-10 C
Астана
20 декабря, 2024
Image default

НАЗАРБАЕВТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ ҚАЗАҚСТАН ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫ

МЕМОРАНДУМ

Осы дүй­сен­бі күні Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның шетел­дік бюро­сы бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры­на «Назар­ба­ев­тан кей­ін­гі кезең» атты Қаза­қстан заңы­ның жоба­сын ұсын­ды. Штаб-пәтері Еуро­па­да орна­ласқан бюро­ның жал­пы­ха­лы­қтық талқы­ла­у­ға ұсы­нған заң жоба­сы – ата­уы айтып тұрған­дай, Қаза­қстан­дағы билік­тің ауы­су кезеңін қам­ти­тын ауқым­ды құжат.
Билік тран­зи­ті қалай және қан­дай жағ­дай­лар­мен өтуі тиіс? Елдің келесі бас­шы­сы қан­дай негіз­де сай­ла­на ала­ды? Елде­гі ең жоға­ры пре­зи­дент­тік лау­а­зы­мға Нұр­сұл­тан Назар­ба­ев өз мұра­герін қал­ты­ра ала ма? Міне, осы және басқа да тран­зит­тік мәсе­ле­лер­ге бай­ла­ны­сты сая­си-құқы­қтық және қар­жы­лық-эко­но­ми­ка­лық негіз­де­ме­лер осы заң жоба­сын­да жан-жақты қам­ты­лған.
Құр­мет­ті оқыр­ман! Біздің газет қаз-қал­пын­да жари­я­лап оты­рған осы заң жоба­сын талқы­ла­у­ға бел­сене қаты­сы­ңыз! Жобаға қаты­сты айтар ой-пікір­леріңіз бол­са, олар­ды редак­ци­яға жол­да­уы­ңы­зды сұрай­мыз (мекен-жай­ы­мыз бен редак­ци­я­лық пошта­мыз газет­тің соңғы бетін­де көр­сетіл­ген). Өзіңіз оқып, таны­сып шыққан соң, газет­ті көр­ші-қолаңға, ағай­ын-туы­сқа, дос-жаран­дарға беріп, заң жоба­сы­ның мей­ілін­ше кең көлем­де талқы­ла­нуы­на жәр­дем жасай­ды деген ойда­мыз.
Іске сәт, ағайын!

«DAT» газет­тер
жоба­сы­ның редакциясы

· «Билік орта­лық дең­гей­де де, жер­гілік­ті дең­гей­де де: аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен заң­ды мүд­де­лерін бұзу, билік­тің бар­лық тар­мақта­рын­да сыбай­лас қыл­мыстар жасау, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы ере­же­лерін көз­ге ілмеу, заң­на­ма­ның таң­дап әре­кет етуіне жол беру арқы­лы өзінің беделі­нен толық айырылды.

«НАЗАРБАЕВТАН КЕЙІНГІ КЕЗЕҢ»
ҚАЗАҚСТАН ЗАҢЫНЫҢ ЖОБАСЫ

1. Заң­ды дай­ын­дау және

ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТТІЛІГІ

Көпұлт­ты қаза­қстан­дық қоғам­ның жұмыл­ды­ры­луы және Назар­ба­ев билі­гі авто­ри­тар­лық режи­мінің теріс зардап­та­ры­ның толық жой­ы­луы билік­ті тазар­ту­ды (люст­ра­ция) рет­тей­тін заң енгізіл­ген соң ғана мүм­кін болмақ.

Қоғам құры­лы­сын авто­ри­та­риз­мнен демо­кра­ти­я­лық (пар­ла­мент­тік) басқа­руға көші­ру – мем­ле­кет­тік басқа­ру жүй­есін ауырт­па­лы­қ­сыз және тиім­ді өзгер­туді, сон­дай-ақ аза­мат­тық қоғам­ды дамы­ту­ды қажет ете­ді, ал қиын­ды­қтар­дың басым бөлі­гі сыбай­лас шене­унік­тер мен қоғам­дағы мүд­де­лес адам­дар­дың туы­стық, достық тығыз бай­ла­ны­ста­ры­нан туа­ды.
Мем­ле­кет пен қоғам­ды осы­лай өзгер­тудің аса өзек­ті мін­деті: пар­ла­мент­тік демо­кра­ти­я­ны, құқы­қтың үстем­дік етуі қағи­да­ла­рын дамы­ту, адам және аза­мат­тық қоғам­ның құқы­қта­ры мен негіз­гі бостан­ды­қта­рын құр­мет­теу болып танылады.

Билік­ті өзгер­ту: таң­дау ұста­ны­мы мен еркін­ді­гі, тең мүм­кін­дік­тер, эко­но­ми­ка­лық плю­ра­лизм және шешім­дер қабыл­дау үдерісінің ашы­қты­ғы негізін­де жүзе­ге асы­ры­луға тиіс. Негіз­гі мақ­сат: билік­ті орта­лы­қтан, жеке-дара ием­де­ну­шілік­тен, бюро­кра­ти­я­лық басқа­ру­дан шыға­ру болуы керек.

Билік орган­да­ры­ның тәу­ел­сіз Қаза­қстан­ның 27 жыл­дан артық тарихы ішін­де­гі қыз­меті аза­мат­тар­дың билік орган­да­ры­нан және оның өкіл­дері­нен түңілуін ғана туғы­зып қой­ған жоқ, соны­мен қатар олар­дан шет­теп, безі­нуіне әкеліп соқтырды.

Билік орта­лық дең­гей­де де, жер­гілік­ті дең­гей­де де: аза­мат­тар­дың құқы­қта­ры мен заң­ды мүд­де­лерін бұзу, билік­тің бар­лық тар­мақта­рын­да сыбай­лас қыл­мыстар жасау, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Кон­сти­ту­ци­я­сы ере­же­лерін көз­ге ілмеу, заң­на­ма­ның таң­дап әре­кет етуіне жол беру арқы­лы өзінің беделі­нен толық айырылды.

Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі жыл­да­ры ішін­де мем­ле­кет­тік билік орган­да­ры­ның (мем­ле­кет­тік орган­дар­дың) шене­унік­тері өздерінің лау­а­зым­дық (қыз­мет­тік) мін­дет­терін орын­дау бары­сын­да тиісті заң­дар­ды емес, мем­ле­кет­тің жоғарғы бас­шы­лы­ғы­ның заң­сыз нұсқа­у­ла­рын неме­се өздерінің жеке баста­ры­ның мүд­де­лерін бас­шы­лы­ққа алып отырды.

Нақ осы себеп­ті Қаза­қстан­ның жаңа заң­на­ма­лық билі­гінің алға­шқы қадам­да­ры билік­ті тазар­ту­дан баста­луға тиіс.

Қаза­қстан­да мем­ле­кет­тік билік орган­да­ры­на (мем­ле­кет­тік орган­дарға) лау­а­зым­дарға тағайындау/сайлау бары­сын­да аза­мат­тар­ды, сон­дай-ақ осы лау­а­зым­дар­да қыз­мет істеп жүр­ген аза­мат­тар­ды мін­дет­ті тек­се­ру­ден өткі­зу шара­сын енгі­зу – басқа­ру аппа­ра­тын алды­ңғы сая­си жүй­енің қыл­мыста­ры­на қаты­су­дан ада, беделін түсір­ме­ген тұлға­лар­дан құрып қалып­та­сты­руға, соны­мен қатар басқа­ру аппа­ра­тын бұры­нғы билік­тің қыл­мыста­ры­на қаты­сы бар адам­дар­дан, оның ішін­де Қаза­қстан­ның тәу­ел­сізді­гі жари­я­ланғанға дей­ін үстем­дік еткен билік­тен тазар­туға мүм­кін­дік береді.

Қаза­қстан­да билік­ті тазар­ту шара­сын өткі­зу, бірін­ші кезек­те, аза­мат­тар­дың билік­ке деген сені­мінің қай­та­дан орна­уы­на, соны­мен қатар аталған орган­дар­да сыбай­лас жемқор­лық әре­кет­тер­дің мүл­дем аза­юы­на және олар­дың қыз­метін қоғам үшін ашық ету­ге жағ­дай туғызады.

2. Билік­ті тазар­туға қол жеткізудің

МАҚСАТТАРЫ МЕН ЖОЛДАРЫ 

Заң жаңа Кон­сти­ту­ци­яға (2018 жылғы, яғни қабыл­данға дей­ін өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгізу­ге бола­тын құжатқа) толы­қтай сай келеді және қоғам­да құқы­қтың, заң­ды­лы­қтың үстем­дік етуін бекіту, сыбай­лас жемқор­лы­қ­пен күрес жүр­гі­зу тиім­ділі­гін көте­ру, әрі билік тар­мақта­рын нақты бөлу мақ­са­тын­да билік­ті осы Заң­да көр­сетіл­ген тұлға­лар­дан тазар­ту іс-шара­сын өткі­зудің құқы­қтық және ұйым­да­сты­ру­шы­лық талап­та­рын айқындайды.

Бұл Заң­ның мақ­са­ты – билік­ке деген сенім­ді қал­пы­на кел­ті­ру, соны­мен қатар билік орган­да­ры­ның жаңа жүй­есін еуро­па­лық стан­дарт­тарға сай құру үшін жағ­дай­лар туғы­зу.
Аталған мақ­сатқа қол жет­кі­зу үшін заң жоба­сын­да: билік орган­да­ры­на лау­а­зы­мға тағай­ын­дау мүм­кін­ді­гі тура­лы мәсе­лені шешу бары­сын­да тұлға­ны тек­се­ру субъ­ек­тісі ретін­де тек­се­ру шара­сын жүр­гі­зу, сон­дай-ақ тек­се­ру субъ­ек­тісі болып табы­ла­тын тұлға­лар­дың тиісті лау­а­зым­дар­да ары қарай қыз­мет етуі мүм­кін­ді­гін аны­қтау мақ­са­тын­да олар­ды да заң жоба­сын­дағы бел­гілі бір баға­лау өлшем­деріне сай келетінін-кел­мей­тінін тек­се­ру шара­сын ұйым­да­сты­ру енгізіледі. Лау­а­зым­ды тұлға­лар­ды тағай­ын­дау және орны­нан алу, билік тар­мақта­ры­ның өза­ра іс-қимыл­да­ры тетік­тері мен аймақта­ры да тек­се­ру шара­ла­ры­на тең­дей жатқызылады.

3. ЗАҢ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ
сипатта­ма­сы мен негіз­гі ережелері

Көр­сетіл­ген Заң жоба­сы Қаза­қстан­дағы билік­ті тазар­ту­дың құқы­қтық және ұйым­да­сты­ру­шы­лық негіз­дерін айқын­дай­ды.
Заң жоба­сы алты тара­удан, оның ішін­де қоры­тын­ды және өтпе­лі ере­же­лер­ден тұрады.

