5 C
Астана
30 апреля, 2024
Image default

Халық өздері сайлаған депутаттарды білмейді

Қаза­қстан­ды­қтар депу­тат­тар­ды көп біле бер­мей­ді және ел аузын­да жүр­ген тұлға­ларға сенім арта­ды. Тұрғын­дар ара­сын­дағы айры­қ­ша таны­мал сая­сат­кер­лер: Назар­ба­ев, Мәсі­мов, Тасмағам­бе­тов, Қасы­мов. МеdiaNet Халы­қа­ра­лық жур­на­ли­сти­ка орта­лы­ғы­ның жанын­дағы DEMOSCOPE қоғам­дық пікір­ге экс­пресс-мони­то­ринг жүр­гі­зу бюро­сы­ның кезек­ті сау­ал­на­ма осын­дай нәти­же­лер көрсетті.

 

Автор: Жан­на БИСАРОВА

Респон­дент­тер­ге сау­ал­на­ма аясын­да 4 сұрақ қойылды:

Қаза­қстан­дық депу­тат­тар (Пар­ла­мент мүше­лері) ішін­де Сіз кім­ді айры­қ­ша таны­мал деп есептейсіз?Қазақстандық депу­тат­тар­дан кім­ге Сіз сенім артасыз?Қазақстандық сая­сат­кер­лер­ден (шене­унік болуы мін­дет­ті емес) кім­ді СІз аса таны­мал деп есептейсіз?Қазақстандық сая­сат­кер­лер­дің іші­нен Сіз кім­ге көбірек сенім артасыз? 

Сау­ал­на­ма тұрғын­дар­дың Пар­ла­мент депу­тат­та­ры жай­лы хабар­дар­лы­ғы­ның өте төмен екен­ді­гін көр­сет­ті. Қаза­қстан­ды­қтар өздерінің сай­лаған тұлға­ла­рын өте нашар біледі, билік­тің басқа сала­сын­дағы өкіл­дер­мен жиі шата­сты­ра­ды. Мыса­лы, аса таны­мал «депу­тат­тар» қата­ры­на Пре­зи­дент Адми­ни­стра­ци­я­сы­ның жетек­шісі Кәрім Мәсі­мов (8,1% — жал­пы нәти­же), Аста­на қала­сы­ның әкі­мі Иманға­ли Тасмағам­бе­тов (5,4%), Мини­стр­лер каби­нетінің жетек­шісі Серік Ахме­тов (2,1%), тіп­ті ҚР Пре­зи­ден­ті Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев (2,7%) кірді.

Есте қала­ты­ны, тұрғын­дар аса таны­мал депу­тат ретін­де сена­тор Ғани Қасы­мо­вты да ата­ды (17,5%).

Кеден­нің бұры­нғы бас­шы­сы 1999 жылғы сай­ла­у­ал­ды кам­па­ни­я­сын­дағы эпа­таж­ды түр­де жарқ етіп шығып, сынған ста­кан­дар мен ваза лақты­рған­дағы жарқын жүзі 13 жыл өтсе де халық жадын­да сақта­лып қалып­ты. Бұл фак­тінің Қаза­қстан­ның сая­си алаңын­дағы мінезді, ерекше фигу­ра­ларға бір­ша­ма дефи­цит­ті көр­се­туі әбден мүм­кін. Ғани Қасы­мо­втың соңғы элек­то­раль­ды кам­па­ни­я­сы есте қалар­лы­қтай бол­маға­ны­мен Пат­ри­от­тар пар­ти­я­сы­ның лидеріне көз­ге түсу мүм­кін­ді­гін береді.

Сена­тор Қасы­мов аса таны­мал депу­тат ретін­де 4 аймақта — Алма­ты (25%), Аста­на (16,7%), Оңтүстік Қаза­қстан облы­сын­да (ОҚО) — 33,4% және Ақтө­бе облы­сын­да (28,6%) ерекше атал­ды. Респон­дент­тер таныл­мал­ды­лы­ғы­на қарай екін­ші рет­те шынайы депу­тат Дариға Назар­ба­е­ва­ны ата­ды (7,5%). Ақмо­ла облы­сы бой­ын­ша депу­тат Назар­ба­е­ва 23% көр­сет­кіш көр­сетіп, атал­мыш аймақта таны­мал­ды­лы­ғын көрсетті.

Ерекше таны­мал «депу­тат­тар» қата­рын­да осы­дан біраз бұры­нғы мәжіліс депу­та­ты болған, дәл қазір­гі уақыт­та Білім мини­стір­лі­гінің вице-мини­стрі Мұрат Абе­нов жал­пы қоры­тын­ды бой­ын­ша 3,2%-ды көр­сет­ті, бірақ өзінің туған Қызы­лор­да облы­сын­да шама­мен 43% дауыс жина­ды. Басқа депу­тат­тар­дың соны­мен қоса, Нұр Отан пар­ти­я­сы­на мүше болып табыл­май­тын тұлға­лар көр­сет­кі­шінің төмен­ді­гі ел мас­шта­бын­дағы таны­мал сая­сат­кер­лер­дің жетіс­пе­ушілі­гін көр­се­те­ді. Бір­ша­ма таны­мал депу­тат­тар­дың қата­ры­на (1,6%-2,7%) Оль­га Кико­лен­ко, Азат Перу­а­шев, Нұр­тай Саби­лья­нов, Мұх­тар Тіні­ке­ев, Вла­ди­слав Коса­рев, Айгуль Соло­вье­ва қосылды.

