Қазақ қоғамында латын қарпіне көшу туралы пікірталас жалғасуда. БАҚ бетіндегі көптеген мақалалар мен сұқбаттар бұған дәлел. Осы мәселеге орай оқырманымыздың пікірін жариялап отырмыз. Әлем тілдерінің қатарына әлі қосылмаған қазақ тілі үшін латын қарпіне көшудің пайдасынан зияны көп, деп есептейді ол.
Автор: Нам пишут
« Латиницаға көшу — кесапатқа ұшырау
Қайыршы саясаткерлерсымақтар пайдасын табу үшін ана тілімізді де сатуға әзір. Сонау отызыншы жылдардан бері кириллицада жазылған қазақ еңбектер, мақалалар, кітаптар — қалыптасқан дүние, ұлттық байлық. Әліпби өзгерту тек қана сауатты адамдардың саны аз халықтар үшін жарасады. Өйткені, сауатсыз адамға бәрі бір қандай әліпбиіне үйрену.
Латиницаға таяуда көшкен өзбектер мен түрікпендер аң-таң: жастар Кеңес Одағында жазылған еңбектерінен беймәлім, кәрілер жаңа туындылардан шорқақ. Сыртқы күштердің, әлде жергілікті топастардың бастамасы ма беймәлім, бірақ латиницаны енгізу арамызға жік салмақ. Кириллицада шығарылған мыңдаған оқулықтар, энциклопедиялардың латиницаға аударылғаннан Құлмұхаммед сияқты базаркомдар ғана пайдасын көреді. Ауылдағы Мырқымбай «Myrqymbai» деп аталса да, баяғы аянышты қалпында қалмақ.
Істемегені осы еді! Әлемдегі жетекші тілдердің қатарына әлі қосылмаған ана тілімізге қарсы аларман әкімсымақтар мен дүмше лингвисттер бәле бағып тұр. Соңғы жетпіс жыл ішінде, кириллицамен жазылған қазақ тіліндегі әдеби мен ғылыми қоры қалыптасқан. Халқымыздың басым көпшілігі осындай әліпбиге дағдыланған. Енді, бүйректен сирақ шығарып латиницаға көшсек, мыңдаған кітаптарын кириллицадан аударуға тура келеді. Оқушылардың шақадай басы шарадай болмақ. Ал, осындай өзгеріс «Атамұра»-ның қалтасын тығындайды, Құл-Мұхаммедтің сыбайластарын мәз етпек.
Қайдағы латиницаны келтіріп тұрсыз, егер тіпті кириллицадағы жазбаша тіліміз шикілеу. Мысалы, кейбіреулер «сұхбат» жазады, ал бәзбіреулер «сұқбат» дейді. Болгариядан келген кириллицаны сүргінге салғаннан гөрі, Ресейдің бюрократиялық ұғымдардан ана тілімізді тазарту керек. Ана тіліміздің шынайы жанкүйерлер оның лексикалық қорындағы оғаш естілетін сөздерін алып тастар еді. Мысалы, «дәретхана», «зиратхана», «расытхана», «мейрамхана», «аурухана» секілді персизмдер қазақ тілінің сәнін кетіреді. Олардың орнына халықаралық сөздерін енгізу керек немесе әдемі естілетін қазақи баламаларын ойластыру қажет. Ресми қолданыстағы ұғымдардың біразын тазарту жөн. Мәселен, Ресей империя мен Кеңес одағының бюрократиялық қалдықтарын ретінде неше түрлі кеңсе ұғымдар күні бүгінгі дейін пайдалануда. «Судья», «полковник», «ведомство», «отставка» және тағы басқа халықаралық емес зат есімдер қазақ тілінің лексикалық қорынның құрамында тұрпайы боп естіледі. «Судья» орнына «қазы-би», «төре» сияқты ұғымдарын пайдалануға болар. «Прапорщик»-ті «байрақшы»-мен ауыстыруға тура келеді. Өйткені, «прапорщик» деген атағы «enseigne» («байрақшы») француз әскери атағының дәлме-дәл аудармасы.
Грузия, Армения, Үндістан, Қытай, Жапония, Грекия мен басқа көптеген мемлекеттер латиницаға қызықпай, төл жазбаларын сақтап тұр. Ал, осы елдердің жазулары кириллицадан әлдеқайда күрделі. Соған қарамастан, үнді бағдарлама жасаушылар, жапон қаржыгерлер, қытай кәсіпкерлер әлем деңгейіндегі жетістіктеріне ие болуда. Оған қоса, кириллица есептеу техника, Интернет пен ұялы байланысын толығымен игерді. Сондықтан, жылпос атқамінерлердің уақытша пайдакүнемдігінен бөлек, латиницаға көшуге ешбір дәлелді себептер жоқ. Айтпақшы, 2005 жылы шығарылған «Русско-казахский словарь»-де оғаш қателігі жіберілген. Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институттың латиницаны жақтайтын ғалымсымақтар орыс әліпбиден үш әріптерін алып тастады: «ъ», «ы» мен «ь». Данияр НАУРЫЗ».
От редакции: На наш электронный адрес пришло письмо от читателя, где он выступает против перехода на латиницу. Среди аргументов, которые он приводит — утеря многолетнего архива и то, что старшее поколение может стать безграмотным, а чиновники заработать на этом. Мы приводим его полностью сохранив орфографию и стилистику.