Заң жоба­сы­на сәй­кес тек­се­ру субъ­ек­тілері болып саналатындар:

1. Мем­ле­кет­тің неме­се жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орга­ны­ның мін­дет­терін орын­да­уға уәкілет­ті тұлғалар:

а) Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті, Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті сена­ты мен мәжілісінің төраға­ла­ры, олар­дың бірін­ші орын­ба­сар­ла­ры және орын­ба­сар­ла­ры, Қаза­қстан­ның пре­мьер-мини­стрі, Қаза­қстан­ның бірін­ші вице-пре­мьер-мини­стрі, Қаза­қстан­ның вице-пре­мьер-мини­стр­лері, мини­стр­лер, атқа­ру­шы билік­тің орта­лық орган­да­ры­ның Қаза­қстан Мини­стр­лер Каби­неті құра­мы­на кір­мей­тін басқа да бас­шы­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің (ҚР ҰҚК) төраға­сы, Қаза­қстан­ның бас про­ку­ро­ры, Қаза­қстан Ұлт­тық бан­кінің төраға­сы, Есеп пала­та­сы төраға­сы, Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті сена­ты мен мәжілісінің уәкіл­дері, Қаза­қстан Пар­ла­мен­ті сена­ты мен мәжілісінің адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкіл­дері…
ә) Қаза­қстан­ның халық депу­тат­та­ры, сенат пен мәжіліс депу­тат­та­ры;
б) Қаза­қстан Қару­лы Күш­терінің және әске­ри құры­лым­дар заң­да­ры­на сәй­кес құры­лған басқа да қару­лы күш­тер­дің әске­ри лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры (бұған жедел әске­ри қыз­мет­тің әске­ри қыз­мет­кер­лері және жұмыл­ды­ру қыз­метінің әске­ри қыз­мет­кер­лері кір­мей­ді);
в) Қаза­қстан Кон­сти­ту­ци­я­лық соты­ның судья­ла­ры, өзге де кәсі­пқой судья­лар, Қаза­қстан судья­ла­ры­ның жоға­ры білік­тілік комис­си­я­сы­ның төраға­сы, мүше­лері, тәр­тіп инспек­тор­ла­ры, осы Комис­сия хат­шы­лы­ғы­ның лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры, Жоға­ры Әділет кеңесінің төраға­сы, оның сек­ци­я­ла­ры­ның хат­шы­ла­ры, сон­дай-ақ Жоға­ры Әділет кеңесінің басқа да мүше­лері;
г) Ішкі істер орган­да­ры­ның, мем­ле­кет­тік қыл­мыстық-атқа­ру қыз­метінің, Қаза­қстан­ның Мем­ле­кет­тік арнайы бай­ла­ныс және ақпа­рат­ты қорғау қыз­метінің, салық инспек­ци­я­сы­ның қатар­дағы және бас­шы тұлға­ла­ры, аза­мат­тық қорға­ныс орган­да­ры мен бөлім­ше­лерінің басқа­ру­шы құра­мын­дағы тұлға­ла­ры;
д) про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры­ның, Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің (ҚР ҰҚК), дипло­ма­ти­я­лық қыз­мет­тің лау­а­зым­дық және қыз­мет­тік тұлға­ла­ры;
е) Орта­лық Сай­лау комис­си­я­сы мүше­лері;
ж) Басқа да мем­ле­кет­тік орган­дар­дың, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­ры­ның лау­а­зым­дық және қыз­мет­тік тұлғалары.

2. Заң­ның осы бабы­ның 1‑тармағында көр­сетіл­ген лау­а­зым­дарға үміт­кер тұлғалар.

Заң жоба­сын­да тек­се­ру өткі­зуді ұйым­да­сты­ру мем­ле­кет­тік билік­ке (мем­ле­кет­тік органға) жата­тын тиісті орган­ның, яғни тек­се­ру субъ­ек­тісі және/немесе тек­се­ру субъ­ек­тісін тағай­ын­дай­тын неме­се лау­а­зы­мға үміт­кер­мен еңбек шар­тын (келісім) жаса­са­тын тұлға жұмыс істей­тін орган­ның бас­шы­сы­на (бас­шы­ның орын­ба­са­ры­на) жүк­теу ұсы­ны­ла­ды (егер Заң­да (ары қарай – тек­се­ру орга­ны)
басқа­дай ере­же белгіленбесе).

