Құрметті Тоқаев мырза!
Әлемге жайылған, елімізге тараған короновирус пен экономикалық дағдарысқа байланысты жағдай елімізде төтенше әрі батыл қадам жасау үшін атқарушы билікті өзгертуді талап етеді.
Осы жағдайдан кейін, Сіздің саяси болашағыңыз Нұрсұлтан Назарбаевқа тәуелді болмайды. Ол мәселе пандемияның таралуы мен салдарына байланысты анықталатын болады.
Тамыздың 1‑іне дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша нақты статистиканы жарияламақ. Бұл мәліметтердің қорқынышты болатынын айтудан қорқамын. Билік тағы да мың құбылатыны анық.
Еліміз өте қиын жағдайға душар болды, ендігі кезекте көп мәселе сіздің іс-әрекетіңізге байланысты. Науқастардың нақты саны 300 мыңнан кем емес екені анық. Індеттің таралуына қатысты, тіпті диагноз қоюға түсініктеме бермеуге кеңес беремін. Бұл мәселені Денсаулық сақтау министріне немесе оның орынбасарларына тапсырыңыз.
Бұл ‑COVID-19 бен пневмонияны бөліп қарамау үшін де маңызды. Бұл сылтауы көп, қате түсінік, сол үшін ақталуға тура келеді.
Сізді Нұрсұлтан Назарбаевпен қосақтайтыны шындық, сондықтан қиындығы көп таңдауды ұсынбаймын: не ары, не бері. Бірақ таңдау қажеттілігі заман талабы. Мен Сізге, екеуіңізге де әлі де мүмкіндігі бар жеңіл тәсілді ұсынамын
Төтенше жағдайдың өзі ұзақ мерзімді нәтиже бере алмайды. Министрліктер мен басқа да билік органдары төтенше өкілеттік берілген және тікелей президентке бағынатын бірыңғай органға бағынуға тиіс.
Сіз мұны да түсінетініңіз анық. Бірақ өзіңіз тағайындаған дағдарысқа қарсы іс-қимылды үйлестіруші жаңа орган жұмыс істемейді. Өйткені басқа билік органдарынының бағыныштылығы денсаулық сақтау және эпидемиологиялық қорғау мәселелерімен шектелмейді, пандемия мен карантиндік іс-шаралар елдің экономикасы мен әлеуметтік саласына жойқын залалын тигізеді.
Сондықтан осы төтенше органның қарауына экономикалық реттеу, инвестициялар тарту және іскерлік ахуалды қажетті өзгерістерге бейімдеу мәселелерін беру қажет.Біз төтенше жағдай режимі шеңберінде эпидемияға және экономикалық дағдарысқа қарсы күрес жөніндегі Уақытша мемлекеттік төтенше комиссия құруды ұсынамыз. Комиссия төрағасы- ел Президенті. Төрағаның орынбасары болып қазіргі билікпен байланысы жоқ адам тағайындалады.
Эпидемия кезінде елді басқаруды оңтайландыру және дағдарысты еңсеру мақсатында Президент Әкімшілігі мен Премьер-Министр Кеңсесін бірыңғай органға біріктіру тиімді. Біріккен әкімшіліктің басшысы болып Орталық пен жергілікті жерлерде кадр жұмысын ұйымдастырып, әділ бағалайтын тәжірибелі технократ тағайындалады.
Төтенше жағдай кезінде өндіріс пен құрылымдық реформалардың өсу әлеуетіне ие экономикалық дағдарысты жеңуде алдыңғы шепте шешуде облыс басшыларының рөлі артады. Мұндай облыстар қатарына: БҚО, ШҚО, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары жатады.
Осы облыстардың әкімдері аумақтардың өндірістік әлеуетін жұмылдыруға қабілетті және халықтың сенімін пайдаланатын шешуші басшыларды тағайындауы тиіс. Атап айтқанда, Маңғыстау облысының әкімдігіне ВВ ұсынылады. Біз жоғарыда аталған барлық облыстарға кандидаттарды ұсынамыз.
Жаңа басшылар патриот екенін белсенді түрде көрсете алады, жергілікті жердегі бейресми көшбасшыларды жұмылдырып, жағдайды бақылауда ұстай алады. Көптеген жылдар ішінде кадрларды іріктеу тетіктерінің іріп-шіріп өзгеріске ұшырағаны соншалық, бірде-бір әкім немесе парламент депутаты жерлестерінің өмірі үшін жауапкершілікті мойнына алған жоқ, еңбек ауыртпалығын сізбен бөліспеді, қасыңызда тұрмады.
Сіздің бағалауыңыз бойынша, бастамаға, жауапкершілікке және батылдыққа қабілетін жоғалтқан адамдардың барлығы қажет емес. Олар тек өзінің мансабы мен қаржысынан, артықшылықтарынан айырылып қалмаудың қамы үшін отырғандар.
Бір орталықтағы төтенше орган мен өңірлік әкімшіліктердің шоғырландырылған күш-жігері — эпидемияны тоқтатуға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, денсаулық сақтаудың тиімді жүйесін құруға, санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік іс-шараларды жүргізуге бағытталуы тиіс.
Сонымен қатар комиссияға экономикалық белсенділікті, жабылып қалған бизнесті қалпына келтіру және әлемдік экономика талаптарына жауап беретін жаңа бизнесті құруды ынталандыру тапсырылады. Бұл жұмыстың негізіне экономиканы сауықтырудың және инвестициялар тартудың орта мерзімді бағдарламасы кіреді.
