-22 C
Астана
28 ноября, 2022
Image default

Арандатушылар мақсатына жетпейді!

 

Қаза­қтың ара­сы­на от салу сая­са­ты бір­де бық­сып жанған шала сияқты, енді бір­де қоз­дап жалын­дай­тын құрғақ қурай сияқты, тоқта­у­сыз жүріп жатыр. Біре­улер дос сияқты ақы­лын айтып, арқа­мы­здан қағып… бірі­міз­ге бірі­мізді жау қылғы­сы кел­се, енді біре­улері кем­шілі­гі­мізді көр­сет­кен болып, арам пиғы­лын миы­мы­здың қуы­сы­на тық­па­лай­ды. Кей­де бей­ша­ра қазақ олар­дың зәрін бал деп қабылдайды.

 

Автор: Дос КӨШІМ

 

 Соңғы жыл­да­ры олар­дың көз­дері Қазақ елінің батыс аймағы­на түсе баста­ды. «Ойбай, баты­сты­қтар әкім­нің өз ара­ла­ры­нан тағай­ын­дал­маған­ды­ғы­на ашу­лы көрі­неді»; «Ойбай, Батыс облы­стар­дағы мұнай­дың айна­ла­сын­дағы май­лы орын­дарға оңтүстік­тің адам­да­ры орны­ғып алып­ты»; «Ойбай, Батыс өзінің бай­лы­ғы­мен бүкіл Қазақ мем­ле­кетін асы­рап отыр, ал өздері аштан өлгелі отыр», т.б әділет­сіздік­тер сан түр­лі тәсіл­дер­мен тара­ты­ла баста­ды. Шынын айту керек, бұл сөз­дер­дің негізін­де шын­дық жатқан­ды­ғын ешкім де жоққа шығар­май­ды. Бірақ осы­ның артын­дағы тір­кесі — «Батыс облы­ста­ры осы әділет­сіздік­тің әсері­нен қазақ мем­ле­кеті­нен бөлініп кетуі ықти­мал» деген сая­си дол­бар — қара­пай­ым аран­да­ту­шы­лық деп білемін.

Әрине, әкім­дер­дің сол елден, сол жер­ден тағай­ын­далға­ны дұрыс. Бірақ біздің «вер­ти­каль» билік жүй­е­міз өзінің еркіне кел­ген­ді, дұрыс деп тапқа­нын жасай­ды. Ал Қазақ халқы­ның, қазақ мем­ле­кетінің бұған қан­дай қаты­сы бар? Билік­ке өкпе­ле­ген қазақ ешқа­шан өз елін өзек­ке теппеген!

Баты­ста оңтүстік­тің адам­да­ры­ның көй­бей­гені де — талас­сыз шын­дық. Ал кор­руп­ция жай­лаған елде бұн­дай бол­май­ды деп кім айта ала­ды? Бұған да қазақ кінәлі ме?

Батыс облы­ста­ры­ның, олар­дағы шикі­зат көзінің арқа­сын­да басқа облы­стар­дың дота­ция алып оты­рға­ны да ешкім­ге құпия емес. Бірақ сол мұнай­дың жанын­дағы ауыл­дар­дағы қара­пай­ым қаза­қтар­дың тұр­мыс тір­шілі­гі Қызы­лор­да мен Өске­мен­де­гі қазақ ауыл­да­ры­нан аумай­ты­ны тағы да рас! Бұған қазақ кінәлі ме?

Кіші жүздің (жоңғар­лар­дың қаза­ққа шапқын­шы­лы­ғы кезін­де қос қос атпен мың­даған шақы­рым жер тоқта­у­сыз жүріп келіп, Түр­кістан мен Аңы­рақай­да жан алып жан беріс­кен ұры­ста талай мыңы өзінің өмір­лерін бер­ген кіші жүз­дер) қазақ елі­нен бөлі­ну мүм­кін емес. Бұн­дай мәсе­ленің қой­ы­луы­ның өзі — сая­си аран­да­ту­шы­лық деп түсі­ну­міз керек. Аста­на­дағы билік­тің ойын­да­ры да, Иманға­ли мен Аслан­ның баты­стағы ала­тын орны да елдің ара­сын ірі­те алмайды.

 

ОТ РЕДАКЦИИ: По мне­нию Доса Куши­ма, все раз­го­во­ры о сепа­ра­тиз­ме не более, чем поли­ти­че­ская про­во­ка­ция заин­те­ре­со­ван­ных лиц. Руко­во­ди­тель наци­о­нал-пат­ри­о­ти­че­ско­го дви­же­ния “Ұлт тағ­ды­ры” убеж­ден, что каза­хи нико­гда не отде­лят­ся, несмот­ря ни на какие поли­ти­че­ские игры Акорды.

Ори­ги­нал статьи: 

Аран­да­ту­шы­лар мақ­са­ты­на жетпейді!

архивные статьи по теме

Келимбетов сказал свое «фи» S&P

Дарига Назарбаев возвращается и очередная рокировка в пользу Семьи?

Editor

Стрелять по ногам приказал замначальника ДВД