-6 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

Билік алдымен зиялыны сатып алды

 

Бел­гілі ком­по­зи­тор, айту­лы про­дю­сер, шар­ша­май­тын Шәм­шіта­ну­шы, шын­шыл шежіре­ші, ұлт пат­ри­о­ты, қоғам қай­рат­кері… Осы­ның бәрі Қал­ды­бек Құр­манәлі­ге қаты­сты тіркестер.

 

Автор: Бақыт­гүл МӘКІМБАЙ

 

“Біз тіз­бе­ле­ген сіз­ге қаты­сты кәсіп­тер мен атақтар­дан ештеңе ұмыт қалған жоқ па?” — деп, қым-қуат қоғам­да бей­ма­за тір­лі­гі тау­сыл­май­тын осы бір аза­мат­ты сұх­бат­та­суға шақырғанымызда:

- Сіз менің жур­на­лист екенім­ді ұмыт­паңыз! — деп, сөз бастаған еді Қал­ды­бек мыр­за. — Қаз­МУ-дың жур­на­ли­сти­ка факуль­тетіне 1988-де түсіп, 2003-те — 15 жыл деген­де бітір­ген дипло­мым бар. Дипло­мым ғана емес, рес­пуб­ли­ка­лық “Жас Алаш” газетін­де қыз­мет қылған, “Білім және еңбек” жур­на­лы бас редак­то­ры­ның орын­ба­са­ры болған, “Жас қазақ” және “Шәм­ші” жур­нал­да­рын ашқа­на­зды-көп­ті жор­нал­шы­лық еңбе­гім бар.

Жур­на­ли­сти­ка — төрт құл­дың бірі

Бірақ, біздің білуі­міз­ше, сіздің қыры әзір­ге ашыл­май қалған тағы бір диплом­ды маман­ды­ғы­ңыз бар екен?..

- Иә, бар: екін­ші диплом бой­ын­ша, Абай атын­дағы Қазақ ұлт­тық педа­го­ги­ка­лық уни­вер­си­тетінің заң факуль­тетін бітір­ген­мін. Бұл маман­ды­қты мен диплом үшін емес, өзім үшін, “заң” деген құй­ты­рқы­ның қуыс-қуы­сын, орман-тоғай­ын білу үшін алдым. Сырт­тай оқи­тын тобы­мы­здағы 25 адам­ның төрт-бесе­уі ғана сабақта оты­ра­ды, диплом үшін оқи­тын­дар­дың көбісі шен­ділер — пол­ков­ник, май­ор деген сияқты. Ал мен сабақтан қал­май­мын, сес­си­яға бара­мын. Кей­ін­нен оқы­ту­шы­лар: “Сізді біле­міз, сабаққа кел­мей-ақ қой­саңыз бола­ды” дей­тін бол­ды. “Мен өз ақшам­ды төлеп, заңи білім алай­ын деп жүр­мін…” деп, заң­ды толық игер­ме­сем де, өзім­нің жұмысы­ма қаты­сты тұста­рын бүге-шігесіне дей­ін білу үшін сабақтан қалмадым.

Айт­пақ­шы, сіз біл­мей­тін менің тағы бір маман­ды­ғым бар: нары­қтық өмір­дің тала­бы­на сай үшін­ші маман­ды­қты алуға тура келіп, бұры­нғы “Нар­хоз”, бүгін­гі Тұрар Рысқұ­лов атын­дағы Эко­но­ми­ка­лық уни­вер­си­тет­тің мем­ле­кет­тік және жер­гілік­ті басқа­ру мене­джері маман­ды­ғын алып шықтым. Ол маман­дық маған эко­но­ми­ка­ны, салық тәр­тібін, мем­ле­кет­тің табыс қоры­ның көзін жіті білу үшін, өзім­нің жеке басы­ма да, жеке кәсібі­ме де аса қажет бол­ды. Диплом жұмысым­ды “Алма­ты қала­сы­ның бюд­жеті” тақы­ры­бын­да қорға­дым. Үше­уі де қызыл диплом.

Енде­ше алға­шқы дипло­мы­ңыз бой­ын­ша cізді Қаза­қстан жур­на­ли­стерінің күні­мен құттықтаймыз!

- Рах­мет! Бірақ ол күн­нің “күні тумай” жүр ғой…

Е, неге?

- Осы жур­на­ли­стер күні бел­гі­лен­ген мау­сым­ның 27-сі көңіл­ге қораш көрі­неді. Мән-мақ­са­ты, тари­хи дата­сы бей­мағұ­лым бір күн сияқты көрі­неді. “Жур­на­ли­стер күніне” қаты­сты БАҚ бет­терін­де мәсе­ле жиі көтеріледі. Мұха­мет­жан Сера­лин­нің туған күні, “Айқап” жур­на­лы мен “Қазақ” газет­терінің алға­шқы саны шыққан күнін бел­гіле­у­ге қаты­сты да ұсы­ны­стар айтыл­ды. Алаш аза­мат­та­ры­ның қазақ бас­пасөзіне қаты­сты үлкен мәсе­ле көтер­ген жиын өткен күн­ді бел­гіле­ген дұрыс деген пікір­дің де жаны бар. Жур­на­ли­стер­дің арнайы мер­келі күні бол­маға­ны сол — бүгін­де ол пақыр­лар­дың еңбе­гі адал бол­са да, еті — арам есек сияқты.