Сай­ла­на­тын лау­а­зым­ды иелен­ген неме­се соған орна­ла­суға үміт­кер субъ­ек­тілер­ге тек­се­ру жүр­гі­зуді ұйым­да­сты­ру, осы Заңға сәй­кес, тек­се­ру орга­ны ретін­де Орта­лық сай­лау комис­си­я­сы­на жүк­те­леді.
Тек­се­ру жүр­гі­зуді ұйым­да­сты­ру шара­сын қам­та­ма­сыз ету үшін, тек­се­ру орга­ны­ның бас­шы­сы Қаза­қстан­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі Ұлт­тық агент­ті­гінің жер-жер­лер­де­гі аумақтық орган­да­ры арқы­лы аталған агент­тік­ке қыз­мет­кер­лер­ді тек­се­ру бой­ын­ша іс-шара­лар өткі­зу жос­па­ры­ның мем­ле­кет­тік салық сая­са­тын жүзе­ге асы­ру­ды қам­та­ма­сыз ету жөнін­де­гі орта­лық орган­ның аумақтық орга­ны­мен келісіл­ген жоба­сын бекіту­ге жол­дай­тын бола­ды.
Тек­се­ру­ге төмен­де­гілер тура­лы мәлі­мет­тер жата­ды:
– Тек­се­ру субъ­ек­тісінің тек­се­ру­ден өту­ге бер­ген келісі­мін­де баян­далған мәлі­мет­тер­дің аны­қты­ғы. Келісім үлгісін Қаза­қстан­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі Ұлт­тық агент­ті­гі бекі­те­ді;
– Осы Заң­ның 3‑бабының 1‑тармағында айқын­далған лау­а­зым­дарға орна­ласқан алды­ңғы үш жыл үшін, Қаза­қстан­ның «Сыбай­лас жемқор­лы­қтың алдын алу және соған қар­сы іс-қимыл қағи­да­ла­ры тура­лы» Заңын­да бел­гі­лен­ген үлгі­де, мағлұм­да­ма – декла­ра­ци­я­ның бел­гі­лен­ген үлгісіне сәй­кес, салы­қтар мен алым­дар­дың (мін­дет­ті төлем­дер­дің) есеп­те­луі дұры­сты­ғын, толы­қты­ғы мен уақы­ты­лы төле­нуін баға­лау жолы­мен мағлұм­да­ма­да көр­сетіл­ген мәлі­мет­тер­дің, тек­се­ру субъ­ек­тісі мен оған жақын туыс адам­дарға қаты­сты мүлік, кіріс-шығыс және қар­жы сипа­тын­дағы мін­дет­те­ме­лер, шығы­стар­дың алы­нған кірістер­ге сәй­кест­і­гі тура­лы мағлұм­да­ма­да көр­сетіл­ген мәлі­мет­тер­дің аны­қты­ғы;
– Сыбай­лас жемқор­лық құқық бұзу­шы­лы­қтар үшін лау­а­зым­ды тұлға­ны жау­ап­кер­шілік­ке тар­ту.
Жоба­да: Қаза­қстан­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ұлт­тық агент­ті­гінің бас­шы қыз­мет­кер­лер­ді тек­се­ру­ден өткі­зуді ұйым­да­сты­ру, тек­се­ру орган­да­ры­ның тек­се­ру жүр­гі­зу және шыға­ры­лған шешім­дер­ге шағым­дар беру шара­сын өткі­зуіне қоғам­дық бақы­лау жасау мәсе­ле­лері бой­ын­ша орта­лық және аумақтық тек­се­ру комис­си­я­ла­рын құруы көз­де­леді. Комис­си­я­ларға қоғам­дық баста­ма негізін­де дауыс беру құқы­мен жұрт­шы­лық аты­нан – бір, бұқа­ра­лық ақпа­рат құрал­да­ры аты­нан бір өкіл енгізіледі.
Мұн­дай комис­си­я­лар құру тәр­тібін және олар­дың қыз­мет регла­мен­тін Қаза­қстан­ның Мем­ле­кет­тік қыз­мет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ұлт­тық агент­ті­гі айқын­дай­ды.
Орта­лық және аумақтық тек­се­ру комис­си­я­ла­ры­ның мүше­лері қай­та тағай­ын­да­лу құқын­сыз бір жыл мерзім­ге тағай­ын­да­ла­ды. Орта­лық тек­се­ру комис­си­я­сы тек­се­ру субъ­ек­тілерінің жеке­ле­ген санат­та­ры үшін тек­се­ру орга­ны болып табы­ла­ды.
Сон­дай-ақ жоба­да: тек­се­ру­ге дай­ын­дық, оны өткі­зу мәсе­лесі, тек­се­руді жүр­гі­зу мерзі­мі, оның нәти­же­лерін бекіту, тек­се­ру­ден өте алмау сал­дар­ла­ры, тек­се­ру орган­да­ры­ның шешім­деріне шағым беру, жұрт­шы­лы­қтың тек­се­ру­ге қаты­суы және тағы басқа мәсе­ле­лер рет­тел­ген.
Жобаға сәй­кес, тек­се­ру­ге жата­тын субъ­ек­тілер тек­се­ру­ден өтпе­ген болып табы­ла­ды, егер олар:
1) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі мерзім ара­лы­ғын­да төмен­де­гі
лау­а­зым­дар бой­ын­ша жұмыс істе­се:
а) Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті, Қаза­қстан пре­мьер-мини­стрі, Қаза­қстан­ның бірін­ші вице-пре­мьер-мини­стрі, Қаза­қстан­ның вице-пре­мьер-мини­стрі;
ә) министр, Қаза­қстан Үкі­метінің мүше­лері болып табыл­май­тын және атқа­ру­шы билік­тің басқа орта­лық орга­ны­ның, Қаза­қстан қауіп­сізді­гі қыз­метінің бас­шы­ла­ры, Қаза­қстан­ның бас про­ку­ро­ры, Қаза­қстан Ұлт­тық бан­кінің төраға­сы, Есеп пала­та­сы төраға­сы, Қаза­қстан­ның Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы іс-қимыл коми­теті, Қаза­қстан мем­ле­кет­тік мүлік қоры төраға­сы, Қаза­қстан­ның Мини­стр­лер каби­неті хат­шы­лы­ғы­ның сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы сая­сат мәсе­ле­лері жөнін­де­гі бюро­сы­ның дирек­то­ры;
б) Сыбай­лас жемқор­лы­ққа қар­сы сая­сат мәсе­ле­лері жөнін­де­гі үкі­мет­тік уәкіл, Қаза­қстан­ның Ұлт­тық қауіп­сізді­гі мен Қорға­ны­сы кеңесінің хат­шы­сы; 
в) Мем­ле­кет­тік істер­ді басқа­ру бас­шы­сы; 
г) Қаза­қстан судья­ла­ры­ның Жоға­ры білік­тілік комис­си­я­сы­ның мүше­сі, Жоғарғы Әділет кеңесінің мүше­сі;
2) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін мем­ле­кет­тік билік орган­да­рын­да (мем­ле­кет­тік орган­дар­да) лау­а­зым­дарға ие болған және сол кезең­де қыз­мет­тен өз еркі­мен боса­маған бол­са:
а) Қаза­қстан Пар­ла­мен­тінің адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі уәкілі, мини­стр­дің
бірін­ші орын­ба­са­ры, атқа­ру­шы билік­тің басқа орта­лық орга­ны бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры, мем­ле­кет­тік билік­тің (мем­ле­кет­тік орган­дар­дың) мем­ле­кет­тік алқа­лық орган­да­ры­ның төраға­ла­ры мен мүше­лері, мини­стр­лік­тің жер-жер­лер­де­гі аумақтық бөлім­ше­лерінің, атқа­ру­шы билік­тің басқа орта­лық орга­ны­ның, мем­ле­кет­тік алқа­лық орган­дар­дың бас­шы­ла­ры, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры, облы­стық, аудан­дық, қала­лық, аудан­дық мем­ле­кет­тік әкім­шілік­тер­дің төраға­ла­ры, олар­дың бірін­ші орын­ба­сар­ла­ры, Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің бас­шы­сы, Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның бірін­ші орын­ба­са­ры, Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гі бас­шы­сы­ның орын­ба­са­ры, Қаза­қстан Мини­стр­лер каби­неті хат­шы­лы­ғы­ның бас­шы­ла­ры, Қаза­қстан­ның Ұлт­тық қауіп­сізді­гі және Қорға­ны­сы кеңесінің мүше­лері;