Қаза­қстан­ды­қтар­дың депу­тат­тарға деген сені­мін таны­мал­ды­лы­ғы арқы­лы салы­сты­рай­ық. Бұл жер­де де Ғани Қасы­мов ел бой­ын­ша 14% (ОҚО-да (42,8%) және Шығыс Қаза­қстан облы­сын­да (шама­мен 50%) көбірек сенім арта­ды) жинап, көш бастай­ды. Дариға Назар­ба­е­ва — халы­қтың сенім артуы бой­ын­ша 7,5% көр­сет­кі­шті көр­сетіп екін­ші оры­нға иеле­неді. Алма­ты (11,7%) және Аста­на (28,5%) қала­ла­ры­ның тұрғын­да­ры депу­тат ретін­де дәл соны ерекше атап көрсетеді.

Респон­дент­тер­дің депу­тат­тар тура­лы жау­ап­та­ры тіп­ті әртүр­лі болған­ды­ғын еске­ру қажет. Таны­мал депу­тат­тар тура­лы жау­ап­тың 38,6%-ында 58 есім­нің ата­луы, қоры­тын­ды­лай кел­ген­де шама­мен 1,6% көр­сет­кіш көр­се­туі кез­дей­соқ емес. Депу­тат­тарға сенім артуы дең­гейі өте бұлы­ңғыр болып шықты: 53,3% (41 адам) есім 2,5% ғана дауыс жинады.

Қаза­қстан­ды­қтар таны­мал сая­сат­кер­лер­ді (толы­ғы­мен) және көп жағ­дай­да сенім арта­тын тұлға­лар­ды атау бары­сын­да әлдеқай­да бір­жақты бол­ды. Екі рей­тинг­те де Елба­сы көш бастап тұр. Респон­дент­тер­дің 28,8%-ы Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев­ты елі­міз­де­гі аса таны­мал сая­сат­кер деп естеп­те­се, 11,4%-ы Кәрім Мәсі­мо­вты, 9,5% — Иманға­ли Тасмағам­бе­то­вты, 8,9% — Серік Ахме­то­вты, 8,4% — Ғани Қасы­мо­вты, 6% — Алма­ты қала­сы­ның әкі­мі Ахмет­жан Есі­мо­вты ата­ды. Қалған сая­сат­кер­лер 2 неме­се одан да төмен пай­ы­зды көрсетті.

Мұны­мен қоса, мем­ле­кет бас­шы­сы таныл­мал­ды­лы­ғы жөні­нен басқа да аймақтар­да алды­ңғы орын­да екен­ді­гін атап өту керек. Қараған­ды облы­сын­да Серік Ахме­тов (56,2%) елба­сын басып озды. Кәрім Мәсі­мов Қоста­най (25%), Ақтө­бе облы­сын­да (40%), Иманға­ли Тасмағам­бе­тов Маңғы­ста­уда (50%) таны­мал екен­ді­гі аны­қтал­ды. Таны­мал­ды­ғы жөні­нен басқа да сая­сат­кер­лер (1,5%-2%), Өмір­зақ Шүке­ев, Мұх­тар Шаха­нов, Гри­го­рий Мар­чен­ко, Қасым­жо­март Тоқа­ев, Болат Әбі­лов есім­дері айтылды.

Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев сенім арту дең­гейі бой­ын­ша 60%-ды көр­сетіп, бәсе­ке­ле­стік­тен сыр­тқа­ры қал­ды. Бұл көр­сет­кіш­ке бәсе­ке­лес ретін­де Иманға­ли Тасмағам­бе­тов — 8,4% ғана дауыс жина­са, Кәрім Мәсі­мов — 7,1%, Ахмет­жан Есі­мов — 5% жина­ды. Басқа да сая­сат­кер­лер, олар­мен қоса Болат Әбі­лов, Серік Ахме­тов, Али­хан Бай­ме­нов, Ғани Қасы­мов, Қырым­бек Көшер­ба­ев шама­мен 1,3% жау­ап алды.

Сау­ал­на­ма қоры­тын­ды­ла­ры сая­сат­кер­лер­дің БАҚ-та «жер­ле­сті­гі» неме­се жеке обра­зы­нан, бол­ма­са басқа да фак­тор­лар бой­ын­ша еске салы­нуы­нан атал­ды. Респон­дент­тер­дің «жер­ле­сті­гі» таң­да­у­ла­рын­дағы басты фак­тор емес. мидж, сая­сат, репу­та­ция, сау­ал­на­ма көр­сет­кен­дей кей­де қаза­қстан­ды­қтар­дың сим­па­ти­я­сы­на әсер ететін көрінеді.

Мәсе­лен, Назар­ба­ев­тан 6% ғана төмен дауыс жинай оты­рып, батыс өңір­ден сай­ланған Иманға­ли Тасмағам­бе­тов сенім артуы бой­ын­ша алма­ты­лы­қтар ара­сын­да екін­ші орын­да (24,3%) тұр. Бір қызы­ғы, аста­на­да оты­рып, өз тұрғын­да­ры­ның ара­сын­да сенім арту фак­тісі бой­ын­ша көш баста­у­шы­лар­дың ара­сы­на енбей қал­ды. Соны­мен қоса, бас­пасөз алаңын­да басым әрі бел­сен­ді шола­тын аймақтық бас­шы­лар ресми БАҚ‑ы қан­ша күш салға­ны­мен тұрғын­дар­дың сим­па­ти­я­сын әрқа­шан аны­қтай бер­мей­ді. Рей­тинг соңын­дағы­лар­дың ұста­ны­мы кұт­кен­де­гі­ден өте төмен.

Теле­фон­мен және ғалам­тор арқы­лы 2125 адам Қаза­қстан­ның үлкен қала­ла­рын­да сұралды.

Ори­ги­нал статьи: 

Халық өздері сай­лаған депу­тат­тар­ды білмейді

архивные статьи по теме

Добро пожаловать в стабильность!

Протестовать можно, но дом построят

Обама ровняет богатых с бедными