Жур­на­ли­стің құқы қорғал­май­ды, кез кел­генін жел­кесі­нен сотқа сүй­рей­ді, сон­да ол бей­ша­ра газетін шыға­ра ма, әлде сот пен оттың орта­сын­да жүре ме? Қазір­гі қоғам­дағы ұлт­тық мәсе­ле­ге қаты­сты ең басты бел­сен­ді жұмыс істеп жүр­ген кім десе, мен — ең алды­мен қазақ жур­на­ли­стерін атар едім. Депу­тат­тар­дың да бәрі жабы­лып, атқа­ра алмай жүр­ген тір­лі­гін бір өзі атқа­рып жүр­ген қауы­мы­ңыз осы ‑жур­на­ли­стер.

Ал сон­дай жау­ап­кер­шілік­ті мой­ны­на артып жүр­ген жур­на­ли­стің құқын қорғай­тын ұйым­дар да аз, әле­умет­тік-тұр­мыс жағ­дай­ла­ры сын көтер­мей­ді. Мем­ле­кет­ке, ұлты­на жаны аши­тын адам­дар да бірін­ші кезек­те — жур­на­ли­стер. Кей­де менің айта­ты­ным бар: билік­тің құлақ кесті төрт құлы бар — жур­на­лист, мұғалім, дәрі­гер, поли­ция. Осы­лар­дың әле­умет­тік жағ­дайы түзел­мей­ін­ше, қоғам түзеліп кете­ді деген­ге сен­бей­мін. Жур­на­лист­ке қараған­да, өнер ада­мы­ның кедей­ін көр­меп­пін, тіп­ті той­дағы тама­да­ның тұр­мысы тәуір, ал жур­на­ли­стер­дің көбін­де — пәтері жоқ, жалақы­сы мар­дым­сыз. Зәулім, жеке үйі бар жур­на­лист жоқтың қасы.

Қал­ды­бек мыр­за, деген­мен біздің елдің жур­на­ли­стері бүгін­де кім­нің тары­сы піс­се, соның тауы­ғы болып кет­кен жоқ па?

- Иә, ол сөзіңіздің де жаны бар. Бүгін­де жур­на­лист­пін деп айту­дан жасқа­на­тын бол­дық. Кеңе­стер зама­нын­да жұрт “жур­на­лист келе жатыр” десе, ішкен асын жер­ге қоя­тын. Бұл жағ­дай сол заман­да жур­на­ли­стер­дің осал бол­маға­нын біл­дір­се керек. Ол кез­де жур­на­лист пар­тия мен жүй­ені мақ­та­са да, айна­лып кел­ген­де халы­ққа қыз­мет етті. Еңбе­гі­міз баға­лан­ды. Жоға­ры оқу орнын бітір­ген жур­на­лист жұмысқа қабыл­данған­да, төрт-бес жыл­дың ішін­де пәтер мәсе­лесі шешілетін. Бүгін сол пәтер­діон-жиыр­ма жыл, тіп­ті өмір бойы күтіп жүр­ген жур­на­ли­стер қаншама?!

Ал сіздің “тауық” деп оты­рған жур­на­ли­сти­каңыз билік­ке бағы­на­тын, биліксіз күн көре алмай­тын теле­ар­на, радио мен газет-жур­нал­дар. Бұлар тен­дерін алып, күнін көретін — құл­дық жур­на­ли­сти­ка. Ал екін­шілері бар — билік­ке жар­ты­лай бағы­нып, құры­л­тай­шы­сы­ның да тап­сы­ры­сын орын­дай­тын, екі жаққа да қыз­мет ететін — сауда­гер журналистика.

Үшін­шісі — мем­ле­кет­тің ныға­юын, қазақ ұлты­ның мүд­десін қорғай­тын таза ұлт­шыл, мем­ле­кет­шіл жур­на­ли­сти­ка. Мен солар­ды қол­дай­мын. Олар­дың теле­ар­на­сы жоқ, бірақ веб-сай­ты, тара­лы­мы аз бол­са да, басы­лым­да­ры бар. Телар­наға қолы жет­пей­ді, ондағы желінің жиілі­гін билік­ке, Назар­ба­евқа жақын топ­тар өза­ра бөлісіп алған.

Сіздің айтуы­ңыз­ша, үшін­ші топқа кіретін­дер кімдер?

- Олар сана­у­лы ғана. Мәсе­лен, Шаха­но­втың жур­на­лын атап өтер едім. Мем­ле­кет тен­дер бөледі, бірақ ол тен­дер қар­жы­сын “ақтау” үшін билік­пен сауда­лас­пай­ды, ұлт­тық мүд­де­ге қыз­мет етеді.