ә) Қаза­қстан Пре­зи­ден­ті Әкім­шілі­гінің құры­лым­дық бөлім­ше­сінің бас­шы­сы, оның бірін­ші орын­ба­са­ры, орын­ба­са­ры, Қаза­қстан Мини­стр­лер каби­неті хат­шы­лы­ғы­ның құры­лым­дық бөлім­ше­сінің бас­шы­сы, оның бірін­ші орын­ба­са­ры, орын­ба­са­ры, жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік әкім­шілік бас­шы­сы;
б) Ішкі істер орган­да­ры­ның, салық инспек­ци­я­сы­ның басқа­ру­шы құра­мы­на жата­тын тұлға­лар;
в) Қаза­қстан Ішкі Істер мини­стр­лі­гі мен Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық қауіп­сіздік коми­тетінің (ҚР ҰҚК) облы­стар­дағы аумақтық бөлім­ше­лерінің, қала­лық, аудан­дық, ауда­на­ра­лық, қала­лар­дағы аудан­дық бөлім­ше­лерінің бас­шы­ла­ры және олар­дың орын­ба­сар­ла­ры;
3) сон­дай-ақ:
а) құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­ры­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лері мен лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры, аза­мат­тар­дың – 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі кезең­де жап­пай бұқа­ра­лық акци­я­ларға қаты­сқан адам­дар­дың өмір­леріне, ден­са­улы­қта­ры­на, мүлік­теріне зиян кел­тір­ген кінәсі заң­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен аны­қталған Қаза­қстан аза­мат­та­ры;
ә) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі кезеңді қоса алған­да, аза­мат­тық қар­сы­лық акци­я­ла­ры­на және жап­пай бұқа­ра­лық іс-шара­ларға қаты­су­шы­лар­ды ұста­уға қаты­сқан құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері;
б) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі кезеңді қоса алған­да, әкім­шілік құқық бұзу­шы­лық тура­лы рапорт­тар, хат­та­ма­лар, қыл­мыс жасалға­ны­на күдік­те­нетіні тура­лы хабар­ла­ма, аза­мат­тық қар­сы­лық акци­я­ла­ры мен жап­пай бұқа­ра­лық іс-шара­ларға қаты­су­шы­ларға қаты­сты айып­тау актілерін жасаған және/немесе өзінің іс-әре­кеті­мен неме­се әре­кет­сізді­гі­мен солар­дың жаса­луы­на ықпал еткен құқық қорғау орган­да­ры­ның қыз­мет­кер­лері;
в) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі кезеңді қоса алған­да, аза­мат­тық қар­сы­лық акци­я­ла­ры мен жап­пай бұқа­ра­лық іс-шара­ларға қаты­су­шы­ларға қаты­сты тер­геу және жедел іс-қимыл­дар жүр­гіз­ген: сотқа дей­ін­гі тер­геу орган­да­ры­ның тер­ге­ушілері, жау­ап алушы­ла­ры, жедел қыз­мет­кер­лері мен инспек­тор­ла­ры;
г) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі кезеңді қоса алған­да, аза­мат­тық қар­сы­лық акци­я­ла­ры мен жап­пай бұқа­ра­лық іс-шара­ларға қаты­су­шы­ларға қаты­сты про­ку­ра­ту­ра орган­да­ры­ның: қыл­мыстық іс жүр­гізу­ге бас­шы­лық еткен, іспен таны­сты­ру және келісті­ру жүр­гіз­ген, жаза қол­да­ну шара­ла­ры тура­лы өтіні­шті қол­даған, сот­та мем­ле­кет­тік айып­та­уды құп­таған, әре­кет­сіздік таны­тқан қыз­мет­кер­лері;
д) 1991 жыл­дан 2018 жылға дей­ін­гі кезеңді қоса алған­да, сот тәр­тібі­мен аны­қталған­дай, Қаза­қстан аза­мат­та­ры­ның өздерінің кон­сти­ту­ци­я­лық құқы­қта­рын пай­да­ла­нып, жүзе­ге асы­руы­на, бей­біт мақ­сат­тар­да бас қосуы­на, жина­лы­стар, митин­гілер өткі­зуіне кез кел­ген әре­кет­тер­мен неме­се әре­кет­сіздік­тер­мен кедер­гі жаса­уға тыры­сқан неме­се кедер­гі жасаған мем­ле­кет­тік қыз­мет­кер­лер, жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­ры­ның лау­а­зым­ды тұлға­ла­ры;
е) сот тәр­тібі­мен аны­қталған­дай, құпия ақпа­рат беру­ші неме­се жедел ақпа­рат алуға көмек­те­су­ші ретін­де басқа мем­ле­кет­тер­дің арна­у­лы қыз­мет­тері­мен бір­ле­се жұмыс істе­ген тұлға­лар;
ж) ашық, жария түр­де сепа­ра­тизм­ге, Қаза­қстан­ның аумақтық тұта­сты­ғы мен еге­мен­ді­гін бұзуға үнде­ген, ұлта­ра­лық араз­ды­қты қоз­ды­рған тұлға­лар;
з) қаза­қстан­дық ұлт өкіл­деріне және Қаза­қстан аумағын­да тұра­тын басқа ұлт­тар мен ұлы­стар өкіл­деріне қаты­сты, сот тәр­тібі­мен аны­қталған­дай, нәсіл­дік, әле­умет­тік, мәде­ни, діни сипатта мәлім­де­ме­лер және басқа да жария әре­кет­тер жасаған тұлға­лар;
и) 1999–2018 жыл­дар ара­лы­ғын­да Қаза­қстан Пре­зи­ден­тін және сол
кезең­де халық депу­тат­та­рын сай­лау бары­сын­да, сот тәр­тібі­мен аны­қталған­дай, сай­лау қоры­тын­ды­ла­рын бұр­ма­ла­уды ұйым­да­сты­рған сай­лау учас­ке­лерінің төраға­ла­ры, олар­дың орын­ба­сар­ла­ры мен хат­шы­ла­ры;
к) сот тәр­тібі­мен аны­қталған­дай, мем­ле­кет­тік бюд­жет­ті 10 мил­ли­он тең­ге­ден астам шығы­нға, ал жер­гілік­ті бюд­жет­тер­ді мил­ли­он тең­ге­ден артық шығы­нға кел­тір­ген әре­кет­тер­ді ұйым­да­сты­рған және жасаған адам­дар;
л) іс-әре­кет­тері неме­се әре­кет­сізді­гі: Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі еуро­па­лық сот­тың, БҰҰ-ның Адам құқы­қта­ры жөнін­де­гі коми­тетінің және басқа да халы­қа­ра­лық орган­дар­дың шеші­мі­мен таны­лған адам құқы­қта­ры мен негіз­гі бостан­ды­қта­ры­ның бұзы­луы­на кел­тір­ген тұлға­лар;