Дағдарысқа дейінгі деңгейде экономикалық белсенділікті қалпына келтіру сәтінде Төтенше комиссия экономиканың шикізаттық сипатын еңсеру, оны дамудың озық деңгейіне жеткізіп, одан ары асып кетуді мақсат етіп отырған ел экономикасын жаңғырту үшін 5 жылға арналған Бағдарламасын ұсынуы тиіс.
Біздің алдымызда қарапайым ғана сұрақ тұр: халық пен тәуелсіз Қазақстанды қалай құтқарамыз немесе бізге “мұрасын” қалдырған мәні мен маңызын жоғалтқан адамға қарайлап отыра береміз бе?
Келесі сайлау да мерзімінен бұрын болатынына сенімдіміз, 2019 жылы Сізге дауыс берген ондаған мың сайлаушы енді Сізге дауыс бере алмайды. Олар денсаулық сақтау мен Нұрсұлтан Назарбаевтан «мұраға» қалған барлық басқару жүйесінің тиімсіздігіне байланысты өмірден кетті.
Бірақ бұл азаматтар енді үнсіз қалмайды: олардың наразылық білдірген дауыстары марқұмдардың атынан естелікке айтатын достары мен туыстарына ауысады.
Егер халық жақын арада шешуші әрекеттерді көрмесе, өздері әділдікті қалпына келтіруге кірісіп, тіпті кегін қайтарады. Тек қана үкіметті ауыстыру-тығырықтан шығармайды. Билікке деген сенімді қалпына келтіру керек.
Сіз Нұрсұлтан Назарбаевпен сөйлесуіңіз керек. Халықты құтқарған кезде оның реніштері мен эмоциясына ешкім де алаңдамайды. Назарбаевтың саналы мінез-құлқы оның қауіпсіздігінің кепілі болады.
Халық жадында ұлттың мейірімді және қамқор әкесі болып қалуының ерекше мүмкіндігі болды. Егер өзінің бауырлары мен апаларының басына күн туғанда, аяушылық білдірсе, сол мүмкіндікке ие болар еді. Бірақ оның бойында мұндай қасиет болған жоқ, болмайтын да шығар.
Көп жыл бұрын Назарбаев менен «Билікті үнемі сынап, ұсыныс айта бересіз бе? Немесе өзіңіз келіп жауапкершілікті мойныңызға аласыз ба?» ‚-деп сұраған еді. Сол кезде барлығымыз бірге еңбек етіп, елді тығырықтан шығарып, тәуелсіз Қазақстанның жаңа институттарын құрдық. Сол уақытта оның айналасында қызғаныш пен пайдакүнемдік енді-енді бой көрсете бастаған еді. Егер ол бізге экономика мен халықтың денсаулығын құтқаруға кедергі келтірмесе, Нұрсұлтан Назарбаевтың кепілдігін қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз бар
Біздің ұсынысымыз – саудаласу емес.
Біз сіздерге бірлескен іс-әрекеттер мен олардың нәтижелері үшін бірлескен жауапкершілікті ұсынамыз.
Біз Сізге өз азаматтарымыздың, сайлаушыларымыздың жағына шығуға кеңес береміз. Назарбаев билігінің 30 жылында сансыз байлықты иемденген 100 адамды құтқаруға тырыспай, ел азаматтарының жағында болу сіздің міндетіңіз.
Сондай-ақ оларды дереу соттауыңызды талап етпейміз, егер олар заңсыз сатып алған капиталдарының айтарлықтай үлесін елге, Қазақстан халқының иелігіне қайтарса, оларды болашақта қудаланбайтынына құқықтық кепілдік алу үшін оларға рақымшылық жасауды талап етеміз. Халық бүгін осы қаражатқа мұқтаж!
Тағы да ашық және тікелей мәлімдеймін: Мен және менің жас серіктестерім өмірлік маңызды реформаларды жүргізуге дайын және оны әлеуметтік салада, экономикада, саяси құрылымда қол жеткізуге ниеттеніп отыр. Біз сізден бұған рұқсат сұрамаймыз, бізбен бірге жасауды ұсынамыз
Бізге нақты жауап қажет. Тек екі нұсқа ғана бар: болашаққа бірге барамыз немесе Сіз — Назарбаевпен оның “Нұр-Отан” тарихында қаласыз. Уақыт пен әрекеттерге байланысты мүмкіндіктердің аясы өте шектеулі. Төрт айлық әрекетсіздік, барлық үмітімізді қысқартты.
Осы мәселелер бойынша жеке ұстанымыма қатысты қортынды
1.Мен бүгінгі ресми қызмет лауазымдарындағы орынға ұмтылып отырған жоқпын.
2. Назарбаевқа тәуелсіз кез келген сотта, ондай сот болған кезде, мен өзіме тағылған барлық жалған айыптауларды жоққа шығарып, даулай аламын.
3. Қазақстан маған қарсы, 20 жыл бойы еуропалық үкіметтерге ЕО елдері, АҚШ және т.б. үшін іс материалдарын беруге шешім қабылдай алмады, мен тек кінәсіз ғана емес, сотқа да тартылмадым. Бұл туралы Ұлыбритания Ішкі Істер министрлігінің ресми тіркеуі растады.
4. Сізге Назарбаев қалдырған осы “заңсыз мұраны” тексертіп және үкімді әділетсіз деп жою туралы мәселе қоюға тура келеді. Сіз әділеттілікті қалпына келтірген кезде қанағаттанып, сонымен қатар 20 жыл бойы мені саяси қудалаудың құрбаны деп санайтын Батыс саяси қоғамдастығының қолдауын сезінетініңізге сенімдімін. Қазақ қоғамы бұл қадамыңызға лайықты бағасын береді. Халқымыз әділеттілік пен даналықтың қадірін түсінеді.
Әкежан ҚАЖЫГЕЛДИН