Ал төр­тін­шісі — оппо­зи­ци­я­лық БАҚ. Мен олар­ды жар­ты­лай ғана қол­дай­мын. Оппо­зи­ци­я­лық бағыт­тағы БАҚ, әрине, керек. Алай­да басы­лым бас­шы­ла­ры газетін шыға­ру үшін, оппо­зи­ция жетек­шілері­нен қар­жы сұрап, әрең деген­де күнін көріп жүретін­дері бар. Ал кей­бірі өзі қар­жы тауып, ешкім­ге де бағын­бай­тын тәу­ел­сіз басы­лы­мға айна­лып шыға келеді. Билік­ке де, ұлт­шыл­дарға да, оппо­зи­ци­яға да бағы­ны­шты емес Ермұрат Бапи сияқты газет шыға­ру екінің бірінің қолы­нан келе бер­мей­ді. Сон­ды­қтан ондай газет “мем­ле­кет­ке қауіп­ті басы­лым” қата­рын­да сана­ла­ды. Бірақ қазір сіз­дер­дің газет­теріңіз де қиын жағ­дай­да деп естимін…

Иә, елде­гі жал­пы дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты ондай қар­жы­лық қиын­шы­лық бар. Себебі біз ешкім­нен тен­дер алмаймыз…

- “Тен­дер” демек­ші, көзім­мен көр­генім­ді айтай­ын: Мәде­ни­ет және ақпа­рат мини­стр­лі­гінің ақпа­рат және мұрағат коми­теті жыл­да бөлі­нетін тен­дер­дің тізі­мін көр­сеңіз, шашы­ңыз аға­рып кетер еді. “Шәм­ші” жур­на­лын шыға­ра жүріп, бір­де-бір рет тен­дер­ге қолым жет­пе­ді. Жар­ты­лай билік­ке қыз­мет жасай­тын жур­нал бол­дық. Үкі­мет­тің “жүз ауру­ха­на, жүз мек­теп” және жемқор­лы­ққа қар­сы бағ­дар­ла­ма­ла­рын наси­хат­та­дық, өнер мен мәде­ни­ет­тің мем­ле­кет­тік мәсе­ле­лерін жаз­дық. Бірақ бүгін­де билік­тің мәсе­ле­лесіне қолқа­быс еткен сол жур­нал уақыт­ша тоқтап тұр, себебі тен­дер ала алма­дық. Түк­ке тұр­май­тын қар­жы­ға қолы­мыз жет­пе­ді. Алдын ала түзіл­ген тізім­ге ілін­бедік. Құжат­та­ры­мы­зды жинап, тен­дер­дің комис­си­я­сы­на өткізіп, бір ай бойы Аста­на­да жүріп,таныс-бейтаныс шене­унік­тер­ге жолы­ғып, мені сый­ла­ма­са да, Шәм­шінің ару­ағы үшін қол­дау көр­се­тер деген ниеті­міз орын­дал­ма­ды. Алға­шқы бір-екі жыл­да тен­дер тура­лы ауыз ашпа­дық, жур­нал­ды көп­ке таны­ста­рай­ық, елге еңбе­гі­міз сіңсін деген ниеті­міз бол­ды. Екі жыл бойы оқи­тын бір қазақ шығар деген оймен жур­нал­дың әр санын пре­зи­дент аппа­ра­ты­нан бастап, мини­стр­лік­тер­ге пошта­мен салып тұр­дық. Ләм-мим деген жан бала­сы жоқ.

Үшін­ші жылы жур­на­лы­мыз таныс болған шығар деп, тен­дер алуға ұсы­ныс жаса­дық. Айт­пақ­шы, сол жолы “ДАТ” газетінің де сыны­на ұшы­ра­дық: жур­налға Мұх­тар Құл-Мұхам­мед­тің көме­гі тиіп қалар деген оймен “Министр Алма­ты­ға келіп кет­ті” деген мате­ри­ал жари­я­ла­дық. Жасы­рып не қылай­ын, тен­дер­ге түсіп жатқан едік. “ДАТ” алды да, “министр сол үшін айлық ала­ды, Алма­ты­ға кел­се, ол оның қыз­мет­тік мін­деті” деп, орын­ды сына­ды. Шаха­нов айт­пақ­шы, “тж” (туфли жалау) тұрғы­сы­нан емес, өзі­мізді сый­ла­ту­ды көз­де­ген едік. Наза­рға ілі­нер­міз, біз­ге де билік­тің беті бұры­лар деген ойы­мыз болды.

Сөйт­сек, билік­тің беті бұры­лар түрі жоқ екен. Егер оқыр­ман­ның саны 100 мыңға жетіп тұр­са, билік­тен бес тиын да сұра­мас едік.

 

Ашық айта­мыз деп, қуда­лау да көрдік

 

Ол оқыр­ман­ның күйі де оңбай тұрған жоқ па, Қалеке?!

- Рас айта­сыз, бүгін­гі қазақ кедей­дің күнін кешу­де. Кедей­лер саны көбей­ді, бұрын “Джип” мініп, сай­ран­дап жүр­ген биз­не­смен­дер­дің тір­лі­гі де тығы­ры­ққа тірел­ді. Ғұла­ма Әл Фара­би “ең бай ел — қай­ыр­шы­сы жоқ ел” деген екен.

Біз қай­ыр­шы­сы күн санап көбей­іп бара жатқан елге айнал­дық, соңы жақ­сы­лы­ққа апар­май­ды. Мен мем­ле­кетім үшін, халқы­ма жаным ашы­ға­ны үшін, осын­дай пікір­ді айтуға тиіс­пін. Осын­дай кері кет­кен жағ­дай­ды айтып, сұх­бат бер­ген­нен кей­ін “КНБ” жау­ап алуға шақы­рған кез­дер­ді бастан өткіздік.

Бір қызық оқиға есі­ме түсіп оты­рға­ны. Бір­де қатар шыққан “Айқын” мен “Тасжарғанға” екі түр­лі мақа­ла басы­лған ғой. ҚР Ұлт­тық Ғылым ака­де­ми­я­сы­ның мүше-кор­ре­спон­ден­ті, ғылым док­то­ры, про­фес­сор — менің ағам Кәрім­бек Құр­манә­ли­ев­тің “Ғылым­ның көш­бас­шы­сы ‑Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев” атты мақа­ла­сы “Айқын­да” басыл­са, “Тасжарған­да” — “Біз адам ату­дан тәжіри­белі мем­ле­кет­піз” деген менің мақа­лам айқар­ма бет­ке жарияланыпты.