м) ант­ты бұзға­ны үшін жұмыстан боса­ты­лған судья­лар.
4) 1991 жыл­дың 19 тамы­зы­на дей­ін: 
а) КСРО Ком­му­ни­стік пар­ти­я­сы, Қаза­қстан­ның және КСРО-ның басқа да одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның Ком­му­ни­стік пар­ти­я­ла­ры қата­рын­да аудан­дық коми­тет­тен және одан жоға­ры басқа­ру лау­а­зым­да­ры­на, КСРО КП мүшелі­гіне сай­ланған (тағай­ын­далған), жұмыс істе­ген тұлға­лар;
ә) БЛКЖО ОК‑і, Қаза­қстан­ның және КСРО-ның басқа да одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның ЛКЖО ОК‑і, БЛКЖО, Қаза­қстан мен КСРО-ның басқа да одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның ЛКЖО облы­стық коми­тет­тері құра­мын­да басқа­ру­шы лау­а­зым­дарға сай­ланған және жұмыс істе­ген тұлға­лар;
б) Қазақ КСР‑і МҚК, КСРО МҚК, КСРО-ның басқа да одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның МҚК-не қарас­ты 5‑басқармада басқа­ру­шы­лық құрам­да штат­тағы қыз­мет­кер неме­се жария емес агент ретін­де жұмыс істе­ген; Қазақ КСР‑і МҚК, КСРО МҚК, КСРО-ның басқа да одақ­тас рес­пуб­ли­ка­ла­ры­ның МҚК-лары­мен ынты­мақ­тасқан, КСРО МҚК жоға­ры оқу орын­да­рын тамам­даған (тех­ни­ка­лық маман­ды­қтар­дан басқа) тұлға­лар;
в) басқа елдер­дің арна­у­лы қыз­мет орган­да­ры­мен жария емес агент неме­се штат­тағы жасы­рын қыз­мет­кер ретін­де жұмыс істе­ген неме­се ынты­мақ­тасқан тұлға­лар;
г) КСРО Қару­лы Күш­тері, КСРО ІІМ құра­мын­да сая­сат бөлі­мін­де (басқар­ма­сын­да) бас­шы лау­а­зы­мын­да жұмыс істе­ген тұлға­лар;
д) сот тәр­тібі­мен аны­қталған­дай, Жел­тоқ­сан­да, Жаңаө­зен мен Шаңы­рақта әле­умет­тік қар­сы­лық оқиға­ла­ры­на қаты­су­шы­лар­ды сая­си қуда­лау шара­ла­рын ұйым­да­сты­руға қаты­сы бар тұлға­лар;
5) соңғы үш жыл үшін: мүл­кі, кірістері мен шығы­ста­ры, қар­жы сипа­тын­дағы мін­дет­те­ме­лері тура­лы мағлұм­да­ма мәлі­мет­терін тек­сер­ту­ден өтпе­ген және/немесе, осы Заңға сәй­кес, мем­ле­кет­тік қыз­мет­ке қабыл­данған кез­ден бастап алған кірістерінің шығу көз­дерінің заң­ды­лы­ғын дәлел­дей алмаған субъ­ек­тілер;
6) сыбай­лас жемқор­лық қыл­мыстар жасаған және сыбай­лас жемқор­лық қыл­мыста­ры үшін жау­ап­кер­шілік­ке тар­ты­лған және солар тура­лы мәлі­мет­тер, сон­дай-ақ сыбай­лас жемқор­лық құқық бұзу­шы­лы­қтар үшін тәр­тіп­тік жаза­лар тағай­ын­далға­ны тура­лы мәлі­мет­тер Біры­ңғай мем­ле­кет­тік тізілім­ге алы­нған, сот орган­да­ры соларға қаты­сты заң­дық күшіне енген тиісті шешім­дер қабыл­даған тұлға­лар; 
7) шет мем­ле­кет­тер­дің аза­мат­ты­ғын алған тұлға­ла;
8)тексеруден өту­ге бер­ген жаз­ба­ша келісі­мін­де қасақа­на жалған мәлі­мет­тер жазған тұлға­лар;
9) тек­се­ру­ден өту­ге келісім бер­ме­ген тұлға­лар.
Жобаға сәй­кес, тек­се­ру­ден өтпе­ген неме­се тек­се­ру­ден өту­ге келісім бер­ме­ген (сай­ла­на­тын лау­а­зым­дар­дан үміт­кер неме­се иелен­ген және ол лау­а­зым­дарға тағай­ын­дау кон­курс өткі­зусіз іске аса­тын тек­се­ру субъ­ек­тілері­нен басқа) субъ­ек­тілер, Заң­ның 3‑бабының 1‑тармағында айқын­далған кез кел­ген лау­а­зы­мға ие болу құқы­нан жұмыстан шыққан күн­нен бастап 10 жыл бойы айы­ры­ла оты­рып, тек­се­ру орга­ны­ның қыз­мет­тен боса­туы­на жата­ды.
Сай­ла­на­тын лау­а­зым­нан үміт­кер неме­се соларға ие неме­се кон­курс өткі­зусіз тағай­ын­да­ла­тын лау­а­зым­дар­дан үміт­кер (не соларға ие) субъ­ек­тілер­ді тек­се­ру нәти­же­лері тура­лы мәлі­мет­тер Мем­ле­кет­тік қыз­мет мәсе­ле­лері жөнін­де­гі ұлт­тық агент­тік сай­тын­да жари­я­ла­на­ды.
Сон­дай-ақ жоба­да Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2018 жылғы Еңбек кодексі бап­та­ры­на (2015 жыл­дың 23 қара­ша­сын­да, № 414‑V) http://www.mikosoft.kz/trudovoy-codex-2016.html Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жылғы қара­ша­ның 23-інде­гі № 416‑V (11.07.2017 жыл жағ­дай­ы­на өзгерістер мен толы­қты­ру­лар енгі­зе оты­рып) «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік қыз­мет тура­лы» Заңын­дағы­дай, өзгерістер енгі­зу көз­дел­ген. https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36786682
Сон­дай-ақ жоба бой­ын­ша Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2001 жылғы қаңтар­дың 23-інде­гі № 148-II «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік басқа­ру және өзін-өзі басқа­ру тура­лы» Заңы­ның бап­та­ры­на өзгер­ту­лер енгі­зу ұсы­ны­ла­ды. 
http://online.zakon.kz/document/?doc_id=1021546
4. Заң­ның құқы­қтық
МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Осы сала­дағы қаты­на­стар Қаза­қстан­ның жаңа Кон­сти­ту­ци­я­сы (2018 жылғы құжат), Қаза­қстан­ның түзетіл­ген неме­се жаңа: «Сот құры­лы­сы және судья­лар мәр­те­бесі тура­лы», «Жоғарғы Әділет кеңесі тура­лы», «Жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру тура­лы», «Қаза­қстан­ның Мини­стр­лер каби­неті тура­лы», «Қаза­қстан­ның Кон­сти­ту­ци­я­лық соты тура­лы» Заң­да­ры, сон­дай-ақ билік орган­да­рын­дағы тәр­тіп­ті, тағай­ын­дау (сай­лау), тұлға­лар­ды қыз­мет­ке ауы­сты­ру және қыз­мет­тен боса­ту тәр­тібін айқын­дай­тын басқа да заң­дар арқы­лы рет­те­леді.
Вене­ция комис­си­я­сы билік­ті тазар­ту (люст­ра­ция) өзді­гі­нен адам құқы­қта­рын бұзу­шы­лық болып табыл­май­ты­ны тура­лы шешім шығар­ды, өйт­кені демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет лау­а­зым­ды тұлға­лар­дан өзі негіз­ге ала­тын кон­сти­ту­ци­я­лық ұста­ным­дар­дан айны­мауды талап ету­ге құқылы…

