-2 C
Астана
27 апреля, 2024
Image default

Әкежан Қажыгелдин: ЖЫЛҚЫНЫҢ суды иіскеп ішетіні ЕСІМЕ ТҮСТІ…

Біздің бұған дей­ін көтер­ген біраз ойла­ры­мы­зды Қасым-Жомарт мыр­за айтып таста­ды. Пре­зи­дент­тік сай­ла­удан кей­ін – 2019 жылы әле­умет­тік желі­де құры­лған Аза­мат­тық қоғам коа­ли­ци­я­сы бел­сен­ділеріне «жабы­лған облы­стар­ды қай­та­ру мәсе­лесін көтерің­дер» деп шақы­рып едік. Бұл ұсы­ны­сты «ДАТ»-қа бер­ген бір сұх­ба­тым­да да айт­тым. Енді, міне, пре­зи­дент Тоқа­ев­тың өзі айтып отыр.

Деген­мен, біздің халық енді той жасап, әбі­гер бола­ды. Не деген мінез­сіз ел?! Облы­стар­дың қай­та­дан ашы­луы­мен про­бле­ма сарқы­лып біт­пей­ді ғой: билік­ке қоя­тын талап­тың акцен­тін ауы­сты­рып алуға болмайды.

Бұл баста­ма­лар елде жүруі тиіс рефор­ма­ның басты­сы деп айта алмай­мын. Басты­сы – сай­ла­у­лар тура­лы және сая­си пар­ти­я­лар­ды тір­кеу заң­на­ма­ла­рын халық тала­бы­на сай өзгер­ту. Бұл тұрғы­да айтар­лы­қтай ілгерілеу көрін­бей­ді. Тиісті заң­дар­ды сылап-сипа­у­мен іс бітпейді.

Пре­зи­дент Тоқа­ев әлі де тар­тын­шақтап отыр. Оның бұл баста­ма­ла­ры жылқы­ның суды иіс­кеп ішетінін есі­ме түсір­ді. Рефор­ма­лар батыл әрі шұғыл жаса­луы керек. Өзгерістер­ді созба­лақта­туға бол­май­ды. Бұл жөнін­де­гі ойла­рым­ды «ДАТ»-қа беретін кезек­ті интер­вью­де толы­ғы­рақ айтармын.

Әзір­ге пре­зи­дент­тің осы баста­ма­ла­ры іс жүзіне асуын талап етей­ік. Егер Қасым-Жомарт Тоқа­ев­тың осы баста­ма­ла­ры  батыл қадам­дар­мен ұшта­сар бол­са, аза­мат­тық қоғам пре­зи­дент­ті қол­да­уы қажет деп ойлай­мын. Әліп­тің артын бағайық.

Источ­ник: Изда­ние “DAT”

архивные статьи по теме

Если нет порочащей истории – ее надо придумать

ЕС мог предотвратить конфликт на Донбассе

«Демократ Оспанов». Первый спикер мажилиса и его отношения с первым президентом

Editor