Пре­зи­дент аппа­ра­тын­дағы таныс бір аза­мат екі газет­ті де оқып, нет­кен “паро­докс” деп таң қалып­ты: “Ағай­ын­ды екі адам — екі пікір”, — деп.

Сол күні аға­тай­ым маған хабар­ла­сып, былай деді: “Шәм­шінің мұра­сын наси­хат­тап жүр­сің, сына­саң да адам­дар­дың атын айт­пай-ақ қой­саң қай­те­ді?! Шәм­ші­ге Халық әртісін бер­ген кім? Кеңе­стік жүй­е­де алмаған атағын қай­тыс болар­дан алпыс тоғыз күн бұрын 1991 жылы 20 жел­тоқ­сан күні тәу­ел­сіздік­тің алға­шқы жар­лы­ғы бой­ын­ша “Халық әртісі” атағын Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев бер­ді ме — бер­ді. Ал елу жыл бұрын жазы­лған “Менің — Қаза­қста­ным” әні Әнұран болуы керек деп, 1992 жыл­дан бері өзің мәсе­ле көтеріп едің, енді сол ән елі­міздің ән ұра­ны­на айнал­ды ма — айналды!

Шәм­ші­ге “Халық қаһар­ма­ны” деген атақ беру керек деп, депу­тат­тарға сау­ал жасат­тың. 2010 жылы өмір­ден озған адам­дарға Мем­ле­кет­тік сый­лық беріл­мей­ді деген Қаулы­ға қара­ма­стан, Қал­да­яқо­втың сек­сен жыл­ды­ғы­на орай ол сый­лық беріл­ді. Кім­нің Жар­лы­ғы? Тағы да Назар­ба­ев­тың! Шәм­шінің әні айты­лып, фести­валь­дері өтіп, Шым­кент қала­сын­да ескерт­кі­ші қой­ыл­са, Алма­ты­да ескерт­кіш орна­ты­ла­тын жер беріл­ді. Шәм­шіта­ну­шы ретін­де қан­дай өкпең бар осы?!”.

Мен аға­тай­ы­ма: “Кәрім­бек аға, көре тұрып көр­ме­сем — соқыр болға­ным, ести тұрып айт­па­сам — керең болға­ным, біле тұрып айт­па­сам — мылқау болға­ным, соқыр да, керең де, мылқау да болғым кел­мей­ді”, — дедім.

Қоғам тек Шәм­шінің мұра­сын наси­хат­та­удан ғана тұр­май­ды ғой, одан басқа шеші­мін тап­паған ұлт­тық мәсе­ле жете­ді. Мәсе­лен, “көп ұлт­ты Қаза­қстан” деген билік таңған ұғым­мен келіс­пей­мін. Қаза­қстан­да бір ғана ұлт — елдің мен­шік иесі. Қалға­нын кеуде­ден теуіп оты­рған жоқ­пыз, тағ­дыр­дың айда­уы­мен осы елге келіп, қоны­станған кір­ме жұрт.

Сон­да ағам маған қал­жы­ң­дап: “Менің ком­по­зи­тор Қал­ды­бек Құр­манәлі­ге туы­сқан­дық қаты­сым жоқ”, — деп жазып берем” дей­ді. Мен айт­тым: “Еке­уміздің қан­дай бай­ла­ны­сы­мыз барын бүге-шігесіне дей­ін зерт­теп, әлдеқа­шан жазып қой­ған”. Одан да: “Ком­по­зи­тор Қал­ды­бек Құр­манәлінің аға­сы екенім рас, бірақ мен оның көзқа­ра­сын қол­да­май­мын” деп жазып беріңіз”, — дедім.

Кезек­ті бір сұх­ба­тым­нан кей­ін ҰҚК-нің жігіт­тері шақы­рып алып, “үлкен мәсе­ле көте­ресіз, артын­да үлкен сая­сат жатыр” деп, жылы ескер­ту жаса­ды. Сон­да мен: “Билік­ке қар­сы шыққан адам емес­пін, “қар­сы шықты” деген сөзді ойлап тапқан — сен­дер, осы­ны айтқан адам­ды түр­ме­ге қама­ту керек. Керісін­ше, біз билік­ке жаны­мыз ашып, қаза­қтың бай­лы­ғын өзге­лер ием­ден­бесін деп шырыл­дып жүр­міз. Қаза­қтың тілі ұлт­тық қауіп­сіздік­ке жата ма? Жата­ды! Осы жер­де қыз­мет етесің­дер, айлық алып отыр­сы­ң­дар, сен­дер­дің жұмыста­ры­ң­ды Шаха­но­втан бастап, Қал­ды­бек қостап, жур­на­ли­стер қауы­мы жабы­лып, тегін атқа­рып жүр­міз”, — дедім. “Кнбш­ник” жігітім үнсіз қалды.

