Мәлімдемесі
22 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мен оның айналасындағылардың билікті басып алу мақсатында ғана құрылған «Нұр Отан» партиясы Қазақстанды үзбей басқарады.
Көптеген жылдар бойы партия, оның мүшелері мен шенеуніктері сайлау процестерін бұрмалаумен айналысып, халыққа қарсы заңдар әзірледі және олардың өздері толығымен бақылап отыратын парламентте қабылдануына белсенді ықпал етті, конституцияны Н.Назарбаевтың жеке билігін және оның туыстары ресми лауазымдардан кеткен кезде де қауіпсіздікке кепіл іс жүзінде заңдастыру үшін өзгертті.
“Нұр Отанның” билігі кезінде елдің мемлекеттіліктің жойылуы, азаматтардың барлық құқықтары мен бостандықтарын басудың мүлдем жемқор және жазалау жүйесінің құрылуы, сондай-ақ ұлттық мүліктің тоналуы болды.
Бұл партия азаматтардың мүлкі мен бизнесін тартып алу, оппозициялық саясаткерлерді, азаматтық белсенділер мен журналистерді өлтіру үшін толық жауапты. Партия мен оның мүшелері барлық негізгі халықаралық азаматтық құқықтар мен халықаралық міндеттемелерге қол қойғанын айтып кету керек.
Dongelek Ystel, Қазақстандағы жалғыз жалпыұлттық азаматтық қоғамы «Нұр Отанды» антидемократиялық, клептократиялық және Н.Назарбаевтың отбасы мен оның айналасындағылардың мүдделеріне қызмет етуші ретінде тек Қазақстан халқы ғана емес, сонымен қатар демократиялық халықаралық қоғамдастық мойындау керек деп табамыз.
Халықаралық қоғамдастық және оның институционалдық органдары Қазақстандағы Назарбаев кланы мен оның қол шоқпары «Нұр Отанның» мүшелері елді басқару бағытында адами құқықтары ахуалының нашарлауы, бостандық құқықтарына қатаң шектеулер енгізілгені, азаматтық қоғамға қарсы репрессиялар қолданғаны, бейбіт жиындар мен қоғам бірлестіктерге тиым салынғаны,бұқаралық ақпарат құралдарына цензура еңгізілгені, журналистерге қарсы қудалау фактілерінің бірнеше рет айыпталғаны аян.
«Нұр Отан» жеңген барлық өткен сайлаулар антидемократиялық сипатта өткеніне ерекше назар аударып, ЕО пен АҚШ еркін және әділ емес деген орынды баға берген. Алайда, ЕҚЫҰ мен Еуропа Кеңесі Қазақстандағы сайлауға қатысты осы уақытқа дейін бірде-бір қазақстандық сайлаудың халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтіндігін нақты шегелеп айтсада, ұзақ уақыттан бері ұсынылған шешімдер шығарсада, биліктегі «Нұр отан» партиясының теріс іс-әрекеті, өкінішке орай, ескерусіз қалдырылды.
Президент Назарбаевқа және оның «Нұр Отан» партиясына ондаған жылдар бойы берілген кез-келген сайлаудағы көпшілік дауыстар, саяси қарсыластар мен сайлаушыларға қатысты өрескел зорлық-зомбылықтың нәтижесі болып табылады.
Қазақстанда «Нұр Отанның» және оның заң шығарушы, атқарушы және сот монополиясының бақылауы арқылы билік арасында кеңінен таралған сыбайлас жемқорлық басым, адам құқықтары, әлеуметтік әділеттілік және біздің экономикамыздың оң дамуына кедергі болып табылады. «Нұр Отан» өзін жиырма жылдан астам уақыт либералды және байсалды партиясы ретінде көрсетуге тырысады, ол тек билікті ғана емес, сонымен бірге өз халқының меншігін, Қазақстанның табиғи байлығын, билікті пайдаланып тартып алған кландар мен отбасыларының, шетел мемлекеттерінің мүдделеріне қызмет атқарады.
Сондықтан, халықаралық стандарттарға қарсы тұрақты бұзушылықтарға қатысты Dongelek Ystel ЕО және АҚШ мекемелеріндегі жауапты органдарды өздерінің жақында мақұлданған жаһандық санкциялар ережелерін, сондай-ақ Қазақстандағы азаматтық құқықтарды жоққа шығарған репрессиялық режимге, оның жақтаушыларына қатысты белсенді қарауға шақырады. Оңды шешім «Нұр отан» мүшелеріне, яғни бүгінгі күнгі биліктегі аталмыш іс-әрекеттер жасаған адамдар мен ұйымдарды жауапқа тартуға мүмкіндік беріледі деп үміттенеді.
Біз Еуропарламенттің депутаттары мен ЕО-ға мүше елдердің парламенттегілеріне «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен және лидерлерімен әңгімелесу кезінде оппозициядағы саясаткерлерді, азаматтық белсенділерді және журналистерді қудалау мәселесін көтеруге шақырамыз.
«Нұр Отан» депутаттарының қатысуымен өтетін парламентаралық іс-шаралар кезінде Сіздерден саяси партиялар мен сайлау туралы Қазақстандағы азаматтардың саяси белсенділігін шектейтін және билікті басқан бюрократия мен жемқор шенеуніктерге жол беретін заңдарға жүгінуіңізді сұраймыз.
Еуропалық парламенттің фракцияларынан және ұлттық саяси партиялардың басшылығынан «Нұр Отан» партиясының антидемократиялық, авторитарлық сипатына көбірек назар аударуды сұраймыз.
Біз ЕО елдеріндегі демократиялық парламенттік партиялардың басшылығынан «Нұр Отан» партиясы жүзеге асырған теріс тәжірибені, бірінші кезекте саяси бәсекелестіктін жоқтығын, олигархия мен сыбайлас жемқорлықты қолдауды, азаматтық қоғам белсенділерді және тәуелсіз баспасөзді қудалауды сынға алуды сұраймыз.
Егер «Нұр Отан» партиясы туралы арнайы шешім жарыққа шықса, Батыс қоғамдастығы адами құқықтарының халықаралық стандарттарына сай келтіру үшін қысым көрсетіп қана қоймай, Қазақстанда орын алынған демократия принциптеріне теріс әрекеттерге нақты баға берілсе, Қазақстан халқына және күрестен шаршамаған азаматтық қоғамға деген үлкен қолдау болып табылады деп білеміз.