Деген­мен, адам құқы­қта­ры, құқы­қтар мен демо­кра­ти­я­ның үстем­ді­гі ұста­ным­да­ры­на сай болу үшін, тазар­ту, бір жағы­нан, демо­кра­ти­я­лық қоғам­ды қорғау және, екін­ші жағы­нан, жеке-дара құқы­қтар­ды қорғау ара­сын­да әділет­ті тең­герім болуын қам­та­ма­сыз ету­ге тиіс.

Тазар­ту шара­сы, оның сая­си табиға­ты­на қара­ма­стан, Кон­сти­ту­ци­яға сәй­кес, сон­дай-ақ құқы­қтар үстем­ді­гін және адам құқы­қта­рын қорғау сала­сын­дағы еуро­па­лық стан­дарт­тар­ды есеп­ке ала оты­рып, құқық құрал­да­ры­ның көме­гі­мен ғана әзір­леніп, жүр­гізілу­ге тиіс.

Егер осы талап­тар қанағат­тан­ды­рыл­са, онда тазар­ту шара­сы құқық үстем­ді­гі орнаған демо­кра­ти­я­лық мем­ле­кет­те жол беріл­ген болып саналады.

FINAL OPINION ON THE LAW ON GOVERNMENT CLEANSING (LUSTRATION LAW) 
http://www.venice.coe.int/webforms/documents/default.aspx…

5. ЗАҢДЫ ҚАБЫЛДАУ БАРЫСЫНДА
шешілетін мақ­сат­тар мен мін­дет­тер 
Билік­ті тазар­ту шара­сын енгі­зу және рет­теу, заң жоба­сы­на сәй­кес, мем­ле­кет­тік билік орган­да­ры­ның (мем­ле­кет­тік орган­дар­дың), жер­гілік­ті өзін-өзі басқа­ру орган­да­ры­ның жау­ап­ты лау­а­зым­да­ры­на тағай­ын­да­ла­тын тұлға­лар­ды бақы­ла­удың қосым­ша іс-шара­ла­рын енгізу­ге, соны­мен қатар жоға­ры­да аталған орган­дар құрам­да­рын сапа­лы жаңар­туға, мем­ле­кет­ке, оның кон­сти­ту­ци­я­лық құры­лы­сы­на, сот әділ­ді­гіне қар­сы бағыт­талған қыл­мыстар жаса­луы­ның алдын алуға, сон­дай-ақ аза­мат­тар­дың Қаза­қстан­дағы бар­ша билік жүй­есіне деген сені­мін нығай­туға мүм­кін­дік береді.
6. Қар­жы-эко­но­ми­ка­лық

НЕГІЗДЕМЕ 


Заң жоба­сын қабыл­дау Қаза­қстан бюд­жеті­нен қосым­ша шығы­стар бөлі­нуін қажет етпейді.