 

Осы тұрғы­да сіздің аза­мат­тық ұста­ны­мы­ңыз билік­ке қыз­мет ететін көп­те­ген жур­на­лист ағай­ын­дарға үлгі болар­лы­қтай деп біле­міз. Мыса­лы үшін, сіз халы­қтық митин­гілер мен билік­тің іс-әре­кетін сынаған жиын­дар мен дөң­ге­лек үстел­дер­ге қаты­са­сыз. Қаты­сып қана қой­май, онда сөз сөй­леп, бел­сен­ділік таны­та­сыз. Сөй­те тұра, өз атқа­рып жүр­ген шару­а­ла­ры­ңы­зға қаты­сты мәсе­ле­лер төңіре­гін­де үкі­мет­пен де, тиісті мини­стр­лік­тер­мен де еркін жұмыс істей­сіз. Сіздің осын­дай еркін ұста­ны­мы­ңы­зда қан­дай фено­мен бар?

- Бұл ара­да кере­мет бір құпия жоқ. Ұлт пен мем­ле­кет бір әннің шумағы мен қай­ыр­ма­сы сияқты үндесуі керек. Менің айтып жүр­генім — осы үндестік. Бұл үндестік бол­май­ын­ша, ұлт пен билік­тің ара­сы алшақтай береді. Ал оның ақы­ры мем­ле­кет­тің қауіп­сізді­гі мәсе­лесіне әкеп соға­ды. Бар фено­мен — осы-ақ!

Билік­тің аста­уы­нан жем жеу үшін, өзінің аза­мат­тық, халы­қтық, қаза­қтық көзқа­ра­сын үйіне қал­ды­рып кететін ағай­ын­дарға қан­дай ақыл берер едіңіз?

- Оларға ақыл бере алмай­мын, оларға мүсір­кеп қарай­мын. Жарым­жан, ақыл-есі кем адам­дарға қараған сияқты, олар­ды қат­ты аяй­мын. Оларға ақыл қон­бай­ды, “бүкір­ді көр де түзей алмай­ды” деген бар. Кей­де біз билік­ке жарам­сақтанған адам тура­лы “жақ­сы адам еді, қалай ғана пен­де­шілік­ке бар­ды” деп ойлай­мыз. Бірақ қат­ты қате­ле­седі екен­біз. Адам — мықты ғалым, жақ­сы жазу­шы, кере­мет әнші болуы мүм­кін, бірақ ішкі қаси­еті жағым­паз­ды­қтан жарал­са, оның ада­ми қаси­етіне күдік кел­ті­ру керек.

Мәсе­лен, батыр ұшқыш Тоқтар Әубәкіров билік­ке қай­та­дан кету­ге мәж­бүр бол­ды, бала­сы үшін тұтыл­ды. Бірақ “Тоқтар біз­ге қай­тып кел­ді” деп ойла­са, билік­тің қате­ле­с­кені. Ол жан-тәні­мен емес, мәж­бүр­лік­пен бар­ды. Қой­нын­да кез кел­ген уақыт­та жары­ла­тын атом бом­ба­сы бар аза­мат­тың қай­тып өзіне барға­нын билік мақта­ныш ете алмай­ды. Тоқтар­дың ішін­де­гі бом­ба­сы ала­пат деп білем. Бүгін­гі билік­ке мәж­бүр­мен барған­дар мен өз еркі­мен барған­дар­дың ара­сы жер мен көктей.

Ауы­лға бір-бір Қал­ды­бек керек

Жал­пы біздің елде­гі сая­си жағ­дай­дың бір­бет­кей дамуы­на билік қана емес, соны­мен бір­ге қоғам­ның бой­күй­езді­гі мен елде­гі зия­лы қай­рат­кер­лер­дің жал­тақой­лы­ғы, ауы­з­бір­лі­гінің жоқты­ғы, табан­сызды­ғы кінәлі деген пікір­ге қан­дай ой қосар едіңіз? Мәсе­лен, аза­мат­тық қоғам бір­лік­шіл және талап­шыл болған­да, билік ойы­на не кел­се, соны істер ме еді?

- Осын­дай сұрақты маған бұрын-соң­ды ешкім қой­маған екен… 1989 жылы Назар­ба­ев билік­ке кел­ген­де, қуа­ны­штан жылаған­ның бірі мен­мін. Бой­ы­на құдай бәрін бер­ген адам: түрі де, сөзі де… Бірақ сол адам­ды айна­ла­сын­дағы­лар өзгер­ту­ге тыры­сты. Билік­те ұзақ уақыт оты­ра бер­гені өзі­нен гөрі маңай­ын­дағы­ларға тиім­ді болды.

Заман­бек Нұрқа­ді­лов марқұ­мға: “Сіз неге пре­зи­дент бол­май­сыз?” деп сұрақ қой­ға­ным бар еді. Сон­да ол: “Быть пре­зи­ден­том это — оди­но­че­ство!” — деген еді.

Қоғам­ның ауы­з­бір­лі­гі тура­лы айтқан­да, біз билік жері­міздің бай­лы­ғын сатып алды деп, жамы­рай шула­са­мыз. Жоқ, билік ол бай­лы­қты ием­деніп алмас бұрын, ең алды­мен біздің зия­лы қауым­ды сатып алды. Мықты ғалым­дар­ды, жазу­шы­лар­ды, өнер адам­да­рын, ұста­ны­мы­на мықты қоғам­шыл аза­мат­тар­ды түр­лі жол­дар­мен өзіне қарат­ты. Азу­лы деген­нің бәрін өзінің қорас­ы­на кір­гізіп алды. Олар­ды сатып алып, дегеніне көн­дір­ген соң, басқа дүниені “оптом” алып-сатып жатыр.

