм­сал­ды. Біз бола­шақта ақша­ны елге қай­тарған­да мұн­дай жағ­дай­дан аулақ болғы­мыз келеді.

“Қаза­қ­гейт” тер­ге­уі (2000 жыл­да­ры Қаза­қстан бас­шы­лы­ғы­на пара бер­ді деп айып­талған аме­ри­ка­лық биз­нес­мен Джеймс Гиф­фен­нің ісі — ред.) нәти­же­сін­де ақша­ны елге қай­та­ру­дың жақ­сы мыса­лы – “Бота” қоры. Бұл ақша­ның бір бөлі­гі баты­стағы кеңес­шілер­ге жұм­салға­ны рас, бірақ елге қай­тқан ақша мүм­кін­ді­гі шек­те­улі бала­лар мен жағ­дайы төмен отба­сы­ларға көмек­те­су­ге жұм­са­лып, қан­дай да бір сая­сат­кер­дің қал­та­сы­на түсуіне жол берілмеді.

Батыс елдері “ескертусіз оқ атуға” бұйрық берген Тоқаевқа санкция сала ма?

Азаттық: Осы уақы­тқа дей­ін қазақ оли­гарх­та­ры­на қар­сы санк­ци­я­лар салу мәсе­лесі көтеріл­ді. Бірақ Қаңтар оқиға­сын­да Тоқа­ев­тың “ескер­тус­із оқ ату” бұй­ры­ғы жай­лы Батыс елдері үнсіз. Тоқа­ев­тың жап­пай тәр­тіп­сіздік­тің артын­да “шетел­дік тер­ро­ри­стер тұр” деген мәлім­де­месіне әлі күн­ге дәлел жоқ. Ақпа­рат құрал­да­ры, халы­қа­ра­лық ұйым­дар бей­біт тұрғын­дар­дың оққа ұшқа­нын жан-жақты жаз­ды. Тіп­ті Қаза­қстан­ның бас про­ку­ра­ту­ра­сы 20 адам­ның кез­дей­соқ оққа ұшқа­нын мой­ын­да­ды. Олай бол­са, Тоқа­евқа санк­ция салу мәсе­лесі неге көтерілмейді?

Том Мейн: Chatham house зерт­теу орта­лы­ғы­на жазған мақа­лам­да Тоқа­евқа санк­ция салу мәсе­лесін көтер­дім. Менің­ше, тер­геу жүріп, Тоқа­ев адам құқы­қта­рын өрес­кел бұзға­ны аны­қтал­са, онда оған санк­ция салы­нуы тиіс. Ал ол адам құқы­қта­рын бұзған болуы мүм­кін. Өйт­кені қаза тапқан­дар­дың көп­шілі­гі тер­ро­рист бол­маған, тіп­ті ара­сы­на нара­зы­лы­ққа қаты­спаған­дар бар.

Алай­да Ұлы­бри­та­ни­я­ның Бела­русь­пен салы­сты­рған­да Қаза­қстан­мен қарым-қаты­на­сы жақ­сы. Сол себеп­ті жемқор­лы­ққа қар­сы заң аясын­дағы санк­ция тура­лы айт­тым, өйт­кені, менің­ше, Тоқа­евқа санк­ция салған­нан гөрі жеке тұлға­ларға (оли­гарх­тарға) санк­ция салған оңай. Қаза­қстан­ның Ұлы­бри­та­ни­я­мен неме­се АҚШ-пен сая­си қарым-қаты­на­сын ескер­сек, Тоқа­евқа санк­ция салы­нуы екіталай.

Азаттық: Назар­ба­ев пен оның жақын­да­ры­на кел­сек, оларға санк­ция салу тура­лы мәсе­ле бри­тан пар­ла­мен­тін­де көтеріледі деген­ді бұрын тіп­ті еле­сте­ту қиын бола­тын, бұл олар­дың билі­гі әлсіре­ген соң көтеріл­ді. Сол сияқты АҚШ, Ұлы­бри­та­ния Тоқа­евқа санк­ция салу мәсе­лесін әйте­уір бір көте­руі мүм­кін бе?

Том Мейн: Солай бола­ды деп үміт­те­не­мін. “Маг­нит­ский заңы” қабыл­данған­да санк­ция билік­те оты­рған адам­дарға салы­на­ды, бұл олар­дың адам құқы­қта­рын бұзуы­на, жемқор­лы­ққа әсер ете­ді деген мақ­сат көз­дел­ді. Бірақ санк­ци­я­лар бұл адам­дар билік­тен кет­кен­де ғана қол­да­ны­ла­ды деген қауіп бар. Гүл­на­ра Кари­мо­ва­ны мысалға алсақ. АҚШ оған айып тағып, санк­ция сал­ды, алай­да ол енді жемқор­лы­ққа баруы мүм­кін емес, өйт­кені Өзбек­стан­да түр­ме­де отыр. Сон­ды­қтан біз мұн­дай адам­дар­ды олар билік­тен кет­кен соң ғана жаза­лай­тын бол­сақ, онда бұл – мүм­кін­дік­ті құр жіберіп алу, бұл – осы адам­дар билік­те оты­рған­да адам құқы­қта­рын бұзу әре­кет­теріне көз жұма қарай­мыз деген сөз. Бұлай бол­мауы керек. Бұл “Маг­нит­ский заңы­ның” мақ­са­ты­на қай­шы. Бірақ гео­са­я­сат­ты ескер­сек, мем­ле­кет­тер басқа елдер­мен қарым-қаты­на­сқа сызат түсір­гісі кел­мей­тін­дік­тен, билік басын­дағы лау­а­зым­ды тұлға­ларға санк­ция сал­май­ды деп есептеймін.

Азаттық: Нелік­тен адам құқы­қта­рын бұзған бас­шы­лар мен олар­дың айна­ла­сы­на санк­ция салу мәсе­лесі олар билік­тен кет­кен соң ғана көтеріледі?

Том Мейн: Лука­шен­ко неме­се Путин­ге санк­ция салу тура­лы айту әлдеқай­да оңай. Мұның себебі олар­дың сұм­дық әре­кет­тер­ге барға­нын­да ғана емес, Ұлы­бри­та­ни­я­мен бұл елдер­дің ара­сын­да сая­си қарым-қаты­нас нашар. Ұлы­бри­та­ни­я­ның Тәжік­стан мен Қырғыз­стан­дағы елшілері адам құқы­қта­ры тура­лы мәсе­ле­лер­ді Twitter желісін­де жазға­ны­мен, Қаза­қстан­да осын­дай мәсе­ле­лер­ді “бай­қа­май­ты­ны­мыз” таңғал­ды­ра­ды. Бәл­кім, себебі Қаза­қстан­да көбірек мүд­де­міз болған­ды­қтан шығар. Мыса­лы, мұнай-газ сала­сын­да мүд­де­міз бар. Бір­не­ше жыл бұрын Қаза­қстан ком­па­ни­я­ла­ры акци­я­ла­рын орна­ла­сты­ру үшін Лон­донға кел­ді. Әрине, бұл жер­де билік қарым-қаты­на­сты шие­леністір­гісі кел­мей­ді. Ал бірақ біре­уді билік­тен кет­кен соң жаза­лау тым кеш, өйт­кені санк­ци­я­лар адам­дар­дың іс-әре­кетін өзгер­ту­ге бағыт­талған. Сон­ды­қтан адам­ды билік басын­да оты­рған­да жаза­лау керек.

Источ­ник:azattyq.org

архивные статьи по теме

Силовики идут на угрозы ради «помощи»

Потерянные поручения президента

Мусина ждет судьба Рахата?

Editor