Қаза­қстан оппо­зи­ци­я­сы­ның
шетел­дік бюро­сы,
2018 жыл

· «Назар­ба­ев­тан кей­ін­гі кезең» атты Қаза­қстан заңы жоба­сы» мемо­ран­ду­мы­на қаты­сты құжат­тар тізімі:

Council of Europe , Venice Commission

FINAL OPINION ON THE LAW ON GOVERNMENT CLEANSING (LUSTRATION LAW) 
http://www.venice.coe.int/webforms/documents/default.aspx…
CDL-PI(2015)029 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report on “Lustration: experience of Poland” (H. SUCHOCKA)

CDL-PI(2015)028 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report on “Lustration: the experience of Czechoslovakia/the Czech Republic” (V. BÍLKOVÁ)

CDL-PI(2015)027 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report on “Second wave of Lustration – Lustration after Maidan in Ukraine” (S. HOLOVATY)

CDL-PI(2015)026 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report on “Lustration: the experience of Hungary” (A. VARGA)

CDL-PI(2015)025 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report on “Why do traditional anti-corruption standards fail when countries undergo transformations? Lithuanian experience” (H. KONCEVIČIŪTĖ)


CDL-PI(2015)024 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report on “Lustration in the case-law of the constitutional courts of Czechoslovakia and the Czech Republic” (K. ŠIMÁČKOVÁ)

CDL-AD(2015)012 English 19/06/2015 
Adopted Final Opinion on the Law on Government Cleansing (Lustration Law) of Ukraine as would result from the amendments submitted to the Verkhovna Rada on 21 April 2015, adopted by the Venice Commission at its 103rd Plenary Session (Venice, 19–20 June 2015)

CDL-PI(2015)030 English 19/11/2015 
Conference on “Past and present-day lustration: similarities, differences, applicable standards” (Prague, 7 September 2015): Report (V. PETROV)

CDL(2012)078 English 30/11/2012 
Draft Amicus Curiae Brief on the Law on determining a criterion for limiting the exercise of Public Office, Access to documents and Publishing, the co-operation with the bodies of the State Security (“Lustration Law”) of “the former Yugoslav Republic of Macedonia” (H. SUCHOCKA, S. BARTOLE, L. MIHAI) Zákon č.

Czech Republic Zákon č. 451/1991 Sb.
Zákon, kterým se stanoví některé další předpoklady pro výkon některých funkcí ve státních orgánech a organizacích České a Slovenské Federativní Republiky, České republiky a Slovenské republiky
https://www.zakonyprolidi.cz/cs/1991–451

Czech Republic Zákon č. 279/1992 Sb.
Zákon České národní rady o některých dalších předpokladech pro výkon některých funkcí obsazovaných ustanovením nebo jmenováním příslušníků Policie České republiky a příslušníků Sboru nápravné výchovy České republiky
https://www.zakonyprolidi.cz/cs/1992–279?text=
ЗАКОН УКРАЇНИ Про очи­щен­ня вла­ди
(Відо­мо­сті Вер­хов­ної Ради (ВВР), 2014, № 44, ст.2041)
http://zakon3.rada.gov.ua/laws/show/1682–18
USTAWA z dnia 7 września 2007 r.
o zmianie ustawy o ujawnianiu informacji o dokumentach organów bezpieczeństwa państwa z lat 1944–1990 oraz treści tych dokumentów
http://www.lex.pl/du-akt/-/akt/dz-u-2007–165-1171
OBWIESZCZENIE MARSZAŁKA SEJMU RZECZYPOSPOLITEJ POLSKIEJ 
https://ipn.gov.pl/…/Ustawalustracyjna-tekstujednolicony.pdf 
Гру­зия Заңы. «Азаттық» хар­ти­я­сы.
https://matsne.gov.ge/ru/document/download/1381526/4/ru/pdf

Сло­ва­ки­ядағы тазар­ту тура­лы заң және оның жұмыс атқа­руы
http://vytoki.net/content/zakony-lustracyi.doc

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2018 Еңбек кодексі (2015 жыл­дың 23 қара­ша­сы, № 414‑V) http://www.mikosoft.kz/trudovoy-codex-2016.html

Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2015 жылғы қара­ша­ның 23-інде­гі № 416‑V «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы мем­ле­кет­тік қыз­мет тура­лы» Заңы (11.07.2017 жыл жағ­дай­ы­на қаты­сты өзгерістер мен толы­қты­ру­лар­мен қоса). https://online.zakon.kz/Document/?doc_id=36786682,
Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның 2001 жылғы қаңтар­дың 23-інде­гі № 148-II «Қаза­қстан Рес­пуб­ли­ка­сын­дағы жер­гілік­ті мем­ле­кет­тік басқа­ру және өзін-өзі басқа­ру тура­лы» Заңы.
http://online.zakon.kz/document/?doc_id=1021546

архивные статьи по теме

Митингующих нефтяников все больше, а в субботу 11 июня готовятся новые акции…

Руководитель «Казахмыса» Эдуард Огай мстит аксакалам

Начало темного времени или как дубинкой к патриотизму приручить