Сіз айтып оты­рған қоғам­ның бет­ке ұстар аза­мат­та­ры­ның сатыл­мауға амал­да­ры бар ма еді?

- Әрине, бар еді! Сол кез­де­гі зия­лы қауым ішін­де ауы­з­бір­шілік бол­маған­ды­қтан, осын­дай жағ­дай­ға тап бол­дық. 1989 жылы Қазақ мем­ле­кеті болып ата­нуға бір ғана қадам қалған кез­де, Мұрат Әуе­зов бастаған топ Қаза­қстан деген ата­уды қабыл­да­тып жібер­ді. Сол кез­де­гі “Соци­а­ли­стік Қаза­қстан” газетінің тігін­ділерін ақта­рып қара­саңыз, Қазақ мем­ле­кетінің жоба­сы шыққан еді. Сол жылы қазақ тілі мем­ле­кет­тік тіл деп қабыл­да­нуы тиіс еді, тағы да сол бір топ жарам­сақ зия­лы топ­тың кесірі­нен орыс тілі ресми тіл болып бекітіліп кет­ті. Ұлтқа жана­шыр аза­мат­тар­дың, Мұх­тар Шаха­но­втың “жын­ды­лы­ғы­ның” арқа­сын­да орыс тілі мем­ле­кет­тік тіл мәр­те­бесіне жете алмады.

Тағы бір мысал: сіздің туған еліңіз — Шым­кент­те­гі Шаян­ның төңіре­гін­де­гі көп­те­ген елді мекен­де ішер­ге таза ауыз су жоқ. Оның бол­май­ты­ны — мем­ле­кет тара­пы­нан тиісті көлем­де қар­жы бөлін­бей­ді, бөлін­гені — жемқор­лар­дың жем­са­уын­да кете­ді. Сөй­те тұра, мил­ли­ард­таған қар­жы­ға Аста­на салып жатыр­мыз. Халы­қтық, қаза­қтық тұрғы­дан алған­да, осы есеп­сіз тір­лік елге қажет­ті тыра­шта­ну ма?

- Бұл сұрақ таза оппо­зи­ци­я­лық бағыт­та қой­ыл­са да айтай­ын: Аста­на­ның салы­нуы­на екі қолын бір­дей көтер­ген адам­ның бірі — менмін.

Себебі гео­са­я­си жағ­дай тұрғы­сын­да және оры­станған аймаққа қаза­қтың қанын жүгір­ту үшін, аста­на­ның Ақмо­лаға ауы­сқа­ны жөн бол­ды. Енді бір елдің аста­на­сы болған соң, ол қала қары­штап дамуы тиіс. Билік­ке сын айтқан­да, соқыр адам сияқты емес, оның жақ­сы жақта­рын да айтуы­мыз керек.

Деген­мен, Астан­амен бір­ге ауыл да қатар дамуы тиіс еді. Аста­на — пер­зен­ті­міз десек, ауыл — әке­міз! Қоғам­дағы үш буын: әке-бала-неме­ре тұрғы­сын­да, ұшқан ұяны да ұмыт қал­дыр­мауы­мыз керек еді. Қазақ ауыл­да­рын ірі­лен­діре­міз деген билік­тің жүр­гіз­ген сая­са­ты нағыз қас дұшпан­ның әре­кеті дер едім. Ауыл сон­дай жымысқы сая­сат­тың алда­уы­на түсіп қалды.

Облы­сқа барған кезім­де, менің 63 түтін­ді Тасқұ­дық деген ауы­лым сон­дай сая­сат­тың сал­да­ры­нан ауыз су бағ­дар­ла­ма­сы­на ілін­бе­генін, бола­шағы жоқ ауыл­дың тізі­міне енудің алдын­да тұрға­нын біл­дім. Ауыл­ды көшіріп, екін­ші бір ауы­лға қос­пақ екен.

Сол кез­де облыс әкі­міне барып, билік­те­гі ауы­лға деген көзқа­ра­сы дұрыс аза­мат­тар­дың есі­гін қағуға тура кел­ді. Жер­гілік­ті билік­тің атқа­руға тиісті жұмысын атқар­дым. Сол ауы­лға бүгін үкі­мет­тің қар­жы­сы­на су құбы­ры тар­тыл­ды. Сек­сен оқу­шы­сы бар ескі мек­теп бар еді, төрт-бес жыл бұрын айқай­ға басып, жаңа мек­теп салы­нуын талап еттім. Биыл сәтін сал­са, жаңа оқу жылы жаңа мек­теп­тен баста­ла­ды. Кеңес кезін­де бол­маған асфальт жол да салын­ды. Сол кез­де мен дауыс көтер­ме­сем, ауы­лым қай­тер еді?

Қаза­қстан­ның бар­лық ауы­лы­ның жағ­дайы ондай емес қой…

- Әр ауыл­дың жағ­дай­ын билік­ке жет­кі­зу үшін, бір-бір Қал­ды­бек шығуы тиіс. Ауыл­да шыққан, бірақ бүгін­де қала­да тұра­тын зия­лы 60—70 жыл­дық той­ын атап өту үшін, сұра­нып, облыс пен аудан бас­шы­ла­ры­на бара­ды. “Мен осы жер­ден шығып едім, асты­ма көлік мін­гіз, иығы­ма шапан жап” дей­ді. Олар керісін­ше ауы­лын ара­ша­лау үшін сөз айтуы керек қой, әр ауыл­дың аза­ма­ты осын­дай мәсе­лені жеріне жет­кі­зе айта біл­се, ауыл аңы­ра­мас еді… Аста­наға жүз­де­ген мил­ли­ард қар­жы құй­ыл­са, ауы­лға да сон­дай қар­жы жұм­са­луы тиіс.

Жеңістің жана­шыр сөзіне өкпе­ле­у­ге болмайды

Тая­у­да біздің газет­ке сұх­бат бер­ген бір таны­мал эст­ра­да әншісі Қазақ радио­сын­да адам таны­май­тын әншілер өріп жүр деген­дей пікір айтып еді. Оған Қазақ радио­сы жақтағы­лар өре қар­сы тұр­ды. Ал бұған сіз не айта­сыз: әнші қызы­мыз жаңыл­ды ма, жоқ әлде радио­дағы­лар шен-шек­пе­нін қорға­удың әле­гін жаса­ды ма?

- Иә, Қазақ радио­сы мен онда берілетін әндер­ге бай­ла­ны­сты әнші қызы­мыз Жеңіс Ысқақо­ва­ның сұх­ба­тын оқы­дым. Жеңістің айтқа­нын кек тұтуға бол­май­ды, бұны мен жана­шыр­лық деп қабыл­дай­мын. Ұлт­тық теле­ра­ди­о­ны Нұр­тілеу Иманға­лиұ­лы басқарған, ради­о­ның дирек­то­ры Жүр­сін Ерман болған кез­де, қоғам­дық негіз­де­гі құры­лған көр­кем­дік кеңе­стің құра­мы­на таны­мал ком­по­зи­тор­лар, ақын­дар мен әншілер енген еді. Соның бірі мен бол­дым. Апта­сы­на бір рет жина­лып, эфир­ге шыға­тын әндер­ді сарап­тан өткізетінбіз.

Ал Нұр­лан Өнер­ба­ев басқарған кез­де, эфир­ге шыға­тын әншілер­дің тізі­мі алдын ала жаса­лып, кім­дер­ді бер­меу керекті­гі жөнін­де қара тізім болға­нын білем. Роза Рым­ба­е­ва мен Мақ­пал Жүні­со­ва­дан бастап, мен де сол тізім­ге ілініп­піз. Сол былы­қты ашу үшін, музы­ка­лық редак­ци­яға бір қыз­мет­кер­ді кір­гіздік. Алты ай бойы осы қара тізім­де­гілер­дің бір­де-бір әні эфир­ге шық­паған. Кей­ін­нен газет­тер­де осы мәсе­ле көтеріл­ген кез­де, бұны Өнер­ба­ев өзін көре алмау­шы­лар­дың айтып жүр­гені деп шыға кел­ді. Ал бүгін­гі күні радио осы кем­шілік­тер­ді түзе­ту үшін еңбек­теніп жатыр. Қаза­қтың маң­дай­ы­на жазы­лған жалғыз радио тағы да кадр тап­шы­лы­ғы­на тап болған сияқты. Екін­ші­ден, ради­о­ның жалақы­сы мар­дым­сыз. Ойдан-қыр­дан қашқан­ның бәрі осы жер­ге бара­ды. Сон­ды­қтан радиоға да жаңа­ша рефор­ма жүр­гізілуі тиіс деген Жеңістің сөзі радио бас­шы­лы­ғы­на емес, үкі­мет жаққа қара­ты­ла айты­лған пікір деп қабыл­дау керек.

Өткен апта­да сіз про­дю­сері болған “Шәм­ші” филь­мі үлкен экранға шықты. Ол жөнін­де елде­гі біраз БАҚ жақ­сы пікір­лер жаз­ды. Ал бүгін­де фильм түсі­ру оңай емес: мәсе­лен, оған қар­жы­ны қай­дан таптыңыз?

- “Шәм­ші” деректі-көр­кем филь­мі 2009 жылы қолға алы­нған мәсе­ле. Идея авто­ры — мен. “Қаза­қ­фильм­нің” шта­тын­да идея авто­ры деген бол­май­ды екен. Өзіңнің қар­жы­ңа шығар­саң, автор бола­ды екен­сің де, мем­ле­кет­тің қар­жы­сы­на шығар­саң — автор болып санал­май­ды екен­сің. Штат бой­ын­ша бұй­ы­рға­ны — атқа­ру­шы про­дю­сер­лік. Фильм­нің мен­шік иесі — “Қаза­қ­фильм” кино­сту­ди­я­сы. Сце­на­рий­ін жазған — Қали Сәр­сен­бай, фильм­нің қою­шы режис­сері — Тіле­ген Ахмет.

Сена­тор Қуа­ныш Айта­ха­но­вқа ұсы­ныс хат­пен шыққан едім, сол хат­ты негіз­ге алып, Қуа­ныш аға депу­тат­тық сау­ал жаса­ды. Онда Шәм­ші Қал­да­яқо­втың 2010 жылғы 80 жыл­ды­ғы рес­пуб­ли­ка көле­мін­де ата­лып өтуі, деректі фильм түсі­ру, кітап­тар шыға­ру, аудио-видео тас­па­ла­рын шыға­ру, ән фести­валін өткі­зу тура­лы мәсе­ле­лер қозғал­ды. Сөй­те тұра, осы фести­валь өтпей қал­ды, қар­жы бөлін­ген­мен, қысқар­туға түсіп қал­ды. Қаза­қтың “Қыз Жібек” эпо­сы мен Шәм­ші­ге бөлін­ген қар­жы, дағ­да­ры­сқа бай­ла­ны­сты қысқа­рып қалып­ты. Осы болар-бол­мас қар­жы үкі­мет­тің біраз жерінжауыпты-мыс.

Деген­мен, 2010 жылы министр Мұх­тар Құл-Мұхам­мед­тің аза­мат­ты­ғы­мен үкі­мет 10 мил­ли­он қар­жы бөл­ді. Осы фильм­нің түсірілуіне “Қаза­қ­фильм­нің” бас­шы­сы Ермек Аман­ша­ев қол­дау таныт­ты. Осы­дан 22 жыл бұрын режис­сер Тіле­ген Ахме­то­втің түсір­ген кадр­ла­рын фильм­ге пай­да­ла­нып, 50 минут­тық деректі-көр­кем фильм түсірдік.

Шәм­шінің мал дәрі­герік дипло­мы ғана барын көп­шілік біле бер­мей­ді. Қаплан­бек­те­гі мал-дәрі­гер­лік тех­ни­кум­ды бітіріп, Ақтө­бе­де мал дәрі­гері болып қыз­мет етіп, ол жер­ден әскер­ге алы­нып, Саха­лин­де мін­дет­ті боры­шын кіші офи­цер болып өте­ген. Әскер­ден соң бір­ден елге қайт­пай, Мәс­ке­у­ге барып, кон­сер­ва­то­ри­яға түс­пек болған, түсе алмаған соң, бір жыл­дай скрип­ка­шы болып жұмыс істе­ген. Әкесі қайт деп қой­маған соң, елге келіп, ауы­лын­да клуб мең­ге­ру­шісі бола­ды. Бір жыл­дан кей­ін Таш­кент­те­гі Хам­за Хаким­за­да Ния­зи атын­дағы музы­ка­лық учи­ли­ще­ге түсіп, оқып жүр­ген жерін­де қаза­қтың жезтаң­дай әншісі Жамал Ома­ро­ваға жолы­ға­ды. Сол жер­ден Жамал апай Шәм­шіні Алма­ты­ға кон­сер­ва­то­ри­яға алып келеді. Шәм­ші ата-ана­сы­нан кей­ін бір ада­мға қары­здар бол­са, ол осы — Жамал Ома­ро­ваға қары­здар. 1955 жылы үйіне тұрғы­зып, бала­сын­дай күте­ді. Егер Жамал апа бол­ма­са, өзбек­тің ком­по­зи­то­ры болып кетер ме еді, кім біл­сін?! Алға­шқы “Қай­ы­қта”, “Қара­көз”, “Менің Қаза­қста­ным” әндерінің де тұса­уын кес­кен — Жамал апай. Оты­рар­дан шыққан Шәм­шінің бүкіл қаза­қтың Қал­да­яқо­вы­на айналға­нын осы фильм­де қам­туға тыры­стық. Фильм — Алма­ты, Жам­был, Ақмо­ла, Қызы­лор­да, Маңғы­стау мен Оңтүстік Қаза­қстан облы­ста­ры мен Алма­ты, Аста­на қала­сын­да, көр­ші ел аста­на­сы — Таш­кент­те түсірілді.

Бірақ қар­жы­ның тап­шы­лы­ғы­нан Шәкең әске­ри боры­шын өте­ген Саха­лин­ге бара алма­дық. Музы­кант ретін­де­гі өмір жолын бастаған Мәс­ке­у­ге де бара алма­дық. Саха­лин­де­гі әске­ри өмірін Ақта­удағы теңіз жаға­сын­да түсірдік.

Жал­пы, сіздің “Шәм­шіта­ну” сала­сын­да қыру­ар шаруа тын­ды­рып жүр­геніңізді көп­шілік жұрт біледі. Бұл төңірек­те қан­дай шара­лар өткіз­бек жос­пар­ла­ры­ңыз бар?

- Шәм­шінің өмірі бір фильм­мен ғана шек­тел­мей­ді. Бола­шақта басқа да істер бар атқа­ра­тын. Кеше ғана Шым­кент­те облыс әкі­мі Асқар Мыр­за­хме­то­втің қол­да­уы­мен Шәм­ші қыз­мет еткен облы­стық филар­мо­ни­яда “Шәм­ші” филь­мінің тұса­у­ке­серін өткізіп кел­дім. Жиналған халы­қта есеп болған жоқ. Фильм­ге өнер зерт­те­ушілері бола­шақ баға­сын бере жатыр, таразысы — халық қой. Сын бол­са, қабылдаймыз.

Шәм­шінің өмірі мен өнеріне қаты­сты алға­шқы фильм алдағы уақыт­та теле­се­ри­ал­дар мен көр­кем фильм­дер­ге жол аша ма деген үміт бар. Себебі, Шәм­шінің әрбір әні — бір әлем, олар­дың әрқай­сысы бір-бір фильм­ге желі бола ала­ты­ны даусыз.

 

Источ­ник: “Обще­ствен­ная пози­ция” (про­ект “DAT” № 24 (200) от 27 июня 2013 г.

архивные статьи по теме

Суд мешает Азату Перуашеву депутатствовать?

Один террорист, два взрыва, семь погибших

Glencore International идет намеченным путем